29/05/2026
📌 Мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі бойынша семинар өткізілді
✅ Бүгін мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың, тексеру комиссиясы мен орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттерінің персоналды басқару қызметі мамандарына арналған семинар ұйымдастырылды.
✅ Семинар барысында облыстық персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің өкілі Ақерке Боранқұлова әріптестеріне «Е-қызмет» жүйесіндегі бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялау тәртібі мен конкурс кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅ Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар ұсынылды.
26/05/2026
🔱«Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында семинар өткізілді.
🔹 Департаменттің бас маманы Е.Айтмағамбет мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында арнайы біліктілікті арттыру семинарын өткізді.
🔹Семинар аясында қызмет алушыларға бағдарлану әдістеріне басымдылық беру, көрсетілген қызмет сапасына заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдылары қамтылып, консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді және қойылған сауалдарына жауаптар берілді.
🔹Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берілді.
#мемлекеттікқызметтер
#госуслуги
#МҚІА
#АДГС
26/05/2026
⚜️ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ БАСШЫЛЫҚ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ногуманов Рамазан Саидулы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
⚜️Ел игілігі жолындағы абыройлы қызметіне сәттілік тілейміз!
26/05/2026
🔶 Департаменттің бас маманы Б. Мамытханов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің қызметшілерімен кездесу өткізді.
🔶 Кездесу барысында халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыларға басымдық бермеу, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібін қатаң сақтау, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу барысында деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
🔶 Кездесу соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық жағдайлар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА