ДСЭК Актюбинской области

ДСЭК Актюбинской области

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ДСЭК Актюбинской области, Government Organization, пр. Санкибай батыра, 1, Aktobe.

28/05/2026

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Ақтөбе облысының емдеу-профилактикалық ұйымдарының жауапты медицина қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – қызылша, көкжөтел, менингококк жұқпасының алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдану талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 қаулысы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар мен ұсыныстар берілді.

28/05/2026

Дене белсенділігі – салауатты өмір кепілі

Бүгінгі таңда денсаулықты сақтау және нығайтудың ең тиімді жолдарының бірі – тұрақты дене белсенділігі. Қимыл-қозғалыс адамның физикалық және психологиялық саулығына оң әсер етіп, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Мамандардың айтуынша, күнделікті қозғалыс жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, қант диабеті және қан қысымының жоғарылау қаупін азайтады. Сонымен қатар дене белсенділігі адамның көңіл күйін көтеріп, еңбек өнімділігін арттырады.
Дене шынықтырумен айналысу үшін міндетті түрде спортзалға барудың қажеттілігі жоқ. Күнделікті жаяу жүру, таңғы жаттығу жасау, велосипед тебу, жеңіл жүгіру немесе таза ауада серуендеу де ағзаға үлкен пайда әкеледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересек адамдарға аптасына кемінде 150 минут орташа белсенді қимыл жасауды ұсынады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әр адамның өз қолында. Әсіресе балалар мен жастарды спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту – қоғам денсаулығын нығайтудың маңызды бағыты.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күнделікті өмірде дене белсенділігіне ерекше мән беруі қажет.

Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 28/05/2026

2026 жылғы 28 мамырда «Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» дайын тағамды жеткізу қызметін жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілері өкілдерінің қатысуымен «Тағамдық уланулар мен жіті ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 28/05/2026

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлімі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарына арналған «Тұрғындардың денсаулық жағдайы мен атмосфералық ауаның ластану деңгейі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау» бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында атмосфералық ауаның ластану деңгейі мен тұрғындар денсаулығы көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты бағалау әдістері қарастырылды. Атап айтқанда, қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына ықпалын анықтау мақсатында корреляциялық және регрессиялық талдау жүргізудің негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Оқыту шеңберінде 2015–2025 жылдар аралығындағы атмосфералық ауа сапасының көрсеткіштері мен халықтың аурушаңдық деңгейі бойынша статистикалық деректерді талдау тәсілдері талқыланып, ластаушы заттардың концентрациясы мен тыныс алу жүйесі, қан айналымы жүйесі және басқа да аурулар арасындағы ықтимал себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың мақсаты — мамандардың аналитикалық дағдыларын жетілдіру, тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу тиімділігін арттыру және халық денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторларын ғылыми негізде бағалау жұмыстарын күшейту.
Аталған іс-шара санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіруге, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға және өңір тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған.

28/05/2026
Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 26/05/2026

2026 жылдың 26 мамыры күні Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Сербаева Н.К. және бас маманы Жұбатова А.Т. ұйымдастыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары мен коммуналдық объектілерге бақылау жүргізетін мамандары және Ақтөбе қаласы мен өңір аудандарындағы моншалар, сауналар және бассейндер субъектілерінің қатысуымен семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi №ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы және өзге де қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес моншалар мен сауналарға, суға шомылу-жүзу бассейндеріне қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар, өндірістік бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тәртіптері туралы өзге де сұрақтар талқыланды.

Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 22/05/2026

2026 жылдың 22 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ақтөбе және Арал теңізі обаға қарсы күрес станцияларының қатысуымен «Оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиялық, эпизоотиялық жағдай және алдын алу шаралары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы селекторлық кеңес өткізді.
Сонымен қатар осы кеңеске Ақтөбе облысы СЭБД-нің аудандық басқармалары және Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының аудандық бөлімшелерінің мамандары қатысты.
Өткізілген кеңестің мақсаты - Оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу, уақытында әрекет ету және аймақаралық өзара іс-қимылын жүргізу.

Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 22/05/2026

Аз дене қозғалысы – жасырын қауіп
Бүгінде адамдардың көпшілігі уақытының басым бөлігін отырып өткізеді: кеңседе компьютер алдында, көлікте, үйде телефон немесе теледидар алдында. Бұл – көзге бірден байқалмайтын, бірақ денсаулыққа елеулі қауіп төндіретін факторлардың бірі.
Әлемде ересектердің шамамен төрттен бірі дене белсенділігінің ұсынылған деңгейіне жетпейді. Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, семіздік және психикалық денсаулық дертінің қаупін арттырады.
Мамандардың дерегінше, күніне 8 сағаттан артық отыру және физикалық белсенділіктің болмауы адамның өмір сүру ұзақтығына темекі шегу мен артық салмақ секілді теріс әсер етуі мүмкін.
Қозғалыстың негізгі қауіптері:
• артық салмақ пен семіздік;
• жүрек аурулары және гипертония;
• ІІ-ші типті қант диабеті;
• зат алмасудың бұзылуы;
• омыртқа және буын аурулары;
• күйзеліс пен депрессия;
• ерте өлім қаупінің артуы.
Дәрігерлер мәселені шешудің жеңіл жолдарын айтуда. Ең бастысы – күнделікті қозғалысты көбейту. Ересектерге аптасына кемінде 150 минуттық физикалық белсенділік ұсынылады. Бұл үшін міндетті түрде спортзалға бару шарт емес.
Қарапайым пайдалы әдеттер:
• әр 30–60 минут сайын орныңыздан тұрып жүру;
• лифт орнына баспалдақ пайдалану;
• жаяу көбірек жүру;
• таңертең жаттығулар жасау;
• кешкі серуенді әдетке айналдыру;
• телефонмен сөйлескенде қозғалып жүру.
Мамандардың айтуынша, аз ғана қозғалыстың өзі денсаулыққа оң әсер береді. Тіпті күнделікті 20–30 минуттық серуен жүрек жұмысы мен көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.
Қазіргі заманауи технология дәуірінде қозғалыс тапшылығы «үнсіз қауіпке» айналып отыр. Сондықтан денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі – белсенді өмір салтын қалыптастыру.

Photos from ДСЭК Актюбинской области's post 20/05/2026

🔰Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қызметкері А. Аткиевпен Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өтті.
🔰Кездесу барысында Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізилді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жан-жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түрлері мен құқықтық салдарлары туралы ақпарат жеткізілді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді. #мқіа #адгс #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #елгеқызмет

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


пр. Санкибай батыра, 1
Aktobe
030012

Opening Hours

Monday 08:30 - 17:30
Tuesday 08:30 - 17:30
Wednesday 08:30 - 17:30
Thursday 08:30 - 17:30
Friday 08:30 - 17:30