ҚР МҚІА Алматы қаласы бойынша департаменті
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті
28/05/2026
Государственным служащим города Алматы даны разъяснения Сегодня руководителем Управления контроля в сфере государственной службы Департамента Агентства по делам государственной службы по г.Алматы Ш.Турдуевым в Филиал...
Мемлекеттік қызметшінің бір күні қалай өтеді?
«Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл әр минуттың, әр құжаттың артында тұрған үлкен жауапкершілік». Осы ойды негізге ала отырып, мемлекеттік қызметкердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсететін «Мемлекеттік қызметшінің бір күні» атты бейнеролик жарыққа шықты. Бейнематериал мемлекеттік қызметтің көпшілікке көріне бермейтін ішкі жұмыс процестерін шынайы ашады. Жұмыс күні таңғы СКУД жүйесі арқылы тіркелуден басталады, бұл еңбек тәртібі мен уақытты тиімді пайдаланудың алғашқы қадамы болып табылады. Одан әрі маңызды құжаттармен жұмыс істеу процесі басталады, мұнда әрбір шешім дәлдік пен заңнамалық жауапкершілікті талап етеді. Командалық талқылаулар мен жиналыстар да бейнероликтің маңызды бөлігі, өйткені ортақ мәселелерді ақылдасып шешу – қызметтің тиімділігін арттыратын негізгі фактор. Сонымен қатар, роликте мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысы, яғни заң нормаларын түсіндіру және азаматтардың сауалдарына жауап беру бойынша атқарылатын күнделікті жұмыстары көрсетілген. «Біздің әр күніміз – қоғам игілігі үшін атқарылатын қызмет. Бұл бейнеролик арқылы мемлекеттік қызметкердің күнделікті қажырлы еңбегін, шешімдердің қалай қабылданатынын және әрбір қызметкердің өз ісіне деген жауапкершілігін көрсеткіміз келді. Бұл бейнематериал мемлекеттік қызметтің ашықтығын паш етіп, қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Каспий университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәріс өтті.
Каспий университетінде білім алушы жастар мен профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: жастардың рөлі мен азаматтық ұстаным» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нұрлан Тлешалиев арнайы шақырылып, дәріс оқыды. Кездесуге университеттің оқытушылары, қызметкерлері және белсенді жастар қатысты.
Дәріс барысында Нұрлан Тлешалиев бүгінгі таңдағы жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына, мемлекеттік қызметтің ашықтығына және қоғамдағы адалдық қағидаттарын дәріптеуге баса назар аударды. Спикер жастарды сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» танытуға және заңды құрметтейтін жауапты азамат болуға шақырды.
БАҚ өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің тыныс-тіршілігімен танысты
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) Алматы қаласы бойынша департаментіне «Алматы» телеарнасының танымал «Таңғы студия» бағдарламасының түсірілім тобы арнайы жұмыс сапарымен келді.
Шараның басты мақсаты — қалалық департаменттің күнделікті қызметін, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысын қалың көрерменге ашық әрі шынайы форматта көрсету.
Түсірілім аясында Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нұрлан Тлешалиев телеарна журналистеріне сұхбат берді. Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және кадрларды іріктеудің әділдігін қамтамасыз ету бағытындағы маңызды реформаларға тоқталды. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын сіңіру бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды тілге тиек етті.
Бағдарлама түсірілімі барысында шығармашылық топ Департамент қызметкерлерінің жұмыс процесін, қызметтік міндеттерін атқару барысын таспаға түсірді. Сондай-ақ, заманауи мемлекеттік қызметшінің имиджі мен жұмыс істеуге жасалған қолайлы жағдайлар көрсетілді.
📌Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтыны туралы айтылды
🔹Қазақстанның мемлекеттік органдары жұмыстың жаңа моделіне көшуде. Онда басты басымдық — халық, мемлекеттік қызметтердің сапасы және тұрғындармен ашық диалог орнату. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Еркеболат Нұржігітов Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына түсініктеме беру барысында мәлімдеді.
🔹Департамент басшысының айтуынша, жаңа заң мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи, икемді әрі азаматтарға түсінікті ету үшін қажет. Билік өкілдері мемлекеттік органдардың жұмысы жылдам әрі тиімді болады, ал мемлекеттік қызметшілер халық сұранысына бейімделген, ашық әрі кәсіби болады деп күтуде.
🔹«Қолданыстағы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі жаңа сын-қатерлерге тап болды. Бүгінде азаматтар жылдам, түсінікті және сапалы қызмет күтеді, ал жүйенің өзі икемді әрі заманауи болуы тиіс. Сондықтан заңнаманы жаңартып, оны жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындады», — деп күтуде.
🔹«Қолданыстағы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі жаңа сын-қатерлерге тап болды. Бүгінде азаматтар жылдам, түсінікті және сапалы қызмет күтеді, ал жүйенің өзі икемді әрі заманауи болуы тиіс. Сондықтан заңнаманы жаңартып, оны жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындады», — деп атап өтті Департамент басшысы.
📌В Алматы рассказали, как будут реформировать систему государственной службы
🔹Государственные органы Казахстана переходят к новой модели работы, где главным приоритетом становятся люди, качество государственных услуг и открытый диалог с населением. Об этом в ходе брифинга на площадке Региональной службы коммуникаций сообщил руководитель Департамента Агентства по делам государственной службы по городу Алматы Еркеболат Нуржигитов, комментируя новую редакцию Закона РК «О государственной службе Республики Казахстан», подписанную Главой государства 19 мая 2026 года.
22/05/2026
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
пр. Достыка, 134
Almaty
050051
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
