police_atyrau06

police_atyrau06

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from police_atyrau06, Government Building, Атырау, Atyrau.

09/12/2022

Атыраулық полицейлер "Автобус" іс-шарасы кезінде 250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Атырау қаласының аумағында 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Негізгі мақсат - жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау. Іс-шараны өткізуге 200-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Аталмыш іс-шараның төрт күнінде полицейлер 241 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 13 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 18 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 39, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін-3, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 38, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін - 13, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін-8 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 14 жайты анықталып, 5 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 38 автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т. б. сәйкестігі тексерілді.

Атыраулық полицейлер атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша осындай профилактикалық шаралары жол-көлік оқиғаларын азайтуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ықпал етеді.

08/12/2022

Қылмыстың жолын кескен полиция қызметкерлері

Әлеуметтік желі мен атыраулық тұрғындардың талқысына түскен жасөспірімді зорлауға оқталу қылмысы белгілі болғаннан кейін қылмыстың жолын кескен полицейлерге деген желі қолданушыларының алғысы көптеп келуде. Қоғамдағы түрлі құқықбұзушылықтың жолын кесіп қылмыстың алдын алуда өз міндеттерін мінсіз орындап жүрген полиция қызметкерлері аз емес, тек тергеу құпиясына және қоғамның ақпараттық тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында да көп қылмыс түрі жарияланбайды. Сондай мінсіз қызметтің бір үлгісін көрсете білген Атырау қаласы Полиция басқармасында жылдам әрекет ете білу қабілетін бойға сіңірген бейбіт күннің батырлары - Асыланбек Бекболатұлы Гарифуллинді, сондай-ақ, Алтынбек Әділбекұлы Халел мен Теміржан Хайроллаұлы Құспановты зор мақтанышпен айтуға болады.

Олар Атырауда 6 желтоқсан күні сағат 9:00 шамасында «102» арнасына Авангард ықшам ауданында белгісіз ер адамның өзгенің Reno Duster автокөлігін заңсыз басқарып жасөспірім қызымен бірге айдап әкеткені жөнінде хабарлама берген.
Бейнебақылау камерасымен тексеру барысында аталған автокөліктің көп қабатты үйлердің ауласына жасырынғаны белгілі болды. Оқиға орнына 3 минут ішінде жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктінің автокөлік ішіндегі 13 жастағы жасөспірімді зорлауға оқталғанын анықтап, қылмыстық әрекеттің жолын кесті. Тәртіп сақшыларының хабарлама түскен бойда қырағылық танытып, жылдам әрекет етуі нәтижесінде күдікті қылмысқа оқталу кезінде ұсталды.

Photos from police_atyrau06's post 07/12/2022

Атыраулық полицейлер 9 жылдан бері тіркеусіз жүрген шетел азаматын анықтады

Атырау каласы полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумағында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, жалдамалы үйде тұратын Өзбекстан Республикасынын азаматтарын аныктады. Олардың жеке басын анықтау кезінде 1991 ж.т., азаматтың 2013 жылдан бері тіркеусіз жүргендігі және әйелі 1987 ж.т., азаматшаның 2018 жылдан бері тіркеусіз жүргендігі анықталды.

Жинақталған іс-құжаттар көші-қон полиция кызметіне тапсырылып, 31 жастағы азаматтың құжаттары жоқ болуына байланысты, Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Атырауские полицейские выявили иностранных граждан, которые находились на территории без регистрации 9 лет

Участковые инспектора полиции участкового пункта полиции №6 Управления полиции г. Атырау в ходе проведения проверок на своей административной территории выявили граждан Республики Узбекистан, проживающих в арендованном доме. При установлении их личности установлено, что гражданин 1991 г.р. находится без регистрации с 2013 года, а его жена 1987 г.р., находится без регистрации с 2018 года.
Собранные документы переданы в службу миграционной полиции и в связи с отсутствием документов у 31-летнего мужчины, он помещен в приемник-распределитель Управления полиции города Атырау.

#Атырауполиция #ПолицияАтырау #Атыраулықполицейлер #ПолицейскиеАтырау #Атыраулықтәртіпсақшылары #СтражипорядкаАтырау #АтырауоблысыПолицияДепартаменті #ДепартаментполицииАтырау
#ИсатайАПБ #МахамбетАПБ #ЖылыойАПБ #ҚұрманғазыАПБ #ИндерАПБ #МақатАПБ #ҚызылқоғаАПБ #АтырауҚПБ
#дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап

07/12/2022

Атыраулық полицейлер студенттермен кездесу өткізді

6 желтоқсан күні Атырау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері Тұрмыстық зорлық-зомбылық тобының инспекторларымен бірлесіп, 25 караша мен 10 желтоқсан аралығында Республика бойынша өткізіліп жатқан «Гендерлік зорлық-зомбылыққа карсы белсенді іс-кимылдың 16 күні» акциясына орай, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 1 – 2 курс студенттеріне іс-шара өткізді.

Шараның басты мақсаты - 16 күн ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық және құқықтық көмек көрсету, зорлық- зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар, халық арасында
түсіндіру жұмысын жүргізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбузушылықтардың алдын алу.

#қызғылтсарыәлем #16кун # зорлықзомбылыққа

06/12/2022

Атырауда автокөлікті заңсыз айдап әкетіп қоқыс жәшігіне жасырынған азамат ұсталды

5 желтоқсан күні уақыт 20:00 шамасында 1973 ж.т. азаматша "102" арнасына хабарласып, осыдан бес минут бұрын өзінің үйінің алдында оталып тұрған өзіне тиесілі маркасы Nissan Almera автокөлігін белгісіз адам белгісіз бағытқа заңсыз айдап әкеткені туралы хабарлады.
Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары сергек бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді.
Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері автокөлікті Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысында тоқтатқан кезде, күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбастан автокөлікпен қашып кетеді. Бұнымен қоймай күдікті жол ережесін өрескел бұзып қарсы бағытқа шығумен жол-көлік оқиғасын жасайды. Кейін полиция қызметкерлерінен бой тасалап қашып кету мақсатында жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалғаны белгілі болды.
Оқиға орнына дереу жеткен Батыс-15 қызметкерлері күдіктіні ұстап, оны тексеру барысында 1988 ж.т. азаматтың "Автокөлікті айдап әкетуші" және "Қалта ұрысы" тізімдік санатында есепте тұрғаны анықталды.
Нәтижесінде автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 34 жастағы азамат жедел тергеу тобына тапсырылды.

Осы ретте, Атырауда жол қозғалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде патрульдік полиция қызметкерлері қарқынды жұмыс атқаруда.

06/12/2022

Атырауда көлікпен дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

5 желтоқсан күні сағат 23:38 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері қызмет барысында әуежай автотұрағында маркасы Mersedes автокөлігі түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын байқап, аталған жерге патрульдік полиция қызметкерлерін жіберген. Тексеріс барысында 2002 ж.т. автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 15315 тг көлемінде айыппұл салынды.

Осы ретте, полиция қызметкерлері жол ережесін сақтау қажеттігін ескертеді.

В Атырау за дрифт на автомобиле водителя привлекли к административной ответственности

5 декабря около 23:38 сотрудники Центра оперативного управления в ходе службы заметили, что на парковке аэропорта автомобиль марки Mersedes совершал элементы дрифта. На место были направлены сотрудники патрульной полиции. В ходе проверки был установлен водитель автомобиля 2002 г. р., в отношении которого был составлен административный протокол по ч. 1 ст. 595 КоАП РК и наложен штраф в размере 15 315 тг.

При этом сотрудники полиции предупреждают о необходимости соблюдения правил дорожного движения.

#Атырауполиция #ПолицияАтырау #Атыраулықполицейлер #ПолицейскиеАтырау #Атыраулықтәртіпсақшылары #СтражипорядкаАтырау #АтырауоблысыПолицияДепартаменті #ДепартаментполицииАтырау
#ИсатайАПБ #МахамбетАПБ #ЖылыойАПБ #ҚұрманғазыАПБ #ИндерАПБ #МақатАПБ #ҚызылқоғаАПБ #АтырауҚПБ
#дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап

Photos from police_atyrau06's post 06/12/2022

Тәртіп сақшылары жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Атырау қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары қала аумағында орналасқан орта және негізі білім беру ұйымдарында білім алушыларға “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында бірқатар жиналыстар өткізуде.

Мақсат - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күрсеу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Жиналыс барысында жасөспірімдерге қазіргі уақытта жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алатын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтірілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмысты, топтық төбелес фактілері мен жолда жүру қауіпсіздігін сақтау, одан басқа бос уақыттарында сақтық ережелерін сақтап, қауіп-қатердің алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және де отбасында байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, орын алу деңгейлері баяндалып, мәліметтер мен деректер келтірілді.

Құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойған жасөспірімдер жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.

06/12/2022

Атыраулық полицейлер “Мұз үстінде мұқият бол” тақырыбында жиналыстар өткізуде

Су айдындарында қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында Атырау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары қала аумағында орналасқан мектеп оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары балаларды мұз айдынына қараусыз жібермеу керегін, өзен және көлдерде мұздың қауіпті екенін ескертіп, бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Бұға қоса, ата-аналар назарына балаларға қауіпсіздік ережелерін жіті түсіндіріп, мұз айдындарында ойын ойнауына тыйым салуды түсіндірді.

Атырауские полицейские проводят собрания на тему "Будьте осторожны на льду"

В целях недопущения трагедии на водоемах инспекторами отделения ювенальной полиции Управления полиции города Атырау проводится разъяснительная работа для учащихся школ, расположенных на территории города.

Стражи порядка провели ряд профилактических работ, предупредив детей о том, что нельзя выходить на лед без присмотра.

#Атырауполиция #ПолицияАтырау #Атыраулықполицейлер #ПолицейскиеАтырау #Атыраулықтәртіпсақшылары #СтражипорядкаАтырау #АтырауоблысыПолицияДепартаменті #ДепартаментполицииАтырау
#ИсатайАПБ #МахамбетАПБ #ЖылыойАПБ #ҚұрманғазыАПБ #ИндерАПБ #МақатАПБ #ҚызылқоғаАПБ #АтырауҚПБ
#дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап

Photos from police_atyrau06's post 06/12/2022

Атыраулық полицейлер автобус жүргізушілеріне тексеру жүргізуде

Қоғамдық көліктің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер назарына жол қозғалысы ережелерін сақтаумен жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері тарапынан тіркелетін жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсан күндері аралығында облыс көлемінде “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қалалық және мектеп автобустарының рейс алдындағы техникалық жай-күйін қарап тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, 5 желтоқсан күні уақыт 15:10 шамасында Лесхоз мөлтек ауданы, Сафари кафесі тұсында 1985 ж.т. азаматтың басқаруындағы маркасы Hyundai County автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде көлік құралының медициналық қобдишасы және өрт сөндіргіш құралдары болмағаны анықталды.
Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделіп, 5 АЕК мөлшер көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сырым Датов көшесі бойында 33 жастағы азаматтың басқаруындағы маркасы Toyota Coaster автокөлігінің алдыңғы желқағар әйнегінің сызаты бар күйінде басқарғаны анықталып, жүргізушіге қатысты 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте, Атырау облысы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтар назарына, көлік құралын басқару кезінде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.

#Атырауполиция #ПолицияАтырау #Атыраулықполицейлер #ПолицейскиеАтырау #Атыраулықтәртіпсақшылары #СтражипорядкаАтырау #АтырауоблысыПолицияДепартаменті #ДепартаментполицииАтырау
#ИсатайАПБ #МахамбетАПБ #ЖылыойАПБ #ҚұрманғазыАПБ #ИндерАПБ #МақатАПБ #ҚызылқоғаАПБ #АтырауҚПБ
#дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап

06/12/2022

Атыраулық полицейлер мұз үстіне шығуға болмайтындығын ескертеді

Жыл сайын жұқа мұз адам өліміне себеп болады. Әдетте, қаза болғандардың арасында балалар мен балықшылар жиі кездеседі. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің кей учаскелері қата қойған жоқ. Бұған қарамастан, балықшылар басын қатерге тігуді тоқтатар емес.
Осы негізде Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлар Жайық өзеніне барып, сол аймақта жүрген адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-Судың беті қатты қатпаса да көптеген адамдар балық аулауға шығып жатады.Балықшылардың көпшілігі ауа-райына қарамай, көзсіз тәуекелге бел буады. Ал, балалар су бетін сырғанақ алаңына айналдырады. Жазатайым оқиғалар орын алмас үшін, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізудеміз,-дейді тәртіп сақшылары.

Айта кету керек, қазір біздің өңірде су беттеріндегі мұз жамылғысы әлі де берік емес және әрқашан адамның салмағын көтере алмайды.

Сондықтан Атырау қаласы Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына мұз бетіне шығуға болмайтындығын және жасөспірім балаларын өзенге жібермеу керектігін қатаң түрде ескертеді!

Want your business to be the top-listed Government Service in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Атырау
Atyrau