23/04/2025
Ұлттық кітап күніне орай облысымызда кітап сүйер қауым арасында онлайн-сауалнама өткізілген болатын. Сауалнаманы «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» КММ google forms форматында өткізіп, 2100 респондентті қамтыды.
Респонденттердің 87,3%-ы әйелдер, 12,7%-ы ерлер.
Жасы ерекшелігі бойынша:
• 42,4%-ы 30-45 жас аралығы;
• 34,8%-ы 40-60 жас аралығы;
• 18,7%-ы 18-29 жас аралығы;
• 4,1%-ы 61 жастан жоғары.
Сауалнама қорытындысы бойынша:
1. «Сіз кітапты қаншалықты жиі оқисыз» сауалына 25,1%-ы жылына 1немесе 2 кітаптан оқиды, 23,5%-ы йына бір рет оқыса, 20,5%-ы айына бірнеше кітап оқушылар.
2. Соңғы 1 жылда 20 кітаптан жоғары оқығандардың саны – 8,1%-ды құраса, 54,2%-ы 10 кітапқа дейін ғана оқушылар.
3. Кітап «жанрына» келетін болсақ, ең көп оқылатыны – 41,3% көркем әдебиет, ал екінші орында психологиялық кітаптар – 14,9%, махаббат романдары және тарихи ктіпатарды сүйер қауымның пайызы (екеуі де 13,4% ).
4. Кітап сүйер қауымның 68,9%-ы әлі де болса дәстүрлі (қағаз) форматындағы кітаптарды.
5. Кітап оқушылардың 53,6%-ы кітапты кітапханалардан алса, 37,1%-ы кітап дүкендерінен ал 29,1%-ы интернеттен жүктеп алады екен, 22,3%-ы достарынан алады.
6. Жергілікті кітапханаларға «жиі» барушылардың үлесі 28,6%, барғысы келіп бірақ уақыт таппайтындар 18,2%.
7. 45%-ның жеке кітап қоры жоқ, ал 26,3%-ның 100-ге жуық кітап қоры бар.
8. Жалпы кітапты 43,6%-ы рухани даму үшін оқыса, 34,9%-ы білім мен таным көзі ретінде қарайды.

22/10/2024
14/08/2024
16/04/2024
20/03/2024
12/02/2024
26/01/2024
19/01/2024