Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Share

Алматы қаласының әкімдігі/Акимат города Алматы

Telegram: t.me/almaty_akimat

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Бұл мереке еліміздің тарихын, тәуелсіздігін және бірлігін ұлықтайды.

Алматыда бұл күні «Медеу» спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі, Достық үйінде конференция және Көктөбеде мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар қаланың барлық ауданында тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.

***

4 июня в Казахстане отмечают День государственных символов - праздник, посвященный истории, независимости и единству страны.

В Алматы в этот день пройдут церемония поднятия Государственного флага на «Медеу», конференция в Доме дружбы и праздничный концерт на площади Кок-Тобе. Также тематические мероприятия состоятся во всех районах города.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендеді

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 712 мыңнан астам жас тұрады. Бұл қала халқының шамамен 32 пайызы. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қалада жастар саясаты саласында жастардың әлеуетін қолдауға және дамытуға бағытталған кешенді жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Басым бағыттардың бірі – жастарды қаланың қоғамдық өміріне кеңінен тарту. Соңғы бір жыл ішінде 350 мыңнан астам жастың қатысуымен мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік жобалар мен еріктілік бастамалар іске асырылды. Бұл туралы Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Алматыда 5,7 мыңнан астам адамның қатысуымен 55-тен астам экологиялық шара өткізіліп, оған 1,8 мыңнан астам ерікті атсалысты.

Мұндай бастамалардың қатарында Plastic Hunt, Plastic-FREE Week, «Қағаз boom», EcoQuest Almaty, EcoQala Fest, «Эко-рейнджерлер» жобалары, сондай-ақ экологиялық челлендждер мен ағартушылық акциялар бар. Plastic Hunt акциясы барысында 25 келіден астам пластик қалдық жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Plastic-FREE Week кезінде қатысушылар 200 келіден астам пластик бөтелке мен қақпақ жинаса, «Қағаз boom» акциясы аясында шамамен 2 тонна макулатура қайта өңдеуге тапсырылды.

Сонымен қатар , , , #ЭкоСана және «Эко-сторителлинг: Менің жасыл әдетім» секілді эко-челлендждер өткізілді. 3 мыңнан астам адамды қамтыған «EcoБақылау» рейдтері ұйымдастырылып, базарлар мен сауда-ойын-сауық орталықтарында «EcoСана» ақпараттық акциялары өтті. Бұдан бөлек, Алматының барлық ауданында жастар, студенттер мен еріктілердің қатысуымен ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.

Экологиялық жобалар жоғары оқу орындарында да белсенді жүзеге асырылуда. Қаладағы 35 университет базасында эколог мамандармен кездесулер, Taza Student Campus акциясы, қалдықтарды сұрыптау бойынша форсайт-сессиялар және Green Campus алаңдары ұйымдастырылып, оларға 2 мыңнан астам адам қатысты. Азаматтық авиация академиясында «Жасыл академия» экологиялық мәдениет орталығы жұмысын бастады.

Қаладағы 11 жастар комьюнити орталығында соңғы бір жыл ішінде қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы енгізілді. Пластик бөтелкелерді қабылдайтын фандоматтар орнатылып, пластик қақпақтарды қайта өңдеуге жинау жолға қойылды. Сонымен қатар аумақтарды тазартуға арналған «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Еске сала кетейік, комьюнити орталықтарда жастарға психологиялық және құқықтық кеңестер, жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар беру және кәсіпкерлікті дамыту бойынша қызметтер көрсетіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 17,6 мыңнан астам жас кеңес алып, 570 мыңнан астам адамды қамтыған 2,5 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Ал 2026 жылдың басынан бері 210 мыңнан астам қатысушыны қамтыған 980-нен астам іс-шара ұйымдастырылған. Жыл соңына дейін тағы төрт комьюнити орталық ашу жоспарланып отыр.

Қала басшысының тапсырмасымен Алматы халықаралық жастар орталығы ретіндегі позициясын да нығайтып келеді. Қала Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесіне ие болды. Былтыр алғаш рет 12 тамыз – Халықаралық жастар күні кең көлемде аталып өтіп, мыңдаған жастың басын қосқан «Alma Love» фестивалі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастар бастамалары мен заманауи урбанистикалық мәдениетті дамытуға бағытталған «City Makers» қалалық қауымдастықтар фестивалі алғаш рет өткізілді.

Жұмыспен қамту саласында да қомақты нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы 24,4 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. 12 мыңнан аса адам оқудан өтіп, олардың 7,2 мыңы тұрақты жұмыс тапты. NEET санатындағы жастар үлесі былтырғы 6,4 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендесе, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға дейін қысқарды. 2026 жылдың басынан бері тағы 3,7 мың жас жұмысқа орналастырылды.

Жастар арасында есірткінің алдын алу жұмыстары да жалғасуда. «Наркостоп» жобасы аясында 18 мың есірткі жарнамасы өшіріліп, 797 интернет-ресурс бұғатталды және 35 бейнеролик дайындалды. Жоба жалпы 50 мыңнан астам адамды қамтыды.

Жастар ғылымын дамыту да маңызды бағыттардың біріне айналды. Қазақстанда алғаш рет әкімдік деңгейінде ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру қолға алынды. 10 жобаға қолдау көрсету үшін 348 млн теңге бөлінді. Ғылыми зерттеулер экология, жасанды интеллект, энергетика, денсаулық сақтау, қалалық инфрақұрылым және цифрландыру салаларын қамтиды. Биылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Алматы және еліміздің өзге өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарынан 228 өтінім түскен.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен «Талдау мектебі. Алматы» — Data-Driven City: тұрақты мегаполис жобасы жүзеге асырылуда. Жоба қалалық орта, экономика, мәдениет және Алматының халықаралық имиджін дамыту бойынша аналитикалық деректерге негізделген шешімдер әзірлей алатын мамандар даярлауға бағытталған.

«Алматы жастардың жан-жақты дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасалған қала ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Бүгінде жастар білім, ғылым, еріктілік және әлеуметтік бастамалар арқылы қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып отыр», – деді қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері.

***

В Алматы заметно сократился уровень молодежной безработицы

В Алматы сегодня проживают более 712 тыс. молодых людей в возрасте от 14 до 35 лет, что составляет около 32% населения города. По поручению акима Алматы Дархана Сатыбалды в городе реализуется комплекс системных мер в сфере молодежной политики, направленных на поддержку и развитие молодежного потенциала. Одним из приоритетов остается вовлечение молодежи в общественную жизнь города. За последний год организовано более тысячи мероприятий с участием порядка свыше 350 тыс. молодых людей, реализованы социальные проекты и волонтерские инициативы. Об этом сообщили в управлении молодежной политики Алматы.

Особое внимание уделяется формированию экологической культуры. В рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан» в Алматы проведено более 55 экологических мероприятий с участием свыше 5,7 тыс. человек, к которым присоединились более 1,8 тыс. волонтеров.

Среди таких инициатив - проекты Plastic Hunt, Plastic-FREE Week, «Қағаз boom», EcoQuest Almaty, EcoQala Fest, «Эко-рейнджеры», а также экологические челленджи и просветительские акции. В рамках акции Plastic Hunt собрано и направлено на переработку более 25 кг пластиковых отходов, в ходе Plastic-FREE Week участники собрали свыше 200 кг пластиковых бутылок и крышек, а в рамках акции «Қағаз boom» на переработку передано около 2 тонн макулатуры.

Кроме того, реализованы экочелленджи , , , а также #ЭкоСана, «Эко-сторителлинг: Менің жасыл әдетім» и др. Организованы рейды «EcoБақылау» с охватом более 3 тыс. человек, а также просветительские акции «EcoСана» в местах массового скопления населения, рынках и торгово-развлекательных центрах. Дополнительно проведены масштабные городские субботники во всех районах Алматы с участием молодежи, студентов и волонтеров.

Экологические проекты активно проводятся и в вузах. На базе 35 высших учебных заведений организованы тематические встречи с экологами, акция Taza Student Campus, форсайт-сессии по экологической сортировке отходов и площадки Green Campus с общим охватом более 2 тыс. участников. В Академии гражданской авиации стал работать центр экологической культуры «Зеленая академия».

Во всех 11 молодежных комьюнити-центрах города за последний год внедрены элементы инфраструктуры раздельного сбора отходов. Установлены фандоматы для приема пластиковых бутылок, организован сбор пластиковых крышек для вторичной переработки, на регулярной основе проводится акция «Чистый четверг» по уборке прилегающих территорий.

Напомним, что в комьюнити-центрах предоставляются психологические и юридические консультации, услуги по трудоустройству, профориентации и развитию предпринимательства. По итогам 2025 года консультации получили более 17,6 тыс. молодых людей, проведено свыше 2,5 тыс. мероприятий с охватом более 570 тыс. человек. С начала 2026 года организовано более 980 мероприятий с охватом свыше 210 тыс. участников. До конца года планируется открытие еще четырех комьюнити-центров.

Алматы по поручению главы города также усилил свои позиции в качестве международного молодежного центра. Город получил статус молодежной столицы Тюркского мира. В прошлом году впервые в широком формате был отмечен Международный день молодежи - 12 августа, в рамках которого состоялся масштабный фестиваль Alma Love, объединивший тысячи участников. Также впервые прошел фестиваль городских сообществ City Makers, направленный на развитие молодежных инициатив и современной урбанистической культуры.

Значительные результаты достигнуты в сфере занятости. В 2025 году трудоустроено более 24,4 тыс. молодых людей. Обучение прошли свыше 12 тыс. человек, из которых 7,2 тыс. уже нашли работу. Доля молодежи категории NEET снизилась до 4,9% против 6,4% годом ранее, а уровень молодежной безработицы сократился до 4,1%. С начала 2026 года трудоустроено еще 3,7 тыс. молодых людей.

Продолжается работа по профилактике наркопотребления среди молодежи. В рамках проекта «Наркостоп» ликвидировано 18 тыс. наркограффити, заблокировано 797 интернет-ресурсов, подготовлено 35 видеороликов. Общий охват проекта превысил 50 тыс. человек.

Отдельным направлением стало развитие молодежной науки. Впервые в Казахстане на уровне акимата реализуется грантовое финансирование научных проектов. На поддержку 10 проектов выделено 348 млн тенге. Исследования охватывают сферы экологии, искусственного интеллекта, энергетики, здравоохранения, городской инфраструктуры и цифровизации. По состоянию на 20 мая т.г. поступило 228 заявок от вузов и научно-исследовательских институтов Алматы и других регионов страны.

Также при поддержке Сената Парламента РК реализуется проект «Школа аналитики. Алматы» — Data-Driven City: устойчивое развитие мегаполиса. Проект направлен на подготовку специалистов, способных разрабатывать решения для развития городской среды, экономики, культуры и международного позиционирования Алматы на основе аналитических данных.

«Алматы продолжает укреплять статус города возможностей, где молодежь получает все условия для развития и самореализации. Молодые люди сегодня активно участвуют в общественной жизни города, реализуя себя в образовании, науке, волонтерстве и социальных инициативах», - отметили в управлении молодежной политики города.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

🏅 Алматыдағы №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары Анталияда (Түркия) өткен FEMO (Future Intelligence Students Mathematics Olympiad) халықаралық математикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті.

🌍 Биылғы олимпиадаға 18 елден 6 мыңнан астам оқушы қатысты. Финалдық кезеңге 570 қатысушы жолдама алып, олардың шамамен 200-і жүлдегер атанды.

🥇 Алматылық лицей командасы жүз пайыздық нәтиже көрсетіп, қатысқан 16 оқушының барлығы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Оқушылар қоржынында 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар.

📚 FEMO халықаралық олимпиадасы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас математиктердің басын қосып, қабілетті оқушыларды анықтап, қолдауға арналған әйгілі білім алаңдарының бірі саналады.

***

🏅 Учащиеся специализированной школы-лицея №90 Алматы успешно выступили на международной математической олимпиаде FEMO (Future Intelligence Students Mathematics Olympiad), которая прошла в Анталии (Турция).

🌍 В этом году в олимпиаде приняли участие более 6 тысяч школьников из 18 стран. В финал вышли 570 участников, около 200 стали призерами.

🥇 Команда алматинского лицея показала стопроцентный результат: все 16 участников вошли в число победителей и призеров. В копилке школьников — 6 золотых, 3 серебряные и 7 бронзовых медалей.

📚 Международная олимпиада FEMO ежегодно объединяет талантливых юных математиков из разных стран и является одной из престижных площадок для выявления и поддержки одаренных школьников.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және спорт салаларына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Мүгедектігі бар балаға емдеу жүргізу және ота жасауға қолдау көрсету, гемодиализ алатын пациенттердің диализ орталықтарына тұрақты түрде барып-келуін қамтамасыз ету мақсатында инватакси көлік қызметін ұсыну, атаулы әлеуметтік көмек алу туралы, сондай-ақ Еуразиялық футбол форумын өткізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы мәселелер қарастырылды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, әрбір көтерілген мәселе бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер мен жауапты ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Өтініштердің орындалу барысы бақылауға алынды.

***

Сегодня заместитель акима города Алматы Нурлан Ергалиевич Абдрахим провел личный прием граждан.
В ходе приема были рассмотрены обращения, касающиеся вопросов здравоохранения, социальной защиты населения и спорта.

Рассмотрены обращения об оказании содействия в проведении лечения и оперативного вмешательства ребенку с инвалидностью, предоставлении услуги инватакси пациентам, получающим гемодиализ, для обеспечения регулярного посещения диализных центров, назначении адресной социальной помощи, а также вопросы, связанные с проведением Евразийского футбольного форума и развитием национальных видов спорта.

По всем поднятым вопросам заявителям были даны соответствующие разъяснения, ответственным государственным органам и организациям направлены соответствующие поручения в рамках действующего законодательства. Исполнение поручений находится на контроле.

03/06/2026

🏗 Алматыда құрылыс және жобалау ұйымдарының лицензиясы заңбұзушылықтар үшін тоқтатылуда

Алматыда құрылыс саласындағы бақылау күшейтілді. Заңнама талаптарын бұзу, құрылыс нормаларын сақтамау және берілген нұсқамаларды орындамау фактілері бойынша бірқатар компания лицензиясынан айырылды.

📌 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген лицензияларынан «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕК» ЖШС және «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС айырылды. Сонымен қатар «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС мен «Отау-Құрмет» ЖШС-нің жобалау қызметіне берілген лицензияларының күші жойылды.

⚠️ Бұдан бөлек, прокуратураның ұсынысы негізінде 214 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Бұған олардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себеп болған.

🏢 Лицензиялардың күші анықталған заңбұзушылықтар толық жойылып, компаниялардың белгіленген талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін ғана қайта қалпына келтіріледі.

📌 Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша құрылыс саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасады.

***

🏗 В Алматы строительные и проектные организации лишают лицензий за нарушения норм

В Алматы продолжают усиливать контроль в строительной сфере. За нарушения законодательства, несоблюдение строительных норм и невыполнение предписаний ряд компаний лишён лицензий.

📌 Лицензий на строительную деятельность лишены ТОО «ДО АО «КазНИИСА»» и ТОО «Сәулет Құрылыс Консалтингі». Также лицензий лишены проектные организации ТОО «SK BEST Spec Story KZ» и ТОО «Отау-Құрмет».

⚠️ Кроме того, по представлению прокуратуры приостановлено действие лицензий 214 строительных компаний. Основанием стали выявленные несоответствия квалификационным требованиям.

🏢 Компании смогут возобновить действие лицензий только после полного устранения нарушений и подтверждения соответствия установленным требованиям.

📌 По поручению акима Алматы Дархана Сатыбалды работа по контролю за соблюдением законодательства в сфере строительства будет продолжена.

#Алматы #Строительство #Контроль #Безопасность #Градостроительство

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Испанияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтеспен кездесті. Тараптар экономика, инвестиция, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылады.

Туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Қала әкімі Алматы тау кластері, «Шымбұлақ» тау курорты және 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық туралы айтты. Кездесу барысында тау курорттарын дамытуда испан тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

Испания Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі. Бүгінде Алматыда испан капиталы тартылған түрлі салада жұмыс істейтін 28 компания бар. Сонымен қатар жаңа инвестициялық жобалар мен қонақ үй бизнесін дамыту мүмкіндігі талқыланды.

Barceló Hotel Group компаниясымен серіктестік орнату жайы да жеке қаралды. Компания Қазақстанда қонақ үй жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық және спорт салаларындағы жобалар, оның ішінде Atlético de Madrid Academy Kazakhstan футбол академиясының қызметі талқыланды.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

***

В Алматы прошла встреча акима города Дархана Сатыбалды с Чрезвычайным и Полномочным Послом Испании Луисом Франсиско Мартинесом Монтесом. Стороны обсудили сотрудничество в экономике, инвестициях, туризме и культуре.

Особое внимание уделили развитию туризма. Аким рассказал о горном кластере, курорте «Шымбулак» и подготовке к зимним Азиатским играм 2029 года. Обсуждалось применение испанского опыта в развитии горных курортов.

Испания является важным партнером Казахстана в Европе. В Алматы работают 28 компаний с испанским участием в разных сферах. Также рассматриваются новые инвестиционные проекты и развитие гостиничного бизнеса.

Отдельно обсудили сотрудничество с компанией Barceló Hotel Group, которая заинтересована в реализации гостиничных проектов в Казахстане.

Также затронули культурные и спортивные проекты, включая работу футбольной академии Atlético de Madrid Academy Kazakhstan.

Стороны подтвердили готовность развивать совместные проекты и укреплять партнерство.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Книги в дар: В Алматы писатель Ильяс Юсуф подарил школам и библиотекам более 1000 книг

Сегодня в преддверии Международного дня защиты детей и окончания учебного года в городе Алматы, в центре Alatau Creative Hub состоялось масштабное благотворительное культурное мероприятие с участием казахстанского писателя, драматурга и общественного деятеля Ильяс Юсуф. Данная общественно значимая инициатива реализована в поддержку поручений Главы государства по развитию культуры чтения, повышению интеллектуального потенциала подрастающего поколения и реализации проекта «Читающая нация».

В мероприятии, направленном на развитие культуры чтения, популяризацию казахстанской литературы среди детей и подростков, а также поддержку образовательных учреждений посредством современных книг и исторических комиксов, приняли участие представители литературного сообщества и более 100 школьников.

Открывая встречу Ильяс Юсуф поздравил детей с праздником и отметил особую значимость этого дня для себя: «Давным-давно, ещё в вашем возрасте, 1 июня, я сидел за теми же стульчиками и слушал голосы от вас, которые дарили мне также книги. И сегодня я на том же месте передаю уже своё творчество вам. И наверняка вы, как будущее поколение, тоже будете на сцене, будущим детишкам, передавать своё творчество, свою деятельность», – отметил писатель.

В ходе содержательной литературно-познавательной встречи участники обсудили с писателем его творческий путь, литературные поиски и дальнейшие творческие планы. Вопросы заданные школьниками, наглядно продемонстрировали их высокий интерес к литературе.

В рамках мероприятия, приуроченного к 7-летию творческой деятельности, автор подарил детям 200 книг, а также передал школам и библиотекам более 1000 книг на казахском и русском языках. Среди подаренных изданий комикс «Керей и Жанибек», посвящённый истории Казахского ханства, а также книги «Тень ангела», «Ночная симфония», «Я вчера. Сегодня. Завтра», «Жизнь моими глазами» и другие авторские произведения.

Данное мероприятие стало значимым событием, способствующим укреплению культуры чтения среди молодежи, поддержке национальной литературы и продвижению духовно-нравственных ценностей.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні мен оқу жылының аяқталуына орай жазушы, драматург және қоғам қайраткері Ильяс Юсуфтың қатысуымен қайырымдылық мәдени іс-шарасы өтті. Қоғамдық маңызы бар бұл бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру және «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын қолдау мақсатында жүзеге асырылды.

Оқу мәдениетін дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында отандық әдебиетті насихаттау, заманауи басылымдар мен тарихи комикстер арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсетуге бағытталған жиынға әдебиет сүйер қауым мен 100-ден аса мектеп оқушылары қатысты.

Кездесудің алғы сөзінде жазушы Ильяс Юсуф балаларды мерекемен құттықтап, бүгінгі күннің өзі үшін ерекше екенін атап өтті. «Бала кезімде 1 маусым күні тура осы орындықтарда отырып, маған да кітап сыйлаған адаардың сөзін тыңдаған едім. Ал бүгін мен дәл сол жерде тұрып, өз шығармашылығымды сіздерге ұсыну бақытына ие болып отырмын. Сіздердің де болашақта үлкен биіктерді бағындырып, өз еңбектеріңізді кейінгі ұрпаққа жеткізетіндеріңізге сенемін», – деп тілек білдірді.

Тағылымы мол әдеби-танымдық кездесуге жиналғандар жазушымен еркін сұхбат құрып, шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері мен болашақ жоспарлары туралы әңгіме өрбітті. Әсіресе оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар олардың әдебиетке деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

Сондай-ақ автор шығармашылық жолының 7 жылдығына орай жас оқырмандарға 200 кітап, ал мектептер мен кітапханаларға 1000-нан астам қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарды тарту етті. Сыйға берілген басылымдардың қатарында Қазақ хандығының тарихына арналған «Керей мен Жәнібек» комиксі, сондай-ақ «Тень ангела», «Ночная симфония», «Я вчера. Сегодня. Завтра», «Жизнь моими глазами» және басқа да шығармалары бар.

Аталған әдеби шара жастар арасында кітап оқу мәдениетін нығайтуға, ұлттық әдебиетті қолдауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды. Биыл жоба аясында 2100 жас пен жасөспірімді жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ашылу рәсіміне Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, жастар ұйымдары, еңбек жасақтарының мүшелері, еріктілер және қала жастары қатысты.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастарды қолдау, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғанын жеткізді.

«Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық санасын жаңғыртуға бағытталған маңызды жоба. Бұл бастама тек тазалық мәселесімен шектелмейді. Ол қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін, еңбекке құрметті, туған жерге сүйіспеншілікті және қоғамға пайда келтіруге деген ұмтылысты қалыптастырады.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жастарды жан-жақты қолдауға ерекше назар аударып келеді. Басты мақсатымыз – жастарға мүмкіндік жасау, оларды еңбекке, қоғамдық өмірге тарту және әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

«Жасыл ел» жобасы осы мақсаттарға қол жеткізудегі ең тиімді бастамалардың бірі. Ол жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, туған қаласын көркейтуге және экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді Азиз Кажденбек.

Бүгінде Алматы еліміздегі жастар саны ең көп қала саналады. Мұнда 769 мыңнан астам жас тұрады. Оның ішінде 472,8 мыңы – жұмыс істейтін жастар, 307,8 мыңнан астамы – жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, ал шамамен 80 мыңы – жоғары сынып оқушылары.

2005 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулуға, экологиялық сананы арттыруға және оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартуға бағытталған.

Жоба жетекшісі Ердәулет Жүнісбектің айтуынша, жазғы маусымда еңбек жасақтарының мүшелері қаланы көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді көркейту, аумақтарды санитарлық тазалаумен айналысып, экологиялық акцияларға қатысады.

«Көптеген жас үшін «Жасыл ел» алғашқы еңбек мектебіне айналады. Мұнда олар тәжірибе жинап қана қоймай, жауапкершілікке, тәртіпке және белсенді азаматтық ұстанымға үйренеді», – деді Ердәулет Жүнісбек.

Айта кету керек, 2025 жылы Алматы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру бойынша еліміздегі үздік өңір деп танылды. Өткен маусымда жоба аясында 2100 жас жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар алғаш рет колледж студенттері мен NEET санатындағы жастар кеңінен тартылды.

Жаңа еңбек маусымы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар қатыса алады. Барлық қатысушы арнайы «Жасыл ел» формасымен қамтамасыз етіледі.

Ұйымдастырушылар биыл жоба аясында қатысушылар аясын кеңейтіп, экологиялық және қоғамдық бастамалардың санын арттыруды жоспарлап отыр.

***

В Алматы состоялось официальное открытие нового сезона проекта «Жасыл ел»

В Алматы состоялось торжественное открытие нового сезона молодежных трудовых отрядов «Жасыл ел». В текущем году в рамках проекта планируется трудоустроить 2100 молодых людей и подростков.

В церемонии открытия приняли участие представители управления молодежной политики города Алматы, молодежных организаций, бойцы трудовых отрядов, волонтеры и молодежь города.

Руководитель управления молодежной политики города Алматы Азиз Кажденбек отметил, что Глава государства Касым-Жомарт Кемелулы Токаев уделяет особое внимание вопросам поддержки молодежи, повышения экологической ответственности и формирования культуры чистоты в обществе.

«Общенациональная акция «Таза Қазақстан», реализуемая по инициативе Президента, является важной инициативой, направленной на обновление экологического сознания граждан. Эта инициатива не ограничивается только вопросами поддержания чистоты. Она формирует культуру ответственности за окружающую среду, уважения к труду, любви к родному краю и стремления приносить пользу обществу.

В этой связи акимат города Алматы уделяет особое внимание всесторонней поддержке молодежи. Наша главная цель – создавать возможности для молодых людей, вовлекать их в трудовую деятельность, общественную жизнь и формировать чувство социальной ответственности.

Проект «Жасыл ел» является одной из самых эффективных инициатив по достижению этих целей. Он дает молодежи возможность получить первый трудовой опыт, внести вклад в благоустройство родного города и развитие экологической культуры», – отметил Азиз Кажденбек.

Сегодня Алматы является лидером среди регионов страны по численности молодежи. В городе проживает более 769 тысяч молодых людей. Из них 472,8 тысячи – работающая молодежь, более 307,8 тысячи – студенты высших учебных заведений и колледжей, около 80 тысяч – учащиеся старших классов.

Проект «Жасыл ел», реализуемый с 2005 года, направлен на формирование трудовой культуры среди молодежи, повышение экологической сознательности и вовлечение молодых людей в общественно полезную деятельность.

По словам руководителя проекта Ердаулета Жунисбека, в течение летнего сезона бойцы трудовых отрядов будут заниматься озеленением города, благоустройством общественных пространств, санитарной очисткой территорий и участвовать в экологических акциях.

«Для многих молодых людей «Жасыл ел» становится первой трудовой школой. Здесь они не только получают практический опыт, но и формируют ответственность, дисциплину и активную гражданскую позицию», – подчеркнул Ердаулет Жунисбек.

Стоит отметить, что в 2025 году Алматы был признан лучшим регионом страны по реализации проекта «Жасыл ел». В прошлом сезоне в рамках проекта были трудоустроены 2100 молодых людей, а также впервые широко привлечены студенты колледжей и молодежь категории NEET.

Новый сезон продлится до 30 сентября. Участниками проекта могут стать школьники, студенты и безработная молодежь в возрасте от 14 до 35 лет. Все участники будут обеспечены специальной формой «Жасыл ел».

По словам организаторов, в текущем году планируется расширить охват молодежи, а также увеличить количество экологических и общественных инициатив в рамках проекта.

Photos from Алматы қаласының әкімдігі's post 03/06/2026

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Алматы Еуропаның туристік нарығында насихатталатын жаңа ақпараттық алаңға ие болды. LOT Polish Airlines әуе компаниясы қалаға арналған арнайы борттық журнал шығарды.

Басылым беттерінде Алматының туристік әлеуеті, көрікті орындары, табиғи аймақтары мен қаланың бірегей келбеті кеңінен таныстырылған. Журнал Алматыға ұшатын рейстерде ғана емес, Польша ішіндегі және әуе компаниясының Еуропа елдеріне қатынайтын халықаралық бағыттарында да таратылады.

Жоба Алматы қаласы Туризм басқармасы мен LOT Polish Airlines әуе компаниясының ынтымақтастығы аясында жүзеге асып, шетелдік саяхатшылар арасында қаланың танымалдылығын арттыруға бағытталған.

Алматының туризм саласы өкілдері Польшаның жетекші туроператорларымен кездесу де өткізді. Тараптар өзара әріптестік мүмкіндіктерін талқылап, байланыс орнатып, Қазақстан мен Польша арасындағы туристер санын арттыруға қатысты жоспарларды айқындады.

Еуропадағы ірі әуе компанияларының бірі шығаратын борттық журналда Алматы туралы ақпараттың жариялануы қаланы халықаралық аудиторияға кеңінен танытып, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстың нығаюына серпін береді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 31 мамырда LOT Polish Airlines әуе компаниясы Алматы мен Варшава арасында тікелей әуе рейстерін ашты. Рейс аптасына төрт рет орындалады.

***

LOT Polish Airlines выпустила специальный бортовой журнал об Алматы

Алматы получил дополнительную площадку для продвижения на европейском туристическом рынке: авиакомпания LOT Polish Airlines выпустила специальный выпуск бортового журнала, посвящённый городу.

На страницах издания представлены туристические возможности Алматы, знаковые достопримечательности, природные локации и городской бренд. Журнал будет распространяться не только на рейсах в Алматы, но и на внутренних маршрутах по Польше, а также на международных направлениях авиакомпании по всей Европе.

Проект реализован в рамках сотрудничества Управления туризма города Алматы и LOT Polish Airlines и направлен на повышение узнаваемости города среди зарубежных путешественников.

Дополнительным событием стала встреча представителей туристической отрасли Алматы с ведущими польскими туроператорами. Стороны обсудили перспективы сотрудничества, обменялись контактами и наметили дальнейшие шаги по увеличению туристического потока между Казахстаном и Польшей.

Размещение информации об Алматы в бортовом журнале одной из крупнейших авиакомпаний Европы позволит познакомить с городом широкую международную аудиторию и будет способствовать развитию туристических и деловых связей между двумя странами.

Напомним, 31 мая 2026 года авиакомпания LOT Polish Airlines открыла прямое авиасообщение между Алматы и Варшавой. Рейсы выполняются четыре раза в неделю.

Want your business to be the top-listed Government Service in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


проспект Республики 4
Almaty
050001