M.O. Auezov Institute of Literature and Art

M.O. Auezov Institute of Literature and Art

Share

Unique Scientific Research Institute Institute of Literature and Art named for M. In 1945, it was reorganized into the Institute of Language and Literature. K. J.

Auezov, Ministry of Education and Science of Kazakhstan, was established in 1934 as the Kazakh Research Institute of National Culture. In 1936 it joined the sector of Kazakh language, literature and folklore of the Kazakh Branch of the Academy of Sciences. Since 1941, this sector was within the Institute of History, Language and Literature. In May 1961, on its basis the Institute of Literature a

Photos from M.O. Auezov Institute of Literature and Art's post 01/06/2026

📢 ҚҰРМЕТТІ АВТОРЛАР МЕН ОҚЫРМАНДАР!

M.O. Auezov Institute of Literature and Art «KERUEN» ғылыми журналы академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады және жарияланымдардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық деңгейде мойындалған StrikePlagiarism.com жүйесін пайдаланады.

🔍 StrikePlagiarism.com – әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын, 2000-нан астам университеттер мен ғылыми басылымдардың сеніміне ие академиялық мәтіндерді тексеру платформасы.

Жүйенің мүмкіндіктері:
✅ мәтіндік ұқсастықтарды анықтау;
✅ күрделі парафраздар мен аударма плагиатын табу;
✅ жасанды интеллект көмегімен жасалған мәтіннің ықтималдығын бағалау;
✅ мәтінді өзгертуге бағытталған манипуляцияларды (символдарды алмастыру, жасырын таңбаларды енгізу, техникалық бұрмалау тәсілдері және т.б.) анықтау;
✅ дереккөздер бойынша толық талдау жасау;
✅ академиялық және редакциялық сараптамаға арналған егжей-тегжейлі есеп ұсыну.

📚 «Keruen» журналына келіп түскен барлық мақалалар ғылыми жарияланымдардың сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету мақсатында осы жүйе арқылы тексеріледі.

Біздің мақсатымыз – ғылыми этика талаптарын сақтау, зерттеу нәтижелерінің сенімділігін арттыру және академиялық адалдық мәдениетін дамыту.

#КеруенЖурналы #АкадемиялықАдалдық #ҒылымиЭтика #ЖасандыИнтеллект #Ғылым

01/06/2026

🏛️ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНА – 80 ЖЫЛ

✅ 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес 1946 жылы 1 маусым күні Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.

✨ Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті болып көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Оның бастамасымен Қазақстан ғылымының институционалдық негіздері нығайып, ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүйесі қалыптасты.

🔎 Сексен жылдық тарихында Ұлттық ғылым академиясы еліміздің ғылыми ой-санасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, іргелі және қолданбалы ғылымның өркендеуіне, ұлттық ғылыми мектептердің қалыптасуына, көрнекті ғалымдар шоғырының тәрбиеленуіне зор еңбек сіңірді. Академия қабырғасында дүниеге келген ғылыми жаңалықтар мен тың зерттеулер отанымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының маңызды негізіне айналды.

📝 Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұлттық ғылымның дамуына серпін беріп, ғылыми қауымдастықтың зияткерлік әлеуетін біріктіретін беделді ғылыми орталық ретінде өз миссиясын табысты жалғастырып келеді.

🇰🇿 Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойы – ғылым саласында еңбек еткен бірнеше буын ғалымдардың қажырлы еңбегін ұлықтайтын, отандық ғылымның жетістіктерін дәріптейтін және оның болашақтағы даму көкжиектерін айқындайтын маңызды тарихи оқиға.

💐 МЕРЕЙТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
M.O. Auezov Institute of Literature and Art

31/05/2026
Казахстан и Россия: литературный диалог 28/05/2026

🌎 М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ананьева Светлана Викторовнаның «КАЗАХСТАН и РОССИЯ: ЛИТЕРАТУРНЫЙ ДИАЛОГ» атты мақаласы «Казахстанская правда» республикалық газетінің бүгінгі санында жарияланды.

🖌️ Мақалада қазақ және орыс әдебиеттері арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, рухани сабақтастық пен әдеби ықпалдастық мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Казахстан и Россия: литературный диалог На протяжении столетий происходили процессы взаимовлия­ния культур разных цивилизаций. Ряд важнейших открытий в области взаимоотношений Древней Руси и Великой...

27/05/2026

🕌 Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Осынау ұлық мейрам әр шаңыраққа амандық, береке мен молшылық әкелсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!

Photos from M.O. Auezov Institute of Literature and Art's post 26/05/2026

«ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: АҚЫН. ҚАЙРАТКЕР. ТҰЛҒА»

✅ Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова КН МНВО РК 15 мая 2023 года организовал и провел в библиотеке имени Мухтара Ауэзова Международный круглый стол «ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: АҚЫН. ҚАЙРАТКЕР. ТҰЛҒА», приуроченный к 90-летию О.Сулейменова.

🖌️ К участникам мероприятия с Приветственными словами обратились Генеральный директор Института К.Матыжанов, председатель Союза писателей Беларуси А. Карлюкевич, Генеральный Консул Республики Беларусь в Алматы Д. Мелешко, заместитель руководителя представительства Россотрудничества в Республике Казахстан М. Симакова, президент Международного Казахского ПЕН-клуба, секретарь Союза писателей Казахстана Б. Габдуллин, заместитель председателя АНК Д.Останькович, заместитель директора Международного Центра сближения культур под эгидой ЮНЕСКО И. Крупко, руководитель Русского Центра Печского университета В. Вегвари, заведующая кафедрой филологии Казахстанского филиала МГУ имени М.В. Ломоносова Г. Власова и др.

🔎 Мировому значению поэзии и научных трудов О. Сулейменова посвятили свои выступления главный редактор журнала «Простор», секретарь Союза писателей Казахстана Ф. Тамендаров; председатель Совета по русскоязычной литературе и литературным связям СП Казахстана В.Шупейкин; заместитель заведующего кафедрой русской и зарубежной литературы филологического факультета РУДН имени Патриса Лумумбы К. Галай; заведующая отделом казахской литературы и публицистики периода Независимости Института Г. Орда; директор НКЦ «Дом Ауэзова» Д. Кунаев; заведующая отделом мировой литературы и международных связей Института С. Ананьева; заведующая кафедрой русской филологии и мировой литературы КазНУ имени аль-Фараби, доктор PhD А. Демченко; главный научный сотрудник Института А. Хамраев; этножурналист Казахского радио, редактор Межкультурной программы «Казахстан без границ» Т.Джандильдина; докторант КазНУ имени аль-Фараби А. Кундахбаева и др.

📋 Итоги Международного круглого стола подвела директор библиотеки имени М.Ауэзова Б. Кадырбекова, вручив «Алғыс хат» участникам мероприятия.

22/05/2026

Қ Ұ Т Т Ы Б О Л С Ы Н💐

Құрметті Нұрлан Бақытжанұлы!

Сізді Ғылым Ордасы РМК-ның бас директоры лауазымына тағайындалуыңызбен M.O. Auezov Institute of Literature and Art ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын!

Сіз ұзақ жылдар бойы «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бас директордың ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып, ғылым саласының дамуына, ғылыми инфрақұрылымды жетілдіруге және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Жинақтаған мол тәжірибеңіз, кәсіби біліктілігіңіз бен ғылыми-ұйымдастырушылық қабілетіңіз бұл жауапты қызметті жоғары деңгейде атқаруыңызға берік негіз болатынына сенім білдіреміз.

Сізге жауапты қызметіңізде толағай табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік, ғылыми және қоғамдық қызметіңізге жаңа жетістіктер, зор денсаулық пен амандық тілейміз!
Іске сәт!

Ізгі тілекпен,
Бас директор, академик
Кенжехан МАТЫЖАНОВ

Photos from M.O. Auezov Institute of Literature and Art's post 22/05/2026

ПЕРВЫЕ ШАГИ В НАУКЕ

📖 Развитие культуры чтения и формирование читающей нации определено в Указе Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации» как одно из приоритетных направлений государственной политики в сферах культуры, образования и инноваций.

🔎 Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова КН МНВО РК принимает активное участие в работе с талантливой молодежью, учениками школ, лицеев и колледжей в рамках сотрудничества с Малой академией наук, созданной при ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы в 1973 году. МАН работает по основным направлениям: физико-технические исследования; химико-биологические; филология, языкознание; общественные науки.

🏛️ Традиционно заседание секций в этом году уже 50-й Республиканской научно-практической конференции МАН РК «Современная наука и молодежь: диалог поколений» по казахскому языку и литературе (руководитель – д.ф.н А.Т.Хамраев), по русскому языку и литературе (руководитель – кфн, ассоциированный профессор С.В. Ананьева), по английскому языку и литературе (руководитель – к.ф.н, ассоциированный профессор А.К. Тусупова) прошло в Институте. Творческая атмосфера, дискуссии способствовали заинтересованному обмену мнениями.

✨ Ученики школ, лицеев, колледжей выступили с интересными докладами и презентациями, подтверждая важность проводимой учеными работы по выявлению и развитию творческих способностей одаренной молодежи с целью создания национальной модели подготовки резерва научных кадров для Республики Казахстан.

22/05/2026

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З✨

🖌️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің M.O. Auezov Institute of Literature and Art жетекші ғылыми қызметкері, белгілі әдебиет сыншысы, жазушы, композитор Тұрсынжан Шапай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.

✅ Марапатты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады.

Құрметті Тұрсынжан Мұқанұлы!

Бұл – ұлттық әдебиет пен руханиятты дамытуға, сөз өнерінің биік мұраттарын дәріптеуге, ғылыми-шығармашылық ойдың өрісін кеңейтуге сіңірген ұзақ жылдарғы ерен еңбектің лайықты бағалануы деп білеміз. Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл мәртебелі марапат – Сіздің рухани мұраға, әдебиет пен өнер әлеміне қосқан өлшеусіз үлесіңіздің айқын көрінісі.

Осы мерейлі сәтте Сізге зор денсаулық, шығармашылық қуат, жаңа табыстар мен толайым жетістіктер тілейміз! Мәртебеңіз биіктеп, абырой-беделіңіз арта берсін!

Шын жүректен,
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы💐

Want your business to be the top-listed Government Service in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Kurmangazy Street, 29
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00