13/04/2022
́niversiteti
#Кітапхана
#Дебат
Пікірталас өз мәресінде өтті
Жақында университеттің №5 жатақханасында «Интернет, кітап және жастар» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталастың мақсаты: Ғасыр көші ілгері жылжыған сайын комьютер, интернет теледидар үлкен рольге ие болып отырған уақытта студенттердің кітап оқуымен интернетке деген көзқарастарын айқындау, интернет пен кітап оқудың маңызын айту болды.
Шара басталмастан бұрын музыкалық білім мамандығының 1 курс студенті Айджанова Ұлпан керемет дауысымен ән шырқап, қатысушыларға дем берді.
Әділқазылар алқасы сайланып, екі жақты команда пікірталасты ортаға салды.
Пікірталасқа жатақхананың екінші және үшінші қабатының студенттері «Апонент» тобымен шықты. Ал «Лидер» командасы бұл топқа қарсы пікірталасқа төртінші және бесінші қабат студенттері қатысты.
3 кезеңнен тұратын пікірталасқа студенттер үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Екі жақты пікірталас жоғары деңгейде өтті.
Логикалық сұрақтарға көрермендер де атсалысып, жылдам жауап беріп үлгерді.
Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде бір екі сағатын интернетте отыратыны белгілі. Бүгінгі интернет дамыған кезеңде «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы болса да шындық. Төл тарихымыз бен әдебиетіміз кітап болып басылып, ғаламторға түсетінін бүгінгі пікірталас дәлелдеп берді. Пікірталасқа қатысушы студенттер әрқашан рухани қазынамыз кітап екенін естен шығармайтынын айтып іс-шара соңы әсем әнге ұласты.

31/12/2020