Халықаралық бейне-челлендж қатысушысы, Польшаның Ұлттық жады институты архивінің бас маманы Павел Поплавский архив саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен цифрлық дамудың маңызын атап өтті.
🔹🔹🔹
Paweł Popławski, Senior Specialist at the Archive of the Institute of National Remembrance of Poland, highlighted the importance of international cooperation and digital development in the archival field.
🔹🔹🔹
Участник международного видео-челленджа Павел Поплавский, главный специалист Архива Института национальной памяти Польши, отметил важность международного сотрудничества и цифрового развития архивной отрасли.
#АрхивПрезидентаРК
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві
Қазақстанның жаңа заман тарихының архиві
Челлендж эстафетасын Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қызметкері Бекарысова Мадина қабылдады
🔹🔹🔹
The challenge baton was passed to Madina Bekarysova, an employee of the State Archive of the Mangystau Region.
🔹🔹🔹
Эстафету челленджа приняла сотрудница Государственного архива Мангистауской области Бекарысова Мадина.
#АрхивПрезидентаР
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың бірлігі мен қастерлі рухының, мемлекетіміздің тарихи жолы мен болашаққа деген ұмтылысының айқын белгісі! Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеу арқылы ел бірлігін бекемдеп, ортақ құндылықтарымызды дәріптейміз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекеттік рәміздерге қатысты тарихи-деректік мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау жұмыстарын ұлттық тарихты ұлықтаудың маңызды бөлігі ретінде жүргізіп келеді.
Еліміздің тұғыры берік болып, көк Туымыз желбірей берсін!
31/05/2026
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Бүгін күллі Қазақстан ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы зұлмат жылдардың салдарынан тағдыры тәлкекке түскен миллиондаған жанды еске алуда. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві тарихи жадымызды сақтауға бағытталған ғылыми және ағартушылық іс-шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биыл да бұл игі үрдіс өз жалғасын тапты.
Осы айтулы күннің қарсаңында Архивтің Алматы қаласындағы филиалында қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдар мен еліміздің ғылыми зиялы қауым өкілдерінің тағдырына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басқосуға тарихшылар, архив мамандары, зерттеушілер, ғылыми қауымдастық өкілдері және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.
Жиында Жұмахан Күдерин, Қайым Мұхамедханов, Ғазымбек Беремжанов, Әлкей Марғұлан және тағдыр жолы ел тарихының қасіретті кезеңдерімен сабақтасқан басқа да зиялы қауым өкілдеріне арналған тың зерттеулер таныстырылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.Қойгелдиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі Г.Нұрымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері қауымдастығының атқарушы директоры Қ.Балтабаева қатысқан пікірталас академиялық талқылау аясынан асып түсті. Онда тарихи әділеттілік пен адам тағдырлары ғана емес, ұлттық жадымызды сақтау жолындағы ортақ жауапкершілігіміз де сөз болды.
Бұдан бөлек, Архив қорларында сақталған құжаттар негізінде дайындалған тарихи-құжаттық көрме көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияға Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Әлімхан Ермеков, Беремжановтар әулеті, Санжар Асфендияров, Қаныш Сәтбаев, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Қайым Мұхамедханов және басқа да тұлғалардың өмір жолына қатысты құнды деректер енгізілді.
Көрменің жекелеген бөлімдері Қазақстандағы академиялық ғылымның қалыптасуына, «буржуазиялық ұлтшылдық» айыбымен қудаланған ғалымдардың тағдырына, сондай-ақ соғыстан кейінгі кезеңдегі гуманитарлық салада жүргізілген идеологиялық науқандарға арналды.
Айта кетсек, Президент Архиві құжаттық мұраны азаматтар мен зерттеушілер үшін барынша қолжетімді ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта сұраныстардың 90 пайыздан астамы электрондық форматта орындалады. Бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі халыққа қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Бұл қызметтің қоғам үшін маңыздылығы өтініштер санының артуынан да айқын байқалады. Егер 2020 жылы Президент Архиві 400-ден астам әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұранысты орындаса, 2025 жылы олардың саны екі мыңға жуықтады. Аталған әрбір өтініштің артында отбасы тарихы мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауға деген ұмтылыс жатқаны анық.
Халықаралық видео-челленджге Қырғыз Республикасынан Тілекбек Киргабаков қосылды.
Ол Digital Archive EXPO алаңында архив саласының болашағын талқылаудың маңызын атап өтті.
Қысқа видео түсіріп, әлеуметтік желіде бізді белгілеңіз.
🔹🔹🔹
Tilekbek Kirgabakov from the Kyrgyz Republic has joined the international video challenge.
He highlighted the importance of discussing the future of the archival industry at the Digital Archive EXPO platform.
Record short videos and tag us on social media.
#АрхивПрезидентаРК
Халықаралық видео-челленджге Армения Ұлттық архивінің өкілі Сюзанна Саакян қосылды.
Ол Digital Archive EXPO Конгресінің архив саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң екенін атап өтті.
Қысқа видео түсіріп, әлеуметтік желіде бізді белгілеңіз.
🔹🔹🔹
Susanna Sahakyan, representative of the National Archives of Armenia, has joined the international video challenge.
She noted that the Digital Archive EXPO Congress is an important platform for international cooperation and experience exchange in the archival field.
Record short videos and tag us on social media.
#АрхивПрезидентаРК
III Архившілер конгресіне арналған халықаралық видео-челленджге NAJ ұйымының аға вице-президенті Ичиро Фуруя қосылды.
Ол өз үндеуінде III Архившілер конгресінің цифрлық архивтерді дамыту бағытындағы тәжірибе алмасу мен халықаралық кәсіби диалог үшін маңызды алаң екенін атап өтті.
Қысқа видео түсіріп, әлеуметтік желіде бізді белгілеңіз.
🔹🔹🔹
NAJ Senior Vice President Ichiro Furuya has joined the international video challenge.
He emphasized that the III Congress of Archivists will become an important platform for discussing digital archives and exchanging experience with colleagues from different countries.
Record short videos and tag us on social media.
#АрхивПрезидентаРК
21/05/2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында III Архившілер Конгресінің маңыздылығына тоқталды. Аталған форум цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары дамыған заманда тарихи-мәдени және құжаттық мұраны сақтау мәселелерін талқылауға арналған.
«Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді. Биылғы басқосу жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде тарихи-мәдени және деректі мұраны сақтау мәселесіне арналады. Біз – мәдениетіміз әралуан, бауырмал әрі кеңпейіл халықпыз. Еуразия кеңістігінде маңызды орын алатын және аталған субконтинентте жан-жақты қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға атсалысып жатқан прогрессивті, бейбітсүйгіш ел ретінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыру үшін осы мәдени ерекшелікті жан-жақты дәріптеудің мәні зор», – деді Президент.
Айта кетейік, «Digital Archive EXPO» III Архившілер Конгресі 8–12 маусым күндері өтеді. Іс-шара архив ісі мен құжаттық мұраны цифрлық трансформациялау саласындағы ең ірі халықаралық кәсіби алаңдардың біріне айналмақ.
Мемлекет басшысы III Архившілер Конгресінің маңызын атап өтті Жаңалықтар
19/05/2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві халықаралық «Музей түні» акциясы аясында Алматыда «Ұлы ерлік жолы» тарихи-құжаттық көрмесін ұсынды.
Көрме аңызға айналған Панфилов дивизиясының 85 жылдығына арналды. Экспозицияда панфиловшылардың ерлігі мен жауынгерлік жолын баяндайтын архив құжаттары, сирек фотосуреттер және бұрын көпшілікке ұсынылмаған материалдар қойылды.
Келушілер Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, генерал-майор Иван Панфиловқа қатысты құжаттармен, майдан карталарымен және соғыс жылдарындағы материалдармен танысты.
Алматыда «Ұлы ерлік жолы» тарихи-құжаттық көрмесі өтті Жаңалықтар
III Архившілер конгресіне арналған халықаралық видео-челлендж жалғасуда.
Челлендждің кезекті қатысушысы – Қызылорда Облысының Архивтері КММ «Қармақшы аудандық архивінің» II санатты архившісі Аяғанов Нұржан.
Сіз де халықаралық видео-челленджге қосылыңыз!
Қысқа видео түсіріп, әлеуметтік желіде бізді белгілеңіз.
🔹🔹🔹
The international video challenge dedicated to the III Congress of Archivists continues.
The new participant of the challenge is Nurzhan Ayaganov – Category II Archivist of the Karmakshy District Archive, branch of the State Archive of the Kyzylorda Region.
Join the international video challenge!Record a short video, tag us on social media, and become part of one of the largest archival platforms of the year.
#АрхивПрезидентаРК
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
пр-т Достык 87-б, Архив Президента РК
Almaty
050010
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
