Ата заң – теңдессіз құжат
Ұсынылған Қазақстан Республикасының Конституция жобасы – Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін қайта қалыптастыруға бағытталған және қоғам сұранысына заманауи тұрғыдан жауап беретін маңызды қадам болып табылады. Бұл құжат халық пен басқарушы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға негізделген және ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталмыш конституциялық реформалар мемлекеттік басқару мен құрылымдық атқару қызметінің ашықтығына жауапкершілігін арттырып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді және бірлесе еңбек етуге деген құлшынысты арттырады. Конституцияның жаңаша жаңғыртылған заң баптары елдің мемлекет басшысы мен басқару қызметіне деген сенімін нығайтады.
Конституция жобасында маңызды жаңашылдықтың шынайы көрінісі ретінде ұсынылған «Қазақстан Халық кеңесі» институтының маңызы зор. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасындағы бұл институт – еліміздің құқықтық жүйесіне жасалған маңызды қадам. Қоғам мен мемлекет арасындағы диалог пен келісімді күшейтіп азаматтардың халықтық шешімдер қабылдауына қатысуын көздейді. Халық кеңесі – ол «еститін мемлекет» қағидасына сай жұмыс істейді, осыдан барып, демократиялық мәдениет қалыптасады.
Әлеуметтік топтар мүдделері ескеріледі, мемлекет халықпен бірлесе жұмыс істеуіне бұл кеңес игі ықпал етеді.
Шыныбекова Айгүл
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті,
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының
ассистент-профессоры
Қазақ тіл білімі кафедрасы ҚазҰУ
Қазақ тіл білімі кафедрасы
21/01/2026
2026 жылдың 20 қаңтарында Қызылордада V Ұлттық Құрылтай отырысы өтті, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жария етті. Бұл оқиға биылғы маңызды саяси оқиғалардың бірі болып саналады.
1. Жаңа Парламент – «Құрылтай» деп аталады
Мемлекет басшысы болашақ бір палаталы парламентке «Құрылтай» деген тарихи атауды беруді ұсынды. Бұл атаудың ұлттық мәні мен дәстүрлі маңызы бар екені атап өтілді. Жаңа Құрылтайда депутаттар саны 145 болуы мүмкін деген ұсыныс талқыланды, ал депутаттар сапасы мен кәсібилігі басымдық ретінде танылды.
2. Конституциялық және саяси реформалар. Президент 1995 жылғы Конституциядан жаңа, заманауи мемлекеттік басқару жүйесіне өтуді көздейтін кең көлемді өзгерістерді жариялады. Оларға парламенттің бір палаатты болуына көшу, вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ заң шығару мен билік тармақтары арасындағы өзара әрекеттестікті нақтылау кіреді.
3. Халық Кеңесі құрылады.
Құрылтайдан кейінгі айтылған тағы бір бастама – Халық Кеңесін құру. Бұл орган қоғамдық даму, ұзақ мерзімді жоспарлау және халықпен диалогты кеңейту сияқты стратегиялық мәселелер бойынша жұмыс істейді деп жоспарлануда.
4. Цифрландыру және жасанды интеллект.
Президент 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, елдің цифрлық трансформация мен инновацияларды дамытуға бағытталатындығын атап көрсетті. Бұл – болашақ экономика мен мемлекеттік басқарудың модернизациясының басым бағыты.
5. Ұлттық цифрлық мұра мен деректер орталығы.
Құрылтайда «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы көтерілді, тарихи, мәдени және ақпараттық ресурстарды цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда. Сонымен бірге Павлодар облысында деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылатыны туралы да айтылды.
6. Экологиялық мәселелер де қозғалды.
Президент құрама конференцияда Арал теңізінің тағдырына ерекше назар аударып, оның экологиялық маңыздылығын кеңінен талқылады.
01/11/2025
Президент білім мен ғылымның стратегиялық маңызын атап өтті
Астанада өткен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның шекарасыз, жаһандық маңызы бар сала екенін айтты.
Президенттің айтуынша, университет – жаңа идеялар мен ғылыми ізденістің ордасы, ал білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын басты күш.
2019 жылдан бері бұл салаға бөлінетін қаржы үш есе артты, зерттеу университеттері көбейіп, жаңа «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды.
Мемлекет жастарды қолдауға да ерекше көңіл бөледі: «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары арқылы әр балаға жинақ жиналып, ол қаражат кейін білім немесе баспана алуға жұмсалады.
Жоғары білімнің қолжетімділігі артып, университеттер халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға көтеріле бастады.
Білім – болашақтың кілті, ал Қазақстан сол болашақты бірге қалыптастырып келеді.
26/09/2025
Экономикалық өсім – ғылым мен технологияға негізделген даму кепілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде ғылым мен технологияның стратегиялық маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, қазіргі әлемде елдің беделі мен даму қарқыны ғылымның деңгейімен айқындалады.
– Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты. Бұл – аксиома. Заманның беталысы күрделі, геосаяси ахуал тұрақсыз. Дегенмен дәл осындай кезең жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Инвестиция тарту, ғылымды қолдау және жоғары технологияны дамыту – басты міндетіміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанның алдағы үш жылдағы стратегиялық бағыты – цифрлық мемлекет құру, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану және оны барлық салаға енгізу. Президент өз Жолдауында осы бағытта нақты мақсаттар қойылғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық аренадағы маңызды кездесулерде де еліміздің даму басымдықтарына тоқталды. Қытайға ресми сапар барысында құны 15 миллиард доллар болатын 70 инвестициялық келісімге қол қойылса, АҚШ-та әлемдік алпауыт компаниялармен әріптестік орнатылды. Оның ішінде Amazon, Meta сияқты технологиялық корпорациялармен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар қаржы саласының жетекші ұйымдары мен өнеркәсіптік компаниялармен бірқатар маңызды келісімшарттар жасалды. Жалпы құны 5,2 миллиард доллардан асатын 11 ірі келісімшарт экономикамыздың негізгі салаларын қамтиды.
Президенттің айтуынша, ғылым мен инновация – елдің жаһандық бәсекелестіктегі орны мен болашағын айқындайтын басты фактор. Осы орайда Қазақстанның дамуы ғылымға және білімге негізделуі тиіс.
09/09/2025
Кәсіби мамандарды елге тарту мәселесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаyында жоғары білікті мамандарға иек арту керектігін алға тартады. Ол үшін алыс жақын шет елдерден кәсіпкерлік, өнерпаздық, шығармашылық табысқа жеткен дарынды, талантты қандас азаматтарды елге шақыру мүмкіндігін тудырып, тиімді көші-қон саясатын жолға қоюды ұсынады. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын толық құптаймыз. Осы арқылы қоғамда сұранысқа ие болып отырған жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайтуға болады. Сонымен қатар ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына мемлект тарапынан жеңілдіктер жасап, оларды елімізде тұрақты тұру үшін виза тәртібін реттеп беру мәселесін жолға қою кезек күттімейтін мәселенің бірі болмақ.
Мемлекет басшысының бүгінгі көтерген қайсыбір мәселесі де Қазақ елінің жарқын болашағы үшін маңызды тетіктер екеніне сенімдіміз. Тарихи жадымызды жаңғырта отырып ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан заманауи озық үлгілі таңдау жасай білсек бірлігі мен берекесі, әділдігі мен ашықтығы үйлесімін тапқан бай қуатты ел болатынымызға үмітміз мол.
05/09/2025
Тілдер мерекесіне орай филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбай Орынай Сағынғалиқызының "Кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер" атты көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріс ұлт ұстазы, қазақ жазуы мен тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен қайраткерлік қызметіне арналды.
03/09/2025
Әл-Фараби кітапханасының Абай залында филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының "Абай – сана реформаторы" атты көшбасшылық дәрісі өтті. Филология факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған дәріс барысында Абайдың даналық ойлары талданды.
01/09/2025
Филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының "Абай – сана реформаторы" атты көшбасшылық дәрісіне шақырамыз.
09/08/2025
2025 жылдың 9 тамызында Семей қаласындағы Абай музейінде филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының "Сана реформаторы" атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өткен шараға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
20/06/2025
2025 жылғы 18 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Қазақ тілін оқыту: әдіснама, әдіс құрал» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Шараны А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері мен заманауи әдістемелері талқыланды. Іс-шараға Салқынбай А.Б., Ерназарова З., Жұбай О., Қосымова Г., Қапалбек Б., Күзекова З. сынды тілші-ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.
Жиын барысында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге қатысты маңызды мәселелер көтеріліп, тұшымды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтылды.
04/06/2025
Қазақ елінің рәміздері – ұлт рухының символы
2025 жылғы 4 маусым күні елордада орналасқан «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.
Іс-шара барысында Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рәсімге дайындық жайында рапорт берді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалып, еліміздің көк Туы биікке көтерілді. Президент жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел өміріндегі ерекше мәні мен маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көк Туымыздың бүгінде халықаралық аренада кеңінен танылғанын атап өтті. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр, ал қазақстандық альпинистер оны әлемнің ең биік шыңдарына апарып, желбіретті. Сондай-ақ, спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көтерген көк Ту – ел абыройының белгісі екенін айтты.
Президент:
«Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады», – деді.
Бұл іс-шара – жас ұрпақ бойында отансүйгіштік рухты, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруда маңызды қадам. Ел тәуелсіздігінің айғағы саналатын көк Ту, Елтаңба мен Әнұран – ұлт бірлігінің, мемлекет тұтастығының символы.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтай отырып, егемен еліміздің асқақ мұраттары әрдайым баянды болсын деген ізгі тілек білдіреді!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Almaty
