Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

Share

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

14/08/2025

Құрметті оқырмандар!
Кітапхана жұмысына қатысты барлық ақпарат енді тек Кітапхана Атырау парақшасында жарияланады!

Photos from Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы's post 04/08/2025

Кітапханада жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рәш Мыңбайдың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ сатирасының ақсақалы» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталды.
​Рәш Мыңбайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы боразда» деген атпен жарыққа шықты. Ол қырыққа тарта кітаптың авторы жиырмаға жуық поэмалар мен балладаларын оқырманға ұсынды. Ақын лирикалық, азаматтық өлеңмен бірге, сатира жанрында да еңбек етті.
​Жазушы шығармаларын алуан түрлі тақырыпта жазған.
​Автордың ерекше атап өтер туындысы бес томдық шығармалар жинағы. Бұл жинақтың «Жадымда қалған жайсаңдар» атты бірінші томында көптеген тарихи тұлғалар, әдебиет майталмандары, өнер саңлақтары хақында ғибратты сөздеріне куә болғанын тілге тиек етеді. Оның 1965 жылы «Суылдақ» сатиралық шығармалар томдығы жарық көрді. Бұл кітап «Әзілің жарасса», «Мұндайлар да бар әлі», «Суылдақ» деп аталатын үш бөлімге топтастырылған. Автордың «Кері тартқанды бері тарт» сын-сықақтары, 1943 жылы Алматы қаласында өткен Қазақтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевты көзімен көргені хақында жазылған шығармасы оқырманға ұсынылған.
​«Бір өзі – бір театр», - деп жазушы-журналист Сүлеймен Мәмет айтқандай Рәш Мыңбай өз жанрында әдебиетімізге белгілі дәрежеде үлес қосқан белді қаламгер.

03/08/2025

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында «Абай мұрасы – халық даналығы» атты ашық аспан астында әдеби сағат ұйымдастырылды.
Бұл шара республиканың барлық көпшілік кітапханаларында бір күнде өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында Абай мұрасын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Іс-шара барысында оқырмандар Абай әндерін орындап, өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, «Ашық микрофон» форматында жастардың Абайға арнауы айтылды.

30/07/2025

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау мақсатында ақын өлеңдері оқылып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Гүл шоғын қою рәсіміне кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
Ақынның өзі жарық дүниеге келген, туған жер - алтын бесігі туралы жырлары әрбір жанға ерекше әсер қалдырады.
Себебі өнер әлеміндегі айрықша құбылыс болған ақынның өлеңдері әлі күнге дейін маңыздылығы мен өзектілігін жойған жоқ. Ақын поэзиясы өзі өмір сүрген орта мен уақыттың ұлы жемісі.

21/07/2025

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған флешмоб челленджды Жылыой аудандық орталық кітапханадан қабылдап, Атырау облыстық кітапханасына жолдаймыз!

21/07/2025

«100 кітап» – бұл жай ғана рейтинг емес. Бұл – әрбір қазақ оқырманының таңдауы арқылы ұлттық әдеби канонды қалыптастыру, отандық авторлардың мәртебесін көтеру, ұрпақты оқуға, ойлауға баулу жолындағы нақты қадам.

Құрметті оқырман! Сіз де сауалнамаға үн қосыңыз!

18/07/2025

Құрметті оқырман! Елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр.Мақсат - қазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.EGov.kz ресми сайты арқылы сіз де сүйікті жазушыңыздың прозадан бастап поэзия, фантастика, публицистика және тарихи романдарға дейін әртүрлі жанрлардағы 10 кітапты таңдай аласыз.Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады, нәтижесі 10 тамыз – «Абай күнінде» жарияланады.Сіз де дауыс беріп, ұлт руханиятына үлес қосыңыз, оқырман!

30/06/2025

“Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтаныш” тақырыбында әдеби сағат ұйымдастырылды. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты. Шара барысында Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, викториналық сұрақтар қойылды.

25/06/2025
19/06/2025

Биыл Ескендір Хасанғалиевтың туғанына 85 жыл.Ескендір Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлес қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы.

Want your business to be the top-listed Government Service in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


проспект Абулхайыр хана 52
Atyrau
060009

Opening Hours

Monday 10:00 - 19:00
Tuesday 10:00 - 19:00
Wednesday 10:00 - 19:00
Thursday 10:00 - 19:00
Saturday 10:00 - 19:00
Sunday 10:00 - 19:00