04/06/2026
International lecture on Kazakhstan’s Historical and Cultural Heritage
In May 2026, Assel Amargaziyeva, a 2nd-year PhD student at the Department of Archaeology, Ethnology, and Museology of Al-Farabi Kazakh National University and a Senior Researcher at the «Esik» State Historical and Cultural Museum-Reserve, completed a scientific internship conducted by Professor Andrzej Rozwadowski, Doctor of Archaeology in the Faculty of Archaeology at Adam Mickiewicz University in Poznań. During the internship, A. Amargaziyeva delivered a series of important lectures aimed at promoting Kazakh archaeology and cultural heritage within the international academic community.
As part of the internship, on May 18, she presented a lecture titled «Archaeological Heritage: Rock Art and the Golden Man» to 1st year students of the Faculty of History at Adam Mickiewicz University in Poznań.
On May 19, she presented a lecture titled «The Golden Man as a Unique Historical and Cultural Heritage of Kazakhstan» to 2nd year master students of the Faculty of Archaeology. During these lectures, she presented research on rock art in Kazakhstan, its historical and cultural significance, and the place of the Issyk burial mound in world archaeology. International students and young researchers showed great interest in the Kazakh steppe and actively exchanged views on the topic.
The international scientific exchange continued with an invited presentation by A. Amargaziyeva at the Institute of Archaeology of Jagiellonian University, one of the oldest higher education institutions in Europe, located in Kraków. At a scientific seminar, she delivered a presentation titled «Archaeological Heritage of Kazakhstan: Rock Art and the Golden Man». The seminar was attended by faculty members, researchers, and institute students. The presentation covered current issues in the study of petroglyphs in Kazakhstan, the historical, cultural, and scientific value of the Golden Man, as well as the animal style of the Saka period and symbols reflecting the worldview of ancient nomads.
We express our sincere gratitude to Al-Farabi Kazakh National University and Adam Mickiewicz University for providing the opportunity to strengthen international scientific cooperation and to exchange professional experience.
These international lectures and scientific meetings contributed to the broader promotion of Kazakhstan’s archaeological heritage within the international academic community, enhancing the reputation of national science and museum work internationally.
04/06/2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің және бірлігіміздің қасиетті нышандары.
Ұлттық рухымыз биік, көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!
*****
Поздравляем с Днём государственных символов Республики Казахстан!
Пусть Государственный Флаг, Герб и Гимн Республики Казахстан всегда вдохновляют нас на созидательный труд во благо Родины, укрепляют патриотизм, единство и гордость за нашу страну!
03/06/2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің І-курс студенттері «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аумағындағы археологиялық нысандарда оқу-тәжірибелік қазба жұмыстарын жүргізуде.
Екі апталық археологиялық іс-тәжірибеге археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Бексеитов, тарих ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Хинаят және PhD докторы Сейітқан Шынарбек жетекшілік етсе, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан қазба жұмыстарына жауапты жетекші ретінде аға ғылыми қызметкер – Төрәлі Төлегенов қатысуда.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы меморандум аясында студенттердің археологиялық іс-тәжірибесі алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Археологиялық жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін, методикасын, негізгі кезеңдері мен сатыларын меңгеру студенттердің теориялық білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Іс-тәжірибе барысында студенттер археологиялық қазба жұмыстарының ерекшеліктерімен танысып, далалық зерттеу дағдыларын қалыптастыруда.
«Есік» музей-қорығы тарапынан студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарды толыққанды жүргізуі үшін арнайы киіз үйлер тігіліп, музей аумағындағы инфрақұрылым мен шығармашылық кеңістіктерді пайдалануға мүмкіндік берілді. Болашақ мамандар жасалған жағдайларға және ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға ризашылықтарын білдіруде.
*****
Будущие археологи осваивают полевые исследования в музее-заповеднике «Есік»
Студенты 1 курса факультета истории и права Казахского национального педагогического университета имени Абая проходят учебно-полевую археологическую практику на археологических объектах Государственного историко-культурного музея-заповедника «Есік».
Руководство двухнедельной практикой осуществляют археолог, кандидат исторических наук Галымжан Бексеитов, кандидат исторических наук Бабакумар Хинаят и доктор PhD Сейиткан Шынарбек. Со стороны музея-заповедника «Есік» ответственным за проведение раскопочных работ является старший научный сотрудник Торали Тулегенов.
Напомним, что несколько месяцев назад между Казахским национальным педагогическим университетом имени Абая и Государственным историко-культурным музеем-заповедником «Есік» был подписан меморандум о сотрудничестве. Организация археологической практики студентов стала одним из первых совместных проектов, реализуемых в рамках данного соглашения.
Практика предоставляет будущим историкам и археологам возможность закрепить теоретические знания, освоить методику проведения археологических исследований, изучить основные этапы раскопочных работ и получить ценный опыт полевых исследований. В ходе работы студенты знакомятся с особенностями археологических раскопок и приобретают необходимые профессиональные навыки.
Для создания комфортных условий музей-заповедник «Есік» установил на территории практики юрты и предоставил студентам возможность пользоваться инфраструктурой и творческими площадками музея. Участники практики отмечают высокий уровень организации работ и выражают благодарность за созданные условия.
#есікмузейқорық #оқутәжірибе #қазба #практика #ҚазҰПУ #АГУ
02/06/2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де 4 маусым рәміздер күніне орай «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Бақытты балалық шақ – Тәуелсіз Қазақстан болашағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Айзере-2021» бөбекжай балабақшасының 19 бүлдіршіні мен №1 Рахат орта мектебінің 4 сыныбынан 17 оқушы қатысты.
Мерекелік шараның басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осындай игі шаралар арқылы бүлдіршіндердің өнерге, тарихқа және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында балалар музей залдарын тамашалап, қызықты экскурсияға қатысты. Сондай-ақ, асфальтқа сурет салып, өз қиялдарын бейнеледі және Алтын адам бас киімінің пазлын құрастырды. Балғындар көңілді мульфильм көріп, ұлттық ойындарымыз – асық ату мен арқан тартудан сайысқа түсті. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтірді.
*****
«Праздник детства и патриотизма в музее-заповеднике «Есік»».
В честь Международного дня защиты детей и Дня государственных символов Республики Казахстан в Государственном историко-культурном музее-заповеднике «Есік» состоялось праздничное мероприятие «Счастливое детство – будущее Независимого Казахстана».
В мероприятии приняли участие 19 воспитанников детского сада «Айзере-2021» и 17 учащихся 4-го класса средней школы №1 села Рахат.
Главной целью праздника стало патриотическое воспитание подрастающего поколения, формирование уважительного отношения к государственным символам страны, а также развитие творческих способностей детей. Подобные мероприятия способствуют повышению интереса детей к искусству, истории и национальным ценностям.
В ходе праздника юные гости посетили музейные экспозиции и приняли участие в познавательной экскурсии. Ребята рисовали на асфальте, воплощая свои творческие идеи, а также собирали пазл в виде головного убора Золотого человека. Кроме того, дети посмотрели увлекательный мультфильм и приняли участие в соревнованиях по национальным играм – асык ату и перетягиванию каната.
Искренние улыбки, звонкий смех и хорошее настроение детей стали главным украшением этого праздничного дня.
#есікмузейқорық #БалалардыҚорғау #РәміздерКүні #деньзащитыдетей
01/06/2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Бүлдіршіндеріміздің шаттыққа толы күлкісі үзілмесін!
*****
Поздравляем с 1 июня — Международным днём защиты детей!
Пусть детские улыбки сияют каждый день, а звонкий смех никогда не смолкает!
#есікмузейқорық #1маусым #БалалардыҚорғау #деньзащитыдетей
28/05/2026
2026 жылғы 22 мамырда ҚХР-дың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында Солтүстік-Батыс университетінде Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау және пайдалану, сондай-ақ өндіріс, білім, ғылым және тәжірибе салаларындағы халықаралық ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне арналған халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны Солтүстік-Батыс университеті ұйымдастырса, Ұлы Жібек жолы археологиясы бойынша бірлескен зерттеулер орталығы бірлескен ұйымдастырушы болды. Симпозиум Шэньси провинциясының Ғылым және технологиялар қауымдастығының қолдауымен өткізілді.
2026 жылғы 23 мамырда «Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау және пайдалану, сондай-ақ өндіріс, білім, ғылым және тәжірибе салаларындағы халықаралық ықпалдастықты тереңдету» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Симпозиум мен семинар жұмысына ҚХР, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысты.
Іс-шара соңында басқа ғалымдармен бірге Есік қаласындағы Ұлы Жібек жолы археологиясы бойынша бірлескен зерттеулер орталығы филиалының директоры, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарова Г.Р. семинар қорытындысы бойынша ұсыныстарын ұсынды.
Семинар барысында «Ұлы Жібек жолы археологиясындағы жаңа жетістіктер» атты алғашқы байқаудың нәтижелері жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Ұлы Жібек жолын зерттеуге қатысты алты маңызды нысан үздік деп танылды.
Қуаныштысы, марапатталғандардың қатарында Қазақстан өкілі – павлодарлық археолог Мерц Виктор Карлович те болды. Ол «Семиярка кейінгі қола дәуірі қонысы – зерттеу нәтижелері» тақырыбындағы баяндамасынан кейін Семиярка ескерткішіндегі археологиялық зерттеу және қазба жұмыстары үшін арнайы марапатқа ие болды.
*****
22 мая 2026 года в г. Сиань (провинция Шэньси, КНР) в Северо-Западном университете состоялся Международный симпозиум по сотрудничеству в области охраны и использования культурного наследия Шёлкового пути, а также вопросам углублённой международной интеграции производства, образования, науки и практики. Организатором мероприятия выступил Северо-Западный университет, соорганизатором — Центр совместных исследований археологии Шёлкового пути при поддержке Ассоциации науки и технологий провинции Шэньси.
23 мая 2026 года прошёл Международный семинар на тему: «Охрана и использование культурного наследия Шёлкового пути, а также углублённая международная интеграция производства, образования, науки и практики». В работе симпозиума и семинара приняли участие учёные из КНР, Казахстана, России, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана.
В завершение мероприятия вместе с другими учёными с рекомендациями по итогам работы семинара выступила директор филиала Центра совместных исследований археологии Шёлкового пути в г. Есик Мухтарова Г.Р., кандидат исторических наук Государственного историко-культурного музея-заповедника «Есік».
В ходе семинара были объявлены результаты первого конкурса «Новые достижения в археологии Шёлкового пути». По итогам конкурса были отмечены шесть значимых объектов, связанных с исследованием Шёлкового пути.
Особенно отрадно, что среди награждённых оказался представитель Казахстана – археолог из Павлодара Мерц Виктор Карлович. После доклада на тему «Поселение позднего бронзового века Семиярка – результаты исследования» он был удостоен награды за исследования и археологические раскопки памятника Семиярка.
#есікмузейқорық #симпозиум #семинар #қхр #кнр
26/05/2026
Краковтағы ғылыми семинар
«Есік» музей-қорығының аға ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музейология кафедрасының докторанты Әсел Амаргазиева Польша елінің Краков қаласындағы ең ежелгі (іргетасы XIV ғ. қаланған) әрі әйгілі Ягеллон университетінің Археология институтының арнайы шақыруымен «Қазақстанның археологиялық мұрасы: жартас суреттері және Алтын адам» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен студенттері қатысты. Баяндама аясында еліміздегі жартас суреттерін зерттеудің өзекті мәселелері талқыланып, Есік обасынан табылған көшпелі мәдениеттің бірегей жәдігері – Алтын адамның дүниежүзілік мәдениет пен ежелгі өркениеттегі тарихи-мәдени, ғылыми маңызы аталып өтті. Сондай-ақ аң стилінің элементтері, ежелгі тұрғындардың дүниетанымы мен жоғары деңгейдегі қолданбалы өнерін сипаттайтын рәміздер ерекше баяндалды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Институт ұжымы мен мамандар мазмұнды дәріс үшін баяндамашыға шынайы алғыстарын білдірді.
Ғылыми шара барысында институт ғалымдары әріптесімізбен жартас суреттерін құжаттаудың заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, институттың ғылыми қорымен, зерттеу зертханалары және кітапханаларымен таныстырды. Сондай-ақ Краков қаласының тарихи орталығы мен мәдени-археологиялық нысандарына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Осындай ғылыми іс-шараны ұйымдастырғаны және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызғаны үшін Ягеллон университеті Археология институтының басшылығына, ұйымдастырушы профессор Radosław Palonka және профессор Andrzej Rozwadowski мырзаға алғысымызды білдіреміз.
Еске сала кетсек, Әсел Амарғазиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология институтының докторанты ретінде қазіргі уақытта Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте, археология докторы профессор А. Розвадовскидің (Andrzej Rozwadowski) ғылыми жетекшілігімен тағылымдамадан өтуде.
*****
Научный семинар в Кракове
Старший научный сотрудник государственного историко-культурного музея-заповедника «Есік», докторант кафедры археологии, этнологии и музеологии Казахского национального университета имени аль-Фараби Асель Амаргазиева по приглашению Института археологии Ягеллонского университета (г. Краков, Польша) – одного из старейших (основан в XIV веке) и всемирно известных высших учебных заведений – выступила с научным докладом на тему «Археологическое наследие Казахстана: наскальные рисунки и Золотой человек».
В семинаре приняли участие профессорско-преподавательский состав, научные сотрудники и студенты института. В рамках доклада были обсуждены актуальные вопросы изучения наскальных рисунков нашей страны, а также отмечено историко-культурное и научное значение Золотого человека – уникального памятника кочевнической культуры, обнаруженного в Иссыкском кургане, в контексте мировой культуры и древней цивилизации. Кроме того, подробно освещались элементы звериного стиля, символы, отражающие мировоззрение и высокий уровень прикладного искусства древнего населения. По окончании выступления состоялось научное обсуждение, в ходе которой докладчик ответила на вопросы участников семинара. Коллектив института и специалисты выразили искреннюю благодарность спикеру за содержательный доклад.
В ходе научного мероприятия ученые института поделились с нашей коллегой современными методами документирования наскального искусства, а также ознакомили её с научным фондом, исследовательскими лабораториями и библиотеками института. Кроме того, для Асель Амаргазиевой была организована специальная познавательная экскурсия по историческому центру Кракова и его культурно-археологическим объектам.
Выражаем благодарность руководству Института археологии Ягеллонского университета, организатору профессору Radosław Palonka и профессору Andrzej Rozwadowski за организацию данного научного мероприятия и предоставленную возможность для международного обмена опытом.
Напомним, что Асель Амаргазиева, являясь докторантом кафедры археологии, этнологии и музеологии Казахского национального университета имени аль-Фараби, в настоящее время проходит научную стажировку в Университете имени Адама Мицкевича в Познани под научным руководством доктора археологии, профессора А. Розвадовского.
#есікмузейқорық #краков #польша #баяндама #доклад