Ақтөбе облысының білім басқармасы

Ақтөбе облысының білім басқармасы

Share

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
ГУ "Управление образования Актюбинской области"

02/06/2026

⚜️Ақтөбе облысында алғаш рет жас шабандоздарға арналған бірегей «Шабандоз» лагері ашылды

Биыл жазда Ақтөбе облысында жаңа білім беру жобасы бастау алды. Қобда ауданындағы «Әлия» жазғы сауықтыру лагерінің базасында алғаш рет «Шабандоз» бейіндік лагері өз жұмысын бастады.
🐴 Лагерь қатысушылары қазақ халқының бай мәдени мұрасымен және жылқы шаруашылығының дәстүрлерімен танысады. Балаларға жылқыны күту, қауіпсіз атқа міну дағдылары, сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлерінің элементтері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады.
🐎Жоба балалардың жауапкершілігін, тәртібін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. «Шабандоз» лагері жазғы демалысты пайдалы біліммен, тәжірибелік машықтармен және жарқын әсерлермен ұштастыратын ерекше алаңға айналмақ.
👧👦📚 Биылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында Ақтөбе облысының 1–10 сыныптарында білім алатын 178 095 оқушының 100 пайызы түрлі демалыс және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады.

Photos from Ақтөбе облысының білім басқармасы's post 02/06/2026

⚜️Ақтөбе облысының педагогтері арқан тартудан еліміздің үздік бес командасының қатарына енді

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өтіп жатқан республикалық спартакиада аясында арқан тарту жарысы ұйымдастырылды.
🪢Ақтөбе облысының құрамасы республикалық деңгейде өңір намысын абыроймен қорғап, еліміздің 16 үздік командасы арасында құрметті 5-орынға ие болды. Команда мүшелері ұйымшылдықтың, күш-жігердің және жеңіске деген ұмтылыстың жарқын үлгісін көрсетті.
Құрама команда республикалық спартакиадаға жолдаманы облыстық кезеңде осы спорт түрінен жеңімпаз атану арқылы жеңіп алды.
Құрама сапында:
🔹 Дмитрий Забиров — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің техник-бағдарламашысы;
🔹 Ақансері Әбен — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Алишер Оразымбетов — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің шеберхана меңгерушісі;
🔹 Алишер Ділмағамбетов — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Өркен Халидуллин — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Марғұлан Төлегенов — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Ауданбай Нұрмаш — Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Қанат Бердіғалиев — Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің өкілі;
🔹 Мирас Барбеев — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;
🔹 Дәуренбек Қуанов — Байғанин техникалық колледжінің директоры.

Команда мүшелерін республикалық додадағы лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Photos from Ақтөбе облысының білім басқармасы's post 02/06/2026

⚜️В Туркестане стартовала республиканская спартакиада среди педагогов и сотрудников организаций ТиПО

В Туркестане состоялась торжественная церемония открытия Республиканской спартакиады среди педагогов и сотрудников организаций технического и профессионального образования. Спортивное мероприятие открыла вице-президент некоммерческого акционерного общества «Талап» Бахытжан Биекова.
👨‍🏫Республиканская спартакиада объединила около 700 педагогов и работников сферы технического и профессионального образования со всех регионов Казахстана. Участники не только демонстрируют спортивное мастерство, но и обмениваются профессиональным опытом, укрепляя дружеские связи.
📆Спартакиада проводится в два этапа. Первый этап состоялся на уровне областей и городов республиканского значения, а финальный республиканский этап проходит в Туркестане с 1 по 6 июня 2026 года.
🥅В программу соревнований включены 9 видов спорта: мини-футбол, мужской и женский волейбол, баскетбол, настольный теннис, тоғызқұмалақ, перетягивание каната, асық ату и бес асық. В соревнованиях принимают участие педагоги и сотрудники старше 20 лет. Особое внимание уделяется соблюдению принципов честной игры, спортивной этики и единой спортивной форме команд.
🔰Актюбинскую область на республиканской спартакиаде представляет сборная команда, сформированная из педагогов и сотрудников организаций технического и профессионального образования районов области и города Актобе. В состав делегации вошли 67 участников, которые защищают честь региона во всех видах спортивной программы.

02/06/2026

⚜️ Ақтөбе облысында жаңа буын педагогтеріне арналған алаң ашылды

Бүгінде жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ал мектеп пен педагог жаңа технологиялар әлеміне жол көрсететін басты бағыттаушы күш болып отыр. Осыған орай Ақтөбе облысында жас мамандардың кәсіби өсуіне және заманауи құзыреттерін дамытуға бағытталған жаңа білім беру жобасы өз жұмысын бастады.
🏫Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен алғаш рет «AI ORTA – жас педагогтердің кәсіби дамуы» алаңының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға депутаттар, білім саласының ардагерлері, тәжірибелі педагогтер және жас мамандар қатысты.
👨‍🏫Алаңның басты мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі сауатты қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа мүмкіндік беретін заманауи орта құру.
🔰 Ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева сөз сөйлеп, бүгінгі күні оқушыларды жасанды интеллект технологияларын пайдалануға ғана емес, оны жасай алатын, жетілдіре алатын және тиімді �

02/06/2026

⚜️Ақтөбе облысында мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастады

Жазғы демалыстың басталуымен Ақтөбе облысында мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастап, оқушылар үшін жарқын әсерлерге, жаңа таныстықтар мен қызықты оқиғаларға толы демалыс маусымының шымылдығын ашты.
🌟Биылғы жазда балалардың қауіпсіз, мазмұнды әрі пайдалы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мектеп жанындағы лагерьлерде оқушыларды шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, танымдық экскурсиялар, туристік жорықтар, тақырыптық квесттер, түрлі байқаулар, қызықты тұлғалармен кездесулер және басқа да дамытушы іс-шаралар күтеді.
🧒🏻👩Облыс бойынша барлығы 699 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде 297 лагерьде балалар ыстық тамақпен қамтылса, 402-сі бейіндік лагерь ретінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдарының жанынан жазғы алаңдар жұмыс жасайды.
🏡Жазғы демалыс пен сауықтыру шараларымен облыстың 1–10 сыныптарында оқитын 178 095 оқушыны, яғни оқушылардың 100 пайызын қамту жоспарланып отыр. Әрбір бала мектеп жанындағы лагерьлерге қатысып, сауықтыру орталықтарында демалып, экскурсиялар мен жазғы алаңдардың жұмысына қатысу арқылы жазғы �

Photos from Ақтөбе облысының білім басқармасы's post 01/06/2026

⚜️Ойыл ауданының білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Бегжанов Орынбасар Избасарович 1984 жылы 4 наурызда дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2003-2008 жж Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының “Жоғары кәсіптік білімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2005-2015 жж. Ақтөбе қаласының М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2015-2019 жж. Ақтөбе қаласының #58 жалпы білім беретін орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2019-2020 жж. Ақтөбе қаласының #75 жалпы білім беретін орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2020 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласының #76 жалпы орта білім беретін мектеп директоры қызметін атқарды.

01/06/2026

⚜️Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Өнер орталығында өткен «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара аясында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша ашылған №82 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары өздерінің ерекше шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.
🧩Жас өнертапқыштар әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесін LEGO бөлшектерінен құрастырып, өздерінің шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін паш етті. Оқушылар бірнеше күн бойы тынымсыз еңбек етіп, әр бөлшекті ұқыптылықпен орналастыру арқылы бірегей туынды жасады.
Көрме жұмысымен облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева танысып, оқушылардың шығармашылығы мен еңбегіне жоғары баға берді.
🌟 Бұл жоба – «Келешек мектебі» оқушыларының шығармашылық қабілеті, бастамашылдығы мен еңбекқорлығының жарқын көрінісі. Жас ұрпақтың осындай жетістіктері олардың болашақта үлкен табыстарға жететініне сенім ұялатады

01/06/2026

⚜️Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

Балалардың шат күлкісі, әсерлі өнер көрсетулер, сүйікті әндер, әсем билер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы мерекелік атмосфера — Ақтөбеде өткен Халықаралық балаларды қорғау күні осылай есте қалды.
🏛️ Өнер орталығында балабақшалар, мектептер және қосымша білім беру ұйымдарының 700-ден астам тәрбиеленушісін біріктірген үлкен мерекелік концерт өтті. Жас өнерпаздар көрермендерге шынайылыққа, мейірімділікке және Отанға деген сүйіспеншілікке толы әсерлі шығармашылық нөмірлерін тарту етті.
Балалар мен олардың ата-аналары үшін интерактивті алаңдар, танымдық аймақтар, виртуалды саяхаттар және әдеби кездесулер ұйымдастырылып, әрбір қатысушы өз қызығушылығына сай пайдалы әрі қызықты уақыт өткізді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысты.
✨ Сахна төрінде балалық шақ, достық пен Отан туралы әндер шырқалып, жарқын хореографиялық қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Әбілқайырхан даңғылы 40
Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30