Еңбек мобильділігі орталығы/Центр трудовой мобильности

Еңбек мобильділігі орталығы/Центр трудовой мобильности

Share

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ / ЦЕНТР ТРУДОВОЙ МОБИЛЬНОСТИ ГОРОДА АЛМАТЫ

04/06/2026

2026 жылғы 4 маусымда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында түлектерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Аталған маңызды іс-шараға Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы қатысып, жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық мамандары түлектерді еңбек нарығына тиімді бейімдеу жолдарымен таныстырып, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жастарға арналған қолдау тетіктері және «Жастар практикасы» жобасының артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.

04 июня 2026 года на базе Казахского национального женского педагогического университета была организована «Ярмарка вакансий» для выпускников.
В данном важном мероприятии принял участие Центр трудовой мобильности города Алматы. Специалисты центра провели масштабную информационно-разъяснительную работу для молодых специалистов о мерах государственной поддержки.
Представители центра подробно рассказали о возможностях трудоустройства в рамках государственных программ, способствующих адапт�

Photos from Еңбек мобильділігі орталығы/Центр трудовой мобильности's post 04/06/2026

2026 жылғы 04 маусымда Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжі базасында бітіруші түлектерге арналған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Орталық мамандары түлектерге еңбек нарығына тиімді бейімделу жолдарын түсіндіріп, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен «Жастар практикасы» жобасының артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.

04 июня 2026 года на базе Алматинского технологическо-финансового и инновационно-технического колледжа были организованы информационно-разъяснительные мероприятия для выпускников. В ходе мероприятия молодым специалистам была предоставлена подробная информация о мерах государственной поддержки.
Специалисты Центра разъяснили выпускникам пути эффективной адаптации к рынку труда и ознакомили их с государственными программами, предоставляющими возможность получения профессионального опыта. В частности, были подробно представлены возможности трудоустройства и преимущества проекта «Молодёжная практика».

04/06/2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен бірлігінің айқын көрінісі.Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ болсын!

4 июня – День государственных символов Республики Казахстан!
Государственные символы – это яркое воплощение суверенитета и единства нашей страны. Пусть наш Флаг всегда гордо развивается, Герб олицетворяет силу государства, а Гимн вдохновляет на новые достижения!

Photos from Еңбек мобильділігі орталығы/Центр трудовой мобильности's post 03/06/2026

Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты экономикалық өсу стратегиясы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы орта құруға және негізгі коммуналдық, көлік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарлануына байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік әл-ауқат индексін қалыптастыру шеңберінде 2026 жылғы мамыр-қыркүйек аралығында тұрғындардың тұру жағдайы мен әл-ауқат деңгейі бойынша пікірін зерделеуге бағытталған онлайн сауалнаманы төмендегі сілтемеге өтіп толтыруларыңызды сұрайды.
​Онлайн-анкетаға сілтеме:
​Мемлекеттік тілде:
https://forms.gle/gs5vvzkjNeWjDQS88
Орыс тілінде:
https://forms.gle/Y14XTCuzFTstafuKA


Центр трудовой мобильности города Алматы сообщает, что в рамках формирования Регионального индекса благосостояния АО «Институт экономических исследований» Министерства национальной экономики Республики Казахстан в период с мая по сентябрь 2026 года проводит онлайн-опрос населения, направленный на изучение мнения жителей об условиях проживания и уровне благосостояния. Данное исследование реализуется в соответствии с задачами, поставленными Президентом Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, в части обеспечения устойчивого экономического роста, повышения качества жизни населения, создания благоприятной среды для проживания, а также обеспечения равного доступа граждан к основным коммунальным, транспортным, социальным и государственным услугам.
В связи с вышеизложенным просим вас пройти по указанной ниже ссылке и принять участие в онлайн-опросе. Ваше мнение имеет важное значение для оценки уровня благополучия населения и дальнейшего совершенствования государственной политики в данной сфере.
Ссылка на онлайн-анкету:
На государственном языке:
https://forms.gle/gs5vvzkjNeWjDQS88
На русском языке:
https://forms.gle/Y14XTCuzFTstafuKA

02/06/2026

2026 жылғы 1 маусымда «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Мансап орталығы мамандары «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК наркологиялық қызметінде (Мақатаев көшесі, 10) стационарлық ем қабылдап жатқан пациенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға «алкоголизм» және «нашақорлық» диагноздарымен диспансерлік есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, жаңа дағдыларды меңгеру және жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шара аясында азаматтардың емделуден кейінгі әлеуметтік бейімделуі мен еңбек нарығына қайта кірігу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жұмыс іздеу, Электрондық еңбек биржасында тіркелу және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу тәртібі бойынша кеңестер алды.
Осындай кездесулер азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға, олардың әлеуметтік оңалуына ықпал етуге және тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасауға бағытталған.

01/06/2026

Алматы қаласының тұрғыны, көпбалалы ана және жеке кәсіпкер Еспаева Салтанат Өмірсерікқызы мемлекеттік гранттың қолдауымен шағын тігін және кестелеу өндірісін сәтті іске қосты.
Бүгінде кәсіпкер киім-кешекке, бас киімдерге, халаттарға, сүлгілерге, арнайы жұмыс киімдеріне және тұрмыстық бұйымдарға адамның аты-жөні, инициалдары мен логотиптерін кестелеу қызметін көрсетуде. Жоба аясында заманауи кестелеу құрылғылары мен қажетті техникалар сатып алынды.
Қазіргі таңда кәсіпкер жеке тапсырыстармен қатар шағын және орта бизнес өкілдерінен корпоративтік тапсырыстар қабылдап, тұрақты клиенттік базасын қалыптастыруда. Сапалы қызмет пен жауапкершіліктің арқасында көрсетілетін қызметке сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Алдағы уақытта өндіріс көлемін кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және брендтік өнімдер шығару жоспарлануда.
Мемлекеттік қолдау – кәсіп бастауға және өз ісін дамытуға үлкен мүмкіндік!

01/06/2026

Алматы қаласының тұрғыны, көпбалалы ана және жеке кәсіпкер Жанмолдаева Айнұр Бекжанқызы мемлекеттік гранттың қолдауымен табиғи әрі сапалы қамыр өнімдерін өндіру кәсібін дамытуда.
Жоба аясында кәсіпкер күнделікті тұрмысқа қажетті жартылай дайын және дайын тағам өнімдерін өндіруді қолға алған. Өнім ассортиментіне бешбармаққа арналған жайма, манты жаймасы, бауырсақ қамыры, самсаға арналған песочный қамыр, сондай-ақ манты, пельмен және самса өнімдері кіреді.
Өндіріс барысында заманауи технологиялар қолданылып, барлық өнімдер табиғи ингредиенттерден, консервантсыз дайындалады. Дайын және тоңазытылған өнімдер тұтынушыларға сапалы әрі ыңғайлы форматта ұсынылады.
Бүгінде кәсіпкер тұрақты табыс көзіне қол жеткізіп, өз клиенттік базасын қалыптастырды. Қазіргі таңда өндіріс көлемін арттыру және кәсіп аясын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді!

Жительница города Алматы, многодетная мама и индивидуальный предприниматель Айнур Жанмолдаева благодаря государственной поддержке развивает производство натуральных и качественных полуфабрикатов и тестовых изделий.
В рамках проекта предприним

29/05/2026

2026 жылғы 29 мамырда Пушкин аллеясында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қаржы, медицина, қызмет корсету, сауда салаларынан 34-тен астам жұмыс беруші қатысып, 140-тан астам мамандық бойынша 345-тен астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Іс-шараға барлығы 150 астам жұмыссыз азаматтар қатысты.

29 мая 2026 года на аллее Пушкина состоялась «Ярмарка вакансий» для выпускников высших учебных заведений и безработных граждан организованная аппаратом акима Медеуского района города Алматы и КГУ «Центр трудовой мобильности города Алматы».
Всего на ярмарке вакансий приняли участие более 34 работодателей представлено свыше 140 вакансий на более 345 рабочих мест из сфер финансов, медицины, услуг и торговли.
Всего в мероприятии приняли участие более 150 безработных граждан.

Want your business to be the top-listed Government Service in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


проспект Достык 85
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00