10/06/2026
2026 жылдың 3 маусымында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдік қорғау институтының (IPP CAAS) өкілдері арасында кездесу өтті.
Кездесу «Шекаралас көбею ошақтарында шегірткелердің санын болдырмау және бақылау үшін саңырауқұлақ негізіндегі препараттарды қолдану технологиясын зерттеу және сынақтан өткізу» атты халықаралық жобаны іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аумақтарында мароккалық шегірткенің таралуын бірлесіп бақылау, сондай-ақ энтомопатогенді саңырауқұлақтар негізіндегі биологиялық препараттарды сынақтан өткізу мәселелерін қамтитын одан әрі ғылыми ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Жобаны іске асыру халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізуге ықпал етеді.
08/06/2026
2026 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Чанцзи қаласында Қытай, Орталық Азия және Солтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі өсімдік зиянкестерін тұрақты басқару мәселелеріне арналған өңірлік Симпозиум өтті.
Симпозиум жұмысына Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Пленарлық және тақырыптық отырыстар барысында өсімдік зиянкестерін тұрақты басқарудың өзекті мәселелері, фитосанитарлық мониторинг пен болжау жүйелерін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың заманауи экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Симпозиум аясында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның шекаралас аумақтарындағы зиянды шегірткелер популяцияларының таралуы мен оларды басқару мәселелеріне арналған баяндамалар жасап, шетелдік әріптестерімен тәжірибе және ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасты.
Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.
26/05/2026
В одном из ведущих мировых центров высоких технологий, искусственного интеллекта и беспилотной индустрии, городе Шэньчжэнь, прошел Drone World Congress 2026, ставший одной из крупнейших международных площадок в области беспилотных авиационных систем, цифровизации и интеллектуальных технологий. Конгресс объединил более 1200 компаний, научных организаций, исследовательских центров и экспертов из более чем 100 стран мира.
В рамках форума были представлены передовые разработки в области агродронов, роботизированных платформ, систем дистанционного мониторинга, искусственного интеллекта, автоматизации сельскохозяйственных процессов и технологий точного земледелия. Одним из ключевых научных мероприятий конгресса стала XIII Международная конференция по точному сельскохозяйственному авиаприменению, посвященная современным подходам к цифровому и устойчивому сельскому хозяйству.
В ходе конференции заведующий отделом внедрения и коммерциализации технологий Казахского НИИ защиты и карантина растений им. Ж. Жиембаева Алуа Манатбекқызы Рысбекова выступила с научным докладом, посвященным интеграции биологических методов защиты растений, беспилотных авиационных систем и цифровых технологий в современное сельское хозяйство. В докладе были представлены инновационные подходы к применению агродронов для точного внесения энтомофагов, использованию цифрового мониторинга и интеллектуальных систем управления для повышения эффективности биологической защиты растений и развития экологически ориентированного точного земледелия.
Особое внимание в рамках конференции уделялось вопросам интеграции искусственного интеллекта, беспилотных технологий и цифрового управления агроэкосистемами как одному из наиболее перспективных направлений развития современного устойчивого сельского хозяйства.
Участие в подобных международных научных площадках способствует развитию трансфера технологий, укреплению международного научного сотрудничества и продвижению научных разработок Казахстана в области цифровой и биологизированной защиты растений на мировом уровне.