🇰🇿 Ақтөбеде 10 мың адам бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды орындады
⚜️ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында кең ауқымды патриоттық акция өтті. Өңірдегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар, жастар ұйымдары, волонтерлар мен құқыққорғау органдарының өкілдері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.
🎯 Ауқымды шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Акцияның басты мақсаты – елдік құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың отансүйгіштік рухын нығайту және мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру.
📌 Мерекеге орай «Қазақойл Ақтөбе» АҚ бас директорының бірінші орынбасары м.а. Асхат Өтегенов қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін атап өтті.
«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, елге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», – деді ол.
✨ Мұндай шаралар қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
———
🇰🇿 В Актобе 10 тысяч человек одновременно исполнили Государственный гимн
⚜️ В честь Дня государственных символов Республики Казахстан в Актюбинской области прошла масштабная патриотическая акция. Представители предприятий региона, государственных учреждений, бюджетных организаций, молодежных объединений, волонтеры и сотрудники правоохранительных органов одновременно исполнили Государственный гимн Республики Казахстан.
🎯 В масштабном мероприятии приняли участие более 10 тысяч человек, выразив тем самым уважение к государственным символам. Основная цель акции — популяризация общенациональных ценностей, укрепление патриотического духа граждан и повышение статуса государственных символов.
📌 В рамках празднования и.о. первого заместителя генерального директора АО «Казахойл Актобе» Асхат Утегенов поздравил участников и отметил, что государственные символы являются важным знаком единства страны и независимости.
«Государственные символы — это не просто знаки государства, а часть нашей истории и духовного наследия. Они объединяют людей, укрепляют чувство гордости за страну и любовь к Родине. Поздравляю всех с Днём государственных символов. Пусть мир и стабильность всегда будут в нашей стране, а независимость — прочной», — отметил он.
✨ Подобные мероприятия способствуют укреплению единства и сплоченности общества, формированию у молодого поколения патриотических ценностей и повышению уважения к государственным символам.
Ақтөбе облысы әкімдігі
⚜️ Ақтөбе облысының әкімдігі
⚜️ Akimat of Aktobe Region
⚜️ Акимат Актюбинской области
04/06/2026
🇰🇿Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.
Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
t.me/aqorda_resmi
———
🇰🇿Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага
Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане.
Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии.
Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан.
t.me/aqorda_resmi
⚜️ Ақтөбе облысында оқушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған «SKILLS CAMP» жобасы жүзеге асырылуда
📌 Ақтөбе облысында оқушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, ерте кәсіптік бағдар беруге және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған «SKILLS CAMP» жобасы жалғасуда.
🏫 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен жылы бастау алған жоба оң нәтижесін көрсетіп, биыл өңірдегі 18 колледж базасында өз жұмысын жалғастыруда.
🎯 Жобаның басты мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, заманауи технологиялармен таныстыру және түрлі қызмет салалары бойынша алғашқы тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.
🎓 Жоба аясында 3000-ға жуық оқушы уақытша «студенттік билет» алып, екі апта бойы колледждердің білім беру ортасына еніп, тәжірибелік сабақтарға қатысады.
🔵 Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бастапқы дағдыларды меңгереді:
• инженерлік іс;
• компьютерлік графика;
• Web-дизайн;
• ақпараттық кабельдік желілер;
• робототехника;
• электроника;
• шаштараз өнері;
• аспаздық;
• көлік құралдарын жөндеу және басқа да сұранысқа ие құзыреттер.
✨ «SKILLS CAMP» жобасы оқушыларға әртүрлі мамандықтарда өз күшін сынап көруге, қабілеттерін ашуға және болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға бірегей мүмкіндік береді.
———
⚜️ В Актюбинской области реализуется проект «SKILLS CAMP» для развития профессиональных компетенций школьников
📌 В Актюбинской области продолжается реализация проекта «SKILLS CAMP», направленного на развитие профессиональных компетенций школьников, раннюю профориентацию и знакомство с востребованными рабочими профессиями.
🏫 Проект, стартовавший в прошлом году в рамках Года рабочих профессий, получил положительные результаты и в текущем году продолжает свою работу на базе 18 колледжей региона.
🎯 Главная цель инициативы — помочь учащимся определиться с будущей профессией, познакомить их с современными технологиями и предоставить возможность получить первые практические навыки в различных сферах деятельности.
🎓 В рамках проекта около 3000 школьников получат временный «студенческий билет» и на протяжении двух недель будут погружены в студенческую среду колледжей.
🔵 Участники смогут освоить первоначальные навыки по различным направлениям:
• инженерное дело;
• компьютерная графика;
• Web-дизайн;
• информационные кабельные сети;
• робототехника;
• электроника;
• парикмахерское искусство;
• кулинария;
• ремонт транспортных средств и другим востребованным компетенциям.
✨ Проект «SKILLS CAMP» предоставляет школьникам уникальную возможность попробовать себя в различных профессиях, раскрыть свои способности и сделать осознанный выбор будущего профессионального пути.
03/06/2026
♟️ Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталды
🌍 Халықаралық жарыс өңірде 2019 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ол - Қазақстан Кубогы кезеңдерінің және еліміздегі ең беделді шахмат додаларының бірі.
Ақтөбеде дәстүрлі «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысы әкімдігі, FIDE, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырып отыр.
⚜️ Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, спортшылар мен қонақтарды құттықтады.
🌎 Биылғы фестивальге әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды. Олардың арасында 25 халықаралық гроссмейстер (GM) және әйелдер арасындағы 1 халықаралық гроссмейстер (WGM) бар.
«Ақтөбе өңірі үшін мұндай деңгейдегі халықаралық жарысты қабылдау – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Биыл фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып отыр. Қатысушылар құрамының жылдан-жылға күшеюі турнирдің халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы интеллектуалды спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Шахмат – жастарды білімге, тәртіпке және табандылыққа тәрбиелейтін маңызды спорт түрі. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қолдай береміз», – деді Асхат Шахаров.
✨ Аймақ басшысы сондай-ақ турнирдің Владимир Дворковичтің есімімен аталуында ерекше мән бар екенін атап өтті. Кезінде еңбек жолын Ақтөбеде бастаған көрнекті халықаралық арбитрдің мұрасын дәріптеу - шахматтағы дәстүр мен сабақтастықтың жарқын көрінісі.
«Бұл турнирдің мен үшін орны бөлек. Әкем шахматқа бүкіл өмірін арнады. Ол төреші, ұйымдастырушы және осы ойынға шын ғашық жан болды. Жыл сайын деңгейі артып, мықты ойыншыларды жинап жатқан доданың оның есімімен аталуы, әкемнің аруағына деген ең үлкен құрмет. Ойыншылар тізіміне қарап, турнирдің ауқымы өсіп келе жатқанын көруге болады. Жарыстың жылдан-жылға беделі артып жатқаны қуантады. Бұл – шахматшылардың осы жерге келгісі келетінінің айқын белгісі. Бүгінде Қазақстан шахматтың даму қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Мұнда инфрақұрылым салынып, жоғары деңгейдегі турнирлер өтіп жатыр, жас ойыншылар тәрбиеленуде. Бұл құр сөз емес – бұл көпжылдық жүйелі жұмыстың жемісі және Aktobe Open соның айқын көрінісі», - деді ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович.
♜ Фестиваль аясында Masters және Open турнирлері өтеді. 2400 және одан жоғары 81 шахматшы қатысатын Masters турнирінің жүлде қоры 90 мың АҚШ доллары және ол FIDE Circuit 2026–2027 халықаралық жарыстар жүйесіне енгізілген. Ал рейтингі 2400-ге дейінгі 129 ойыншы сынға түсетін Open турнирінің жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
📅 Халықаралық спорт додасы 11 маусымға дейін жалғасады
———
♟️ В Актобе стартовал международный шахматный фестиваль «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026»
🌍 Международный турнир проводится в регионе на постоянной основе с 2019 года и является одним из этапов Кубка Казахстана, а также одним из самых престижных шахматных соревнований страны.
В Актобе состоялась торжественная церемония открытия традиционного международного шахматного фестиваля «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026». Организаторами масштабного мероприятия выступили акимат Актюбинской области, FIDE, Министерство туризма и спорта Республики Казахстан и Казахстанская федерация шахмат.
⚜️ В церемонии открытия принял участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров, который поздравил спортсменов и гостей турнира.
🌎 В этом году фестиваль собрал 210 участников из 21 страны мира: Армении, Азербайджана, Болгарии, Китая, Хорватии, Англии, Индии, Ирана, Казахстана, Кыргызстана, Норвегии, Румынии, России, Словении, Сербии, Швеции, Таджикистана, Туркменистана, Турции, Украины и США. Среди них 25 международных гроссмейстеров (GM) и одна женщина-гроссмейстер (WGM).
«Для Актюбинской области принимать соревнования такого уровня большая честь и высокая ответственность. В этом году фестиваль собрал спортсменов из разных стран мира. Усиление состава участников из года в год свидетельствует о растущем международном авторитете турнира. Глава государства уделяет особое внимание развитию интеллектуальных видов спорта. Шахматы – это важный инструмент воспитания молодежи, который формирует знания, дисциплину и целеустремленность. Поэтому мы и в дальнейшем будем поддерживать развитие этого направления», - отметил Асхат Шахаров.
✨ Глава региона также подчеркнул особую значимость того, что турнир носит имя Владимира Дворковича. По его словам, сохранение памяти о выдающемся международном арбитре, начавшем свою трудовую деятельность в Актобе, является ярким примером преемственности традиций и уважения к истории шахматного движения.
«Для меня этот турнир особенный. Мой отец посвятил шахматам всю жизнь - как арбитр, как организатор, как человек, влюблённый в эту игру. То, что его имя живёт в названии соревнования, которое год за годом собирает всё более сильных игроков, - лучшая память о нём, какую только можно представить. Смотрю на стартовый список - и вижу, как турнир растёт. Приятно, когда соревнование становится сильнее с каждым годом. Значит, люди хотят сюда приезжать. Казахстан сегодня - один из мировых лидеров по динамике развития шахмат. Здесь строят инфраструктуру, проводят турниры высокого класса, воспитывают молодых игроков. Это не слова - это результат многолетней системной работы, и Aktobe Open наглядно её отражает», - президент ФИДЕ Аркадий Дворкович.
♜ В рамках фестиваля проходят турниры Masters и Open. Призовой фонд турнира Masters, в котором участвует 81 шахматист с рейтингом 2400 и выше, составляет 90 тысяч долларов США. Кроме того, турнир включен в международную систему соревнований FIDE Circuit 2026–2027.
📌 В турнире Open принимают участие 129 шахматистов с рейтингом до 2400. Его призовой фонд составляет 10 тысяч долларов США.
📋 Оба турнира проводятся по швейцарской системе в 9 туров.
📅 Международный шахматный фестиваль продлится до 11 июня
03/06/2026
♟️ Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталды
Халықаралық жарыс өңірде 2019 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ол - Қазақстан Кубогі кезеңдерінің және еліміздегі ең беделді шахмат додаларының бірі.
Ақтөбеде дәстүрлі «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысы әкімдігі, FIDE, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырып отыр.
Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, спортшылар мен қонақтарды құттықтады.
Биылғы фестивальге әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды. Олардың арасында 25 халықаралық гроссмейстер (GM) және әйелдер арасындағы 1 халықаралық гроссмейстер (WGM) бар.
💬 «Ақтөбе өңірі үшін мұндай деңгейдегі халықаралық жарысты қабылдау – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Биыл фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып отыр. Қатысушылар құрамының жылдан-жылға күшеюі турнирдің халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы интеллектуалды спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Шахмат – жастарды білімге, тәртіпке және табандылыққа тәрбиелейтін маңызды спорт түрі. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да қолдай береміз», – деді Асхат Шахаров.
Аймақ басшысы сондай-ақ турнирдің Владимир Дворковичтің есімімен аталуында ерекше мән бар екенін атап өтті. Кезінде еңбек жолын Ақтөбеде бастаған көрнекті халықаралық арбитрдің мұрасын дәріптеу - шахматтағы дәстүр мен сабақтастықтың жарқын көрінісі.
💬 «Бұл турнирдің мен үшін орны бөлек. Әкем шахматқа бүкіл өмірін арнады. Ол төреші, ұйымдастырушы және осы ойынға шын ғашық жан болды. Жыл сайын деңгейі артып, мықты ойыншыларды жинап жатқан доданың оның есімімен аталуы, әкемнің аруағына деген ең үлкен құрмет. Ойыншылар тізіміне қарап, турнирдің ауқымы өсіп келе жатқанын көруге болады. Жарыстың жылдан-жылға беделі артып жатқаны қуантады. Бұл – шахматшылардың осы жерге келгісі келетінінің айқын белгісі. Бүгінде Қазақстан шахматтың даму қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Мұнда инфрақұрылым салынып, жоғары деңгейдегі турнирлер өтіп жатыр, жас ойыншылар тәрбиеленуде. Бұл құр сөз емес – бұл көпжылдық жүйелі жұмыстың жемісі және Aktobe Open соның айқын көрінісі», - деді ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович.
Фестиваль аясында Masters және Open турнирлері өтеді. 2400 және одан жоғары 81 шахматшы қатысатын Masters турнирінің жүлде қоры 90 мың АҚШ доллары және ол FIDE Circuit 2026–2027 халықаралық жарыстар жүйесіне енгізілген.
Ал рейтингі 2400-ге дейінгі 129 ойыншы сынға түсетін Open турнирінің жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
Халықаралық спорт додасы 11 маусымға дейін жалғасады.
------
♟️ В Актобе стартовал международный шахматный фестиваль «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026»
Международный турнир проводится в регионе на постоянной основе с 2019 года и является одним из этапов Кубка Казахстана, а также одним из самых престижных шахматных соревнований страны.
В Актобе состоялась торжественная церемония открытия традиционного международного шахматного фестиваля «Мемориал Владимира Дворковича – Aktobe Open 2026». Организаторами масштабного мероприятия выступили акимат Актюбинской области, FIDE, Министерство туризма и спорта Республики Казахстан и Казахстанская федерация шахмат.
В церемонии открытия принял участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров, который поздравил спортсменов и гостей турнира.
В этом году фестиваль собрал 210 участников из 21 страны мира: Армении, Азербайджана, Болгарии, Китая, Хорватии, Англии, Индии, Ирана, Казахстана, Кыргызстана, Норвегии, Румынии, России, Словении, Сербии, Швеции, Таджикистана, Туркменистана, Турции, Украины и США. Среди них 25 международных гроссмейстеров (GM) и одна женщина-гроссмейстер (WGM).
💬 «Для Актюбинской области принимать соревнования такого уровня большая честь и высокая ответственность. В этом году фестиваль собрал спортсменов из разных стран мира. Усиление состава участников из года в год свидетельствует о растущем международном авторитете турнира. Глава государства уделяет особое внимание развитию интеллектуальных видов спорта. Шахматы – это важный инструмент воспитания молодежи, который формирует знания, дисциплину и целеустремленность. Поэтому мы и в дальнейшем будем поддерживать развитие этого направления», - отметил Асхат Шахаров.
Глава региона также подчеркнул особую значимость того, что турнир носит имя Владимира Дворковича. По его словам, сохранение памяти о выдающемся международном арбитре, начавшем свою трудовую деятельность в Актобе, является ярким примером преемственности традиций и уважения к истории шахматного движения.
💬 «Для меня этот турнир особенный. Мой отец посвятил шахматам всю жизнь - как арбитр, как организатор, как человек, влюблённый в эту игру. То, что его имя живёт в названии соревнования, которое год за годом собирает всё более сильных игроков, - лучшая память о нём, какую только можно представить. Смотрю на стартовый список - и вижу, как турнир растёт. Приятно, когда соревнование становится сильнее с каждым годом. Значит, люди хотят сюда приезжать. Казахстан сегодня - один из мировых лидеров по динамике развития шахмат. Здесь строят инфраструктуру, проводят турниры высокого класса, воспитывают молодых игроков. Это не слова - это результат многолетней системной работы, и Aktobe Open наглядно её отражает», - президент ФИДЕ Аркадий Дворкович.
В рамках фестиваля проходят турниры Masters и Open. Призовой фонд турнира Masters, в котором участвует 81 шахматист с рейтингом 2400 и выше, составляет 90 тысяч долларов США. Кроме того, турнир включен в международную систему соревнований FIDE Circuit 2026–2027.
В турнире Open принимают участие 129 шахматистов с рейтингом до 2400. Его призовой фонд составляет 10 тысяч долларов США. Оба турнира проводятся по швейцарской системе в 9 туров.
Международный шахматный фестиваль продлится до 11 июня.
03/06/2026
❗️ Дауылды ескерту
⛈️ 04 маусымда Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
📍 Ақтөбе қ.: 04 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
———
❗️ Штормовое предупреждение*
⛈️ 04 июня в Актюбинской области ожидаются дождь, гроза, на западе, севере, в центре области временами сильный дождь, град, шквал. Ветер северо-западный, западный ночью на западе, юге области порывы 15-20 м/с, днем порывы 15-20 м/с.
На северо-востоке области сохраняется высокая пожарная опасность, на юге, востоке области сохраняется чрезвычайная пожарная опасность.
📍 г. Актобе: 04 июня временами ожидаются дождь, гроза. Ветер северо-западный днем порывы 15-18 м/с.
03/06/2026
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алатау қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінен.
Нақты іс, нәтижелі жұмыс, жеке жауапкершілік және елге қызмет ету – бүгінгі дамудың басты талаптары. Президент көтерген бастамалар осы құндылықтарды нығайтуға және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі дәйексөздер мен маңызды ойлармен таныс болыңыздар.
———
🇰🇿 Из выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совещании по развитию города Алатау.
Конкретные дела, эффективная работа, личная ответственность и служение стране — ключевые требования современного развития. Инициативы, озвученные Президентом, направлены на укрепление этих ценностей и обеспечение устойчивого развития Казахстана.
Главные цитаты и ключевые тезисы — в карточках.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Telephone
Address
Aktobe
030000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |
