Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі

Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі, Government Building, Утемисова 71, Almaty.

01/06/2026

🍦🎉 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы, Шаңырақ ықшам ауданында орналасқан «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ аумағында спортшы балаларға тәтті балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. 🍦😊

Балаларды қорғау – әрбір бүлдіршіннің амандығын сақтау, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету және жарқын болашағына жол ашу деген сөз.

✨ Баланың бақыты – қоғамның байлығы, ал оны қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз.
✨ Әрбір баланың арманы орындалып, балалық шағы шаттық пен қуанышқа толы болуы тиіс.
✨ Балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуы – басты құндылық.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш – мерекенің ең үлкен сыйы! 💙

👥 Ұйымдастырушылар:
Абубакирова Агира Орынбасарқызы – педагог-ұйымдастырушы;
Уракбаева Гүлайым Иброхимовна – тәрбиеші.







#ОРРММИК #БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #БақыттыБалалықШақ #БалаларМерекесі #Қазақстан

31/05/2026

🕯️ 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алатын тағылымды күн.

Бұл күні жазықсыз жапа шеккен, азаттық пен әділдік жолында құрбан болған арыстардың рухына тағзым етіледі. Олардың қайсарлығы, елге деген адалдығы мен ерлігі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

Өткен тарихтың ащы сабақтарын ұмытпай, одан тағылым алу, бейбітшілік пен бірліктің қадірін бағалау – әр азаматтың парызы.

Осыған орай Алматы қаласы, Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ оқушылары Алматы облысы Жаңалық ауылындағы «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне барып, тарихи тағылымға толы экскурсияға қатысты.

Экскурсия барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, жазықсыз құрбан болған азаматтардың өмір жолы мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы құнды мәліметтер алды.

👥 Ұйымдастырушылар:
Абубакирова Агира Орынбасарқызы – педагог-ұйымдастырушы;
Уракбаева Гүлайым Иброхимовна – тәрбиеші;
Қияшаева Мақпал Сұлтанайқызы – тәрбиеші.


Photos from Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі's post 30/05/2026

📢 Вниманию учащихся и родителей!

РГУ «Республиканская специализированная школа-интернат-колледж олимпийского резерва», расположенное в микрорайоне Шанырак города Алматы, объявляет прием учащихся на 2026–2027 учебный год.

🏫 Наше учебное заведение предоставляет возможность не только получить качественное образование, но и совершенствовать спортивное мастерство, достигая высоких результатов на республиканских и международных соревнованиях.

📍 Наш адрес:
г. Алматы, микрорайон Шанырак-1,
ул. Өтемісұлы, 71

📞 Контактный телефон:
8 (727) 245-86-73

По всем вопросам просим обращаться по указанному номеру телефона.

Приглашаем талантливых и целеустремлённых учащихся связать своё будущее со спортом и образованием! 🇰🇿🏆📚







#ОРРММИК #Прием2026 #ШколаИнтернат #СпортИОбразование #Алматы #Абитуриент

Photos from Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі's post 30/05/2026

📢 Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Алматы қаласы, Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ 2026–2027 оқу жылына оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

🏫 Біздің оқу орнымызда оқушылар сапалы білім алып қана қоймай, спорттық шеберліктерін шыңдап, жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады.

📍 Мекенжайымыз:
Алматы қаласы, Шаңырақ-1 шағын ауданы,
Өтемісұлы көшесі, №71

📞 Байланыс телефоны:
8 (727) 245-86-73

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Болашағын спортпен және біліммен байланыстырғысы келетін талапкерлерді оқуға шақырамыз! 🇰🇿🏆📚







#ОРРММИК #Қабылдау2026 #МектепИнтернат #СпортЖәнеБілім #Алматы #Талапкер

Photos from Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі's post 30/05/2026

📢 Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Алматы қаласы, Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ 2026–2027 оқу жылына оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 1 маусымнан 20 тамызға дейін.

🏫 Біздің оқу орнымызда оқушылар сапалы білім алып қана қоймай, спорттық шеберліктерін шыңдап, жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады.

📍 Мекенжайымыз:
Алматы қаласы, Шаңырақ-1 шағын ауданы,
Өтемісұлы көшесі, №71

📞 Байланыс телефоны:
8 (727) 245-86-73

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Болашағын спортпен және біліммен байланыстырғысы келетін талапкерлерді оқуға шақырамыз! 🇰🇿🏆📚







#ОРРММИК #Қабылдау2026 #МектепИнтернат #СпортЖәнеБілім #Алматы #Талапкер

Photos from Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиадалық спорт мектебі's post 26/05/2026

🤼‍♂️ Еркін күрес | U23 Азия чемпионаты

Вьетнамның Дананг қаласында өткен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті! 🇰🇿🔥

Еркін күрестен ұлттық құрама қоржынына:
🥇 4 алтын
🥈 3 күміс
🥉 1 қола медаль түсті.

🏆 Чемпиондар:
🥇 Нұрданат Айтанов (-61 кг)
🥇 Майс Алиев (-70 кг)
🥇 Нұрдәулет Сейілбеков (-74 кг)
🥇 Ризабек Айтмұхан (125 кг)

🥈 Күміс жүлдегерлер:
Еламан Амангелді (-57 кг)
Ерхан Әбіл (-79 кг)
Абылайхан Үзембаев (-86 кг)

🥉 Қола жүлдегер:
Шаттық Алайдар (-65 кг)

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 2-орын иеленді! 🇰🇿👏

🥇 1-орын — Үндістан
🥈 2-орын — Қазақстан
🥉 3-орын — Қырғыз Республикасы

Сонымен қатар, грек-рим және әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді. 💪

Барша спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! 🇰🇿🔥







#ОРРММИК #ЕркінКүрес #АзияЧемпионаты #Қазақстан #

26/05/2026

🔔 «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 🔔

📅 2026 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік жиында мектеп директоры Алмат Қабдрашевич Кебиспаев пен оқу ісі жөніндегі әдіскер түлектерге жүрекжарды құттықтау сөздерін арнап, ақ жол тіледі. 🌟

Сонымен қатар қадірлі ата-аналар да шараға арнайы қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

🎶 Кеш барысында ата-аналардың орындауындағы әсерлі ән мерекенің сәнін келтірсе, оқушылар мен ұстаздардың қоштасу әні көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. 💐

📚 Білім ұясымен қоштасқан түлектерге сәттілік тілейміз!
Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын! 🎓✨

👩‍🏫 Ұйымдастырушылар:
Сынып жетекшілері
Абубакирова А.О. – педагог-ұйымдастырушы







#ОРРММИК #СоңғыҚоңырау #Түлектер2026 #Мектеп #Білім #Қазақста

21/05/2026

🏅 2025–2026 оқу жылының аттестациясы

Алматы қаласы, Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-де аттестация кезеңі сәтті аяқталды!

Мектеп директоры Алмат Қабдрашевич Кебиспаевтың басшылығымен өткен оқу-жаттығу процесі өз нәтижесін беріп, оқушыларымыз спорттық дайындықтарын, білім деңгейін және кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. 💪📚

Оқушыларымыздың табандылығы мен еңбегі — нағыз шабыт көзі!

Бұл жетістіктің артында:
👏 жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегі,
👏 мұғалімдердің білімі мен бағыт-бағдары,
👏 тәрбиешілердің қолдауы мен қамқорлығы жатыр.

🏆 Спорт – тәртіп пен табысқа бастар жол,
📖 Білім – сол жолдың сенімді шамшырағы!







#ОРРММИК #Аттестация #Спорт #Білім #Жетістік #Қазақстан

Want your business to be the top-listed Government Service in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Утемисова 71
Almaty
050065