ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы, Government Building, Улица Мәңгілік ел, 8 Дом Министерств, 4 подъезд Астана, Astana.

14/05/2026

Еңбек нарығындағы жағдай

2026 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны - 9838,1 мың адам.

Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9392,0 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 7290,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2101,6 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,4%) өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1% құрады.

_______

Ситуация на рынке труда

В I квартале 2026 года уровень безработицы в Казахстане, рассчитанный по методологии Международной организации труда (не имели доходного занятия (работы), активно его искали и были готовы приступить), составил 4,5%.

По данным выборочного обследования занятости населения за I квартал 2026 г численность рабочей силы составила 9838,1 тыс. человек.

В различных сферах экономики республики были заняты 9392,0 тыс. человек, из них являлись наемными работниками 7290,4 тыс. человек (77,6% от общего числа занятых в экономике), самостоятельно занятыми – 2101,6 тыс. человек (22,4% от общего числа занятых в экономике).

Уровень занятости к населению в возрасте 15 лет и старше составил 64,1%.

13/05/2026

2026 жылғы I тоқсандағы жалақы

Жалақының медианалық мәні – 331527 теңге

Атаулы жалақының орташа мәні – 461 486 теңге

2025 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%, көлік және жинақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,0%, білім беру – 4,2% өсті.

___

Заработная плата в I квартале 2026 года

Медианное значение заработной платы - 331 527 тенге
Среднее значение номинальной заработной платы - 461 486 тенге

По сравнению с соответствующим кварталом 2025 года наибольший рост среднемесячной заработной платы зафиксирован в сельском, лесном и рыбном хозяйствах – 20,3%, в финансовой и страховой деятельности – 18,1%, в водоснабжении – 16,5%, в снабжение электроэнергии, газом, паром, горячей водой и кондиционированным воздухом – 14,7%, в транспорте и складировании – 12,9%, и в промышленности –11,6%, в здравоохранении и социальном обслуживании населения – на 7,0%, в образовании – на 4,2%.

12/05/2026

Тұрғын үйді сатып алу-сатумәмілелерінің саны 23,4% өсті

2026 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген, наурыз айымен салыстырғанда (28 493 мәміле) мәмілелер саны 23,4% өскен.

Мәмілелер бойынша көш бастаптұрғандар:
Алматы – 6 498
Астана – 6 193
Қарағанды обл. – 2 841

Пәтерлер бойынша барлығы 27 331 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,7% құрайды. Жеке тұрғын үйлер бойынша - 7 823.

___

Количество сделок купли-продажи жилья увеличилось на 23,4%

В апреле 2026 года количество зарегистрированных сделок купли-продажи жилья составило 35 154. По сравнению с мартом (28 493 сделки) их количество увеличилось на 23,4%.

Лидеры по количеству сделок:
Алматы – 6 498
Астана – 6 193
Карагандинская обл. – 2 841

По квартирам было совершено 27 331 сделка, что составляет 77,7% от общего объема сделок. По индивидуальным домам зафиксировано 7 823 сделки.

09/05/2026

Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Батырлар ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Баршаңызға бейбіт өмір, амандық және береке тілейміз!
__

С Днём Победы!

Подвиг героев навсегда остаётся в памяти поколений.

Желаем мирного неба, здоровья и благополучия!

08/05/2026

Бюро зерттеуі ЮНИДО платформасында жарияланды

Ұлттық статистика бюросының зерттеуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) статистикалық бөлімшесінің платформасында жарияланды.

«Experimental Calculation of the Competitive Industrial Performance (CIP) Index for Kazakhstan’s Regions: Methodology and Comparative Insights» атты жұмыс құжаты ЮНИДО-мен ынтымақтастық аясында дайындалып, Қазақстан өңірлерінің өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігін бағалауға арналған.

Толығырақ оқу

(https://stat.gov.kz/news/byurony-zertteui-yunido-platformasynda-zhariyalandy/)

_______

Исследование Бюро опубликовано на платформе ЮНИДО

Исследование Бюро национальной статистики опубликовано на платформе статистического подразделения Организация Объединенных Наций по промышленному развитию (ЮНИДО).

Рабочий документ «Experimental Calculation of the Competitive Industrial Performance (CIP) Index for Kazakhstan’s Regions: Methodology and Comparative Insights» подготовлен в рамках сотрудничества с ЮНИДО и посвящен оценке промышленной конкурентоспособности регионов Казахстана.

Читать подробно

(https://stat.gov.kz/ru/news/issledovanie-byuro-opublikovano-na-platforme-yunido/)

07/05/2026

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бейбітшілік пен тыныштықты қорғап жүрген барша жандарға алғыс.

Сіздерге мықты денсаулық, күш-қуат және әрқашан жақындарыңызға тірек болып жүре беруіңізді тілейміз!

___

Поздравляем с Днём защитника Отечества!

Спасибо всем, кто защищает мир и порядок.

Желаем вам здоровья, силы и всегда быть опорой для своих близких!

06/05/2026

10 044 673

Дәл осынша ер азамат, ағалар мен әкелер ертең Отан қорғаушылар күніне орай құттықтаулар қабылдайтын болады.

Мереке қарсаңында ерлердің қай өңірлерде басым екенін қарастырайық.

Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
0-15 жас - 30,2%
16-60 жас - 56,5%
61 жас және одан жоғары - 13,3%

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:
Алматы қаласы - 1,1 млн
Түркістан облысы - 1,1 млн
Алматы облысы - 806,5 мың
Астана қаласы - 785,4 мың

Ерлердің орташа жасы - 31,1 жас
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл

2025 жыл бойынша:

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам)

Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6%

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1%

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:

Өнеркәсіп - 16,5%
Көтерме сауда - 14%
Ауыл шаруашылығы - 12,4%
Көлік және қойма - 11,1%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7%

Ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында - 1,4 млн адам.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі кездеседі.

_________________

10 044 673

Именно столько мужчин, братьев и отцов завтра услышат тёплые и искренние поздравления с Днём защитника Отечества.

В преддверии этого дня, давайте посмотрим, где их больше всего.

Доля мужчин по возрастным группам:
0-15 лет – 30,2%
16-60 лет – 56,5%
61 лет и выше – 13,3%

Наибольшая численность мужчин по регионам:
г. Алматы – 1,1 млн
Туркестанская область – 1,1 млн
Алматинская область – 806,5 тыс.
г. Астана– 785,4 тыс.

Средний возраст мужчин – 31,1 лет
Ожидаемая продолжительность жизни мужчин – 72,19 лет

За 2025 год:

Доля мужчин среди занятого населения – 51,6% (4,8 млн мужчин)
Среди наемных работников – 50,6%
Среди самостоятельно занятых – 55,1%

Доля от общего числа занятых мужчин по отраслям:
Промышленность – 16,5%
Оптовая торговля - 14%
Сельское хозяйство – 12,4%
Транспорт и складирование – 11,1%

Доля мужчин среди индивидуальных предпринимателей – 54,7%

Больше всего занятых мужчин в возрасте 35-44 лет – 1,4 млн мужчин.

Самым популярным мужским именем за пять месяцев текущего года в Казахстане стало имя Алан - его носят 817 человек. Далее следуют имена Айсултан, Алихан, Мухаммед и Рамазан.

05/05/2026

Жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% артты

2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады.
Сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артты.

Сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%, пластиктің үлесі 9% болды.

Өңірлер бөлінісінде сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша көшбасшылықты Алматы қаласы сақтап отыр - 409,3 мың тонна.
Көшбасшылар қатарында Астана қаласы - 377 мың тонна және Қарағанды облысы - 243,9 мың тонна бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын 846 кәсіпорын, сондай-ақ оларды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын жүзеге асыратын 278 ұйым жұмыс істейді.

_______

Объем собранных коммунальных отходов вырос на 7,7%

В 2025 году в Казахстане объем собранных коммунальных отходов увеличился на 7,7% и составил 4,1 млн тонн.

Объем отсортированных отходов составил 1,5 млн тонн, что на 16,3% превышает уровень 2024 года. В структуре отсортированных отходов доля макулатуры и картона составила 9,4%, пластика - 9%.

В региональном разрезе лидирующие позиции по объему отсортированных отходов сохраняет Алматы (409,3 тыс. тонн). В число лидеров также входят Астана (377 тыс. тонн) и Карагандинская область (243,9 тыс. тонн).

По итогам 2025 года в стране функционируют 846 предприятий, обеспечивающих сбор и вывоз коммунальных отходов, а также 278 организаций, осуществляющих их сортировку, утилизацию и захоронение.

04/05/2026

ҚАЗАҚСТАН СТАТИСТИКАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН AI-КӨМЕКШІНІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Ұлттық статистика бюросы «AI Stat» виртуалды көмекшісін іске қосты.

Жасанды интеллектке негізделген сервис статистикамен жұмысты жеңілдетіп, деректерді табуға, есептілікті түсінуге және Бюро қызметтерін байланыс орталығына жүгінбей пайдалануға көмектеседі.

Көмекші диалог форматында жұмыс істейді, есептілік бойынша кеңес береді, нысандарды толтыруға көмектеседі және қателер қаупін азайтады. Сондай-ақ ол ақпаратты іздеуді және сервистер бойынша навигацияны, соның ішінде Респондент кабинетінде жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Сонымен қатар, «AI Stat» БСН немесе ЖСН бойынша міндетті статистикалық нысандардың («Жүгіртпе») тізімін қалыптастырады, қызмет түрін таңдауда ЭҚЖЖ кодтарын іріктейді және қажет болған жағдайда байланыс орталығына сұрау жібереді. Бұл жұмысты жеделдетіп, күнделікті процестерді автоматтандырады.

https://surl.lu/jzlcsx

________

КАЗАХСТАН ЗАПУСТИЛ AI-ПОМОЩНИКА ДЛЯ РАБОТЫ СО СТАТИСТИКОЙ

Бюро национальной статистики РК запустило виртуального помощника «AI Stat».

Сервис на базе ИИ упрощает работу со статистикой, помогает находить данные, разбираться в отчетности и пользоваться услугами Бюро без обращения в контакт-центр.

Помощник работает в формате диалога, консультирует по отчетности, помогает заполнять формы и снижает риск ошибок. Также он упрощает поиск информации и навигацию по сервисам, включая Кабинет респондента.

Кроме того, «AI Stat» формирует список обязательных форм «Бегунок» по БИН или ИИН, подбирает коды ОКЭД и при необходимости направляет запрос в контакт-центр.

https://surl.li/rikvoi

30/04/2026

🕊 Ертең - Қазақстан халқының бірлігі күні!

20,5 миллионнан астам қазақстандық бұл мейрамды татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді.

Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адам болса, бұл санның ішінде әрқайсысыңыз барсыз!

Жыл басында елдегі ең көп санды құраған ұлттар қайсы болды?

1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзірбайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрдтер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459

Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.

Ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен достықтың тамыры тереңдеп, бірлігі бекем бола берсін!

______

🕊 Завтра - День единства народа Казахстана!

Более 20,5 миллиона казахстанцев отмечают этот праздник дружбы, мира и согласия. Под единым шаныраком в гармонии живут представители разных наций и этносов. На 1 марта 2026 года нас 20 532 240 - и каждый из вас часть этого единства.

А какие национальности являлись самыми многочисленными в стране на начало года?

1. Казахи – 14 664 202
2. Русские – 2 943 022
3. Узбеки – 695 557
4. Украинцы – 367 547
5. Уйгуры – 309 164
6. Немцы – 222 890
7. Татары – 218 361
8. Азербайджанцы – 157 568
9. Корейцы – 120 821
10. Турки – 93 234
11. Дунгане – 88 165
12. Белорусы – 73 788
13. Таджики – 61 307
14. Курды – 52 077
15. Кыргызы – 41 459

Отметим, самая большая численность казахов проживает в Туркестанской области – 1,6 млн, больше всего русских от их общего числа проживает в г.Алматы – 428 тыс., узбеков в Туркестанской области – 404 тыс. человек, украинцев в Костанайской области – 83 тыс., из 309 тыс. уйгуров большинство проживают в городе Алматы – 124 тыс. человек.

Пусть взаимопонимание и дружба между народами становятся только сильнее!

28/04/2026

2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен. Бюро азық-түлік тұтынуы бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелерін жариялады.

Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі:
картоп – 3,8 кг
1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
сиыр еті – 2,1 кг
алма – 1,6 кг
құмшекер – 1,5 кг
күріш – 1,4 кг
шикі сүт – 1,1 литр
айран – 1 литр
жұмыртқа – 17,6 дана
макарон өнімдері – 0,9 кг
жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
қара шай – 0,1 кг

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі. Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.

_________________

В 2025 году по сравнению с предыдущим годом зафиксирован рост потребления по всем основным группам продуктов питания. Бюро опубликовало результаты выборочного обследования по потреблению продуктов.

В среднем на душу населения в месяц потребление составило:
картофель – 3,8 кг
пшеничный хлеб из муки 1 сорта – 2,4 кг
говядина – 2,1 кг
яблоки – 1,6 кг
сахар-песок – 1,5 кг
рис – 1,4 кг
сырое молоко – 1,1 литра
кефир – 1 литр
яйца – 17,6 штук
макаронные изделия – 0,9 кг
рыба свежая или охлажденная – 0,8 кг
черный чай – 0,1 кг

Потребление основных продуктов питания рассчитывается как средний объем продуктов, потребленный одним членом домохозяйства за месяц. Показатели определяются путем деления общего объема потребления на количество членов домохозяйства.

Want your business to be the top-listed Government Service in Astana?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Мәңгілік ел, 8 Дом Министерств, 4 подъезд Астана
Astana

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30