03/02/2026
Генеральное консульство России в Казахстане, Россотрудничество и Комиссия по делам женщин и семейно-демографической политики при Акиме г. Алматы провели памятное мероприятие «Эхо двух побед: Ленинград и Сталинград» в ресторане «Жулдыз».
Мероприятие было посвящено датам прорыва блокады Ленинграда и победы в Сталинградской битве, а также чествованию ветеранов Алматы, оставшихся в живых. Эти исторические события и судьбы людей, прошедших войну, остаются символом мужества, стойкости и ценности мира.
13/12/2025
12 желтоқсан күні Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияда өткен
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ – ӘР АНАНЫҢ МІНДЕТІ» атты конференция мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары тағылымды алаңға айналды.
Бұл маңызды жиынның шырайын кіргізген ерекше сәттердің бірі –
ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі Назипа Идрисқызының Назипа Шанаи қатысуы болды. Оның қорытынды сөзі ана тәрбиесінің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындап, барша қатысушыларға үлкен ой салды.
Сондай-ақ конференцияда Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Сана Жандайдың Сана Жандай «Алматылық аналардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбындағы баяндамасы ерекше ықыласпен тыңдалды. Спикер қазіргі қоғамдағы ананың миссиясын, отбасындағы құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті нақты мысалдармен ашып көрсетті.
Бұл конференция – ана, қоғам және болашақ ұрпақ арасындағы байланысты терең түсінуге, ортақ құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Осындай мазмұнды кездесулер тәрбиелі, саналы, адал азамат қалыптастыру жолындағы ортақ еңбегімізге серпін беретіні сөзсіз.
#АдалАзамат
#АнаТәрбиесі
#ОтбасыҚұндылықтары
#ҰрпақТәрбиесі
#АналарКеңесі
#ҚХА
#НазипаИдрисқызы
#СанаЖандай
#ҚоғамЖәнеОтбасы
#РуханиТәрбие
24/11/2025
Халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясының басталуына арналған АНОНС
Алматы қаласында Халықаралық «16 күн гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» атты жаһандық акция өз бастауын алады. Бұл бастама — қоғамдағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды халықаралық кампания.
Акцияның алғашқы шарасы ертең, 25 қараша күні, сағат 11:00-де NARXOZ университетінде өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ).
Акция аясында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның Алматы қаласы әкімі жанындағы мүшелері белсенді түрде қатысып, түрлі ақпараттық, түсіндіру, әлеуметтік және құқықтық бағыттағы іс-шараларға атсалысады.
Комиссия өкілдері қоғамдық кездесулер, дөңгелек үстелдер, ашық диалог алаңдары мен профилактикалық бағдарламалар өткізіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы әлсіз топтарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударады.
Бұл акция – әрбір азаматтың үн қосып, қауіпсіз, тең және әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды кезең.
#16КүнҚарсы #ЗорлықЗомбылыққаҚарсы
#ӘйелдерҚұқығы
#БалалардыҚорғау
#ҚауіпсізҚоғам
#ЗорлықЖоқ
#Алматы16Күн
#ОтбасынҚолдау
#ГендерлікТеңдік
#ӘйелдергеҚолдау
#ӘйелдерІстеріКомиссиясы
06/09/2025
Құрметті Айгүл Шопшекбаевна!
Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз – қоғамға адал қызмет етудің, жоғары жауапкершілік пен принципшілдіктің жарқын үлгісі, полиция полковнигі ретінде абыройлы еңбек етіп келесіз.
Кәмелетке толмағандар ісі, әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиядағы көпжылдық еңбегіңіз баршамыз үшін зор құрметке лайық. Сіздің даналығыңыз, белсенділігіңіз бен жанашырлығыңыздың арқасында көптеген маңызды мәселелер өз шешімін тауып келеді.
Шын жүректен Сізге мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасылық береке және алдағы еңбегіңізге мол табыс тілейміз. Жаныңызда әрдайым сенімді әріптестеріңіз болып, әр күніңіз қуаныш пен еңбегіңіздің жемісін әкелсін!
Ізгі ниетпен,
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері
💐💐💐
Акмаржан КушербаеваГульнар МансуркызыКомиссия по делам женщин г. АлматыZhuldyzay Iskakova
22/01/2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕН АТА-АНАЛАР ҚАУЫМЫНА
ҮНДЕУ
Құрметті ата-аналар!
19 қаңтар күні Астанада баршамыздың жанымызға бататын қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша онлайн ойындарға шамадан тыс әуестікке байланысты жанжал туындап, салдарынан жақын туысқанының қолынан бір адам қайтыс болып, үшеуі жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Біз қаза тапқан адамның жақындары мен туыстарына, сондай-ақ осы қайғыға душар болғандардың барлығына көңіл айтамыз.
Бұл оқиға балаларымыз қызығатын және әуестенетін дүниелерге жіті көңіл бөлудің маңыздылығын көрсетеді. Бүгінде технологиялар – өміріміздің ажырамас бөлігі. Жастар, әсіресе жасөспірімдер, виртуалды әлемде уақыттарын көбірек өткізуде. «Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда балалардың 15%-дан астамы интернеттегі теріс мазмұнмен күнделікті кездеседі. Бейнеойындарға, әлеуметтік желілерге және онлайн қарым-қатынасқа тәуелділік артып келеді. Бұл көбінесе балалардың қоғамнан оқшаулануына алып келіп, отбасыдағы түсініспеушіліктер мен жанжалдарға себеп болады.
Құрметті ата-аналар!
Ұлттық комиссия сіздерді балаларыңыздың қызығушылықтары мен мәселелеріне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Балаларыңыздың өміріне қатысу, олардың әуестіктеріне шынайы қызығушылық таныту және сенімге негізделген қарым-қатынас, диалог құру – олардың үйлесімді дамуының негізі және мүмкін болатын қауіптердің алдын алудың тиімді жолы.
Сонымен қатар, біз ата-аналарға балалардың интернеттегі контенті мен өткізетін уақытына назар аудару үшін қолжетімді «ата-ана бақылауы» құралдарын пайдалануға кеңес береміз. Бұл балаларды гаджеттерге шамадан тыс әуестенуден, деструктивті ойындардан қорғауға және киберқауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. Киберқауіпсіздікке мұқият мән беру отбасылық саламатты өмірдің маңызды бөлігіне айналуға тиіс.
Қазіргі заманның шынайылығы сол – балалармен қарым-қатынасқа көп уақыт бөліне бермейді. Дегенмен, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ. Отбасында сенімге негізделген атмосфера құрып, олардың қауіпсіздігін қадағалаңыз және ең бастысы – БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ҮЛГІ БОЛА БІЛІҢІЗ.
Бұл қайғылы оқиға бәрімізге үлкен сабақ болып, басымдықтарымызды қайта қарауға түрткі болады деп сенеміз. Отбасы, мемлекет және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз әрі берекелі болашақ жасай аламыз. Балаларымыз аман болсын!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері
—————————————————-
ОБРАЩЕНИЕ
ЧЛЕНОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОМИССИИ ПО ДЕЛАМ ЖЕНЩИН И
СЕМЕЙНО-ДЕМОГРАФИЧЕСКОЙ ПОЛИТИКЕ
ПРИ ПРЕЗИДЕНТЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
К РОДИТЕЛЬСКОЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ
Уважаемые родители!
19 января в Астане произошло трагическое событие, потрясшее всех нас. В результате конфликта, предположительно вызванного замечанием о злоупотреблении онлайн-играми, от рук близкого родственника один человек был убит и трое пострадали. Обстоятельства произошедшего продолжают выясняться. Мы выражаем глубокие соболезнования родным и близким погибшего и тем, кого коснулась трагедия.
Этот случай показывает нам, насколько важно уделять внимание увлечениям и интересам наших детей. Сегодня цифровые технологии - это неотъемлемая часть нашей жизни. Молодёжь, особенно подростки, всё больше времени проводят в виртуальном мире. Согласно исследованию «Kazakhstan Kids Online», более 15% детей в Казахстане ежедневно сталкиваются с негативным контентом в интернете. Растет зависимость от видеоигр, социальных сетей и онлайн-общения. Это нередко становится причиной социальной изоляции, что приводит к недопониманию и конфликтам в семье.
Дорогие родители!
Национальная комиссия призывает вас проявлять больше внимания к своим детям, их интересам и проблемам. Участие в жизни своих детей, искренний интерес к их увлечениям и доверительные беседы — это основа их гармоничного развития и действенная профилактика возможных трагедий.
Мы также настоятельно рекомендуем родителям использовать доступные инструменты «родительского контроля» для того, чтобы знать о потребляемом контенте и времени, проводимом детьми в сети интернет. Это поможет оградить детей от чрезмерного увлечения гаджетами, деструктивными играми и минимизировать риски, связанные с киберугрозами. Забота о кибербезопасности становится важной частью благополучия в семье.
Современные реалии часто оставляют мало времени на общение с детьми. Однако ни одно дело не может быть важнее жизни и здоровья ваших детей. Создавайте в семье атмосферу доверия, следите за безопасностью и самое главное – БУДЬТЕ ПРИМЕРОМ ДЛЯ СВОИХ ДЕТЕЙ.
Эта трагедия станет еще одним уроком для всех нас и поводом переосмыслить наши приоритеты. Только через совместные усилия семьи, государства и общества мы сможем создать безопасное и благополучное будущее для наших детей. Пусть наши дети будут с нами.
С уважением, члены Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан