Заң мен тәртіп - қоғам қауіпсіздігі.
Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау облыстық филиалы
Здравствуйте! Вас приветствует Мангистауский областной филиал Национального центра качества дорожных активов!
Заң мен тәртіп - әділдік айнасы.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
07/11/2025
Жол төсемі ретінде қолданылатын құрылыс материалының сапасы тексеріледі.
Ұлттық жол сапа орталығының мамандары Жаңаөзен қаласындағы "Мерей" шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көше жолында бақылау жүргізді.
Жол құрылысы материалынан алынған сынамалардың талаптарға сәйкестігі арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен зертханада жүргізіледі.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
07/11/2025
Мұнайлы ауданында жүзеге асып жатқан жол құрылысы жобаларының сапасын ұлттық орталық жіті бақылау келеді.
Кезекті бақылау жұмыстары Мұнайлы "Жаңақоныс" тұрғын үй алабы көшесіне төселген автомобиль жолдарында ұйымдастырылды.
Жол инженері асфальт жабындыдан арнайы құрал көмегімен сынамаларды алды. Олардың құрамының техникалық-нормативтер құжатттарына сәйкестігі Ақтаудағы зертханада тексеріледі.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
30/10/2025
Сала мамандарына сый-құрмет.
Биыл ел тарихында алғаш рет Автожол қызметкерлері күні ресми түрде аталып өтті. Қазан айының соңғы жексенбісімен тұспа-тұс келген бұл мереке – жол саласында талмай еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мейрамы.
Айтулы датаға орай Маңғыстауда автожол саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін сала ардагері Суебаев Қажымұрат Борашұлы “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР КМ АЖК “ЖАСҰО” РМК Маңғыстау облысы бойынша жетекші сарапшысы
Керімбаева Гүлзира Шаңытбайқызын еліміздің Көлік министрлігі “Құрмет” Грамотасына лайық деп таныды.
Елордадан жолданған марапатты ҚР КМ АЖК “ЖАСҰО” РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Адайбек Қалиев тапсырып, әріптестердің қажырлы еңбегіне шексіз алғысын білдірді.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
16/10/2025
Маңғыстау облысында жолдардың сапасын бақылау күшейтілді.
Ұлттық сапа орталығы жол құрылысы нысандарының жай-күйін мемлекеттік уәкілетті мекемемен бірлесе қадағалауға уағдаласты.
Осы мақсатқа Ақтаудағы жол зертханасында танымдық шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері жол құрылыс материалының талапқа сәйкестігін тексеру тәсілдерімен іс жүзінде танысып, жолшылармен өзара тәжірибе алмасты.
«Жол құрылысы жүріп жатқан нысанда кей жағдайда техникалық бақылаушы болмай қалып жатады. Бұл, жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуына кері әсер етеді. Біздің мақсатымыз - осындай заңбұзушылықтың алдын алу» - дейді мамандар.
Айта кетсек, биыл облыс аумағында 50-ден астам жол құрылысы нысанында 464 рет бақылау жүргізілген. Мамандар жолдардан алған 1500-дей сынаманың 29%-ы талапқа сәйкес келмей шықты. Енді ол учаскелер мердігер қаржысына қайта төселеді.
АДАЙБЕК ҚАЛИЕВ, ҚР КМ «ЖАҰСО» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мердігер мекемелер, техникалық қадағалаушы мекемелердің өкілдері кейде болуы мүмкін обьектілерде, кейде келмеуі де мүмкін. Сондай жағдайлардың барлығында тиісті шарасын алу үшін жергілікті әкімдікпен, яғни Маңғыстау облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесе жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз - мердігерлердің де, техникалық қадағалаушылардың да жауапкершілігін арттыру. Жолға деген жауапкершілігін. Сол арқылы жолдың сапалы, дұрыс салынуын қадағалау.
ДӘУРЕН ӨТЕПҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Кернді алғаннан бастап қорытындысы шыққанға дейінгі аралықта процесс қалай жүреді. Соны біздер қарап таныстық. Себебі, бұл мекемемен алдағы уақытта біздер тығыз жұмыс жасайтын боламыз. Қандай да бір әкімшілік шараларды қабылдау үшін бізге кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес нақты айқындалған дәлел болған жағдайда ғана біз тексеріс аша аламыз. Бұл лабораторияның ең бастапқы жұмысымен танысу - ол өзіміздің тәжірибемізге қосылатын үлес.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
09/10/2025
Кадрлық тағайындау.
ҚР КМ АЖК “Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы” РМК ШЖҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры лауазымына Адайбек Қалиев тағайындалды.
Филиал ұжымына жаңа басшыны ҚР КМ АЖК “ЖАСҰО” РМК ШЖҚ Бас директорының орынбасары Көшербаев Әліби Болатұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Адайбек Қалиев Маңғыстау ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін “Ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек өтілінде ол “Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ бас маманы, «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, «Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бөлім басшысы, Маңғыстау ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Соңғы жылдары Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы
11/09/2025
Президент Жолдауын іске асыру жолдары талқыланды.
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларды талқылауға арналған облыс активінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға филиал директоры Фуркат Джуланов та қатысты.
Әкім Жолдауда атап өтілген көлік-логистика саласын дамытуға қатысты жобаларға ерекше тоқталды.
“Маңғыстау облысы көлік-логистика саласында мемлекеттің экономикасы үшін ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы саланың маңыздылығын атап, дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Бейнеу мен Сексеуіл арасындағы автожол құрылысын аяқтау тапсырылды. Аталған бағыт арқылы жүк тасымалын оңтайландыруға және Алматы – Бейнеу – Сексеуіл көлік желісін дамытуға мүмкіндік туады. Жобаның басты мақсаты – еліміздің оңтүстік және батыс өңірлері арасындағы байланысты нығайту, экономикалық интеграцияны қолдау. Өңір әлеуетін тиімді пайдалану – біздің басты міндетіміз. Қазір мақсатымыз – халықпен бірге осы бастамаларды жүзеге асырып, аймақтың тұрақты дамуына қол жеткізу, - деді өңір басшысы.
30/08/2025
Қадірлі ағайын.
Еліміздің ата заңы - Конституция күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Әр күніміз бейбітшілік пен берекеге толы болып елдігіміздің іргесі бекіген, тәуелсіздігіміздің туы мәңгі желбіресін.
Отбасыңызда әрдайым қуаныш-шаттық орнай берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Фуркат Джуланов.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Мангистауская область, г. Актау, 22 мкр, 42/1
Aqtau
130000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |
