08/07/2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексі нормалары бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Омарова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Р.С. Шөмекеева және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулер мен тыйымдарды орындау, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, жұмыс уақыты регламентін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, қызметтік қарым-қатынастағы әдеп қағидаттары, сондай-ақ қызметтік қатынастардағы қудалау (харассмент) фактілерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Іс-шара барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іс жүргізу тәртібін сақтау, қызметтік құжаттарды дұрыс рәсімдеу және жою, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты заңнамалық шектеулер туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары қарастырылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы белгіленген нормалар мен шектеулерді, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында жоғары жауапкершілік пен кәсіби мәдениетті қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
___________________________
В целях повышения правовой грамотности государственных служащих и соблюдения норм служебной этики проведен семинар-совещание по вопросам требований законодательства в сфере государственной службы и норм Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан.
В мероприятии приняли участие уполномоченный по этике ГУ «Аппарат акима Актюбинской области» Омарова Р.М, представитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Актюбинской области Шумекеева Р.С. и государственные служащие.
В ходе семинар-совещания рассмотрены вопросы соблюдения норм Закона Республики Казахстан «О государственной службе Республики Казахстан», требований Этического кодекса государственных служащих, а также основные направления государственной политики в сфере укрепления служебной этики и повышения ответственности государственных служащих.
Особое внимание уделено вопросам профилактики коррупционных правонарушений, соблюдения установленных ограничений и запретов для государственных служащих, трудовой и исполнительской дисциплины, соблюдения регламента рабочего времени, требований к деловому стилю и поведению в общественных местах.
Также участникам разъяснены вопросы предупреждения и пресечения случаев харассмента в служебных отношениях, обеспечения информационной безопасности, соблюдения правил делопроизводства, а также требования законодательства в части участия в азартных играх.
В рамках мероприятия рассмотрены основные направления Концепции по продвижению в обществе идеологии закона и порядка на 2025-2030 годы.
По итогам встречи государственным служащим рекомендовано неукоснительно соблюдать требования антикоррупционного законодательства, нормы Этического кодекса, требования законодательства о государственной службе и обеспечивать высокий уровень профессиональной культуры и ответственности при исполнении должностных обязанностей.
#Заңментәртіп #МемлекеттікҚызмет
01/07/2026
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
————
⚜️Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана
Уважаемые соотечественники!
От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны!
Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации.
Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества.
На общенациональном референдуме 15 марта народ Казахстана сделал судьбоносный выбор, определивший горизонты развития государства на многие десятилетия вперед. Это историческое решение навсегда останется в летописи страны как яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности миллионов наших соотечественников.
Глубоко символично, что День Конституции отныне неразрывно связан с началом декады «Наурызнама». Знаковая дата гармонично объединяет многовековые традиции весеннего возрождения с основополагающими принципами Нового Основного закона – стремлением к гражданской солидарности, передовым знаниям и добросовестному труду на благо Родины.
Убежден, опираясь на незыблемый правовой фундамент поистине всенародной Конституции, мы обязательно достигнем всех поставленных целей и утвердим в обществе созидательные ценности Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия.
Сплотившись в нерушимый монолит общенационального единства, мы непременно покорим вершины мировой цивилизации и построим Справедливый Казахстан – государство равных возможностей и всестороннего развития всех без исключения граждан!
Выражаю уверенность в конечном успехе намеченных планов, ведущих к процветанию нашего Отечества.
Да здравствует Республика Казахстан!
Да здравствует наш народ!
01/07/2026
📌 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қазақстанда не өзгереді?
23/06/2026
🇰🇿 Бүгін – Қазақстанда қос кәсіби мереке: Мемлекеттік қызметші күні және Қазақстан полициясы күні.
Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз етіп, халық пен биліктің арасын жалғайтын маңызды буын.
Ал полиция қызметкерлері – қоғамдық қауіпсіздік пен заңның үстемдігін сақтауда алдыңғы шепте тұрған мамандар.
⚜️Барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз.
——
🇰🇿Сегодня в Казахстане отмечаются два профессиональных праздника: День государственного служащего и День полиции Республики Казахстан.
Государственные служащие — важное звено, обеспечивающее эффективность государственного управления и связующее звено между государством и обществом.
Сотрудники полиции — специалисты, находящиеся на передовой обеспечения общественной безопасности и соблюдения закона.
⚜️Поздравляем всех работников этих сфер с профессиональным праздником.
22/06/2026
‼️ Дауылды ескертуге қосымша
📆 22 маусымда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
📍 Ақтөбе қ.: 22 маусымда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
———
‼️ Дополнение к штормовому предупреждению
📆 22 июня днем на западе, севере, юге Актюбинской области ожидаются области дождь, гроза, временами сильный дождь, град, шквал. Ветер западный, юго-западный днем на западе, севере, юге области порывы 15-20, временами 23 м/с. Днем на юге области ожидается сильная жара 35 градусов.
На юге, юго-востоке, западе области сохраняется, в центре области ожидается высокая пожарная опасность.
📍 г.Актобе: 22 июня днем временами ожидаются дождь, гроза. Ветер западный, юго-западный днем порывы 15-20 м/с.