АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Share

Жергілікті өкілді орган
Jergilikti ókildi organ
Местный представительный орган

17/07/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңға қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, енді мәслихаттар:

📌 әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалуын қадағалайды;

💰 бюджеттік комиссиялардың жұмысына қатысады;

🧹 елді мекендерді санитарлық тазалау қағидаларын бекітеді;

⚖️ тексеру комиссияларының басшылары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдана алады.

Сонымен қатар:

▪️ депутаттық сауалдарға жауап беру мерзімі 30 күннен 15 күнге қысқарды;

▪️ жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілеттігі кеңейді;

▪️ бір адам мәслихат төрағасы қызметіне қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайды.

📅 Заң 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

05/07/2026

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді елордамыз — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – тәуелсіз Қазақстанның, оның қарқынды дамуының және болашаққа деген батыл ұмтылыстың символы. Бүгінде елордамызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, инновациялық идеялар қалыптасып, көптеген зәулім ғимараттар бой көтеруде. Халық саны артып, жастардың білім алуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер жасалуда.

Осы жылдар ішінде көптеген қазақстандық елорданың заманауи инфрақұрылымын, оның өндірістік нысандарын және жайлы қалалық ортаны құруға атсалысты. Олардың қатарында ақтөбеліктердің де үлесі бар.

Ендеше баршаңыздың болашақтың қаласы — елордамыздың туған күнімен құттықтаймын. Астанамыз қарыштап дами берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ізгі ниетпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақтобе қалалық мәслиxаты

04/07/2026

✨ Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мерекелік концерт «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаттары мен өңірдің жетекші шығармашылық ұжымдары, кәсіби музыканттар, ұлттық өнер шеберлері қатысты.

🎻 Мерекелік концерттің басты ерекшелігі – біріккен оркестрдің кең ауқымдағы күй орындауы болды. Оның құрамына Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А. Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Достық сазы», «Арайлы Ақтөбе» және «Серпін» фольклорлық ансамбльдері енді. Кәсіби музыканттармен бірге сахнаға шыққан 1500 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» күйлерін орындады.

🎤 Концерттік бағдарламада Ғазиза Әбдірова, Нұрлан Әбдібеков, Ақбота Қоянбайқызы және Нұржан Қазиевтің орындауында халық әндері шырқалды.

🌟 Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева мерекенің арнайы қонағы ретінде шақырылды. Қазақтың аспаптық музыкасын кеңінен насихаттап жүрген белгілі күйшінің орындауында көрермендер ұлттық өнердің үздік туындыларын тыңдады. Концерттің қорытынды бөл

04/07/2026

Қадірлі ақтөбеліктер!

Баршаңызды рухани құндылығымыздың жарқын белгісі — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыра — халқымыздың жүрегінен шыққан күй мен термені, бабалардың аманатын, ұлттың болмысын бойына сіңірген қасиетті аспап. Оның қоңыр үні – елдің үні, ерліктің шежіресі, жүректің сырласы.

Бұл мереке – өткенімізге тағзым, болашағымызға тағылым. Домбыраның күмбірі әр үйден, әр жүректен естіліп, ұрпағымыздың рухын асқақтатсын!

Ұлтымыздың мәдени мұрасы — Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

01/07/2026

Құрметті жерлестер!

Бүгін, 1 шілде күні, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.

Бұл — еліміздің тарихына енетін ерекше күн. 15 наурызда Қазақстан халқы республикалық референдумда өз еркін білдіріп, жаңа Негізгі Заңды қолдады. Ал бүгін халық таңдауы құқықтық шындыққа айналды.

Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде мен үшін бұл күннің орны ерекше. Бұл құжаттың артында ауқымды еңбек, ашық диалог және қоғамның басты сұранысына — әділеттілікке, тәртіпке, адам құқықтарын қорғауға және болашаққа деген сенімге жауап беру ұмтылысы тұр.

Әрбір бөлім, әрбір норма, әрбір ұсыныс үлкен жауапкершілікпен талқыланғаны есімде.
Жаңа Конституция — жай ғана құқықтық нормалар жиынтығы емес. Бұл — біз Қазақстанды қандай ел ретінде көргіміз келетінін айқындайтын маңызды құжат. Біз әділетті, қуатты, біртұтас, заманауи және адамға бағдарланған мемлекет құруды мақсат етеміз.

Жаңа Конституция негізінде тәуелсіздік, халық бірлігі, аумақтық тұтастық, Заң мен Тәртіп қағидаты, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрмет, сондай-ақ болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік жатыр.

Бүгін жаңа кезең басталып отыр. Конституцияда бекітілген қағидаттардың қалай жүзеге асатыны әрқайсымызға байланысты. Заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, бірлік пен адал еңбек — ел болашағының берік тірегі.

Жаңа Конституция Отанымыздың бейбітшілігіне, тұрақтылығына, әділеттілігі мен өркендеуіне қызмет ететін берік негіз болсын!

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақтобе қалалық мәслиxаты

01/07/2026

📌 Бүгін, 1 шілдеде еліміздің бас құжаты – Конституция күшіне енді!

✅ 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған құжат кіріспеден, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

🔰 Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау секілді тағы да басқа маңызды мәселелер қамтылған.

Photos from АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ's post 30/06/2026

📌 Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Нұрсұлтан Аманғали аппарат қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізді.

🔰 Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңындағы негізгі жаңашылдықтар түсіндірілді.

✅ Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану мәселелері бойынша ақпарат берілді.

☑️ Жиын барысында жазғы маусымда және еңбек демалысы кезеңінде жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі ерекше атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Photos from АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ's post 30/06/2026

📌 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша екенін жеткізді.

💬— Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз.

Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді,— деді Қ.Тоқаев.

✅ Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық нұсқасын осы жерден оқыңыздар:
https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysynda-soz-soyledi-3054753

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

27/06/2026

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, қоғам мен халық арасындағы алтын көпірге айналған еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Ел өміріндегі маңызды жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, қоғамның дамуына, ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне қосып жүрген үлестеріңіз зор.

Сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, толайым жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Қаламдарыңыз ұштала берсін, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
"AMANAT" партиясы Ақтөбе облыстық филиалы

Photos from АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ's post 25/06/2026

📌 Бүгін өңірімізде тірек-қимыл аппараты зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында боччадан өткен «AQTOBE OPEN» ашық облыстық турнирі өз мәресіне жетті.

✅ Турнирдің марапаттау рәсіміне облыстық мәслихат депутаттары Айгүл Дүйсенова, Алтынбек Жиембаев қатысып, облыстық бочча федерациясының президенті Гүлқасима Сүйінтаева атынан үздік ойыншыларды марапаттап, ризашылықтарын жеткізді.

🔰 Жарысқа Астана қаласы мен Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 70-тен астам спортшы қатысқан. Турнир BC1–BC9 санаттары бойынша жекелей, жұптық және командалық бағдарламаларда ұйымдастырылды.

⚜️ Турнирдің жабылуында жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осындай жарыстар спортшылардың бәсекелестік тәжірибесін арттырып қана қоймай, олардың әлеуетін ашуға, жаңа достық байланысты орнатуға және өңірлердегі параспорттың дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
"AMANAT" партиясы Ақтөбе облыстық филиалы

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Әбілқайыр хан даңғылы, 40
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00