03/06/2026
Актөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л. Кализина 2026 жылғы 1 маусымда Актөбе облысының кәмелетке толмағандарға білім беру – сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының өкілдері үшін балалардың сауықтыру және қосымша білім беру орталықтарын лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға лицензия алу тәртібі мен «Е-лицензиялау» порталындағы рәсімнің негізгі кезеңдері түсіндірілді. Сонымен қатар, лицензия алуға электрондық өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық ұсынылды.
21/05/2026
repost ⚡️ Қазақстанда балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
⚡️ Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.
⚡️ Ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмау мақсатында лицензияның қолданылу мерзімі бес жыл болып белгіленді. Бұл ұйымдар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.
⚡️ Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес балалар сауықтыру орталықтары инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік бағыттары бойынша белгіленген стандарттарға сай болуы тиіс.
⚡️ Сонымен қатар жаңа жүйе талаптарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын бейресми ұйымдардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қызмет сапасы артып, ұйымдардың жауапкершілігі күшейеді.⤵️⤵️⤵️
21/05/2026
⚡️ В Казахстане введены единые требования к детским лагерям
⚡️ Министерство просвещения проводит системную работу по безопасной и качественной организации летнего отдыха детей. С 1 апреля 2026 года в стране впервые введена система лицензирования деятельности детских оздоровительных центров. Эта инициатива направлена на формирование единых требований к отдыху, обучению и оздоровлению детей. ⚡️ Министерство просвещения проводит системную работу по безопасной и качественной организации летнего отдыха детей. С 1 апреля 2026 года в стране впервые введена система лицензирования деятельности детских оздоровительных центров. Эта инициатива направлена на формирование единых требований к отдыху, обучению и оздоровлению детей. ⚡️ В целях снижения административной нагрузки на организации и исключения необходимости ежегодного переоформления документов срок действия лицензии установлен на пять лет. Это позволит обеспечить стабильность деятельности организаций и системно проводить государственный контроль. ⚡️ Лицензирование направлено на повышение качества образовательных и оздоровительных услуг, оказываемых детям, а также на формирование безопасной среды. Согласно новым требованиям, детские оздоровительные центры должны соответствовать установленным стандартам по инфраструктуре, кадровому обеспечению, медицинскому обслуживанию и безопасности.⤵️⤵️⤵️
19/05/2026
Уважаемые жители!
Коррупция актуальная проблема, которая негативно влияет на развитие общества. Дача и получение взятки являются нарушением закона.
Нужно решать любые вопросы в рамках закона, вместе поддержим справедливость и честность.
Если вы столкнулись с незаконными действиями не оставайтесь равнодушными.
Чистое и справедливое общество в наших руках.
Вместе создадим честное общество ради нашего будущего!
Департамент Агентства РК по делам государственной службы по Актюбинской области
#МҚІА #АДГС #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #елгеқызмет
19/05/2026
Құрметті тұрғындар!
Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына кері әсер ететін келтіретін өзекті мәселе. Пара беру де, пара алу да заң бұзушылық болып табылады.
Кез келген мәселені заң аясында шешіп, әділдік пен адалдықты бірге қолдайық. Егер заңсыз әрекетке тап болсаңыз, үнсіз қалмаңыз.
Таза әрі әділ қоғам – сіз бен біздің қолымызда.
Болашағымыз үшін бірге адал қоғам құрайық!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
#МҚІА #АДГС #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #елгеқызмет
15/05/2026
*Ақтөбеде білім беру саясатының конституциялық негіздері талқыланды*
Бүгін Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес аясында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті.
Кездесу білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті нығайту, Конституция қағидаттарының саладағы қолданылу аясын кеңейту және педагог қауымның кәсіби қызметіндегі өзекті нормативтік-құқықтық өзгерістерді саралау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, директорлар корпусы қатысып, білім беру саясатының дамуындағы конституциялық ұстанымдардың маңызын жан-жақты талқылады.
Пікір алмасу барысында Конституцияның білім беру жүйесіндегі стратегиялық рөлі, құқықтық нормалардың практикадағы тиімділігі, жаңа реформалар жағдайындағы білім кеңістігінің жаңғыруы, білім алушылардың конституциялық санасын қалыптастыру, білім алу құқығын қорғаудың тәжірибелік тетіктері және педагог мәртебесіне қатысты құқықтық өзгерістер кеңінен сөз болды.
Сарапшылар мұндай кәсіби алаңдардың саладағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, педагогтердің жауапкершілігін күшейтуге және білім беру саясатының сапалы жүзеге асуына ықпал ететінін атап өтті. .university
Пікір алмасу алаңы білім беру кеңістігінде Конституция құндылықтарын ілгерілетуге, кәсіби ортадағы сындарлы диалогты дамытуға және мемлекеттік білім саясатының басым бағыттарын тәжірибе тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік берді.