Медицинадағы жаңа жетістік!
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында алғаш рет робот-ассистенттік Ниссен бойынша фундопликация отасы сәтті орындалды.
👨⚕️ Ота еліміздің бас хирургі, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Бимендеұлы Баймахановтың жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Ота бригадасының құрамында асқазан-ішек жолдары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Абайұлы Шөкебаев және хирург дәрігер Ғарифулла Мұратұлы Уткалбаев бар.
Ниссен фундопликациясы — асқазан қышқылының өңешке кері өтуін (рефлюкс, қыжыл) тоқтатуға арналған жоғары дәлдікті ота. Роботтық технологияны қолдану мынадай мүмкіндіктерді берді:
🔹 ота аймағын жоғары дәлдікпен көру және жұмыс жасау;
🔹 тіндерге түсуі мүмкін жарақат деңгейін минимизациялау;
🔹 қан жоғалтуды азайту;
🔹 науқастың үлкен тіліксіз жылдам қалпына келуін қамтамасыз ету;
🔹 отадан кейінгі ауырсынуды төмендету.
Болашақ технологиясы — бүгін біздің операциялық бөлмеде!
ННЦХ имени А.Н. Сызганова
АО "Национальный научный центр хирургии им. А.Н. Сызган?
08/05/2026
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында қызмет атқаратын аккредиттелген Жергілікті биоэтика комиссиясы (ЖБК) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне және биоэтика саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
ЖБК ұсынылған материалдарға жан-жақты, тәуелсіз және объективті сараптамалық бағалау жүргізеді, сондай-ақ ғылыми және зерттеу қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша қорытындылар береді. Комиссия құзыретіне клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерді, социологиялық сауалнамалар мен анкеттеулерді, сондай-ақ магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстарды қарау кіреді.
ЖБК өз қызметі барысында этикалық қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеуге қатысушылардың құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған талаптардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің сапасы мен негізділігін қамтамасыз етеді.
Өз қызметінің нәтижесінде ЖБК жоғары кәсіби деңгейі бар, құзыретті және сенімді сараптамалық орган ретінде танылды.
ЖБК байланыс деректері:
Хатшы: Жалғасбай Ж.Ж.
Тел.: +7 701 370 7780
E-mail: [email protected]
Аккредитованная локальная комиссия по биоэтике, функционирующая на базе ННЦХ им. А.Н. Сызганова, осуществляет свою деятельность в соответствии с действующими нормативно-правовыми требованиями Республики Казахстан и международными стандартами в области биоэтики.
Комиссия обеспечивает всестороннюю и независимую экспертную оценку представляемых материалов, а также выдает заключения по широкому спектру научных и исследовательских проектов. В рамках деятельности ЛКБ рассматриваются клинические и неклинические исследования, социологические опросы и анкетирования, а также магистерские и докторские диссертационные работы.
За период своей деятельности ЛКБ зарекомендовала себя как компетентный и надежный экспертный орган, обеспечивающий соблюдение этических принципов, защиту прав, безопасности и благополучия участников исследований, а также высокий уровень качества принимаемых решений.
Контактные данные ЛКБ:
Секретарь: Жалғасбай Ж.Ж.
Тел.: +7 701 370 7780
E-mail: [email protected]
БАҚ біз туралы📌
В Национальном Научном центре хирургии им. А.Н. Сызганова впервые в Казахстане была проведена робот-ассистированная проксимальная резекция желудка с формированием антирефлюксного Камикава анастомоза пациенту с эзофагокардиальным раком желудка.
Данная операция прошла в рамках мастер-класса со специалистами из отделения гастроинтестинальной и абдоминальной хирургии из провинции Чжэцзян(КНР), г. Лишуй во главе с Hongtao Hu, заведующим Центральной больницы г.Лишуй, постоянным членом ассоциации клинического парентерального и энтерального питания провинции Чжэцзян.
Одним из преимуществ данной операции являются:
- минимальная травматичность
- сверхточность
- быстрая реабилитация
🤝 Ынтымақтастықтың жаңа белестері: Профессор Арвинд Кумардың А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ға сапары
Орталығымызға мәртебелі мейман — торакальды және роботтандырылған хирургия саласындағы әлемдік деңгейдегі көшбасшы, Medanta (Үндістан) госпиталі жанындағы Кеуде хирургиясы институтының төрағасы, профессор Арвинд Кумар () келді. 🇮🇳🇰🇿
Кездесу кәсіби тәжірибе алмасу аясында өте мазмұнды өтті:
🔹 Презентация мен тәжірибе: Профессор өкпе, көкірек ортасы және өңеш ауруларын емдеудің озық әдістері туралы бірегей баяндамаларын ұсынды.
🔹 Бейне-көрсетілім: Робототехника және аз инвазивті технологияларды (VATS) қолдану арқылы жасалған күрделі оталардың бейнематериалдарын егжей-тегжейлі талқыладық.
🔹 Болашақ жоспарлар: Екі орталық арасындағы алдағы ынтымақтастық мәселелері мен бірлескен жобаларды пысықтадық. Мұндай деңгейдегі тәжірибе алмасу — адам өмірін арашалайтын инновацияларды енгізудің негізі.
Профессор Арвинд Кумар — Үндістанда алғашқы болып кеуде қуысына роботтандырылған ота жасаған маман. Оның кәсіби сараптамасы біздің орталықтың торакальды хирургияны дамыту бағытына жаңа серпін береді.
Әлемдік сарапшылармен бірге үздік технологияларды меңгеру жолында алға ж�
Медицинадағы жоғары технология: Роботтандырылған нефрэктомия
Клиникамызда заманауи технологияның көмегімен кезекті күрделі ота сәтті өтті. Басқарма төрағасы, ҰҒА Академигі, профессор Болатбек Баймаханов роботтың көмегімен нефрэктомия отасын жасады.
Роботты хирургияның басты артықшылығы — отаның өте дәлдікпен жасалуы, қан жоғалтудың аздығы және пациенттің тез оңалуы. Біздің мақсатымыз — әлемдік стандарттарды отандық медицинаға енгізу.
Высокие технологии в медицине: Роботизированная нефрэктомия 🤖🏥
В нашей клинике успешно прошла очередная сложная операция с применением передовых технологий. Председатель Правления, Академик НАН РК, профессор Болатбек Баймаханов провел нефрэктомию с помощью роботизированной системы.
Главные преимущества роботизированной хирургии:
🔹 Сверхточность: ювелирная точность движений, недоступная человеческой руке.
🔹 Минимальная травматичность: малая потеря крови и отсутствие больших разрезов.
🔹 Быстрая реабилитация: пациенты возвращаются к привычной жизни в кратчайшие сроки.
Наша цель — внедрение мировых стандартов в отечественную медицину и предоставление доступа к самым современным методам лечения.
Қытай Халық Республикасының жетекші хирургтары Орталығымызда: А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-да бірегей робот-ассистенттік операциялар жасалатын болады
Алматы, Қазақстан
2026 жылғы 13 сәуір
2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында маңызды медициналық оқиға бастау алды.
Лишуй қаласының (ҚХР) мамандары Орталығымызға жұмыс сапарымен келді.
Қонақтардың қатарында Лишуй қаласының Орталық ауруханасының бас дәрігері, роботтандырылған хирургия орталығының жетекшісі, профессор Цзе Ли және профессор Гу Тэнфэй бар. Іс-шара Medical Technologies Ltd компаниясының ресми қолдауымен ұйымдастырылған.
Сапардың негізгі кезеңі ретінде Орталықтың клиникалық практикасына енгізілген KANGDUO SR2000 заманауи роботтандырылған жүйесін қолдану арқылы күрделі хирургиялық операциялар сериясы — робот-ассистенттік нефрэктомия және простатэктомия жүргізіледі.
Бұл операцияларды шақырылған шетелдік сарапшылар мен біздің ұйымның жетекші хирургиялық тобы бірлесе отырып Орталық тарихында алғаш рет орындайды.
Осындай бірлескен шеберлік сабақтары мен операцияларды өткізу — халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам, әрі озық клиникалық тәжірибені алмасуға және жоғары технологиялық урологиялық хирургияны дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады.
Роботтық хирургияның негізгі артықшылықтары:
• Жоғары дәлдік: 3D-визуализация және икемді құралдар ең күрделі манипуляцияларды барынша нақты орындауға мүмкіндік береді.
• Аз жарақаттылық: операциялар шағын тілік/ тілімдер арқылы жасалып, ауырсыну мен қан жоғалтуды азайтады.
• Қауіпсіздік: операциядан кейінгі асқынулар қаупі төмендеп, ағзалардың қызметі барынша сақталады.
• Жылдам оңалту: пациенттер тезірек қалыпқа келіп, қалыпты өмір салтына оралады.
Пациентіміздің сенімі – біздің ең үлкен жетістігіміз 🤍
Ем нәтижесіне риза болып, кері байланыс қалдырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Әрбір пікір біз үшін өте маңызды және алға ұмтылуға мотивация береді.
Сіздердің денсаулықтарыңыз – біздің басты назарымызда!
Рамазан айында ораза ұстайтын жамағатқа гастроэнтеролог-гепатолог Балжан Сейдехановнадан кеңес:
✔️ Сәресін өткізіп алмаңыз – бұл асқазан мен бауырды қорғаудың негізі.
✔️ Ауызашарда асықпай, жеңіл тағамнан бастаңыз.
✔️ Қуырылған, ащы, майлы тағамды шектеңіз.
✔️ Су балансын сақтаңыз (1,5–2 л).
Денсаулық – аманат. Оразаны дұрыс ұстап, ағзаңызды қорғаңыз 🤍
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Contact the business
Telephone
Website
Address
Желтоксан, 51
Almaty
050004
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 17:00 |
| Tuesday | 08:00 - 17:00 |
| Wednesday | 08:00 - 17:00 |
| Thursday | 08:00 - 17:00 |
| Friday | 08:00 - 17:00 |
