19/03/2026
- 19 наурыз сағат 21.00 бастап Махамбет даңғылы Жібек жолы мейрамханасы алдынан Қазпочта кіреберісне дейінгі аумақ;
- 21 наурыз сағат 00:00 бастап Қазпочта кіреберіснен Жылыой ауданы әкімдігі ғимараты алды тұтастай жабылады, айналма жолға (кольцевой) дейінгі аралық;
- 22 наурыз сағат 00:00 бастап 23 наурыз 00:00 ге дейін Қазпочта кіреберіс жолынан Орталық базар маңындағы айналма жол (кольцевой) аралығы тұтастай жабылады.
13/03/2026
🎉 “НАУРЫЗFEST” – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы
Наурыз мерекесі аясында ауданымызда ұлттық дәстүрді дәріптейтін бірқатар мәдени-рухани шаралар өтеді.
📅 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
«Жақсылық – амандықтан басталады»
🕗 Сағат: 20:00
📍 Өтетін орны: Құлсары қаласы, “Жылыоймұнайгаз” МГӨБ АҚ
📅 15 наурыз – Қайырымдылық күні
«Жақсылық жаса – жыл бойы жарқын бол»
📍 Өтетін орны: Жаңа Қаратон кенті
📅 16 наурыз – Шаңырақ күні
«Берекелі шаңырақ – ұлт тірегі»
📍 Өтетін орны: Тұрғызба ауылы
📅 17 наурыз – Дәстүр күні
«Дәстүр – ұлттың рухани коды»
📍 Өтетін орны: Шоқпартоғай ауылы
📅 18–19 наурыз – Ұлттық киім күні / Жаңару күні
«Ұлттық нақыш – жаңарған сана»
📍 Өтетін орны: Майкөмген ауылы
📅 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
«Күш – дәстүрде»
📍 Өтетін орны: Ақкиізтоғай ауылы
📅 21 наурыз – Ынтымақ күні
«Бірлік бар жерде – береке бар»
📍 Өтетін орны: Қосшағыл ауылы
📅 22 наурыз – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ (Қорытынды гала-концерт)
«Жыл басы – Наурыз!»
📍 Өтетін орны: Құлсары қаласы, Орталық алаң
📅 23 наурыз – Тазару күні
Жалпы аудандық сенбілік
🌿 Баршаңызды Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз!
13/03/2026
🇰🇿 Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары мен қонақтары!
🎯 Наурыз мерекесіне орай ардагерлер арасында
ұлттық спорт түрлері тоғызқұмалақ, асық ату және бес асықтан
аудандық турнир өтеді.
📅 Күні: 16–18 наурыз 2026 жыл
🕙 Басталуы: 10:00
📍 Өтетін орны: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы
🏆 Турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрлерін
насихаттау және ардагерлер арасында
салауатты өмір салтын дамыту.
📞 Бас төреші: Алмагүл Жауынбаева
📱 +7 775 766 2318
13/03/2026
🔊Ұлыстың Ұлы күніне орай
22 наурыз күні Құлсары қаласында өтетін мәдени шаралар тізбесі.
🔻САҒАТ 10:00
1. ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ «АРМЫСЫҢ, АТА ДӘСТҮР – ӘЗ НАУРЫЗ» театрландырылған-хореографиялық мәдени-көпшілік шара;
🎶Кеш қонағы: Дәстүрлі әнші: Бибігүл Сауытова
📍Өтетін орны: Орталық алаң (Жылыой ауданы әкімдігі)
2. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС.
Қазақ күресі - жүлде қоры 450 000 т.
Гір тасын көтеру (32 кг) - жүлде қоры 230 000 т.
Арқан тарту (команда құрамы 5 адамнан) - жүлде қоры
330 000 т.
📍Өтетін орны: Орталық стадион автотұрағы
🔻САҒАТ 20:00
«НАУРЫЗ – ДУМАН»
Ұлыстың Ұлы күніне орай Гала-концерт.
🎶Кеш қонақтары:
Эстрада әншісі: Мәлік Жамбылұлы және
“Алатау серілері” тобы
📍Өтетін орны: Орталық алаң (Жылыой ауданы әкімдігі)
🔻САҒАТ 22:00
“Мерекелік отшашу”