02/06/2026
▪️Сотпен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған шығындар өндірілді
▪️Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық сотында АҚ жауапкер Р.-ға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Сотпен анықталғандай, жауапкер мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осыған байланысты оған алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеті жүктелген.
▪️Оқуын аяқтағаннан кейін жауапкер уәкілетті комиссияның жолдамасына сәйкес ауылдық жерге жұмысқа жіберілген. Алайда, еңбек өтеу міндеттемесі толық көлемде орындалмаған.
▪️Жауапкер міндеттемені орындауға кедергі келтірген мән-жайларға сілтеме жасағанымен, аталған уәждер тиісті дәлелдемелермен расталмаған және оны міндеттемеден босатпайды.
▪️Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтар белгіленген мерзімді өтеуге міндетті. Аталған Заңның 26-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұл міндет орындалмаған жағдайда оқыған тұлға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеуге міндетті.
▪️Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 295 және 298-баптарына сәйкес, тұрақсыздық айыбы жауапкершілік шарасы болып табылады және заңда немесе шартта көзделген негіздер болған кезде өндіріп алынады.
▪️Сонымен қатар, сот тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талапты негізсіз деп таныды, себебі оны есептеу негіздері дәлелденбеген және ол мөлшерлес емес.
▪️Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден оқуға жұмсалған шығындар өндірілді.
▪️Сот актісіне шағым келтірілмеген, заңды күшіне енді.
🖋️Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
▪️Судом возмещены расходы за обучение на основе государственного
образовательного заказа
▪️Мартукским районным судом Актюбинской области
рассмотрено гражданское дело по иску АО к ответчику Р. о взыскании суммы расходов за обучение на основе государственногообразовательного заказа и неустойки.
▪️Судом установлено, что ответчик обучался на основе государственного образовательного заказа, в связи с чем на него возложена обязанность по отработке не менее трёх лет по полученной специальности.
▪️После завершения обучения ответчик был направлен на работу в сельскую местность в соответствии с распределением уполномоченной комиссии. Однако обязательство по отработке исполнено не в полном объёме.
▪️Ответчик ссылается на обстоятельства, препятствующие исполнению обязательства, однако указанные доводы не подтверждены надлежащими доказательствами и не освобождают его от исполнения обязательств.
В соответствии с пунктом 17 статьи 47 Закона Республики Казахстан «Об образовании» граждане, обучившиеся за счёт государственного образовательного заказа, обязаны отработать установленный срок. Согласно подпункту 3) пункта3 статьи 26 указанного Закона в случае неисполнения данной обязанности обучившийся обязан возместить расходы, понесённые государством.
▪️Согласно требованиям статей 295 и 298 Гражданского кодекса Республики Казахстаннеустойка является мерой ответственности и подлежит взысканию при наличии предусмотренных законом или договором оснований.
▪️Между тем, судом сделаны выыодф о необоснованности требования о взыскании неустойки, поскольку основания ее начисления не подтверждены нашло подтверждения и является несоразмерным.
▪️Решением суда исковые требования удовлетворены частично, с ответчика взысканы расходы на обучение.
▪️Судебный акт не обжалован, вступил в законную силу.
🖋️Пресс-служба Актюбинского областного суда
01/06/2026
▪️Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленуші балаларымен кездесті.
▪️Сот төрағасы Е.К.Курманов пен судья Е.М.Әмребеков балаларды сот ұжымын атынан мерекемен құттықтай отырып, балаларға зор денсаулық, алға қойған мақсаттарының орындалуын тілеп, балаларға сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.
▪️Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, өздерінің алғыстарын білдірді. ▪️Барлық бала бақытты болуға лайықты!
▪️Судьи специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Актюбинской области в рамках празднования 1 июня – Международного дня защиты детей,состоялась встреча с воспитанниками центра поддержки детей,нуждающихся в специальных социальных услугах «Аяла».
▪️Председатель суда Курманов Е.К. и судья Әмребеков Е.М., поздравив детей с праздником от имени коллектива суда, пожелали им крепкого здоровья, достижения поставленных целей и преподнесли подарки и сладости.
▪️Дети продемонстрировали свои таланты, исполнили песни и танцы, выразили своюблагодарность.
▪️Каждый ребенок заслуживает быть счастливым!
29/05/2026
Ақтөбе облыстық сотының ұжымы «Үміт» мамандандырылған сәбилер үйі» орталығының балаларымен кездесті
Әрбір ересек адамның балалық шағындағы естеліктерінде осы мейірімді мерекеге байланысты жылы сәттер бар.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн тек бізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде де атап өтіледі. Бұл мерекеде әр ата-ана балаларын қуантып, құттықтауға тырысады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы м.а. Ә.Ахметов пен судьялар одағының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы М.Шарипова "Үміт" орталығының балаларымен кездесті.
Балаларды облыс соттарының атынан мерекемен құттықтай отырып, барлығына мықты денсаулық, арман-тілектерінің орындалуын тілеп, мерекелік сыйлықтар, азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті заттар табыс етті.
Әлемнің барлық балалары бақытты болсын!
Коллектив Актюбинского областного суда встретился с детьми центра «Специализированный Дом ребенка «Үміт»
У каждого взрослого в воспоминаниях о детстве сохранились тёплые моменты, связанные с этим добрым праздником.
1 июня — Международный день защиты детей. Этот день отмечается не только у нас, но и во многих странах мира. В этот праздник каждый родитель старается порадовать и поздравить своих детей.
В преддверии Международного дня защиты детей исполняющий обязанности председателя Актюбинского областного суда А.Ахметов и председатель филиала Союза судей по Актюбинской области М.Шарипова встретились с детьми центра «Үміт».
От имени судов области они поздравили детей с праздником, пожелали всем крепкого здоровья, исполнения заветных желаний и вручили праздничные подарки, продукты питания и необходимые в быту вещи.
Пусть все дети мира будут счастливы!
26/05/2026
▪️Сот жұмысшының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді
▪️Қазақстан Республикасы сот жүйесінің басты басымдықтарының бірі – еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтарын қорғау және әділдікті қамтамасыз ету болып табылады.
▪️Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында талап қоюшы Р. жауапкер М. қатысты бұйрықты заңсыз деп тану және жалақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
▪️Іс материалдарына сәйкес талап қоюшы жалпы білім беретін мектепке музыка пәнінің мұғалімі лауазымына қабылданған. Кейін жұмыс берушінің бұйрығымен өз еркімен жұмыстан шығарылған.
▪️Одан кейін мектеп директоры міндетін атқарушысының бұйрығымен талап қоюшықайтадан аталған мектепке музыка пәнінің мұғалімі ретінде, жарты ставкамен жұмысқа қабылданған.
▪️Еңбек шартының мерзімі аяқталды деген негізбен мектеп директорының бұйрығымен талап қоюшы қайтадан жұмыстан шығарылған. Сотпен еңбек шартында еңбек ету мерзімі бекітілімегендігі анықталды.
▪️Соған қарамастан, жұмыс беруші еңбек шартының мерзімі аяқталды деген негізбен қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрық шығарған. Бұл жағдай қолданыстағы заңнамасының талаптарына қарама-қайшы болып табылады.
▪️Еңбек инспекциясының тексеру қорытындысымен де еңбек шартында мерзімнің көрсетілмегені расталған.
▪️Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес мерзімді еңбек шартында оның қолданылу мерзімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл талап сақталмаған жағдайда, еңбек шарты мерзімсіз болып есептеледі.
▪️Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот даулы бұйрықты заңсыз деп танып, талап қоюшыны бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы өндіру туралы шешім қабылдады.
▪️Сот актісіне шағым келтірілмеген, заңды күшіне енді.
🖋️Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
******
▪️Cудом восстановлены нарушенные права работника
▪️Защита прав субъектов трудовых правоотношений и обеспечение справедливости остаются ключевыми приоритетами судебной системы Республики Казахстан.
▪️Мугалжарским районным судом Актюбинской области рассмотрено гражданское дело по иску Р. к ответчику М. о признании приказа незаконным, взыскании заработной платы.
▪️Согласно материалам дела истец был принят на работу на должность учителя музыки общеобразовательной школы. Впоследствии приказом работодателя он был уволен по собственному желанию.
▪️Далее, приказом исполняющего обязанности директора школы истец вновь принят на работу в указанную школу на должность учителя музыки, на половину ставки по совместительству.
▪️По истечении срока трудового договора приказом директора школы истец был уволен.Судом установлено, что трудовые отношения оформлены как срочный трудовой договор, однако конкретный срок в соглашении не указан.
▪️Между тем, работодателем издан приказ об увольнении работника в связи с истечением срока трудового договора. ▪️Данный факт признан несоответствующим требованиям действующего законодательства. По результатам проверки трудовой инспекции также установлено отсутствие указания срока в трудовом договоре.
▪️В силу требований Трудового кодексаРеспублики Казахстан срочный трудовой договор обязательно должен содержать срок его действия. В случае несоблюдения данного требования договор признается бессрочным.
▪️С учетом установленных обстоятельств, судомвынесено решение о признании оспариваемого приказа незаконным, истец восстановлен в прежней должности, взыскана заработная плата за время вынужденного прогула.
▪️Судебный акт не обжалован, вступил в законную силу.
🖋️Пресс-служба Актюбинского областного суда
20/05/2026
▪️Сот жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залалды өтеу туралы дау шешімін тапты
▪️Азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау және келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету – сот төрелігінің маңызды қағидаттарының бірі.
▪️Ақтөбе облысы Темір аудандық сотында жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
▪️Сотпен анықталғандай, Атырау қаласында автокөлікті басқарған жауапкер К. жол қозғалысы қағидаларын бұзып, талап қоюшы Б.-ның көлік құралымен соқтығысқан, соның салдарынан көлік иесіне материалдық залал келтірілген.
▪️Жауапкердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактісі оны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік іс материалдарымен расталған.
▪️Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес заңсыз әрекеттер нәтижесінде келтірілген зиян оны келтірген тұлға тарапынан толық көлемде өтелуге жатады.
▪️Келтірілген залалдың мөлшері сотқа ұсынылған бағалау актісімен айқындалған. Аталған құжат жауапкер тарапынан дау тудырмаған және сотпен жол берілетін дәлел ретінде танылған.
Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, жауапкерден 2 391 937 теңге келтірілген материалдық залал сомасын және сот шығындарын өндіріп берді.
Сот актісіне шағым келтірілмеген, заңды күшіне енді.
🖋️Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
*****
▪️Судом разрешен спор о возмещении ущерба, причиненного вследствие дорожно-траспортного происшествия
▪️Обеспечение защиты имущественных прав граждан и неотвратимость ответственности за причиненный вред являются важными принципами правосудия.
▪️Темирским районным судом Актюбинской области рассмотрено гражданское дело о взыскании материального ущерба, причиненного в результате дорожно-транспортного происшествия.
▪️Судом установлено, что в городе Атырау ответчиком К., управлявшим автомобилем, нарушены правила дорожного движения и допущеностолкновение с транспортным средством истца Б., в результате чего собственнику траспортного средствапричинен материальный ущерб.
▪️Факт нарушения ответчиком правил дорожного движения подтверждается материаламиадминистративного дела о привлечении к административной ответственности.
▪️Согласно основам гражданского законодательства Республики Казахстан вред, причиненный неправомерными действиями, подлежит возмещению в полном объеме лицом, причинившим вред.
▪️Размер причиненного ущерба определен представленным суду актом оценки, который не оспорен ответчиком и судом признан допустимым доказательством.
▪️С учетом установленных обстоятельств судом вынесено решение об удовлетворении исковых требований, с ответчика взыскана сумма причиненного материальнного ущерба в размере 2 391 937 тенге, возмещены судебные расходы.
▪️Судебный акт не обжалован, вступил в законную силу.
🖋️Пресс-служба Актюбинского областного суда
https://t.me/Jogargy_sot
20/05/2026
◾️ *Сот жүйесінің өзекті жаңалықтары. QR-кодты сканерлеп, ҚР Жоғарғы Сотының Telegram-арнасына жазылыңыздар!*
◾️ *Актуальные новости судебной системы. Сканируйте QR-код и подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда РК!*
https://t.me/Jogargy_sot