09/04/2026
Алматы аумақтарын жаңғырту
Алматы әкімдігінде жеке тұрғын үй құрылысы басым аумақтарды жаңғыртудың маңызы түсіндірілді. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Наурызбай ауданындағы Абай шағынауданында орналасқан бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындарымен кездесіп, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ЖТҚ-ға өзгерту және Бас жоспарға енгізілетін түзетулерді талқылады.
Бас жоспарға сәйкес, бұл аумақта әлеуметтік нысандар, саябақтар, тұрғын және коммерциялық аймақтар қарастырылған. 2040 жылға қарай қала халқының 3,6 млн адамға дейін өсуі мүмкін екенін ескере отырып, тұрғындарды баспанамен, жұмыс орындарымен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету өзекті.
Сондай-ақ тығыздығы төмен, шашыраңқы құрылыстар жер ресурстарының тиімсіз пайдаланылуына және көлік жүктемесінің артуына әкелетіні атап өтілді.
Аумақтарды кешенді жаңғырту қаланың орнықты дамуы үшін маңызды. Жобаларды іске асыру жер иелері мен инвесторлар арасында келісім болған жағдайда ғана мүмкін, ал жер құны Бас жоспардағы қала құрылысы аймақтарына қарай айқындалады.
***
Преобразование территорий Алматы
В акимате Алматы разъяснили необходимость преобразования территорий с индивидуальной застройкой. Заместитель акима Алматы Бейбут Шаханов встретился с жителями садоводческих товариществ мкр. Абай Наурызбайского района. Обсудили вопросы перевода участков из садоводства в ИЖС (индивидуальное жилищное строительство) и проект корректировки Генерального плана.
Генплан предусматривает размещение социальных объектов, парков, жилых и коммерческих зон. С учетом роста города к 2040 году до 3,6 млн человек важно обеспечить жителей жильем, рабочими местами и современной инфраструктурой.
Отмечено, что сохранение низкоплотной застройки и разрозненной структуры внутри города ведет к дефициту земель, усиливает маятниковую миграцию и нагрузку на дороги.
Комплексное преобразование таких территорий рассматривается как необходимое условие развития. Реализация проектов возможна при достижении договоренностей инвестором с собственниками участков. При формировании цены участка ключевую роль играет градостроительное зонирование, закреплённое в Генплане, а не формальное целевое назначение земли.
20/12/2025
Мәжіліс депутаттары Бас жоспарына енгізілетін түзетулерді талқылады
🏙 Алматы әкімдігі қала құрылысы кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, Мәжіліс депутаттарына 2040 жылға дейінгі қала Бас жоспарын түзету жобасын таныстырды.
Талқылауға депутаттар Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек және Ирина Смирнова қатысты.
🏗 Қаланы дамыту полицентрлік модель негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл жаңа іскерлік белсенділік орталықтарын, жұмыс орындарын, қоғамдық кеңістіктер мен инфрақұрылымды қалыптастырады.
Депутаттар халық санының өсуі, құрылыс қарқыны және экологиялық жүктеменің артуын ескере отырып, Бас жоспарды түзетудің уақытылы екенін атап өтті.
📍 Талқылау барысында сейсмикалық қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және кешенді құрылыс мәселелеріне, сондай-ақ ауа сапасын жақсарту мен өндірістік кәсіпорындарды қала аумағынан тыс жерге көшіруге ерекше назар аударылды.
🚇 Негізгі басым бағыттардың қатарында қоғамдық көлікті, оның ішінде метроны, LRT және BRT желілерін дамыту, жасыл аймақтарды кеңейту және ауа сапасын жақсарту мәселелері бар.
***
Корректировку генплана обсудили с депутатами Мажилиса
🏙 Акимат Алматы совместно с членами градостроительного совета представил депутатам Мажилиса проект корректировки Генерального плана города до 2040 года. В обсуждении приняли участие депутаты Ерлан Стамбеков, Бахытжан Базарбек и Ирина Смирнова.
🏗 Развитие города будет вестись по полицентричной модели: с формированием новых центров деловой активности, рабочих мест, общественных пространств и инфраструктуры.
📌 Депутаты отметили своевременность корректировки с учетом роста населения, застройки и экологической нагрузки.
📍 Особое внимание уделено вопросам сейсмической безопасности, социальной обеспеченности и комплексной застройки, улучшению качества воздуха и выносу производственных предприятий за черту города.
🚇 Среди ключевых приоритетов – развитие общественного транспорта, включая метро, ЛРТ и БРТ, улучшение качества воздуха и расширение зеленых зон.
17/12/2025
Итоги архитектурного конкурса полицентров
В Алматы подвели итоги международного архитектурного конкурса по разработке проектов полицентров «Восточные ворота» и «Запад».
В конкурсе приняли участие 15 международных компаний из Франции, Швейцарии, Испании, Германии, Великобритании, США, Сингапура и других стран. Проекты оценивало международное жюри с участием ведущих экспертов в сфере градостроительства.
Заместитель акима Алматы Бейбут Шаханов отметил значимость конкурса для формирования полицентричной модели развития города в рамках Генерального плана до 2040 года, с фокусом на комфортную и устойчивую городскую среду.
По итогам конкурса победителями стали: в номинации полицентр «Восточные ворота» — ENOTA (Slovenia); «Запад» — архитектурное бюро LDA Design(United Kingdom).
***
Полиорталықтар бойынша сәулет байқауының қорытындысы
Алматыда «Шығыс қақпасы» және «Батыс» полиорталықтарының жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық сәулет байқауы қорытындыланды.
Байқауға Франция, Швейцария, Испания, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур және басқа да елдерден келген 15 халықаралық компания қатысты. Ұсынылған жобаларды қала құрылысы саласындағы жетекші сарапшылар қатысқан халықаралық қазылар алқасы бағалады.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов байқаудың 2040 жылға дейінгі Бас жоспар аясында қаланы дамытудың полиорталықты моделін қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама жайлы әрі орнықты қалалық ортаны дамытуға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: «Шығыс қақпасы» полиорталығы номинациясында — ENOTA (Словения); «Батыс» полиорталығы номинациясында — LDA Design сәулет бюросы (Ұлыбритания).
Еске салайық, Алматыда бес полиорталық құру жоспарланып отыр. Бұл көлік жүктемесін азайтуға және қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Напомним, в Алматы планируется создание пяти полицентров для снижения транспортной нагрузки и повышения доступности городской инфраструктуры.
12/12/2025
Алматының жаңартылған Бас жоспары талқыланды
Алматыда қаланың Бас жоспарына енгізілетін түзетулер талқыланды. Мәслихат пен Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен отырысында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов бұл кездесу алдын ала кезең екенін атап өтіп, барлық ұсыныс пен ескерту ескерілетінін айтты.
Мегаполисте халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту қажет. 2030 жылға дейін 100 мыңнан астам оқушы орны, 101,5 мың балабақша орны, сондай-ақ 1,2 млн шаршы метр медициналық нысандар салу жоспарланып отыр.
Қаладағы көлік және экономикалық жүктемені азайту үшін полиорталықтарды дамыту маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі таңда Алматының орталығына күн сайын 600 мыңға дейін сапар жасалады.
Жоба аясында жасыл аймақтардың аумағын 3 800 гектарға дейін ұлғайту және құрылыс тығыздығын гектарына 330 адамнан шамамен 260 адамға дейін төмендету көзделген.
Еске салайық, жобаның қоғамдық талқылауы 24–26 желтоқсан аралығында өтеді.
***
Обсуждение обновленного Генплана Алматы
В Алматы прошли обсуждения корректировок Генерального плана города. На совместном заседании Маслихата и Общественного совета заместитель акима Бебут Шаханов подчеркнул, что встреча - предварительный этап, и все предложения и замечания будут учтены.
В условиях роста населения мегаполиса необходимо расширение социальной инфраструктуры: к 2030 году планируется построить более 100 тыс. школьных мест, 101,5 тысяч - в детских садах, а также 1,2 млн квадратных метров медицинских учреждений.
Важной задачей является развитие полицентров для снижения миграции и перераспределения активности в городе. В центре Алматы ежедневно совершается до 600 тыс. поездок в день.
Проектом предусмотрено увеличить зеленые зоны до 3 800 гектаров и снизить плотность застройки: с 330 до примерно 260 человек на гектар.
Напомним, общественные обсуждения проекта пройдут с 24 по 26 декабря.
08/05/2025
Субботник в рамках программы «Таза Қазақстан» и кампании «Алматы — наш общий дом»
Сегодня, в преддверии 80-летия Победы в Великой Отечественной войне, сотрудники Управления городского планироавния и урбанистики Алматы приняли участие в субботнике в рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» и городской кампании «Алматы — наш общий дом».
Коллектив управления привел в порядок территорию вдоль проспекта Алтынсарина в мкр. 1. Мероприятие стало важным вкладом в общее дело по благоустройству и озеленению города, позволив сделать окружающее пространство чище, уютнее и приятнее для жителей. Субботник был не просто акцией по наведению порядка, но и стал символом уважения и признательности к подвигу героев.
****
«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясындағы сенбілік
Бүгін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен қалалық «Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өткен сенбілікке қатысты.
Басқарма ұжымы 1-шағынаудандағы Алтынсарин даңғылы бойындағы аумақты тазалап, ретке келтірді. Бұл шара қаланы абаттандыру мен көгалдандыру ісіне қосылған маңызды үлес болып, қоршаған ортаны таза, жайлы және тұрғындар үшін қолайлы етуге мүмкіндік берді. Сенбілік тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен қатар батырлар ерлігіне деген құрмет пен алғыс сезімінің нышанына айналды.
#ТазаҚазақстан #АлматыНашОбщийДом #ДГКБ2 #Субботник #80летПобеды
28/08/2024
📢 Алматыда LED-экрандағы жарнамаға салынатын салық көтерілді
Қала мәслихатының XXII сессиясында сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін жаңа мөлшерлеме бекітілді. Енді «А» санатындағы көшелердегі LED-экрандар үшін төлем бұрынғы 20 АЕК (73 840 теңге) орнына 40 АЕК (147 680 теңге) болды.
Бұл шешім электр қуаты мен жер теліміне жүктеме түсіруіне, сондай-ақ ретсіз көрініс үшін өтемақы төлеу қажеттілігіне байланысты.
Ақпан айында жоба «Ашық НҚА» сайтында көпшіліктің талқылауы үшін жарияланды. Кәсіпкерлер үшін өтпелі кезең беріледі, өзгерістер қараша айында күшіне енеді.
Алматыда қазір 825 LED-экран бар және жаңа мөлшерлеме айына 55,9 млн теңгеге бюджетті толықтырмақ.
***
📢 В Алматы повысили налог на рекламу на LED-экранах
На XXII сессии маслихата города утвердили новые ставки за размещение наружной рекламы. Теперь плата за LED-экраны на улицах категории «А» составит 40 МРП (147 680 тенге) вместо прежних 20 МРП (73 840 тенге).
Это решение связано с ростом нагрузки на электроэнергию и земельные участки, а также с необходимостью компенсировать визуальный шум.
В феврале проект был опубликован на сайте «Открытые НПА» для публичного обсуждения. Для предпринимателей дается переходный период, изменения вступят в силу в ноябре.
В Алматы сейчас 825 LED-экранов, и ожидается, что новые ставки пополнят бюджет на 55,9 млн тенге в месяц.
21/06/2024
Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында Басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Сембаев «AMANAT» партиясының қалалық филиалы мен қаланың Қоғамдық кеңесі атынан «Қоғамдық үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
В преддверии Дня государственных служащих заместитель руководителя Управления Еркебулан Сембаев награжден нагрудным знаком «Қоғамдық үлесі үшін» от имени городского филиала партии «AMANAT» и Общественного совета города.
17/04/2024
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін маңдайшалар мен плакат баннерлерін бөлшектеуді бастады. Өткен жылдың желтоқсанында қабылданған құжат наурыз айында күшіне енді. Ол ақпарат құралдарын безендіруге және нысандарды әрлеуге қойылатын талаптарды анықтайды.
Қызметкерлер бизнес өкілдері арасында архитектуралық тұтастықты сақтаудың қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Меншік иелеріне заңсыз жарнаманы бөлшектеу туралы хабарлама беріледі. Мақсат — қаланың эстетикасын жақсарту.
«Жұртшылықпен және кәсіпкерлермен бірлесе отырып, біз қаламыздың жаңа келбетін жасаймыз», — деді басқарма өкілдері.
Мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес дизайн-код кезең-кезеңімен енгізіледі. Қолданыстағы нысандарға кәсіпкерлерді оны өз еркімен енгізуге ынталандыру үшін кешенді тәсіл қарастырылған. Жаңа нысандар кодтың толық талабына сай болуы керек.
***
Управлением городского планирования и урбанистики Алматы начат демонтаж вывесок и плакатных баннеров, не соответствующих дизайн-коду города.
Дизайн-код Алматы был принят в декабре 2023 года и вступил в силу в марте текущего года. Документ определяет требования к оформлению различных носителей информации, а также к отделке объектов, на которых они располагаются.
Сотрудниками УГПиУ проводится разъяснительная работа среди представителей бизнеса о необходимости придерживаться архитектурному стилю фасадов. Собственникам выдаются уведомления о демонтаже незаконной рекламы.
«Этот процесс призван не только улучшить эстетику городской среды, но и сократить визуальный шум на улицах города. Совместно с общественностью и предпринимателями мы создаем новое лицо нашего города: свободное от навязчивой рекламы и уличной безвкусицы», - отметили в управлении.
Согласно поручению акима мегаполсиа Ерболата Досаева дизайн-код внедряется поэтапно. К существующим объектам предусмотрен комплексный подход, чтобы поощрять предпринимателей добровольно и проактивно внедрять принципы дизайн-кода. Для новых объектов действует полный объем требований.
12/04/2024
Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін бір күндік жалақыны аудару туралы бастама көтерді.
«Осындай қиын-қыстау кезеңде көмек көрсету өте маңызды», - деп атап өтті басқармада.
***
Сотрудники Управления городского планирования и урбанистики города Алматы выступили с инициативой перечислить однодневную заработную плату в помощь жителям страны, пострадавшим от паводков.
«В этот сложный период взаимная поддержка особенно важна», - отметили в управлении.