Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Share

ҚР-ның Парламенті Республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы.

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 04/06/2026

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар жаңа Конституцияны іске асыруға бағытталған бірқатар заңдарды мақұлдады және депутаттық сауалдар жолдады.

Атап айтқанда, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіруге арналған заңдар қаралып, инвестициялық омбудсмен институтының өкілеттіктері нақтыланды. Сонымен қатар Конституциялық Сотқа жүгінген азаматтарға мемлекеттік бажды алып тастау туралы Салық кодексіне енгізілген түзетулер мақұлданды.

Сондай-ақ сенаторлар арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге және ғылым, білім, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру салаларын дамытуға бағытталған заңдарға қолдау білдірді. Құжаттар ғылыми инфрақұрылымды нығайтуға, ғалымдарды қолдауға және мемлекеттік жүйелердің тиімділігін арттыруға арналған.

04/06/2026

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Көк Туымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз егемендікті бекемдеп, Әнұранымыз асқақ шырқала берсін.

Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем болғай! 🇰🇿

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 03/06/2026

Сенатта Нұрлан Бекназаровтың төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Конституцияға сәйкес заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар заңдар қаралды.

Отырыс барысында сайлау заңнамасын, прокуратура органдарының қызметін және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге назар аударылды.

Түзетулерге сәйкес Бас Прокурорға инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі беріледі. Сондай-ақ сотталған әйелдер мен жас баласы бар азаматтарды ұстау жағдайларын жақсартуға қатысты нормалар қарастырылды.

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 02/06/2026

Астанада алғаш рет өтіп жатқан «Astana 2026 World Boccia Cup» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде параспортты дамытуға және инклюзивті қоғам құруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінен келген спортшылардың қатысуымен өтіп жатқан жарыс Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуына тың серпін береді.

Айта кетейік, «Astana 2026 World Boccia Cup» 1-9 маусым аралығында өтеді. Турнир Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстан намысын жарыста 10 спортшы қорғайды.

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 02/06/2026

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң қаралды.

Түзетулер Салық кодексінің нормаларын жаңа Конституция ережелеріне сәйкестендіруге бағытталған. Құжатта бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына, Қазақстан Халық Кеңесінің жасақталуына және азаматтардың Конституциялық Сотқа жолдаған өтініштері бойынша мемлекеттік бажды алып тастауға қатысты өзгерістер көзделген.

Отырыс барысында қатысушылар ұсынылған нормаларды және оларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 02/06/2026

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі талқыланды.

Комитет төрағасы Әли Бектаев жерлерді бөлу процесін цифрландыру ашықтықты арттырып, жер ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Отырыс барысында қайтарылған жерлерді экономика айналымына тарту, электрондық конкурстар өткізу және жер қатынастарын цифрландыру мәселелері қаралды.

01/06/2026

Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай Жапонияға жұмыс сапары барысында Nihon Hidankyo ұйымының басшылығымен кездесті. Кездесуде ядролық қарусыздану және бейбітшілік мәдениетін нығайту мәселелері талқыланды.

Сенатор Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары Қазақстан үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтарды қолдау мәселелеріне тоқталды.

Тараптар Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай қолға алынған «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» халықаралық акциясын таныстырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты's post 01/06/2026

Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат Бюросының отырысы өтті. Депутаттар 4 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады.

Алдағы отырыста сенаторлар заңнаманы Конституция талаптарына сәйкестендіруге, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіруге бағытталған заңдарды қарайды.

Сондай-ақ ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әскери қызмет мәселелеріне қатысты түзетулер талқыланады.

Бұдан бөлек, күн тәртібіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ басқа да бірқатар заң енгізілді.

Отырыс барысында Мәжіліс қабылдаған заңдар тұрақты комитеттер арасында бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Сенаттың жұмыс жоспары талқыланды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Astana?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Мәңгілік ел даңғылы, 4
Astana
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00