Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»

Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»

Share

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының ресми парақшасы

Атырауский областной филиал Общественного объединения Народная партия Казахстана – добровольное объединение граждан Республики Казахстан, НПК выражает политическую волю трудящихся, безработных, пенсионеров и молодежи путем их участия в работе органов местного самоуправления, представительных и исполнительных органов государственной власти в целях представления и отстаивания интересов населения, испытывающего стремление к социальной справедливости и политическому равенству.

28/11/2023

“Қазақстан Халықтық партиясы”Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік🇰🇿 күніне орай «Әлем балалардың көзімен» тақырыбындағы байқауына, балалар суреттерін қабылдауды аяқтады.
Бүгін облыстық филиал кеңсесінде әділ 🎓қазылар алқасы жиналып, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау төмендегі жас санаттары бойынша бағаланды.
Бас жүлде🏆
5-7 жас🥇🥈
8-10 жас🥇🥈🥉
11-13 жас🥇🥈🥉
14-16 жас 🥇🥈🥉
Жұбаныш сыйлықтары🥳🥳🥳

Құрметті ата-аналар мен қатысушылар Сіздерді
Б. Құлманов 117 Б мекен-жайында орналасқан "Банк Центр кредит" кеңсесінің 5 қабаты, конференц залына 2023 жылдың 2️⃣
желтоқсаны, яғни сенбі күні байқау қорытындысына шақырамыз.
13:30 тіркелу
14:00 басталуы.
Сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласыңыз
8 778 702 16 85 -Әлия.
Құрметпен “Қазақстан Халық партиясы” Атырау облыстық филиалы ✊✊✊

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 16/11/2023
Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 08/11/2023

📌«Суды үнемдеу, қауіпсіздігі мен оны пайдаланудағы тәуелсіздік»

«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселе болып тұр. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін», - деген еді Президент Қазақстан халқына жолдауында.
Расында, бұл мәселе көп жылдан бері қордаланып қалды. Ауыз су, егінді алқаптарға судың жетіспеушілігі, осыдан туындайтын қуаңшылық, мұның мал шаруашылығына кері әсері, соңғы жылдары тіптен күрделеніп кетті. Жаз мезгілінде бірқатар елді мекендерде ауыз су жеткіліксіз. Экологиясы нашар Атырау облысында суға деген зәрулік артып келеді. Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, аймақта 180 өздігінен төгілетін ұңғыма бар. Олардың 53-іне халықтың өтініші бойынша жапқы салынған, бірақ бүгінде жұмыс істеп тұрған жоқ.
«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық Бірлестігінің Атырау облыстық филиалы «Суды үнемдеу, қауіпсіздігі мен оны пайдаланудағы тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел онлайн және офлайн форматта өтеді, тек Атырау облысы ғана емес, еліміздің батыс аймақтарындағы су мәселелері де жиынның өзекті тақырыбы болды.
Жиынға Атырау облысы әкімдігі, су ресурстарына жауапты жергілікті мекеме жетекшілері, мәслихат депутаттары, экологиялық қауымдастық өкілдері, салаға жауапты министрлік комитеті және көршілес жатқан басқа да аймақ мамандары қатысты.

#халықпартиясы #народнаяпартияказахстана #нпк #қхп

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 30/10/2023

“Қазақстан Халық партиясы” Атырау облыстық филиалының атынан кандидатымыз Р.Мұқанов және партия басшысымен белсенділері Исатай аудандық емхана қызметкерлермен кездесу өткізді.Медицина саласының қызметкерлерімен Кандидатымыз Р.Мұқанов өзін таныстырып қана қоймай сайлауалды бағдарламасымен де толық қанды таныстырды.
Ақ халаттылар Рашид Тасанұлына сәттілік тілеп, оның ауданның көркейуіне қосып жатқан үлесін атап өттіп, жылы лебіздерін білдурді.Сонымен қатар сұрақ қоюды ұмытпады.Ең өзекті мәселе, ол:
-Жұмыссыздық;
-Кәріз жүргізу;
-Жасөспірімдердің, ересектердің букмекерлік кеңседен шықпауы;
-Жол және тағыда басқа мәселелер көтерілді.
Рашид Тасанұлына сәтті қадам тілейміз.

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 30/10/2023

“Қазақстан Халық партиясы” Атырау облыстық филиалының атынан кандидатымыз Р.Мұқанов және партия басшысымен белсенділері Исатай ауданы Аққыстау селолық округіндегі “Жайықмұнайгаз “ мұнай газ өндіру басқармасына қызметкерлермен кездесу өткізді.Кандидатымыз өзінің бағдарламасымен басқарма қызметкерлерін таныстырды.
✊Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауда ұстау және тиісті шаралар қабылдау;
✊Білім сапасын арттыру үшін жағдай жасау;
✊Аудандағы медициналық қызметтің сапасын арттыру.Арнайы мемлекеттік бағдарламалар арқылы қажетті медицина саласындағы мамандарды жұмысқа тартуға жұмыстану.Сұранысқа сәйкес жедел жардем көлігін сатып алуға жәрдемдесу.
Қызметкерлер ауыл тұрғыны ретінде бірнеше сұрақтар қойды, атап өтсек:
-Жұмыссыздық;
-Кәріз жүргізу немесе қолданысқа енгізу;
-Жол және тағыда басқа мәселелер көтерілді.Біздің кандидатымыз аудан әкімінің орынбасары ретінде өз ісінің майталманы екенін көрсетіп ,қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
Рашид Тасанұлына жеңіс тілейміз.

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 26/10/2023

"Қазақстан Халықтық партиясы" Атырау облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Әлем балалардың көзімен» тақырыбында балалар суреттері байқауын бастайды.
Байқаудың мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді ояту, балалар мен жасөспірімдердің жалпы мәдени және рухани құндылықтарын қалыптастыру.
Байқаудың міндеттері - балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, көркемдік–эстетикалық талғамын, қиялын дамыту.
Атырау қаласында тұратын 5 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың «Әлем балалардың көзімен» конкурсына қатысу үшін жас және аумақтық цензурасы.
Қатысушылар кез-келген техникада (гуашь, акварель, графика, пластилинография, компьютерлік графика, аралас медиа және т.б.) А-3 парағының форматын қолдана алады. Қолданылатын материалдар: гель қалам, тушь, пастель, акварель, түрлі-түсті қарындаштар, гуашь, май, акрил бояулары, көмір және т.б.
Суреттің артқы жағында автордың атын, тегін, жасы, мектеп/мектепке дейінгі мекеменің атауын, ата-ананың байланыс телефон нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Байқау төмендегі жас санаттары бойынша бағаланады:
5-7 жас
8-10 жас
11-13 жас
14-16 жас
Қазылар алқасының бағалау өлшемі: тақырыпқа сәйкестігі, суреттің (жұмыстың) өзіндік ерекшелігі, жарықтығы мен мәнерлілігі, ақпараттылық дәрежесі, идеяның қиялы мен өзіндік ерекшелігі, орындалу сапасы.
Конкурстық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдайды (жас тобында I, II, III орын) және оларды марапаттауды жүргізеді.
Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 27 қарашаға дейін Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 134 А, 501 кабинет "Еуразия"Бизнес орталығы мекенжайы бойынша қабылданады
Құрметті ата-аналар мен қатысушылардың өздері, Б. Құлманов 117 Б мекен жайындағы "Центр кредит" Банкінің кеңсесінде 2023 жылғы 2 желтоқсан сенбіде салтанатты қорытындыға қатысуды жоспарлаңыз. Орын мен уақытты қосымша хабарлаймыз.
Конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: + 77784410127 Бақытгүл.
ҚХП Атырау филиалы

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 26/10/2023

Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.

Біз әділ Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар!

Осы салтанатты күні Досмухамбетова Балжан Ибатқызы барша Қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілей отырып,мереке қарсаңында партия белсенділерін "Қазақстан Халық партиясы" төрағасы Е.Ертісбаетің бастамасы және қолдауымен партия белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.

Мереке құтты болсын, Қазақ елі!!!

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 20/10/2023

Желілік кестеге сәйкес бүгін,20 қазан сағат 11.00 "Жалын" мәдениет үйінде "Қазақстан Халық партиясы" атынан кандидатымыз Р.Мұқанов Аққыстау ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары,мәдениет үйінің қызметкерлері келіп сәттілік тіледі.
Кандидатымыз аудан өмірініе белсенді қатысу үшін өз бағдарламасын ұсынды:
Жалғасы
-Бөбектерімізді балабақшамен толық қамтамасыз ету мақсатында балабақша кезегінде тұрған балалары бар ауылдарға балабақша ғимаратының құрылысын салу үшін тиісті шараларды қолға алу;
- Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су тазарту-тарату ғимараттарына жөндеу,күрделу жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге атсалысу ;
-Мәдениет саласын дамыту мақсатында ауылдық округтердегі клубтардың орнына мәдениет үйлерінің және өнер мектептерінің ғимаратын салу үшін қаржы бөлуге жұмыстану:

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 18/10/2023

Қазақстан Халық партиясы атынан кандидатымыз Р.Мұқанов Исатай ауданы, Тұщықұдық ауыл тұрғындарымен Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кездесуге ауылдың үлкендері, ата-әжелеріміз келіп Рашид Тасанұлына сәтті қадам тіледі.
Кандидатымыз аудан әкімі ретінде депутаттармен, жұртшылықпен,өндірісшілер, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап, аудан өміріне белсенді қатысу үшін өз бағдарламасын ұсынды:
✊Мүгедектігі бар азаматтарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсету.Ауданымызда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлердің құрылысын салуға атсалысу;
✊Ауданымызды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру.Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын, сұрыптайтын арнайы құрылғылар орната отырып,қоқыс алаңдарының орнына талапқа сай полигон құрылысын бастау;
✊Тозығы жеткен электр желілерін жаңартуға, сонымен қатар, ауылдардың барлығын көше жарығымен қамту үшін жұмыстану;
✊Ауылішілік автокөлік жолдарының және жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайын толық қанағаттанарлық деңгейге жеткізу;
✊Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Зинеден, Исатай, Нарын, Тұщықұдық ауылдарына дене шынықтыру кешендерінің құрылысын салуға, Аққыстау ауылындағы орталық стадионды жаңғырту және Аққыстау ауылынан бассейн салу үшін жұмыстану;
✊жалғасы бар…
Ауданымызды бірге көркейтейік! ✊✊✊
#халықәкімі
#өздауысыңдыбер
#Қазақстанхалықпартиясы

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 18/10/2023

17 қазан, сағат 11.00 “Қазақстан Халық партиясы” атынан кандидатымыз Р.Мұқанов Қамысқала селолық округі, Х.Ерғалиев селосының жұртшылығымен кездесті. Кездесуге партия белсенділері Кубентаева Людмила Николайқызы-“Әйелдер қанаты”алғашқы партиялық ұйымының басшысы, Утепов Мамай Сембайұлы-“Теміржолшылар”алғашқы партиялық ұйымының басшысы, Жардем Қаһарман Сейлханұлы -“Дина” алғашқы партиялық ұйымының басшысы,
Мырзағалиева Алия Маралқызы -ҚХП АОФ төрайымының орынбасары.
Х.Ерғалиев ауылының ақсақалы,қаламгер, журналистер одағының ардагері Ибатолла Сатенов кандидатымызға сәттілік тілей отырып, сөз сөйледі.
-Құрметті ауылдастар бүгін ең ерекше күн деп есептеймін.Себебі 5 қарашада аудан әкімін сайлауға біздерге мүмкіндік туылды.Ауылдастар, жастар осындай шешуші сәттерде ауыл әкіміне дауыс беру қажет.Аудандық газетке 3 үміткердің тізімін жариялаған сәттен бастап Мұқанов Рашид Тасанұлына таңдауымды жасадым. Партияның, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы өте дұрыс, бірақ, соны іске асыратын жеке тұлға, азамат керек,сондықтан халық әкіміне дауыс беріңіз,-деп қорытындылады.
#халықәкімі
#өздауысыңдыбер
#Қазақстанхалықпартиясы

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 16/10/2023

Қазақстан Халық партиясынан Атырау облысы Исатай ауданы әкіміне кандидат Мұқанов Рашид Тасанұлы Нарын ауылдық округінің жұртшылығымен кездесіп,сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистері :
* Ауылдық елді-мекендерді ауыз су және суармалы сумен қамтамасыз ету;
*Ауыл шаруашылығын дамыту;
*Жұмыссыздықпен күрес;
*Ауылдағы медицина мамандарының тапшылығын шешу;
*Ауданды көгалдандыру;
*Автожол Инфрақұрылымын күрделі жөндеу.
Қазақстандықтар жақсы өмір сүруге лайық!
Халық әкімін таңда.

Photos from Атырауский областной филиал ОО «Народная партия Казахстана»'s post 13/10/2023

🇰🇿 Желілік кестеге сәйкес бүгін Қазақстан Халық партиясы атынан Мұқанов Рашид Тасанұлы Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылдық округінің жұртшылығымен кездесті.Ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың тарапынан айтылған ұсыныстарын ескерді және жұмыстанатынын жеткізді.
16 қазан күні сағат 11:00-де Нарын ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі.
#халықәкімінедауысбер
#халықәкімі
#қазақстанхалықпартиясы

Want your business to be the top-listed Government Service in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

https://toqaev2022.kz/kk/

Address


Улица Махамбет Утемисова 134 "А", БЦ "Евразия" 5 этаж, 501 кабинет
Atyrau
060000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00