Ақтөбе ішкі саясат басқармасы

Ақтөбе ішкі саясат басқармасы

Share

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
8 (7132) 56-26-69, 59-51-82

Photos from Ақтөбе ішкі саясат басқармасы's post 04/06/2026

🇰🇿 Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы ⤵️

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Бүгін Астанада өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды», – деп атап өтті.

Бабаларымыздың бірлік пен татулықты ту еткен жолын жалғастырып, бүгінде Қазақстан тұрақты дамудың даңғыл жолымен алға қадам басып келеді. Осы жолда мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет әр азаматтың елге деген сүйіспеншілігін, туған жер алдындағы жауапкершілігін танытады.

Өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп, мемлекеттік нышандарымызды қадірлеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бүгінде Қазақстанның көк Туы әлемнің ең биік мінберлерінде желбіреп, Әнұраны асқақ шырқалып келеді. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, еңбек пен кәсіпте жетістікке жеткен азаматтарымыз ел мерейін үстем етіп жүр.

Олардың қатарында ақтөбелік жерлестеріміз де халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрініп, ғылым мен өндірісте, кәсіпкерлік пен қоғамдық қызметте табысқа жетіп, туған өлкеміздің ғана емес, тұтас Қазақстанның абыройын асқақтатуда. Лайым солай болғай!

Көк байрақ астында біріккен халқымыздың ынтымағы нығайып, Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыра берейік. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!🇰🇿

04/06/2026

🇰🇿 Ақтөбеде 10 мың адам бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды орындады

⚜️ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында кең ауқымды патриоттық акция өтті. Өңірдегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар, жастар ұйымдары, волонтерлар мен құқыққорғау органдарының өкілдері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.

🎯 Ауқымды шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Акцияның басты мақсаты – елдік құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың отансүйгіштік рухын нығайту және мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру.

📌 Мерекеге орай «Қазақойл Ақтөбе» АҚ бас директорының бірінші орынбасары м.а. Асхат Өтегенов қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін атап өтті.

💬 «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, елге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы бол�

04/06/2026

🇰🇿 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет

Photos from Ақтөбе ішкі саясат басқармасы's post 03/06/2026

♟️Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі басталды

Халықаралық жарыс өңірде 2019 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ол - Қазақстан Кубогі кезеңдерінің және еліміздегі ең беделді шахмат додаларының бірі.

🔷️ Ақтөбеде дәстүрлі «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысы әкімдігі, FIDE, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастырып отыр.

⚜️ Байрақты бәсекенің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, спортшылар мен қонақтарды құттықтады.

Биылғы фестивальге әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды. Олардың арасында 25 халықаралық гроссмейстер (GM) және әйелдер арасындағы 1 халықаралық гроссмейстер (WGM) бар.

♟️Фестиваль аясында Masters және Open турнирлері өтеді. 2400 және одан жоғары 81 шахматшы қатысатын Masters турнирінің жүлде қоры 90 мың АҚШ доллары және ол FIDE Circuit 2026–2027 халықаралық жарыстар жүйесіне енгізілген.

♟️ Ал рейтингі 2400-ге дейінгі 129 ойыншы сынға түсетін Open турнирінің жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.

🔹 Халықаралық спорт додасы 11 маусымға дейін жалғасады.

Photos from Ақтөбе ішкі саясат басқармасы's post 03/06/2026

🔹Қазақстанның бірнеше өңірінде жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды

📍Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында «Заң мен тәртіп» және Esirtkisiz Qazaqstan қағидаттарын насихаттау мақсатында іс-шаралар өтті.

Бастама ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Esbol Qory қоғамдық қорының тарапынан жүзеге асырылды.

Іс-шаралар аясында еліміздің батыс өңірлеріндегі белсенді жастардың, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуде жастарды зиянды әдеттерден сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Сондай-ақ, жастар саясаты саласының мамандарына арналған оқыту семинарлары, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер және студенттермен ашық пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

#Заңментәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНиПОРЯДОК

03/06/2026

#Заңжәнетәртіп: Ақтөбеде қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды

✨ Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады. «Orsa Vision» ЖШС Ақтөбе облысы полиция департаментімен бірлесіп, қоғамдық көліктерде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін инновациялық жүйені таныстырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

🚨 Жоба аясында автобустардың салонына бейнекамералар мен арнайы дабыл түймелері орнатылған. Төбелес, бұзақылық, мас күйдегі жолаушылардың құқыққа қайшы әрекеттері, көлікке төнген қауіп немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізуші дабыл түймесін басады. Осы сәтте Ақтөбе облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл сигналы келіп түседі. Орталық операторының мониторында автобус салонындағы бейнежазба бірден ашылып, интерактивті карта арқылы қоғамдық көліктің нақты орналасқан жері мен қозғалыс бағыты көрсетіледі.

📌 Оқиға барысын бейнебақылау арқылы бағалаған Жедел басқару орталығының инспекторы автобусқа ең жақын орналасқан полиция жасағын дереу бағыттайды. Бұл құқық қорғау қызм

03/06/2026

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет

02/06/2026

🚉 Ақтөбе облысындағы 7 теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

🏗️ Ақтөбе облысы бойынша Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Алға, Жем, Қарауылкелді және Шұбарқұдық станцияларындағы, барлығы 7 теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🎯 Жобаның негізгі мақсаты – жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, вокзал ғимараттарының заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымының қолайлылығын жақсарту.

🔵 Қазіргі таңда құрылысшылар вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелерін жаңғырту, инженерлік-коммуникациялық жүйелерді ауыстыру, күту залдарын абаттандыру, санитарлық тораптарды жаңарту және іргелес аумақтарды көркейту жұмыстарына кірісті.

📌 Барлық жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапа талаптарына толық сәйкес орындалуы – тұрақты бақылауда. Мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, инженерлік желілерді толық жаңарту және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау міндеттелді.

✅ Сонымен қатар жолаушылар платформаларының қауіпсіздігін арттыруға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, пандустар, так

Want your business to be the top-listed Government Service in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

https://www.instagram.com/aqtobe_saiasat/

Address


Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00