01/06/2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
С Международным днём защиты детей!
Алматы қаласының мәслихаты. Маслихат города Алматы.
01/06/2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
С Международным днём защиты детей!
🔹 Алматыда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды
Бүгін, 31 мамыр күні Алматыдағы «Қарағайлы» саябағында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды.
Оған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар, қаламгерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
31 мамыр — Қазақстан тарихындағы тағылымы терең күндердің бірі. Бұл күні саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубетінің құрбаны болған миллиондаған адамның рухына тағзым етіледі.
🔹 В Алматы почтили память жертв политических репрессий и голода
Сегодня, 31 мая, в Алматы, в парке «Карагайлы», состоялась церемония возложения цветов к памятнику жертвам голода 1931–1933 годов, приуроченная ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода.
В мероприятии приняли участие аким города Алматы Дархан Сатыбалды, руководство города, депутаты маслихата, члены Общественного со
31/05/2026
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Председатель маслихата города Алматы поздравил коллектив газеты «Вечерний Алматы» с 90-летним юбилеем издания.
Обращаясь к коллективу, председатель отметил, что на протяжении девяти десятилетий газета остается одним из главных информационных источников города, отражая все события общественной, культурной и экономической жизни Алматы.
««Вечерка» по праву стала настоящей летописью города, сохраняя связь поколений и оставаясь надежной площадкой для объективного и профессионального освещения актуальных вопросов развития мегаполиса»,- отметил председатель.
В знак признания многолетнего вклада в развитие городской журналистики, высокий профессионализм и преданность своему делу Меиржан Отыншиев вручил коллективу газеты награду — нагрудной знак «Заңғар».
Председатель маслихата выразил благодарность журналистам, ветеранам издания и всему коллективу за многолетний добросовестный труд, пожелав дальнейших творческих успехов, новых достижений и процветания.
28/05/2026
🇰🇿🇨🇳 Алматы қаласы мәслихатында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы Су Фанцю мырзамен кездесу өтті.
⠀
төрағасы Мейіржан Отыншиев Су Фанцю мырзаны дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, оның қызметі Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
⠀
Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Алматы қаласы мен Қытай өңірлері арасында бүгінде берік достық байланыстар мен тығыз әріптестік қалыптасқаны атап өтілді. Соңғы жылдары Алматы мәслихатының делегациялары Бейжің, Сиань, Гуанчжоу, Хэфэй және Ханчжоу қалаларына барып, жергілікті билік өкілдерімен ресми кездесулер өткізіп, мегаполистерді дамыту бағытындағы озық тәжірибелермен танысты.
⠀
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим енгізілгеннен кейінгі ынтымақтастықты жандандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл қадам екі ел халықтары арасындағы туризмді, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатыны айтылды.
⠀
🇰🇿🇨🇳 В маслихате города Алматы состоялась встреча с новым Генеральным консулом Китайской Народной Республики в Алматы господином Су Фанцю.
⠀
Председатель Меиржан Отыншиев поздравил господина Су Фанцю с началом дипломатической миссии и выразил уверенность, что его деятельность придаст новый импульс дальнейшему развитию двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Китаем.
⠀
В ходе встречи стороны обсудили вопросы межрегионального взаимодействия. Было отмечено, что между Алматы и китайскими регионами уже сформированы прочные дружественные отношения и выстроено тесное взаимодействие. За последние годы делегации маслихата Алматы неоднократно посещали города Китая, включая Пекин, Сиань, Гуанчжоу, Хэфэй и Ханчжоу, где состоялись официальные встречи с представителями местных органов власти и изучен передовой опыт в сфере развития мегаполисов.
⠀
Особое внимание уделено активизации сотрудничества после введения безвизового режима между Казахстаном и Китаем, что открывает новые возможности для развития туризма, деловых и культурных связей между народами двух стран.
27/05/2026
🕌 Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
15/05/2026
Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Алматы қаласы Мәслихатының депутаттық бос мандаты Досбол Мәлікомарұлы Жылқыбаевқа берілді.
Еске салсақ, «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Игорь Проценконың өкілеттігі жеке өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты депутаттық корпуста бос орын қалыптасқан.
Досбол Жылқыбаев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам белсендісі. 1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» және «кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. Бұған дейін VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған. Кәсіпкерлік саласында және халықаралық іскерлік байланысты дамыту бағытында көпжылдық тәжірибесі бар. «DVERI CITY» дүкендер желісінің негізін қалаушы.
Досбол Жылқыбаев қоғамдық және қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады. Әр жылдары Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, пандемия кезеңінде «Біз біргеміз» акциясына қатысқан. Сонымен қатар, жас спортшыларды, балалар мен қарттар үйлерін тұрақты қолдап келеді. Қоғамдық қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және қоғамдық наградалармен, оның ішінде «Құрмет» орденімен және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
«Досбол Мәлікомарұлының өкілді органдағы тәжірибесімен қатар, кәсіпкерлік, құрылыс, қалалық инфрақұрылым және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы тәжірибесі мол. Оның кәсіби және қоғамдық қызметі Алматы тұрғындарымен тиімді байланыс орнатып, қаланың одан әрі дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді төрағасы Мейіржан Отыншиев
14/05/2026
🔹Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды.
Сессиядағы негізгі шешімдердің бірі 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, кейін ақталған азаматтарға берілетін біржолғы көмекті 250 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін көбейту болды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен қабылданған бұл шешім Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай жүзеге асырылып, шамамен 800 азаматты қамтиды.
Сондай-ақ, депутаттар әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету тәртібіне енгізілетін өзгерістерді қарады. Жаңашылдық әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейтіп, қолданыстағы тетіктердің тиімділігін арттыруды көздейді.
Бұдан бөлек, сессия барысында ведомствоаралық комиссиялардың құрамындағы өзгерістер мен кадрлық мәселелер де талқыланды.
🔹В Алматы на внеочередной XLV сессии маслихата рассмотрели вопросы социальной поддержки отдельных категорий граждан.
Одним из ключевых решений стало увеличение единовременной помощи реабилитированным участникам декабрьских событий 1986 года с 250 тыс. до 400 тыс. тенге. Так, по инициативе акима Алматы Дархана Сатыбалды мера поддержки будет увеличена в преддверии 40-летия декабрьских событий и охватит около 800 человек.
Также депутаты рассмотрели изменения в порядок оказания социальной помощи нуждающимся гражданам. Корректировки направлены на повышение адресности и совершенствование действующих механизмов поддержки.
Также на сессии обсудили изменения в составы межведомственных комиссий и кадровые вопросы.
14/05/2026
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XLV сессиясының шешімі
Решение внеочередной XLV сессии Маслихата города Алматы
| Monday | 09:00 - 18:00 |