10/07/2026
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің ұжымы архивтің №745 қорқұрушысы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Ибрагимұлы Исабаевтың 72 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылғы 13 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Ақынның алғашқы жыр жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көріп, кейін «Өмірді сүю», «Ұлылықпен сырласу», «Қимаймын сені», «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырман жүрегінен орын алды. Сонымен қатар ол орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма өнерінің дамуына зор үлес қосты.
Нұртас Ибрагимұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды құжаттар Алматы қаласы Мемлекеттік архивінде сақтаулы және ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат болсын.
Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің ұжымы
09/07/2026
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті - исламтану, дінтану, жоғары білімді имамдар, араб және ағылшын тілі мамандарын даярлайтын еліміздегі бірегей оқу орны.
Университет 2025 жылдан бастап Алматы қаласының мемлекеттік архивінің жинақтау дереккөздер тізіміне енгізілген. Көрсетілген уақыт аралықта өзара ынтымақтастық пен қарым -қатынастар туралы келісім-шарт бекітіліп, Университеттің жеке архив туралы ережесі келісілді.
Архив ісін жүргізудің бірыңғай талаптарын түсіндіру мен ұйымының істер номенклатурасын құрастыру мақсатында ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Университет архивіне жауапты мамандарға өндірістік оқу өткізілді.
Тәжірибе алмасу бағытында өткізілген оқыту барысында Ведомстволық және жеке архивтердің құжаттарын жинақтау бөлімінің архивистері А.Калижанова мен Г.Джамантаева қатысушыларға ұйымның ведомстволық архивіне құжаттарды қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібінің негізгі талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Семинар соңында Университет ұжымы Архив қызметкерлеріне ынтымақтастық пен тәжірибелік қолдау үшін алғысын жеткізді.
08/07/2026
К 100-летию народного художника Казахстана Сахи Романова
В 2026 году исполняется 100 лет со дня рождения выдающегося мастера казахстанского изобразительного искусства — Сахи Романова, народного художника Казахской ССР, графика, живописца, художника кино и кавалера ордена «Парасат».
Знаковым событием юбилейного года стало поступление документов личного фонда художника в Государственный архив города Алматы. Переданные архивные материалы представляют большую научную, историческую и культурную ценность. Они позволят глубже изучить жизненный путь мастера, его творческое наследие, а также историю отечественного искусства и кинематографа XX века.
Сахи Романов окончил ВГИК и долгие годы работал художником-постановщиком киностудии «Казахфильм», оформив такие кинокартины, как «Безбородый обманщик», «Дорога в тысячу вёрст», «Тризна» и многие другие. Его кисти принадлежат иллюстрации к казахским народным сказкам и произведениям классиков литературы — М. Ауэзова, И. Жансугурова, С. Муканова, А. Жубанова. Сегодня его произведения также украшают экспозиции крупнейших музеев страны, включая Государственный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева.
Сохранение и популяризация фонда Сахи Романова в стенах Государственного архива города Алматы послужит важным шагом в изучении бесценного культурного наследия для будущих поколений.