ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ
Бір балықшы өте бағалы алмаз (бриллиант) тасын тауып алыпты. Алмазды алып қуанышпен зергердің алдына келіпті. Зергер алмазға ұзақ қарапты да, былай депті:
- Бұл тасыңыз өте бағалы. Мен барлық байлығымды жинап сізге берсемде мұның құнының жартысында өтей алмайды. Сізге берер кеңесім, жақсысы, əділ патшаның құзырына барыңыз. Тек əділ патша ғана сіздің тасыңызға лайық баға мен байлық бере алады...
Балықшы алмазын құшақтап, əділ патшаның құзырына келіпті. Əділ патша жəне оның қазынашысы балықшының тасын ұзақ зерттеп болған соң, балықшыға былай депті:
- Келтірген алмазыңа баға жетпейді. Сондықтан біз мынадай бір шешімге келдік. Біз сенің ықтиярыңа үш сағат уақыт беріп, қазынаханамызды тапсырамыз. Осы үш сағат ішінде қазынаханамыздан өзің қалағаныңша байлықты тасып алып кет. Біз разымыз. Үш сағаттан соң қазынаханамыздан шығарыласың...
Балықшы əділ патшаның үкіміне дəн риза болып, алғысын білдіреді. Қазынашы балықшының ықтиярына қазынаханасын үш сағатқа тапсырып, уақытты белгілеп, өзі шығып кетіпті.
Қазынаханадағы алтын-күміс, інжу-маржан, дүр - гауһарларды көрген балықшы есінен адасардай болыпты. Əлі уақыт бар... Екі сағат ішінде-ақ қаншама байлықтарды тасып кете аламын, біраз дем алып алайын, - деген оймен алтындардың үстіне жатып алып, қиялға беріліп кетіпті:
- Енді дүниедегі ең бай адамға айналдым... Жан-жағымда қызметкерлер желіп-жүгіріп қызметімді қылады. Бірнеше жас əйелдерге үйленемін. Бірнеше зəулім сарайларым болады... тағысын тағы...
сол секілді қиялдармен ғафлет басып, ұйықтап кетіпті.
Бір кезде қазынашы балықшыны келіп оятып тұр екен:
- Оян! Тұр орныңнан. Уақытың бітті, қазынаханадан шығып кет!
Балықшы абдырап:
- О сорлы басым... Ғафлет ұйқысы басыпты ғой мені. Қазір, қазір... алтындарымды алып алайын,- депті.
Қазынашы:
- Қандай алтын? Сенің уақытың бітіп болды. Шық бұл жерден. Ешқандай алтын алмайсың!...
Балықшы:
- Бір уыс алтын алып алайыншы тым болмаса...
Қазынашы күліп:
- Бір уыс деп қояды... Бір дана алтын да ала алмайсың. Өзіңе берілген уақыт ішінде қалағаныңша алтын алуың керек еді. Енді жоқ. Кəне шық!- деген екен.
Балықшы бір алтынға да ие бола алмай қазынаханадан шығарылыпты...
Құрметті дін бауырым! Кім кінəлі? жалғасы ⤵️⤵️⤵️
artur_raihan
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from artur_raihan, Notary public, Тургенева 72, Aktobe.
🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️🧚🏻♂️
14/05/2020
То, что раздражает — учит терпению.
То, что нас покидает— учит самостоятельно стоять на ногах.
То, что злит— учит прощению и состраданию.
Всё то, что имеет над нами власть — призывает научиться ценить себя.
Всё, что ненавидим — даёт урок безусловной любви.
Всё, чего боимся обучает справляться со страхами.
И всё, что не подвластно нашему контролю учит отпускать.
(Джексон Киддард)
Өмірде көп нәрсені асығып, ұзақ күтеміз де: уақыты келгенде зу етіп шығады. Ойлаңызшы: Рамазанның әр күні бәріне бірдей бір қап алтын беріледі. Алдағы бір жыл бойы тек осы алған байлықтарыңмен ғана күн көресіңдер, басқа берілмейді десе, не істейсіз? Бір де бір түйірін түсірмей жинап аласыз ғой ия?
Сол секілді, Рамазан айында берілетін сауаптың санын тек Алла біледі! Әрбір амалды жүрекпен жасауға тырысыңыз)
🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃
Осы уақытқа дейін жеткен қандай да болсын жетістіктеріңіз, әрине, алдымен Алланың арқасында. Сондай-ақ, бір кісінің себебімен болады: сізге көмектесіп жіберген шығар, ақылын айтқан шығар, кітап сыйлаған шығар, сізді керемет жиынға немесе жерлерге алып барған шығар. Көп жағдай болуы мүмкін. Сондай сәттеріңізді есіңізге түсіріңіз және себепкер болған кісіге хабарласып, алғыс айтыңыз. Адамдарға алғыс айту - имандылықтың белгісі. Мүмкіндік болса Рамазанмен құттықтап, сыйлық жасаңыз)
🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃🍃
Жексенбі күні балалардың сабағы жоқ, жұмысы бар кісілерге демалыс. Жалпы, отбасының толық үйде болатын күні. Осы демалыс оразамен бірге Мерейдің туған күнімен сәйкес келді🌞пайдалы, қызықты етіп өткіздік😍
#БІЗДІҢЖЕКСЕНБІМЕРЕЙДІҢТУҒАНКҮНІНТОЙЛАУМЕНӨТТІ #ОРАЗАҚАБЫЛБОЛСЫН #АЛЛАЖАҚСЫКҮНДЕРДЕЖҮЗДЕСУДІЖАЗСЫН #ТІЛЕКТЕРІҢІЗГЕРАҚМЕТ #АЛЛАБӘРІМІЗГЕ РАЗЫБОЛСЫН!
🌸ТУҒАН КҮНІҢ құтты болсын, дара қызым,
Қара қызым менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.
🌸Қызым менің қызғалдағым, асылым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын барлық арман тілегің.
🌸Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.
🌸Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман-есен көз алдымда жүре берші, алтыным.
🌸Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата-анаңнның саған деген тілегі сол.
#Атасыныңеркесі #кәрінағашыәжесіменатасының #алтынтойынасыйлығыалланыңбересалғанмерейтойы #папамамасыныңдарақызы #қарақызы #алтыны #12жас
❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Знающий людей разумен. Знающий себя просвещен. Побеждающий людей силен. Побеждающий самого себя могуществен. Знающий достаток богат.
Кто действует с упорством, обладает волей. Кто не теряет свою природу, долговечен. Кто умер, но не забыт, тот бессмертен.
Дао Дэ Цзин
02/05/2020
Есть три метода обучения мудрости. Первый - через подражание, и он самый благородный. Второй - через повторение, и он самый простой. Третий - через опыт, и он самый горький. Конфуций
☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️☯️ #архив 15.02.2020
30/04/2020
"ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" РҚБ ПРЕЗИДЕНТІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ТРЕНЕР-МЕДИАТОР ЖАҚЫПОВ ЖАНДІЛДӘ ӘЖІҒАЛИҰЛЫ ЖӘНЕ "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЫЛГЕЛДІ АРМАН ЗАШИТҰЛЫ БАСТАҒАН ЖАҢА ТОПТЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚОШ КЕЛДІК. #архив18.03.2020жыл. #медиатор
🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:
- Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, -
деп сөз бастай бергенде:
- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?
Сонда әлгі би:
- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
@ Казахстанский Гуманитарно-Юридический Колледж Казгюу
Сүтпен бірге анаң мейір емізген,
Ақ ниетің кем болмасын теңізден.
Өседі гүл күннің уыз нұрынан,
Ал адамдар жылы-жылы лебізден.
Кім-кімнің де енегелі бір ісін
Көре тұра көрмегендер құрысын!
Нең кетеді жақсы десең жақсыны?!
Нең кетеді дұрыс десең дұрысын?!
Бізге жеткен ата-баба сөзінен
Мен, ағайын, бір даналық сезінем.
Табам десең бір қасиет табасың
Жаман деген жолдастың да өзінен.
Жетпейді өмір тіршіліктің дауына,
Гүл отырғыз көңілдердің бауына.
Артық емес айтып қойсаң жылы сөз,
Досың түгіл,
Кейде тіпті жауыңа!
Адамдарсыз адам бағы жанбайды,
Көңіл шіркін ықыласқа қанбайды.
Жылы сөзді артығырақ айта бер,
Жаның содан жарлыланып қалмайды.
Оқасы жоқ өзен-көңіл тасыса,
Жігер берер жылы лебіз жасысаң.
Біз адамбыз,
Адам түгіл,
Бұзау да
Сүйсінеді әукесінен қасысаң!
Сүтпен қоса анаң мейір емізген,
Ақ ниетің кем болмасын теңізден.
Өседі гүл күннің алтын нұрынан,
Ал адамдар жылы-жылы лебізден!
ҚАДЫР МЫРЗА АЛИ АҚТӨБЕ 20.04.2019 #архив2019
24/04/2020
Қош келдің, РАХЫМ АЙЫ - РАМАЗАН!
⠀
💚 Әрбір жасаған титтей де болсын амалымызға таудай сауап жазылатын,
⠀
💚 Біліп-білмей жасаған күнәларымыздың кешірілуіне себеп болатын,
⠀
💚 Жәннаттың есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын,
⠀
💚 Барлық мұсылман бауырымызбен қарым-қатынасты жақсартатын,
⠀
💚 Алланың рахымы мен шапағатына ие болуға себеп болатын,
⠀
💚 Сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейтін,
⠀
💚 Рухымызды тойдырып, мол сауапқа кенелетін
⠀
МҮМКІНДІК АЙЫ, РАХЫМ АЙЫ, КЕШІРІМ АЙЫ БАРШАМЫЗҒА ҚҰТТЫ, ХАЙЫРЛЫ, БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН!🌹
⠀
Әрбіріңіздің жүрегіңіздің түбінде жатқан дұғаларыңыз, үмітін Өзінен ғана күтетін құлшылықтарымыз, оразаларымыз, намаздарымыз, зікірлеріміз қабыл болсын!
⠀
Осы Рамазанды ерекше:
бұрынғыдан да саналы, пайдалы етіп өткізуді нәсіп етсін!
⠀
РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🌹
⠀
Нәзік еркем сол💞 22 -ші көктемің құтымен келсін! Сен дүниеге келген күнің әлі есімде, анамыз қатты толғатып, ауыр босанды, біздер кішкентай болсақта, періштеміз ғой тілектеріміз қабыл болып, дүние есігін айқара ашып, таңмен бірге арайлатып, өзің дүниеге келгенсің. Әкем мен Анамыз екі қызы болып, Әуезге серік болса екен деп ұл тілеген Алладан, бірақ қыздың тілегі қабыл болады дейді ма? Сені бізге берген Аллаға мыңда бір шүкіршілік етеміз, Ата-анамыздың көз қуанышысың, ағаң мен жеңгеңнің арайлап атқан ақ таңысың, апаларыңның жанына жалауысың, осылай бауырымыз бүтін болсын! Ата- анамыздың бізге берген тәрбиесін, ақ сүтін ақтап, арман- мақсаттарымызды орындап, алдағы өмірде бақуатты ғұмыр кешейік! #еркенәзігім #алламжарболсын #аппақперіштем👼👼👼 #сеніңесейгеніңдідебайқамайқалдым #бауырымныңбірбөлшегі❤️😘💞🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Website
Address
Тургенева 72
Aktobe
