Түпқараған аудандық мәдениет үйі МКҚК

Түпқараған аудандық мәдениет үйі МКҚК

Share

Түпқараған ауданының мәдениет ошағы

04/06/2026

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ #ВАЖНОЗНАТЬ
🔺«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері азаматтарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
🔺Құрметті тұрғындар! Қоғамдық орындарды ластамау, қоқысты белгіленген орындарға тастау – әрбір азаматтың міндеті. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпайық. Заң талаптарына сәйкес, белгіленбеген орындарға қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
🔺Сіздерді өз аулаңызда, көшелерде, демалыс орындарында тазалық сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Тазалық – тәртіптің айнасы!

04/06/2026

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық кабинетте түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔺Іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкері азаматтармен кездесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың зияны мен заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
🔺Азаматтарға заң талаптарын сақтау және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

04/06/2026

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
Нашақорлық – адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін қауіпті дерт. Есірткіге тәуелділік адамның болашағына балта шауып, отбасы мен қоғамға кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты Түпқараған ауданында орналасқан азық түлік дүкендер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің зияны мен оның құқықтық салдары туралы ақпарат берілді. Азаматтар салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырылды.
Салауатты өмір салтын таңдайық! Нашақорлыққа жол жоқ!
#НашақорлыққаЖолЖоқ #ЕсірткігеҚарсымыз #СалауаттыӨмірСалты ТүпқарағанАуданы ҚауіпсізҚоғам

04/06/2026

«ҚХА мен этномедиацияның қоғамдық келісімді нығайту және өзекті оқиғалар аясында этносаралық диалогты дамытудағы рөлі.»
ҚХА-ның республикалық этомедиация кеңесінің төрағасы, ҚР Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, PhD докторы Шерзод Пулатовпен сұқбат

04/06/2026

Маңғыстаулық спортшы Асқар Шоханов әлем чемпионатында үш бірдей рекорд жаңартты

Ақтауда штанганы жатып сығымдау және пауэрлифтингтен әлем чемпионатында топ жарған маңғыстаулық спортшы Асқар Шохановты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Польшаның Варшава қаласында өткен әлем біріншілігіне 40-тан астам мемлекеттен 1300-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Асқар Шоханов 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, төрт дүркін әлем чемпионы атанды.

Әлемдік додада маңғыстаулық спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, бір жарыстың өзінде үш әлемдік рекорд жаңартты. Жалпы чемпионат барысында бес әлемдік рекорд тіркелген.

Асқар Шохановтың айтуынша, жетістікке ұзақ жылғы жүйелі дайындық пен табанды еңбектің арқасында қол жеткізген.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарым өте мықты болды. Чемпионатта бес әлемдік рекорд жаңартылды. Өткен жылы бір әлемдік рекорд орнатсам, биыл үш әлемдік рекорд жаңарттым. Бұл спорт түрімен айналысып келе жатқаныма шамамен 25 жыл болды. Осындай нәтижеге жету үшін үздіксіз дайындық қажет. Жаттығуларымды Ақтау қаласында өткіземін, - деді спортшы.

Сонымен қатар Асқар Шоханов абсолюттік салмақ дәрежесінде де үздік үштіктен көрініп, қола жүлдеге ие болды.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орын алды. Құрама сапында әртүрлі салмақ дәрежелерінде 25-ке жуық спортшы өнер көрсетті.

Айта кетейік, Асқар Шоханов өткен жылы да әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленген болатын. Биылғы жетістігі арқылы ол өзінің әлемдік деңгейдегі шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан мен Маңғыстау өңірінің мерейін үстем етті.

04/06/2026
04/06/2026
03/06/2026

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

🔹Маңғыстау облысында «Жолдағы балалар!» республикалық акциясы басталды

Жазғы демалыс кезеңінде самокаттар, велосипедтер мен жеке мобильді құралдарды басқаратын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 3-7 маусым аралығында облыс аумағында «Жолдағы балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Акция барысында патрульдік полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарда – саябақтарда, аулаларда, ойын алаңдарында және білім беру ұйымдарының маңында күшейтілген қызмет атқаратын болады.

Іс-шара аясында:

• Балалар мен ата-аналарға жол жүрісі қағидалары, оның ішінде электр самокаттары мен велосипедтерді пайдалану тәртібі түсіндіріледі;
• Кәмелетке толмағандардың жолда жүру ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтер жүргізіледі;
• Жүргізушілерге балалардың қатысуымен болуы мүмкін жол апаттарының алдын алу туралы ескерту жұмыстары күшейтіледі;
• Білім беру ұйымдары мен жазғы лагерьлерде профилактикалық дәрістер мен сабақтар ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауда ұстауға, оларға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі еске салып отыруға және жеке үлгі көрсетуге шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі. Жол ережесін сақтайық!

Want your business to be the top-listed Government Service in Fort-Shevchenko?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Fort-Shevchenko
130500

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00