Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Share

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 17/07/2023

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесі бойынша кездесу өтті
2023 жылғы 17 шілдеде 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының тармақтарын іске асыру шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (одан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері Балғымбаев Саят Сергеевичпен және Қалалық мәслихаттың депутаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшесі Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлымен бірлесіп, Департаментте Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыйлықтар алу және беру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дәріптеуге бағытталған іс-шараларды қабылдау бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берді, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Проведена встреча по вопросу предупреждения и противодействия коррупции
17 июля 2023 года в рамках исполнения пунктов плана мероприятий по противодействию коррупции на 2023 год Департамента Комитета труда и социальной защиты по городу Алматы (далее - Департамент) совместно с сотрудниками Департамента Агентства по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) по городу Алматы Балгимбаевым Саятом Сергеевичем и членом Общественного Совета по противодействию коррупции депутатом Городского Маслихата Орынбасаровым Нурсултаном Жұмабайұлы, в целях профилактики по предупреждению и противодействию коррупции в Департаменте, была проведена встреча на предмет предупреждения и противодействия коррупции.
В ходе встречи, сотрудником Антикоррупционной службы были даны разъяснения и рекомендации о принятии мер направленных на профилактику коррупционных правонарушений, получение и дарение подарков, искоренения коррупционных рисков и распространение антикоррупционной политики в обществе, а также какие работы проводится в данном направлении.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 14/07/2023

Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің №1 МӘС бөлімімен, №27 қалалық емханасында 04.07.2023ж күні жиналыс өтізілді. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрінің 2021жылғы 14 маусымындағы №204, 2023жылғы 28 наурызындағы №94 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, бірлескен бұйрық талқыланды.
№1 МӘС бөлімінің жетекшісі Жакипова Г.Х. пилоттық режимде сырттай куаландыру жүргізілетін жаңа нозологиялық формалардың тізіміне назар аударылып, түсініктеме беріп, сырттай-проактивті куаландыруға № 27 емханадан негізсіз жіберілгендер жайлы мысалдаркелтірілді, жиналыс барысында 031/у МӘС формасының сырттай- проактивті пилоттық жоба арқылы куәландыруды- уақытылы, сапалы толтыруға байланысты сұрақтар айтылды. Басқа да сырттай куәландырудың жаңа нозологиялық формалардың тізімі талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша ШЖҚ КМК № 27 Емханасының директоры Ф. А. Агибаева-ға тапсырмалар берілді, сырттай- проактивті куаландыруды негізді, сапалы түрде МӘС-ға жіберілуіне бақылауды арттыру, ЖТД дәрігерлерінің жеке жауапкершіліктерін арттыру.

ГП№27 04.07.2023года Отделом МСЭ №1 Департамента Комитета Труда социальной защиты по г. Алматы 04.07.2023 года проведено совещание в ГП №27 Обсуждение Совместного приказа О внесении изменений и дополнений в совместный приказ «О реализации пилотного проэкта проактивного заочного оказания государственной услуги « Установление инвалидности
и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты» Министра труда и СЗ населения РК от 14.06.2021года №204, от 28.03.2023 №94 Руководитель ОМСЭ №1 Жакипова Г.Х. ознакомила с новым алгоритмом нозологических форм, при которых проводится заочное освидетельствование в пилотном режиме, приведены примеры необоснованного направления в заочно проактивном освидетельствовании из ГП №27, в ходе совещания были озвучены вопросы по- своевременному и качественному заполнению заключений на МСЭ формы 031/у в заочно проактивное освидетельствование в пилотном режиме, а также были даны разъяснения о каждой новой нозологической форме при направлении
в заочное освидетельствование.
По итогам совещания директором ГКП на ПХВ ГП №27 Ф.А. Агибаевой были даны поручения, усилить контроль за обоснованным и качественным направление в заочно проактивное направление на МСЭ а также был поставлен вопрос персональной ответственности ВОП.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 14/07/2023

Алматы қаласының Медеу әкімдігінде аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстел өткізілді, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін талқылау бойынша Алматы қаласы бойынша ЕӘҚКД басшысының орынбасары Р. М. Дараева тақырып бойынша баяндама жасады. Кездесуге Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері және де Медеу ауданының белсенділері мен зейнеткерлері қатысты. Сонымен қатар зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.

В Медеуском акимате г.Алматы проведен Круглый стол, организованный районным Советом ветеранов, по обсуждению вступившего в действие с 1 июля 2023года Социального Кодекса Республики Казахстан сдокладом по теме выступила заместитель руководителя ДКТСЗ по г.Алматы Дараева Р.М. На встрече приняли участие представители Управления занятости и социальных программ г.Алматы, Центр занятости, Городского Совета ветеранов, активисты и пенсионеры Медеуского района. Также были обсуждены меры социальной поддержки пенсионеров.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 05/07/2023

Әлеуметтік кодексті түсіндіру бойынша техникалық оқыту өткізілді.
Ағымдағы жылдың 3 шілдсінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас мамандары Н. Масралиева мен М. Садвакасованың қатысуымен бөлім басшылары мен мамандары арасында «Техникалық оқыту» өткізілді.
Оқытудың басты мақсаты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Әлеуметтік кодекстің» негізгі бөлімдеріне және оның ішіндегі «Балалы адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қорғау» тағырыбына талқылау жүргізілді. Қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Проведено техническое обучение по разъяснению Социального кодекса.

3 июля текущего года с участием главных специалистов отдела пенсионного и социального обеспечения №1 Департамента Комитета труда и социальной защиты по городу Алматы Н. Масралиевой и М. Садвакасовой проведено «техническое обучение» среди руководителей и специалистов отдела.
Основной целью обучения было обсуждение основных разделов «Социального кодекса», вступивших в силу с 1 июля текущего года, и в том числе «социальная защита лиц (семей), имеющих детей». На поставленные вопросы даны полное разъяснения.

04/07/2023

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары

2023 жылдың 3 шілдесінде "Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" №4 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.М. Нұрғалиева, №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ш.Н. Кудайбергенова, "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның өкілі және КММ "Алматы қаласы мобилдік орталығы" өкілімен бірлесіп, Алматы қаласы №3 қалалық емханасының еңбек ұжымына ҚР Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қойылған сұрақтарға толық жауап берілді .

Информационно-разъяснительная работа

3 июля 2023 года главным специалистом отдела пенсионного и социального обеспечения №4 "Департамента Комитета труда и социальной защиты по г.Алматы" Нургалиевой А.М., руководителем отдела медико-социальной экспертизы №3 Кудайбергеновой Ш.Н., представителями АО "Государственный фонд социального страхования по г.Алматы" и КГУ "Центр трудовой мобильности по г. Алматы" проведена информационно-разъяснительная работа об основных направлениях Социального кодекса РК с трудовым коллективам городской поликлиники №3 г.Алматы. На вопросы даны полное разъяснение.

03/07/2023
01/07/2023

"Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Түрксіб аудандық бөлімінде оқыту жүргізілді

2023 жылдың 29 маусымында Еңбек әлеуметтік қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру №2 бөлімімен, Алматы қаласы бойынша "МӘСҚ" АҚ филиалының өкілдерінің қатысуымен "Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Түрксіб аудандық бөлімінде үшжақты бекітілген кестеге сәйкес, техникалық оқыту жүргізілді.
Оқыту барысында, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында Департаментпен кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізіліп, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауап берілді.

Проведено обучение в Турксибском районном отделении филиала НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по г. Алматы.

29 июня 2023 года отделом пенсионного и социального обеспечения № 2 Департамента Комитета труда и социальной защиты по городу Алматы, с участием представителей филиала АО "Государственной фонд социального страхования" по г. Алматы, согласно утвержденному трехстороннему графику было проведено техническое обучение по разъяснению изменений и дополнений в законодательство пенсионного и социального обеспечения в Турксибском районном отделении филиала НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по г. Алматы.
В ходе обучения, также были обсуждены причины возвратов при формировании электронных макетов дел, проведен анализ возвратов. На вопросы даны ответы согласно действующему законодательству.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 01/07/2023

Әлеуметтік қызметтер үйінде өткізілген Семинар
29 маусымда Әлеуметтік қызметтер үйінде Әлеуметтік Кодекстің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне орай семинар өтті. Өткізілген семинарға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты: «Алматы қаласы бойынша МӘСҚ филиалы»; «Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінң Алматы қаласы бойынша Департаменті»; «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»; «мемлекеттік кірістер Департаменті»; «ӘМСҚ»; БЖЗҚ; МАК «ӨСҚ АҚ»; Кәсіподақтар федерациясы; Аманат партиясы; Кәсіпкерлер Палатасы.
Семинарда "әлеуметтік кодекс шеңберіндегі зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру" тақырыбында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Р. М. Дараева баяндама жасады:

Семинар в Доме социальных услуг
29 июня в Доме социальных услуг прошел Семинар в рамках вступления в силу с 1 июля 2023 года Социального кодекса. В работе семинара приняли участие представители государственных и общественных организации: филиал ГФСС по г. Алматы; Департамент КТСЗ по г. Алматы; Управление занятости и социальных программ г. Алматы; представители Департамента государственных доходов; ФОМС; ЕНПФ; «ГАК»; «РНИОТ», федерации профсоюзов; партии Аманат; палаты предпринимателей.
На семинаре с докладом «Пенсионное и социальное обеспечение в рамках Социального кодекса» выступила заместитель руководителя Департамента КТСЗ по г. Алматы Дараева Р.М:

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 30/06/2023

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай
Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс өткізді. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Р. Дараева барлық әріптестерін мемлекеттік қызметші күнімен құттықтап, кәсіби қызметінде табыс, отбасыларына амандық тіледі. Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған баяндама тыңдалды. Департамент басшысы А. А. Аймағамбетовтың атынан адал жұмысы үшін №5 МӘС бөлімінің бас мамандарына мақтау грамоталары табыс етілді. А.Котельбаева, М.Асан. бақылау бөлімі және №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі А.Наурыз

Ко дню государственного служащего
Департаментом Комитета труда и социальной защиты по городу Алматы проведено торжественного собрание, посвященное профессиональному празднику. Уполномоченный по этике Департамента Дараева Р. поздравила всех коллег с Днем государственного служащего, пожелала успехов в профессиональной деятельности, благополучия семьям. В ходе совещания был заслушан доклад, посвященный Дню государственного служащего. От имени руководителя Департамента Аймагамбетова А.А. за добросовестную работу были вручены почетные грамоты главным специалистам отдела МСЭ № 5 А.Котельбаевой, отдела контроля Асан М. и отдела пенсионного и социального обеспечения №2 Наурыз А.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 23/06/2023

Түркісіб ауданы бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді
2023 жылы 23 маусымда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ардақ Мубаракқызы Шамиеваның қатысуымен Түркісіб ауданы бойынша «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың әртүрлі мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті.
Кездесуде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, төлеу және т.б өзекті мәселелер қаралып, сұрақтарға толық жауап берілді.

Проведен прием граждан Турксибского района

23 июня 2023 года Департамента Комитета труда и социальной защиты по г. Алматы руководитель отдела пенсионного и социального обеспечения №1 Шамиева Ардак Мубараковна провела прием многодетных матерей, одиноких матерей и людей с ограниченными возможностями в здании Турксибского района социального центра «Бақытты отбасы».
В ходе встречи рассматривались вопросы о назначении и выплате государственных социальных пособий. На все вопросы были даны полные разъяснение.

Photos from Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті's post 23/06/2023

2023 жылдың 20 маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментынің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлемі Алматы қалалық теміржол емханасында 2023 жылдың I тоқсанының жұмыс қортындысы бойынша ВКК төрайымының, емхана дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысына, I тоқсан көрсеткіштері, 14.06.2021 жылғы №204 бұйрыққа енгізілген 28.03.2023 жылғы №94 кіріспе, мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын тағайындаудағы көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер және т.б. сұрақтар талқыланды.

Отделом медико-социальной экспертизы №5 Департамента комитета труда и социальной защиты по г.Алматы 20.06.2023 года проведено совместное совещание специалистов ОМСЭ№5 с врачами АЖБ при участии председателя ВКК. В ходе конференции, были представлены показатели за I квартал работы отдела, рассмотрены изменения внесенные в приказ 204 Министерства здравоохранения и социального развития РК от 14.06.2021г. ( Приложение к приказу Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.03.2023г.№ 94)., критерии установления инвалидности, показания и противопоказания при разработки программы абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью, а также другие вопросы.

Want your business to be the top-listed Government Service in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Almaty
050012

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00