Ақжайық ауданы әкімдігі

Ақжайық ауданы әкімдігі

Share

⚜️ Ақжайық ауданының әкімдігі
⚜️ Акимат Акжаикского района

05/06/2026

Бүгін Ақжайық ауданында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Артур Ғайсаұлы Мұсағалиевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың жеке деректерін қорғау, сондай-ақ киберқылмыстың кең тараған түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Photos from Ақжайық ауданы әкімдігі's post 05/06/2026

📍Тұрғындардың жеке мәселелері қаралды

🔰Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.

Қабылдау барысында үш тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тұрғын үй және жер қатынастары салаларына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

📑Аудан басшысы көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын атап өтіп, жауапты мекеме басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

04/06/2026

🛣️БҚО-ның Бударин ауылында ауылішілік жолдар салынып, пайдалануға берілді.

Ауылішілік жолдардың салынуы ауылдың іскер азаматтарының бірлігінің арқасында жүзеге асты. Себебі ауыл тұрғындары ауылға қажетті үш көшенің жолына арналған сметалық құжаттарды өз қаражаттарына жасатып, сараптамадан өткізіп, дайын күйінде ұсынған.

Кейін мемлекет ауыл азаматтарының бұл бастамасын қолдап, дайын жобаға қаржы бөлді. Соның арқасында Ақжайық ауданының Бударин ауылындағы үш көшеге асфальт төселді.

Қазір ауыл тұрғындары жаңа жолдардың игілігін көріп отыр.

04/06/2026

🇰🇿Мемлекеттік рәміздер – ел мерейі

🔰Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалин 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан орталығында ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер – ел мерейі» атты мерекелік шараға қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінен басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын Абай атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегері Сабрина Махмет пен М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, асық атудан облыс чемпионы Нұрхат Эдуард көтерді. Ту көтерілу сәтінде жиналған көпшілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындап, ел рәміздеріне деген құрметін білдірді.

Өз сөзінде аудан басшысы Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі екенін атап өтіп, Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, ел егемендігі мен ұлттық рухын айқындайтын қасиетті белгілер екенін жеткізді. Сондай-ақ аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, баршаға амандық, береке және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

🔖Шара барысында ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ерекше белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан әкімінің Алғыс хаттары бірнеше мекеме ұжымдарына табысталып, олардың қоғам өміріндегі белсенді еңбегі мен жетістіктері жоғары бағаланды.

⚜️Мерекелік шара аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік рухты дәріптейтін көркем шығармалар көпшілік назарына ұсынылды. Осылайша мерекелік жиын аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Мемлекеттік рәміздердің маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

04/06/2026

Ақжайық ауданының әкімі Сердалин Мұрат Амангелдіұлы баршаңызды 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!🇰🇿
#Көктуымтөрімде

04/06/2026

Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер күні – Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын бекемдеп, елдік құндылықтарды ұлықтайтын маңызды мереке. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың тарихын, азаттыққа деген ұмтылысын және жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайтын қасиетті нышандар.

Ағымдағы жылы Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен қағидаттарымен сабақтастықта аталып өтуде. Ата Заңымызда мемлекеттің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындалған.

Мемлекеттік Туымыздың көгілдір түсі бейбітшілік пен тұрақтылықты, алтын күн мен қыран құс еркіндік пен жасампаздықты білдіреді. Елтаңбамыздағы шаңырақ – бірлік пен татулықтың символы болса, Әнұранымыз Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті нығайтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы». Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар, бейбітшілік пен келісімді ту еткен, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылып отыр. Осындай жетістіктердің негізінде халқымыздың ауызбіршілігі, елге деген адал қызметі және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметі жатыр. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – өткенімізге тағзым, бүгінімізге құрмет және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Қадірлі жерлестер!

Мемлекеттік рәміздер күні әрқайсымыздың жүрегімізде туған елге деген мақтаныш сезімін арттырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіре берсін. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, шаңырақтарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.

Мемлекеттік Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыздың айбыны асқақтап, Әнұранымыздың әуені әлем төрінде шарықтай берсін!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметпен,
Ақжайық ауданының әкімі
М.Сердалин

03/06/2026

🏗️Әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жұмыс барысы назарда

🔰Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалин аудан орталығы Чапаев ауылында және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Үштөбе ауылында болып, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын және нысандардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілу мәселелерін назарға алды. Мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

🏫Үштөбе ауылында бой көтеріп жатқан 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылыс барысы зерделенді. Жаңа білім беру нысанының іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

👷Құрылыс алаңын аралау кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, құрылыс материалдарының сапасына және жұмыс қарқынына ерекше назар аударылды. Мердігер ұйым өкілдерімен өткізілген кездесуде барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру міндеті қойылды.

📌Жауапты тұлғаларға құрылыс материалдарының сапасын тұрақты бақылауда ұстау, жұмыс кестесінен ауытқымау, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес орындау қажеттігі ескертілді.

✅Өз кезегінде мердігер ұйым өкілдері құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндап, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

03/06/2026

☀️Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🚸 Шара барысында ата-аналар мен балаларға:
✅ жол қозғалысы қауіпсіздігі;
🔥 өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
🏊 суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
🚗 көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
🌙 кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме берілді.

📄Түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындарға арнайы әзірленген жадынамалар таратылып, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың және ата-аналық бақылауды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

🚩Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының, өрттердің, судағы жазатайым жағдайлардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

🤝Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі.

⚠️ Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

01/06/2026

⚜️БҚО-дағы Мерген ауылына жол салынды

Мерген ауылының тұрғындары бұл жолды ұзақ жылдар күтті. Кеңес Одағы кезеңінен бері ауылға дейін асфальт жол салынбаған еді. Ауыл тұрғындары аудан және облыс әкімдеріне бірнеше рет өтініш айтып, ауылға кіреберіс жол мәселесін көтеріп келген.

Тұрғындардың тілегі қабыл болып, өткен жылы ауылға тақтайдай тегіс жол салынды. Қазір аудан мен ауыл арасындағы қатынас жеңілдеп, тұрғындар еш қиындықсыз қатынап жүр.

01/06/2026

📍ЛЕЗДЕМЕЛІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

🔰Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен лездемелік кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудандық мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

📑Жиында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары түсіндіріліп, әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
🔹Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Құқық қорғау органдарының ақпараты тыңдалып, профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды.
🔹«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының іске асырылу барысы қаралып, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыру міндеттелді.
🔹Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысының орындалу барысы талқыланып, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімдерін сақтау мәселесі бақылауға алынды.
🔹Шомылу маусымы мен өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары қаралды. Аудан бойынша қауіпті учаскелерде 39 тыйым салу белгісі орнатылып, балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында 8 модульдік-қаңқалы бассейн орналастырылды. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 13 ақпараттық баннер орналастырылды.
🔹Кеңесте аудан аумағында мал бағымын ұйымдастыру, айыппұл тұрақтарының қызметі, ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстырғыш құралдар тағу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері де қаралды.

Бүгінде аудан бойынша 117 мал бағымы ұйымдастырылып, оған 18 047 бас ірі қара қамтылған. Сонымен қатар кейбір ауылдық округтерде бұл бағыттағы жұмыстардың жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп отырғаны атап өтілді.

Айыппұл тұрақтарының қызметі бойынша аудандағы 12 тұрақтың құжаттары толық рәсімделген, оның 7-еуі сенімгерлік басқаруға берілген.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталар тағу жұмыстары жалғасуда. Соған қарамастан, аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғалары әлі де тіркелуде. Осыған байланысты мал иелерінің жауапкершілігін арттыру, жануарларды қараусыз жібермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.

📝Кеңес қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Chapaev?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Конаев
Chapaev

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30