01/11/2025
Атырау облысының Дін істері басқармасының ресми хабарламасы📃
Атырау облысы Дін істері басқармасы мен Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бірлескен іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қаласының бірнеше шағын аудандарында күмәнді мазмұндағы діни әдебиеттерді таратқан азаматша С.Н., 1958 жылы туған анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Аталған тұлғаның әрекеттеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449 және 490-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Тіркелген діни әдебиеттер тиісті тәртіппен Дін істері комитетінің дінтану сараптамасына жолданды.
Қазіргі таңда азаматша С.Н.-ның Атырау облысындағы ресми тіркелген діни бірлестіктерге қатысы жоқ екендігі анықталды.
Атырау облысының Дін істері басқармасы азаматтарды діни мазмұндағы әдебиеттерді тарату кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға және ресми тіркелген діни бірлестіктер мен уәкілетті органдардың рұқсатынсыз діни материалдарды таратуға жол бермеуге шақырады.
18/10/2025
Рухани келісім күні – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының берік негізі. Әрқайсымыздың жүрегімізде сыйластық пен ізгілік ұяласа, қоғамымыз да соғұрлым жарқын болмақ.
Осы игі мерекеде баршаңызға амандық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс пен шабыт тілейміз!
Бірлігіміз бен рухани келісіміміз мәңгі жасай берсін!
Ізгі тілекпен,
Атырау облысы Дін істері басқармасы
01/10/2025
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН ДІНИ БЕЙТАРАПТЫҚ:ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ЗАЙЫРЛЫ ҚАҒИДАТТАР
Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде әрбір азаматтың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етеді. Конституцияның 22-бабында: “Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Бұл құқықты қандай да бір дінде болуға немесе ешқандай дінде болмауға, өз діни наным-сенімін ұстануға немесе ұстанбауға еркін таңдау мүмкіндігі ретінде түсіну керек.”
Алайда, мемлекеттік қызметшінің рөлі мен қызметі тек жеке сеніммен ғана шектелмейді. Ол – мемлекет атынан халыққа қызмет ететін тұлға, сондықтан оның әрекеті кәсіби, бейтарап және мемлекет мүддесіне сай болуы шарт. Осы тұста мемлекеттік қызметшінің діни көзқарасы мен қызметтік этикасы арасындағы шекараны дұрыс ажырату – өте маңызды.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» – мемлекеттік қызметте моральдық-этикалық нормаларды айқындайтын басты құжат. Бұл кодексте мемлекеттік қызметшінің қоғаммен қарым-қатынасы, мінез-құлқы, қызметтік әдебі және жеке наным-сенімі мәселелері нақты реттеледі. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші:
• Қоғам мен азаматтардың сенімін ақтауға міндетті;
• Қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және кәсіби тұрғыда орындауы тиіс;
• Өзінің діни наным-сенімін мемлекеттік қызметке араластырмауы қажет.
Бұл талаптар Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі саясатына толық сай келеді. Мемлекет пен діннің бөлінуі – демократиялық қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі.
Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінгенімен, дінге тыйым салынбайды. Керісінше, мемлекет:
• Барлық діни конфессиялардың заң аясындағы қызметіне кепілдік береді;
• Азаматтардың діни сеніміне құрметпен қарайды;
• Бірақ мемлекеттік қызметтің бейтараптығы мен зайырлылығын қатаң талап етеді.
30/09/2025
ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы орган басшыларымен кездесу өтті.
Кездесуге облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов және облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мендіғалиева қатысты.
Аталған шараға 20-ға жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері өзекті мәселелер бойынша сауалдар қойып, басқарма басшыларынан нақты жауаптар алды.
_____________
СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С РУКОВОДИТЕЛЯМИ МЕСТНЫХ ОРГАНОВ
В гражданском центре состоялась встреча с руководителями местных исполнительных органов.
Во встрече приняли участие руководитель областного управления по делам религий Кахарман Мусаев, руководитель областного Управления культуры и развития языков Абиль Жоламанов и заместитель руководителя областного Управления образования Лаура Мендигалиева.
На мероприятии около 20 представителей неправительственных организаций (НПО) задали вопросы по актуальным вопросам и получили конкретные ответы от руководителей управлений.
25/09/2025
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ «ШАПАҒАТ» ҚҚ-НЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
24 қыркүйек күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорында Атырау облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өтті.
Шараға облыстық мәслихаттың Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Юсупов Ермеккалий Тулепкалиевич, сондай-ақ комиссия мүшелері Касенов Серик Беркингалиевич пен Семғалиев Әлібек Аманжанұлы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – өңірде деструктивтік діни ағымдардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу және осы салаға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін зерделеу болды.
Кездесуді басқарманың бөлім басшысы М.Изгалиев жүргізіп, жиын модераторы ретінде сөз сөйлеп, аймақтағы діни ахуалға жан-жақты шолу жасады.
Жиын барысында қонақтар «Шапағат» қоғамдық қорының қызметімен танысып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тетіктері, сондай-ақ деструктивтік діни ағымдағы тұлғалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық және оңалту жұмыстары туралы кеңінен мағлұмат алды.
Қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру жолдарын қарастырды. Отырыс аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ оңалту іс-шараларын одан әрі жүйелеу жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
Баспасөз қызметі
25/09/2025
ВАЖНЫЙ ШАГ НА ПУТИ К МИРУ И СОГЛАСИЮ
На съезде лидеров мировых и традиционных религий в Астане впервые принимает участие руководитель управления по делам религий Атырауской области Кахарман Мусаев. В интервью «ПК» он отметил суть столь значимого события.
По словам руководителя областного управления по делам религий, масштаб события действительно глобальный. В Астане собрались представители крупнейших религий и конфессий мира, лидеры духовных движений, общественные деятели и политики. Это превращает столицу Казахстана в центр диалога Востока и Запада, Севера и Юга. Чувствуется дух открытости и уважения.
– Участники говорят о самых актуальных мировых вызовах: войнах, терроризме, экстремизме, климатических проблемах, о роли религии в сохранении духовных ценностей и укреплении мира. Казахстан ещё раз подтверждает свой статус «моста» между цивилизациями и площадки доверия. Сам факт, что такие встречи проходят именно в Астане, показывает высокий международный авторитет Казахстана, – отмечает Мусаев.
Спикер уверен: съезд демонстрирует, что диалог важнее конфронтации, а религии должны объединять, а не разделять.
– В Казахстане мирно сосуществуют различные культуры и религии. Мы впервые выступили с этой инициативой здесь в 2003 году, и с тех пор она стала нашей постоянной традицией. Наша страна – государство, где ценят взаимное уважение и мир. Впечатление такое, будто в Астане создана «духовная дипломатия», которая работает не менее эффективно, чем классическая политика, – делится собеседник.
На съезде также присутствует представитель ДУМК, главный имам Имангали центральной мечети Абу Болатбек Улусханулы. 18 сентября пройдёт II Форум молодых религиозных лидеров на тему «Молодёжь за мирное сосуществование: синергия во имя будущего», очень значимая площадка для молодёжи, ведь именно молодые люди – опора завтрашнего общества.
⬇️
21/09/2025
ӨҢІРДЕГІ ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІ ШЕТЕЛДІК ДІН САРАПШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның ұйымдастыруымен 20 қыркүйекте АҚШ-тың діни қызмет саласындағы сарапшыларының Атырау қаласына іссапары аясында өңірдегі діни бірлестік өкілдерімен ІІІ тоқсандық дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға Атырау облысы Дін істері басқамасының басшысы Мусаев Қаһарман Рахметұлы, АҚШ-тың діни қызмет саласындағы сарапшысы, «LYNC» ҮЕҰ-ның президенті Уэйд Кьюсак,
ҚР Сыртқы істер министлігі Америка департаментінің екінші хатшысы Шалгимбаев Сапарғали Мұратшауұлы, «Атырау Рим-католик апастолдық әкімшілігі» діни бірлестігінің өкілдері
Сакмар Петер, Соляревич Эва Катажина, «Свято-Успенский» шіркеуінің өкілдері
Александр Ермаков, Владимир Кокорев, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мустафаев Мұрат және Атырау қаласындағы мешіт имамдары, Дін істері басқармасы қызметкерлері қатысты.
Кездесудің кіріспесін басқарма басшысы Қаһарман Мусаев ашып, өңіріміздің діни ахуалы, тіркелген діни бірлестіктер саны және олармен бірлесе атқарылатын жұмыстар турасында ақпарат беріп, елімізде конфессияаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын, халықтың мақсатты топтарына өткізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, олардың мақсатын атап өтті.
25/07/2025
Этический кодекс для преодоления межэтнического языка вражды в Казахстане
25/07/2025
Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі📝
27/05/2025
ДІН МАМАНДАРЫ: РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Ақпарат ағыны күшейген заманда діни білімді, білікті мамандардың медиа кеңістікте белсенділігі мен кәсіби біліктілігі қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін сақтауға зор ықпал етеді. Сол себепті дін мамандарының заман талабына сай дамуы мен біліктілігін арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осы орайда, бүгін Атырау қаласында облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп, Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі дін саласы мамандарының рөлі» тақырыбында 3 күндік оқыту-курсы басталды.
Курстың мақсаты - өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі дін саласы мамандарының рөлін көтеру, медиа-контент жасау және жұртшылық алдында әсерлі сөз сөйлеу мәдениетін, кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру.
Аталған шараны «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Ғабдығапаров Еркебулан ашып, шараның мақсатын түсіндірді. Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев дәстүрлі дінімізді әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізудің, имамдардың заман талабына сай қоғам алдында жаңашыл бейнесін қалыптастырудың маңызын атап өтті. Одан соң, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, “Иманғали” орталық мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы әр аудиторияның дүниетанымы мен өмір сүру жағдайына, қызғушылығына сай насихат айтуды ескертіп, қатысушы дін мамандарына сәттілік тіледі. Әрі қарай «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Ербол Жаулин имамдарға әлеуметтік желілер бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын, жүргізу талаптарын, жұмыс межесі мен нәтижесін кеңінен түсіндіріп өтті.
15/04/2025
Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан Атырау облысының студенттері жергілікті дін саласының өкілдерімен бейресми форматта кездесті.
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл жиынды, басқарманың бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев ашып, болашақ дін мамандарына сәттілік тілеп, елге қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
— Бүгінде сіздер тек діни білім алып қана қоймай, ертең Атырау өңірінің рухани дамуына үлес қосатын жауапты маман боласыздар. Оқу жолы оңай емес екенін жақсы білеміз, алайда сол қиындықтарға төзіп, білімдеріңізді ел игілігіне жұмсай білсеңіздер, туған жердің сіздерге әрдайым есігі ашық. Атырау облысында дін саласында кәсіби кадр тапшылығы сезілуде, сондықтан өзіміздің жергілікті жастарымызды қолдап, жұмысқа шақырып отырмыз, — деді Мұхтар Ізғалиев.
Кездесуде Атырау облысындағы ҚМДБ өкілі, АТТ мүшесі, теолог Болатбек Ұласқанұлы мен теолог, АТТ мүшесі Ринат Қалмазұлы да студенттерге ақыл-кеңестерін айтты.
Кездесу барысында студенттер өз ойларымен еркін бөлісіп, жергілікті дін саласының өкілдеріне сұрақтар қойды. Жиын соңында белсенділік танытқан студенттерге сыйлық сертификаттары табысталды.
Шұғыла ЕҢСЕП