Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Share

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы

Мәжілістің Facebook желісіндегі ресми парақшасына басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат жарияланады.
Парақшаға жазылуды ұмытпаңыз!

03/06/2026

Мәжілістің жалпы отырысынан бейнеүзінді

3 маусым 2026.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі's post 03/06/2026

Мәжіліс екінші оқылымда бірқатар заңды қабылдады

Мәжіліс екінші оқылымда нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі түзетулерді қабылдады. Депутаттар бастамашы болған заң жеке нотариустар заң көмегін көрсеткен кезде азаматтардың құқығын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін және нотариустардың жауапкершілігін күшейтуге арналған. Осы мақсатпен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын талаптар тізбесі кеңейтіледі. Құжатта атқарушылық жазба жасаудың ашықтығы мен объективтілігін арттыру нормалары көзделген.

Екінші оқылымда «Психологиялық қызмет туралы» депутаттық заң да қабылданды. Атап айтқанда, құжат шеңберінде онлайн платформалар арқылы психологиялық көмек көрсету мәселелері реттеліп, Психологтың әдеп кодексін сақтау талаптары енгізілді. Сондай-ақ мамандарды психологтар тізіліміне енгізу және одан шығару тәртібі регламенттелді. Сонымен қатар, адам санасына әсер ететін психикалық белсенді заттарды және әдістерді қолдануға тыйым салынды.

Мәжіліс депутаттары бастамашы болған әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі түзетулер де екінші оқылымнан өтті. Заңның негізгі ережелері техникалық және кәсіптік білім беру мен кәсіби біліктілік жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ көші-қон саясатын реттеуге бағытталған. Бұған қоса, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және инклюзивті білім беру салаларын қамтитын нормалар қабылданды. Осылайша, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қызметінің тәртібі заңнамалық түрде айқындалады, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу мен мониторингтеу қағидалары бекітіледі.

Бұдан бөлек, екінші оқылымда «Топырақты қорғау туралы» заң мен ілеспе түзетулері қабылданды. Құжаттарды Мәжіліс депутаттары топырақты тиімді басқарудың, оның құнарын қорғаудың және арттырудың құқықтық негізін құру мақсатымен әзірледі. Енді шаруақожалықтар жер телімінің паспортын ресімдейтін болады, онда жердің шекарасы мен өлшемдері ғана емес, оның сапалық деректері де көрсетіледі. Сонымен қатар топырақ құнарын толықтыруға тікелей байланысты ғылыми негізделген әдістерді міндетті түрде қолдану және басқа да нормалар көзделеді.

Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі депутаттық түзетулер де екінші оқылымнан өтті. Олар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіруге және мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұдан бөлек, кірістердің бір бөлігі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейіне беріледі, сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушылардың тізімі кеңейтіледі.

Екінші оқылымда депутаттар бастамашы болған «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң және оған ілеспе түзетулер қабылданды. Ұсынылып отырған жаңашылдықтардың ең маңызды нәтижесі – радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі жекелеген операцияларды реттеуден радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің бүкіл жүйесін кешенді реттеуге көшу. Екінші оқылымда депутаттар тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимін енгізуді, сондай-ақ оны жүзеге асырудың арнайы тәртібін бекітуді көздейтін түзетулер жасады. Сонымен қатар заң жобасында «ядролық мұра объектілері», «Атом электр станциясының ұлттық операторы» ұғымдары және басқа да жаңа нормалар енгізіледі.

Толығырақ Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан және mazhilis_kz Telegram арнасынан оқи аласыздар.
__

Мажилис принял ряд законов во втором чтении

Мажилис принял во втором чтении поправки по вопросам нотариальной деятельности и юридической помощи. Инициированный парламентариями закон призван обеспечить дополнительные гарантии защиты прав граждан при оказании юридической помощи частными нотариусами, а также усилить механизмы госконтроля в сфере нотариальной деятельности и ответственность нотариусов. В этих целях расширяется перечень оснований для приостановления и лишения лицензии на право занятия нотариальной деятельностью. Документом предусмотрены также нормы по повышению прозрачности и объективности совершения исполнительных надписей.

Во втором чтении также принят депутатский закон «О психологической деятельности». В частности, в его рамках урегулированы вопросы оказания психологической помощи посредством онлайн-платформ, введены требования по соблюдению Кодекса этики психолога, а также регламентирован порядок включения специалистов в реестр психологов и исключения из него. Наряду с этим установлен запрет на использование психоактивных веществ и психоактивных методов, влияющих на сознание человека.

Второе чтение прошли инициированные парламентариями поправки по вопросам совершенствования социального законодательства. Основные положения закона направлены на совершенствование системы технического и профессионального образования и профессиональных квалификаций, а также урегулирование миграционной политики. Дополнительно приняты нормы, охватывающие сферы здравоохранения, социальной защиты населения и инклюзивного образования. Так, законодательно определяется порядок деятельности центров активного долголетия, определены правила установления и мониторинга квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью.

Кроме того, во втором чтении приняты закон «Об охране почв» и сопутствующие поправки. Документы разработаны депутатами Парламента с целью создания правовой основы для эффективного управления почвой, защиты, поддержания и повышения ее плодородия. Теперь крестьянские хозяйства будут оформлять паспорт земельного участка, в котором отражение найдут не только его границы и размеры, но и качественные характеристики. Помимо этого, предусматриваются обязательное применение научно обоснованных методов по повышению плодородия почв и другие нормы.

Также второе чтение прошли депутатские поправки по вопросам государственного управления и местного самоуправления. Они направлены на совершенствование правового регулирования системы местного самоуправления и повышение эффективности деятельности маслихатов. Кроме того, часть доходов передается на уровень городов районного значения, сел, поселков и сельских округов, расширяется список участников программы «С дипломом – в село».

Во втором чтении приняты закон «Об обращении с радиоактивными отходами» и сопутствующие ему поправки, инициированные парламентариями. Наиболее важным результатом предлагаемых нововведений является переход от регулирования отдельных операций по хранению и захоронению радиоактивных отходов к комплексному регулированию всей системы обращения с ними. Ко второму чтению внесены поправки, согласно которым вводится режим постоянного госконтроля и надзора, а также закрепляется их специальный порядок, вводятся понятия «объекты ядерного наследия», «Национальный оператор атомной электрической станции» и другие.

Подробности читайте на официальном сайте mazhilis.parlam.kz и Telegram-канале Мажилиса mazhilis_kz.

t.me/mazhilis_kz

Photos from Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі's post 03/06/2026

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық туралы» заңды ілеспе түзетулерімен екі оқылымда қабылдады. Құжаттарға Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Мәжіліс депутаттары бастамашы болды. Олар қылмыстық саясатты ізгілендіруге және халықтың борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған.

Қылмыстық рақымшылық шеңберінде қылмыстық істерді, соның ішінде соттардың қарауындағы істерді тоқтату, жазадан босату және өтелмеген жаза мерзімін қысқарту көзделеді. Бұл ретте аса қауіпті қылмыстар жасаған, өмір бойына бас бостандығынан айырылған және сырттай сотталған адамдар рақымшылық аясына кірмейді.

Әкімшілік рақымшылық шарасы соттар салған айыппұлдарға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін төленген айыппұлдарға таралмайды. Оған Қазақстан азаматтығы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен заң консультанттары ілігеді.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжаттың мақсаты – ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына енгізілетін түзетулерге сәйкес келтіру. Түзетулер шеңберінде электрондық сауда тауарларын жеке санатқа бөлу ұсынылады. Сонымен қатар электрондық сауда операторларының қызметі үшін құқықтық база жасалады.

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары бастамашы болған асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Түзетулер бал ара шаруашылығының тұрақты дамуына жағдай жасауға, аралардың генетикалық қорын сақтауға, ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ селекциялық асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, «бал», «омартаның ветеринариялық паспорты» ұғымдары және басқа да нормалар енгізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторларға тиісті өкілеттік бере отырып, селекциялық асылдандыру жұмысына, асыл тұқымды жануарларды бонитирлеу және индекстік бағалау қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы екі елдің кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Толығырақ Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан және mazhilis_kz Telegram арнасынан оқи аласыздар.
__

В Казахстане впервые проведут административную амнистию

Мажилис принял в двух чтениях закон «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан» с двумя пакетами сопутствующих поправок. Документы инициированы депутатами Парламента во исполнение соответствующего поручения Главы государства и направлены на гуманизацию уголовной политики и снижение долговой нагрузки населения.

В рамках уголовной амнистии предусматриваются прекращение уголовных дел, в том числе находящихся на рассмотрении в судах, освобождение от наказания и сокращение неотбытого срока. При этом под нее не подпадут лица, совершившие особо опасные преступления, осужденные к пожизненному лишению свободы и заочно.

Административная амнистия будет распространяться только на административные штрафы, за исключением наложенных судами и за преступления, представляющие угрозу безопасности граждан и государства. Под нее подпадают физические лица, являющиеся гражданами Казахстана, а также индивидуальные предприниматели, частные нотариусы, частные судебные исполнители, адвокаты и юридические консультанты.

В первом чтении одобрены поправки в Кодекс «О таможенном регулировании в Республике Казахстан». Целью законопроекта является приведение национального законодательства в соответствие с поправками, вносимыми в Договор о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза. В рамках поправок товары электронной торговли предлагается выделить в отдельную категорию. Вместе с тем формируется правовая база для деятельности операторов электронной торговли.

Кроме того, Мажилис принял депутатский закон по вопросам племенного животноводства и пчеловодства. Поправки направлены на создание условий для устойчивого развития пчеловодства, сохранение генофонда пчел, повышение качества и безопасности продуктов пчеловодства, а также совершенствование системы селекционно-племенной работы. В частности, вводятся понятия «мед», «ветеринарный паспорт пасеки» и другие нормы. Помимо этого, усиливается госконтроль за селекционно-племенной работой, качеством услуг по бонитировке и индексной оценке племенных животных с наделением госинспекторов соответствующими полномочиями.

Комитет Мажилиса по финансам и бюджету принял в работу законопроект о ратификации Соглашения между правительствами Казахстана и Узбекистана об открытии представительств таможенных служб двух стран.

Подробности читайте на официальном сайте mazhilis.parlam.kz и Telegram-канале Мажилиса mazhilis_kz.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

Сегодня Мажилис принял закон об «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан». Кого коснется амнистия, какие штрафы спишут автоматически, смогут ли рассчитывать на сокращение срока Куандык Бишимбаев и Перизат Кайрат, а также почему государство решило пойти на такой шаг именно сейчас, в интервью Tengrinews.kz рассказала депутат Мажилиса Снежанна Имашева.

https://mazhilis.parlam.kz/ru/multimedia-center/news/17240

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

03/06/2026

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке құмар ойындарына тәуелділігі бар азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаевтың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа 1998-2011 жылдар аралығында кәсіпкерлер аударған зейнетақы жарналарын қайта есептеу туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

Депутатский запрос члена фракции партии «AMANAT» Сергея Пономарева первому заместителю Премьер-министра Нурлыбеку Налибаеву по формированию экологической культуры населения.

Будьте в курсе! Подписывайтесь на Мажилис в социальных сетях.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбектің Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға «Көкпар» ұлттық ойынын ұйымдастыру кезінде сақталуы міндетті қауіпсіздік стандарттары туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлының Премьер-Министр Олжас Бектеновке шетел көліктеріне қойылатын талаптар бойынша жолдаған депутаттық сауалы.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

03/06/2026

«Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаевтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке Семей ядролық полигонының қызметінен зардап шеккен азаматтарды мемлекеттік қолдау туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

Want your business to be the top-listed Government Service in Astana?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Астана қ. Парламент Мәжілісінің Үйі, Мәңгілік Ел, 2
Astana