1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай, “Алматы” ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы ауданы бойынша “Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының” бүлдіршіндеріне ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалар “Skypark” ойын-сауық орталығында асыр салып ойнап, шаттыққа толы әсер алды.
Бұл күн балалардың жүзіндегі күлкімен, көтеріңкі көңіл-күймен және ұмытылмас сәттермен есте қалды. Осындай игі шаралар мейірім мен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдейді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлаған “Skypark” ойын-сауық орталығының әкімшілігіне және балаларға түскі ас ұйымдастырған және ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Балалардың күлкісі ешқашан сөнбесін!
#балаларкүні #1маусым
Almaty Audany Aktobe Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі ресми парақша
Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімдігі
30/05/2026
2026 жылдың 30 мамыр күні Есет батыр тұрғын алабы, 1 шағын ауданында (Дина супермаркетінің жанында) Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкелік өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15% - ға төмен болды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын үміті.
Осы мереке қарсаңында “Алматы”ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен , “AktobeMall” сауда-ойын-сауық орталығы әкімшілігінің және “Kinoplex7 Ақтөбе” кинотеатрының қолдауымен “Мүгедек балалардың құқықтарын қорғау қоғамы” қоғамдық бірлестігінің балаларына арналған “Мысық хикаясы: Тень” анимациялық мультфильмінің көрсетілімі өтті. Бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді.
Қымбатты бүлдіршіндер!
Сіздерге зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, биік армандар мен жарқын жетістіктер тілейміз! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, бақытты болып өсіңіздер!
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген “AktobeMall” сауда-ойын-сауық орталығы мен “Kinoplex7 Ақтөбе” кинотеатрының басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз! 🤝
mall
aqtobemall.aktobe
#балаларкүні #1маусым #ақтөбемол
Бүгін Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешов Ақтөбе қаласының байырғы тұрғыны, тыл ардагері Штопоренко Надежда Викторовнаны 95 жас мерейтойымен құттықтап барды. Қарияның туған күні бүгін Қала күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
Надежда Викторовнаның ғасырға жуық ғұмыры — еңбекке, төзім мен парасатқа толы өнегелі өмір жолы. Ол Құрылыс және теміржол саласында 40 жыл инженер болып еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосқан. Тыл еңбеккері ретінде де еңбегімен өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпаққа үлгі.
«Осындай айтулы күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, отбасыңыздың ыстық ықыласы мен қамқорлығын тілейміз. Перзенттеріңіз бен жақындарыңыздың қуанышын көріп, әр күніңіз шаттық пен берекеге толы болсын», - деп Р.Өтешов тілегін білдірді.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Қала күніне арналған құттықтауы ⤵️
⚜️ Ардақты ақтөбелік ағайын!
Баршаңызды алтын бесігіміз - Ақтөбе қаласының туған күнімен құттықтаймын!
Ғасырдан астам тарихы бар Ақтөбе - елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, еңбегімен еңселенген, бірлігімен бекемденген қасиетті шаһар. Кеше ғана шағын бекініс ретінде іргесі қаланған қала бүгінде Қазақстанның батысындағы ірі индустриялық, экономикалық және мәдени орталықтардың біріне айналды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбенің өндірістік-логистикалық және транзиттік әлеуеті зор, стратегиялық маңызы жоғары.
Ақтөбе талай тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, талай белесті бағындырды. Бүгінде шаһарымыз қарқынды дамып, жаңа келбетке ие болып келеді.
Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеде ауқымды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Саябақтарға көрік беріліп, жаңадан қоғамдық кеңістіктер пайда болып, мыңдаған ағаш отырғызылып, тұрғындарға жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып жатыр. ⤵️⤵️⤵️
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылдың 30 мамыр күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Есет батыр тұрғын алабы 1-ші шағын ауданы, «Дина» сауда желісі ғимаратының жанында Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 10–15%-ға төмен бағамен ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
27/05/2026
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.
Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.
Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр.
Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.
Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары
«Фараза корп» мекемесінің ұжымының күшімен Ақтөбе қаласы Алматы ауданының аумағында тышқандарға, кенелер және масаларға қарсы санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар басталды.
Тышқандар мен егеуқұйрықтарға қарсы дератизациялық емдеу тамақ негізі мен тартқыштарды қолдана отырып, бромадиолон негізіндегі родентицидтік препараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы сипаты бойынша, олар қызыл түсті болып келеді және ескерту белгілері бар, сондықтан біз қолымызды тигізбеуімізді және тимеуді сұраймыз.
Кенелер мен масаларға қарсы дезинсекциялық емдеу циперметрин пиретроидына негізделген кең спектрлі инсектицидтік препараттармен жүргізіледі. Оларға өзендер бойындағы саябақтар мен алаңдар шашыратылады.
Барлық препараттар қауіптіліктің 4-сыныбына жатады және өндірушінің нұсқауларына сәйкес қолданылған.
Уважаемые жители г. Актобе
Силами коллектива ТОО «Фараза корп» на территории района Алматы города Актобе начались мероприятия по санитарной обработке против мышей, клещей и комаров.
Дератизационная обработка против мышей и крыс проводится с использованием родентицидных препаратов на основе бромадиолона с использованием пищевой основы и привлекателей. Внешне они дают красный окрас и имеют предупреждающие знаки, поэтому просим не трогать руками и избегать попадания внутрь. Также используем клеевые ловушки с аттрактантами.
Дезинсекционная обработка против клещей и комаров будет проводится инсектицидными препаратами широкого спектра действия на основе пиретроида циперметрин. Им будут опрыскивать парки и скверы так же вдоль рек.
Все препараты относятся к 4 классу опасности и безвредны для человека при условии применения согласно инструкции производителя.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Address
60 лет октября
Aktobe
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
