05/06/2026
«Психолингвистиканың өзекті мәселелері» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
🔹️Кеше Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Психолингвистика бөлімінің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Тіл және сана" ғылыми-лингвистикалық алаңы аясында «Психолингвистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
🔹️Іс-шараның мақсаты – психолингвистика саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылау, тіл мен сана мәселелеріне қатысты өзекті зерттеулердің нәтижелерімен бөлісу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту. Дөңгелек үстелді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан ашып, психолингвистиканың қазіргі ғылымдағы орны мен маңызына тоқталды.
🔹️Жиынға Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Низами атындағы Тіл білімі институты Психолингвистика бөлімінің жетекшісі Майыл Әскеров қатысып, концепт ұғымының қыр-сырына талдау жасады, сонымен қатар Ресейдің Экономика Жоғарғы мектебі "Тіл және Ми" орталығының директоры Ольга Драгой келіп өзінің клиникалық лингвистика аясындағы зерттеулерінен қызықты баяндамасымен тәнті етті. Сондай-ақ еліміздің атаулы жоғары орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары зерттеушілері қатысып, клиникалық-лингвистикалық шкалаларды бейімдеу, көптілді білім беру ортасындағы балалардың тілдік дамуы, этнографизмдердің семантикалық ерекшеліктері, балалар тілінің психолингвистикалық аспектілері, ассоциативті сөздік мәселелері, ауызша сөйлеудің прагма-психолингвистикалық қырлары және айтрекингілік зерттеулер секілді өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
🔹️Дөңгелек үстел аясында қатысушылар пікір алмасып, психолингвистика, когнитивті лингвистика және эксперименттік зерттеулердің болашақ даму бағыттарын талқылап, іс-шара соңында тақырып бойынша өзекті сұрақтарға жауап тапты.
05/06/2026
💐УВАЖАЕМАЯ АННА ВЛАДИМИРОВНА!
От имени коллектива Института языкознания имени Ахмета Байтурсынұлы и от себя лично сердечно поздравляю Вас с Днём рождения!
Ваше имя по праву занимает особое место в современной мировой лингвистике. Выдающийся филолог-тюрколог, компаративист, доктор филологических наук, член-корреспондент Российской академии наук, Вы внесли неоценимый вклад в развитие сравнительно-исторического языкознания, тюркологии, алтаистики, этимологии и исторической семантики. Ваши фундаментальные исследования, посвящённые реконструкции языковых систем и культурных миров древних народов Евразии, стали важнейшим ориентиром для нескольких поколений исследователей.
Особое восхищение вызывает Ваш многолетний труд по изучению тюркских языков, полевые исследования их диалектов, участие в создании фундаментальных научных трудов и подготовка молодых специалистов, продолжающих лучшие традиции мировой тюркологической школы.
Для научного сообщества Казахстана Ваши работы имеют особую ценность. Они способствуют более глубокому осмыслению исторических путей развития тюркских языков, укреплению международного научного сотрудничества и сохранению богатого языкового наследия тюркских народов. Ваши исследования служат примером высочайшей научной добросовестности, интеллектуальной смелости и преданности науке.
В этот знаменательный день желаем Вам крепкого здоровья, неиссякаемой творческой энергии, вдохновения, благополучия и новых научных открытий. Пусть Ваши идеи и впредь способствуют развитию мировой лингвистики и тюркологии, а признание коллег, учеников и научной общественности приносит заслуженную радость и удовлетворение.
С глубоким уважением и наилучшими пожеланиями,
Директор Института языкознания имени Ахмета Байтурсынұлы Фазылжан А.М.
04/06/2026
💐Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !
Бүгін тіл мәдениеті, қазақ ортологиясы, лингвистикалық аударматану, неология және неография, лексикография, терминология, терминжасам, терминография, функционалды стилистика, қазақ тілін оқытудың теориясы мен практикасы салаларының проблемаларымен шұғылданатын белгілі зерттеуші-маман, саналы ғұмырын ғылым мен білім беру ісіне арнаған көрнекті ғалымдардың бірі – филология ғылымының докторы, профессор Айманкүл Мырзалықызы Алдаш мерейлі 75 жасқа толып отыр.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы Айман Мырзалықызын құттықтап, ғұмыры ұзақ, көңілі көтеріңкі, денсаулығы мықты, жазары көп болуын тілейді!
АЙМАН АПАЙ АЛДАШТЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ:
🔹1968-1973 жж. аралығында қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген және 1973-1976 жж. осы университеттің аспирантурасында оқыды. 1976-1990 жж. – Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері болды.
🔹1991 жылдан 2017 ж. дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының профессоры, Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2018 жылдан – Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері. 1992 ж. « Лексические новообразования в совре менном казахском литературном языке» (на материале периодической печати 1976- 1991 гг.). тақырыбында кандидаттық диссертация және 1999 ж. «Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Жетекшісі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Рәбиға Сыздық.
🔹Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде ортологиялық құралдарды жетілдіру, жаңарту, ортологиялық қалыптандыру, ортологиялық кодтау, тілді жаңғырту мен реформалаудың өзекті тұстары, әліпби мен жазудағы өзгерістер қоғамдық сананы жаңғыртудың іргетасы екендігі жөнінде салмақты пікір айтып келеді.
🔹Профессор А. Алдаш халықаралық және республикалық ғылыми жобаларға жоба жетекшісі, тең жетекші және орындаушы ретінде қатысуы арқылы да қазақ тілтанымының ағымдағы мәселелері бойынша тұжырымдар қалыптастыруға атсалысады. 8 монографияның, 7 лексикографиялық еңбектің, 12 оқулық пен оқу құралының, 200-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторлардың бірі. 7 ғылым кандидатын, 1 PhD доктор дайындаған.
🔹«Гуманитарлық білімдерді жаңарту» бағдарламасы бойынша «Сорос қоры» грантының иегері (1997). Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және басқа да төсбелгілермен марапатталды.
P.S.: Республикалық "Ана тілі" газетінің бүгінгі санына Айман апайдың көп шәкіртінің бірі - Әсел Сейдаматтың "Сөз мәдениетінің мәйегі" атты мақаласы жарық көрді.
Мақала сілтемесі: https://anatili.kazgazeta.kz/news/65372
02/06/2026
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті/Комитет науки МНВО РК / Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп 2026 жылдың 4 маусымында «ТІЛ ЖӘНЕ САНА» ПСИХОЛИНГВИСТИКА СЕКЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АЛАҢЫ аясында «ПСИХОЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
🗓Өтетін күні: 2026 жылдың 4 маусымы
🕑Уақыты: 14.00.
🏤Өтетін жері: Алматы қаласы Шевченко, 28 Ғылым ордасының мәжіліс залы
🖥Өту форматы: офлайн және онлайн
02/06/2026
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті/Комитет науки МНВО РК / Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп, 2026 жылдың 4 маусымында «ТІЛ ЖӘНЕ САНА» ПСИХОЛИНГВИСТИКА СЕКЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АЛАҢЫ аясында «ПСИХОЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
🗓Өтетін күні: 2026 жылдың 4 маусымы
🕑Уақыты: 14.00.
🏤Өтетін жері: Алматы қаласы Шевченко, 28 Ғылым ордасының мәжіліс залы
🖥Өту форматы: офлайн және онлайн
01/06/2026
💐Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!
🔬Биыл еліміздің ғылыми ойы мен зияткерлік әлеуетінің алтын бесігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.
⌛1946 жылы құрылған Ғылым академиясы қазақ ғылымының тарихындағы жаңа дәуірдің бастауына айналды. Оның негізін қалаушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев ұлттық ғылымның берік іргетасын қалап, еліміздің ғылыми мектептерінің қалыптасуына зор ықпал етті. Осы жылдар ішінде ҰҒА қабырғасында геология, математика, физика, химия, биология, медицина, ауыл шаруашылығы, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар салаларында іргелі зерттеулер жүргізіліп, әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді.
🧬80 жылдық тарихында ҚР Ұлттық ғылым академиясы ел дамуының маңызды кезеңдерінде ғылым мен өндірісті, білім мен инновацияны ұштастырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ұлттық ғылым академиясы ғылымға адал қызмет еткен көрнекті ғалымдардың тұтас бір буынын тәрбиелеп, ұлттық ғылыми ойдың қалыптасуы мен дамуының басты орталығына айналды.
📊Қазіргі кезде ҚР ҰҒА дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастыра отырып, жас ғалымдарды қолдау, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолында маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Бұл – ғылымға деген адалдықтың, білімге деген құрметтің және ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Осы мерейлі мерекеде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы барлық мүшелеріне, ғылыми қызметкерлеріне, ардагерлері мен жас зерттеушілеріне зор денсаулық, шығармашылық шалқар шабыт, ғылыми ізденістеріне мол табыс тілейміз. Ғылым көкжиегін кеңейтіп, ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Құрметпен,
Анар Фазылжан
01/06/2026
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНА 80 ЖЫЛ
🔰 1 маусым – Қазақстан ғылымы үшін айрықша тарихи күн. Дәл осы күні, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, оның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым, отандық ғылыми мектептің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.
✅ Құрылған сәтінен бастап Академия Қазақстан ғылымының алтын бесігіне айналып, ғылыми мектептердің қалыптасуына, елдің табиғи байлығын жүйелі зерттеуге, өнеркәсіптің дамуына, ұлттық тарих пен мәдениетті зерделеуге берік негіз қалады. Қаныш Сәтбаев бастаған ұлы жол Қазақстанның ғылыми дербестігі мен зияткерлік әлеуетінің артуына жол ашты.
⚜️ Бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдық тарихын жаңа миссиямен жалғастырып келеді. Академия ғылымды дамытуға, оны экономикамен, өндіріспен, өңірлердің қажеттілігімен және қоғам сұранысымен ұштастыруға бағытталған стратегиялық орталық ретінде қызмет атқаруда.
✔️🙌Негізгі басым бағыттар қатарында форсайттық зерттеулер, өңірлік ғылымды дамыту, жасанды интеллект, биотехнология, су қауіпсіздігі, климат, сирек жер металдары, ядролық медицина, биомедицина, көлік ғылымы және жаңа энергетикалық технологиялар бар. Мұның бәрі Қазақстан ғылымының жаңа дәуірге сенімді қадам басқанын көрсетеді.
⚛️ Бүгінде ғылым – ұлттық қауіпсіздіктің, экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің, технологиялық дербестіктің және болашақ ұрпақтың сапалы өмірінің берік негізі. Сондықтан Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы – бүкіл Қазақстан ғылымының, ұлттық ойдың және елдің зияткерлік дамуының ортақ мерекесі.
🔬 Қаныш Сәтбаев жаққан ғылым шырағын бүгінде жаңа буын ғалымдар абыроймен жалғастырып келеді. Бұл шырақ алдағы уақытта да ел дамуының, жаңа технологиялардың, сапалы білімнің және интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты бағдаршамына айнала берсін.
🎉 Ұлттық ғылым академиясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Ғылымға қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған академиктерді, ғалымдарды, жас зерттеушілерді және барша ғылыми қауымдастықты осы айтулы күнмен зор ризашылықпен әрі ерекше құрметпен құттықтаймыз.
🇰🇿Қазақстан ғылымының келешегі жасампаз, мәртебесі биік, ғылыми тұғыры берік болсын! Отандық ғалымдардың жетістіктері Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыра берсін, жаңа жаңалықтарға, батыл идеяларға және шабытты ізденістерге жол ашылсын!
✍️ ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті А. Күрішбаев