〽️Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды
✅Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар басталды.
🤝Сессияға еліміздің барлық 20 өңірінен 200-ден астам қатысушы - білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып педагогтері қатысуда.
🔖Семинардың ашылуында Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылындағы бастауыш білім берудің негізгі міндеттері мен басым бағыттарына тоқталып, енгізілетін өзгерістерді барлық өңірде сапалы әрі бірізді іске асырудың маңызын атап өтті.
🗣Жазғы сессия жаңа оқу жылы қарсаңында бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістерді талқылауға, оларды тәжірибеге енгізудің ортақ тәсілдерін қалыптастыруға және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
🗣Пленарлық отырыс пен тақырыптық воркшоптар аясында Жаңа Конституция құндылықтарын, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын, «З
ННПЦ РСИО
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық
15/07/2026
ТЕРМИНОЛОГИЯ
#білгенгемаржан
#инклюзия
#арнайыбілімберу
09/07/2026
«ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР»АЙДАРЫ
Дефектолог деген кім❓
👩🏻🏫Дефектолог – арнайы білім беруді қажет ететін балалардың дамуына қолдау көрсететін маман. Ол баланың танымдық, сөйлеу, психологиялық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектесіп, оның қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетеді.
🗣️Дефектолог қай жерде жұмыс істейді?
🔹балабақшаларда;
🔹мектептерде;
🔹оңалту орталықтарында;
🔹психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерінде;
🔹медициналық мекемелерде және т.б орталықтарда үздіксіз қызмет атқарады.
#пайдалыкеңес
#арнайыбілімберу
#инклюзия
#аибдұғпо
07/07/2026
🇰🇿Мемлекетшілдік мектептен басталады
📰Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты жарияланды.
✅Сұхбатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласындағы бастамаларын іске асыру аясындағы негізгі басымдықтар, мемлекеттік мектептердің сапасын арттыру, білім мазмұнын жаңарту, оқу мәдениетін қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде тиімді пайдалану және мектеп кітапханаларының рөлін күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жұлдыз Сүлейменова мектептің басты міндеті сапалы білім берумен қатар, адал еңбекке сүйенетін, заңды құрметтейтін, кітап оқитын, ұлттық дүниетанымы берік әрі мемлекетшіл азамат тәрбиелеу екенін атап өтті.
❗️Сұхбатта сондай-ақ «Құқық негіздері» пәнін міндетті пән ретінде қайта енгізу, оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту, мектеп кітапханаларын республикалық мерзімді басылымдармен толықтыру және қазақ тілінің жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуетін кеңейту бағытындағы жұмыстар туралы айтылды.
🔵Толық сұхбат «Ana tili» газетінің сайтында жарияланды.
06/07/2026
⚜️Астана күні құтты болсын!
С Днем столицы!
🗣️2026 жылғы 2 шілдеде «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де Қазақстан Республикасы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының мамандарына арналған «Қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік өзара әрекеттесуде бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.
🖌️Курс аясында педагог-психологтер, дефектолог мұғалімдер, логопедтер және басқа да мамандар қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуінде бұзылыстары бар, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттерін арттырды.
🔹Білім беру бағдарламасы АСБ бұзылыстары бар балаларды диагностикалау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және түзете-дамыту жұмыстарының заманауи, ғылыми негізделген тәсілдерін меңгеруге бағытталды.
🔸Оқыту барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістері, баламалы коммуникация технологиялары, сенсорлық интеграция тәсілдері, түзету көмегін ұйымдастырудың заманауи стратегиялары, сондай-ақ әрбір баланың ж
02/07/2026
🇰🇿Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
🖌️Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығаюына, құқықтық айқындылық, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгі.
🖋️Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын іске асыру, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту.
📝Сонымен қатар білім саласында:
🔹Мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды.
🔹8–11-сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
29/06/2026
〽️«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де 22 маусымнан бастап республиканың барлық өңірлеріндегі арнайы білім беру ұйымдарының (ПМПК, ППТК және ОО) 26 мамандары «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша білім алуда.
🔹 Оқыту барысында арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалардың және олардың отбасыларының өмір сүру сапасын арттыруға байланысты ауқымды теориялық мәселелер қарастырылады. Дәрістерде аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу және көмек көрсетудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдері ұсынылады.
🗣️ Оқудың алғашқы аптасында оқытушылар курс бағыттарының басымдықтарын айқындап, Қазақстан Республикасының арнайы білім беру саласындағы заңнамалық актілеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды таныстырды. Қатысушылар «аутизм спектрі бұзылыстары» және «аутизм» ұғымдарының мәнін түсініп, аутизмі бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу мен қолдау көрсетудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін қарастырды, балалардың туғаннан 3 жасқа дейінгі психикалық даму ерекшеліктерімен танысты.
Сонымен қатар мамандар ата-аналарды аутизмі бар баламен жүргізілетін дамыту жұмыстарына тарту бойынша практикалық тәжірибе алды.
23/06/2026
#БАҚ беттерінен
#СМИОНАС
Almaty Akshamy
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Улица Байзакова 273 "А"
Almaty
050008
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 17:00 |
| Wednesday | 09:00 - 17:00 |
| Thursday | 09:00 - 17:00 |
| Friday | 09:00 - 17:00 |
