Мақат ауданының кітапханасы

Мақат ауданының кітапханасы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Мақат ауданының кітапханасы, Library, Макат, Atyrau.

02/06/2026

Келіңіздер көріңіздер!

31/05/2026

#5Мақат кітапханасы және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай “Тарихыңды таны” атты тарихи викторина ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жастарға Алаш қозғалысының тарихын насихаттау, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін таныстыру, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Танымдық сайысқа белсенді жастар қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Викторина 3 кезең бойынша өткізілді:
1 кезең – “Алаш арысы” блиц сұрақтар бөлімі. Қатысушыларға Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, Алаш қозғалысы және тарихи деректер бойынша жедел сұрақтар қойылды.
2 кезең – “Тарих шежіресі” күрделі сұрақтар бөлімі. Бұл кезеңде қатысушылар тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты терең білімдерін көрсетті.
3 кезең – “Дәйексөздер” капитандық сайысында командалар басшылары тұлғалардың нақыл сөздері мен тарихи пікірлерін талдап, өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында жастар белсенділік танытып, тарихи танымдарын кеңейтті. Викторина соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, арнайы ұйымдас

28/05/2026

📚 Қазақ әдебиетінің жауһары — Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» — қазақ қыздарының тағдыры, заман қиындығы мен әйел теңсіздігін терең суреттеген психологиялық роман. Шығармада Ақбілектің басынан өткен ауыр тағдыр, оның рухани күші мен өмірге деген жігері әсерлі баяндалады.
Бұл роман — қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін жаңа қырынан танытқан құнды туынды. ✨
#Ақбілек #ЖүсіпбекАймауытов #ҚазақӘдебиеті #Кітап #Әдебиет ҚазақРоманы

24/05/2026
09/05/2026

9 мамыр - Жеңіс күніне орай №5 Мақат кітапханасының ұйымдастыруымен «Тарих. Тағдыр. Тағзым» атты танымдық викторина өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғаларды таныту, батырлардың ерлігін дәріптеу және Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Викторинаға екі команда қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынға салды.
Викторина 4 турдан тұрды:
1. «Тарихқа саяхат» – соғыс жылдарындағы маңызды оқиғаларға байланысты сұрақтар;
2. «Батырлар есімі – өлмейді» – майдангер батырлар туралы танымдық бөлім;
3. «Тылдағы еңбек» – тыл ардагерлерінің қажырлы еңбегін насихаттау;
4. «Жеңіс әндері» – соғыс жылдарындағы патриоттық әндерді еске түсіру кезеңі.
Қатысушылар белсенділік танытып, тарихи білімдерін ортаға салды. Шара барысында Ұлы Жеңістің маңызы, бейбіт өмірдің қадірі туралы тағылымды ойлар айтылды.
Іс-шара соңында оқырмандарға Аудандық орталық кітапханада ұйымдастырылған «Мәңгілік елдің мәңгі есінде – Жеңіс» атты кітап көрмесі таныстырылып, соғыс тақырыбындағы әдебиеттер мен тарихи мәліметтер насихатталды.

08/05/2026

Тоқаш Бердияровтың «Оқ пен гүл» шығармасы — соғыс пен бейбіт өмірді терең суреттеген тағылымды туынды. Ақын «оқ» арқылы қасіретті, ал «гүл» арқылы өмір мен үмітті бейнелейді.

🌺 Шығарма адамзатты тыныштықты қадірлеуге, туған жерді сүюге үндейді.
🕊️ Бейбіт өмір — ең үлкен бақыт.

#ТоқашБердияров #ОқПенГүл #ұлыжеңіс

Photos from Мақат ауданының кітапханасы's post 08/05/2026

Тоқаш Бердияров — қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, майдангер жазушы. Оның шығармаларында ерлік, Отанға сүйіспеншілік, соғыс шындығы мен бейбіт өмірдің қадірі терең суреттеледі.
🕊️ Ақын жырлары жүрекке ой салып, адамды елін сүюге, тыныштықты бағалауға үндейді.
#ТоқашБердияров #ҚазақӘдебиеті #ҚазақПоэзиясы #ОқПенГүл #Поэзия ПатриоттықӨлең Бейбітшілік

Want your business to be the top-listed Government Service in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Макат
Atyrau
060600

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
18:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 18:30
18:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 18:30
18:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 18:30
18:00 - 19:00
Friday 09:00 - 18:30
18:00 - 19:00
Saturday 10:00 - 18:30
Sunday 10:00 - 18:30