30/08/2023
Обеспечить равный доступ к образованию - Актюбинский Вестник
Сокращение учебного года и возврат летних каникул с 25 мая, перспективные проекты в сельских школах региона, разработка электронной платформы, с помощью
09/12/2022
🗓2022 – 2023 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күнтізбесі
___________
🗓Календарь школьных каникул на 2022 – 2023 год
17/11/2022
АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР ЛЕГО РОБОТҚА ДОМБЫРАДА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕТТІ
Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Кемел Білім» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Жұбатқан Дана, Алтынбай Амина, Кангельдина Аида лего роботтың домбырада ойнауын ойлап тапты. Осы жоба LEGO Mindstorms EV3— программаланатын роботқа қолданылатын конструктор жүйесін қолдану арқылы жасалған.
Бұл жобаға 200-ден астам лего деталь және 4 мотор қолданылған. Біреуі домбыраның пернелерін басу үшін, екіншісі ішекті шертуге, қалған екі моторды жүріп қозғалуы үшін қолданған. Сондай-ақ Lego mindstorms программасы, код жазу процесінде градустар мен бағыттарды да пайдаланған.
17/11/2022
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының 16, 17-тармақтарына сәйкес Өңірлік комиссия Конкурстың І кезеңінің қатысушыларының конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалап, Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары:
Жалимбетова Алмира Даировна - №50 орта мектебінің мұғалімі;
Жұбанышев Әли Тыныштықұлы – Ақтөбе орта мектебінің мұғалімі;
Туысова Акбота Ерсайнова – Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының мұғалімі;
Жантурина Марфуха Саменовна - №65 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі;
Куспанова Гульзифа Дюсембаевна - №31 қазақ орта мектебінің мұғалімі.
Жеңімпаздар II кезеңге қатысуға жіберілді.
07/11/2022
Құрметті ата -аналар және қала тұрғындары!
«Ақтөбе қаласының білім бөлімінің» ММ мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс негізіндегі балабақшаларда бос орындардың balabaqsha.akt.kz_ сайтына жарияланатындығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына сәйкес барлық қалалық білім бөліміне қарасты балабақшаларда жолдама беру процесі автоматтандыру бойынша жүргізіледі.
Жолдама алу үшін balabaqsha.akt.kz_ сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы кіруге болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар әр дүйсенбі сайын balabaqsha.akt.kz_ сайтына бос орындар салынып көрсетіледі.
Алғашқы 3 күндікте жеңілдік санатындағы кезекте тұрған ата-аналар алады.
Бұл санатқа мыналар кіреді:
➢ әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
➢ заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;
➢ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
➢ жетім балалар;
➢ көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
➢ педагогтердің балалары;
➢ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
Егер жеңілдік санатындағы ата-аналар 3 жұмыс күні ішінде жолдама алмаса, онда жалпы кезекте тұрған ата-ана balabaqsha.akt.kz_ сайтына жолдама ала алады.
Қазіргі таңда автоматтандырылған жүйеге сәйкес бір балабақшадан екінші балабақшаға ауыстыру қарастырылмаған. Ата-ана электрондық (ЭЦП) қолтаңбамен balabaqsha.akt.kz_ сайты арқылы баласын қайтадан кезекке қойып, барып жүрген балабақшасына арыз жазып шығу керек. Содан кейін ғана екінші балбақшаға жолдама ала алады.
Мемлекеттік балабақша 598 бос орынға және мемлекеттік тапсырыс негізіндегі балабақшаға 501 бос орындар жарияланды.
07/11/2022
7 - қараша күні Ақтөбе қаласының мектептерінде есірткіні қолданудың алдын алу бойынша 5-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізді. 5-11 сыныптарында "Есірткісіз өмір - ғажап","Біз бақытты өмірді таңдаймыз!", "Нашақорлық - ғасыр дерті" тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
Сегодня в школах города Актобе были проведены классные часы по профилактике противодействия употребления наркотических средств. Цель: привлечение внимания обучающихся к проблеме наркомании в современном обществе, формирование активного противодействия употреблению наркотиков.
02/11/2022
Бүгін, 2 қараша күні Әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес № 16 «Аққайың» балабақшасында «Әдістемелік қонақ бөлмесі» форматында «Балалардың сөздік қорын жан-жақты ойын түрлері арқылы даму» семинар-практикумы өтті. Семинардың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін, қиял сезімін дамыту, ойын арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында №16 «Аққайын», №27 «Айгөлек», №38 «Әлем», №45 «Алтын бала» балабақшаларының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сегодня, 2 ноября по годовому плану Методического кабинета на базе детского сада №16 «Аққайың» состоялся семинар-практикум «Балалардың сөздік қорын жан-жақты ойын түрлері арқылы дамыту» в формате «методическая гостинная». Цель семинара - развитие у детей дошкольного возраста мышления, чувства воображения, формирование речевых навыков через игру. На семинаре своим опытом поделились педагоги детских садов № 16 «Аққайын», № 27 «Айгөлек», № 38 «Әлем», № 45 «Алтын бала». Семинар прошел на хорошем уровне, воспитатели получили большой багаж знаний.
02/11/2022
Бүгін, 2022 жылдың 2 қарашасы күні Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаева, Әдістемелік кабинет әдіскері А.Садықова #25 орта мектепте демалыс кезіндегі үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру барысымен танысты.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру жоспарына сәйкес келесі сабақтар өткізілді:
- 1-4 сынып оқушыларына арналған шығармашылық үйірмелер;
- 8-11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған мектепішілік пікірсайыс турнирі;
- көркемдік жұмыс мұғалімі Избасарова Г.Ж. «Қағаздан өру. Себет» шеберлік сағатын өткізді;
- Танкевич Е.В. 6-сынып оқушыларын «Аязды қиял» квиллинг жұмысымен таныстырды;
-дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Утарбаев Н.Қ., Орынбай Р.С. грэпплинг, теннис бойынша тренинг өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі Даулетов Б.Д. шахмат турнирін ұйымдастырды.
Сондай-ақ, «Бақытты бала – болашақ кепілі» атты концерттік бағдарламасында хореографиялық және вокалдық үйірмелердің жұмыстары көрсетілді.
Сегодня, 2 ноября 2022 года руководитель отдела образования г.Актобе М.Косымбаева, методист Методического кабинет А.Садыкова ознакомились с организацией работы кружков и спортивных секций в каникулярное время в ОСШ№ 25.
Согласно плану реализации внеурочной деятельности прошли занятия творческих кружков для учащихся 1-4 классов, школьный дебатный турнир среди учащихся 8-11 классов, посвященный Дню Республики. Учитель художественного труда Избасарова Г.Ж. провела мастер-класс «Плетение из бумаги. Лукошко». Танкевич Е.В. познакомила учащихся 6-х классов с работой по квиллингу «Морозная фантазия». Учителя физической культуры Утарбаев Н.К., Орынбай Р.С. провели показательные тренировки по грэпплингу, теннису. Прошел турнир по шахматам с учителем английского языка Даулетовым Б.Д.
В концертной программе «Бақытты бала - болашақ кепілі» показана работа хореографического и вокального кружков.
01/11/2022
«Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім берудің үздік үлгілерін анықтау және тарату, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және ынталандыру.
🏆Бас жүлде - № 33 «Нұрсәт» балабақшасы,
🥇І орын - № 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы,
🥈ІІ орын - № 12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы,
🥈ІІІ орын - № 39 «Достық» балабақшасы,
Номинация – «Дони» балабақшасы.
Бас жүлде иеленген балабақша облыстық деңгейдегі «Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» республикалық байқауына қатысуға жолдама алды.