ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаменті

ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаменті

Share

Департамент АДГС РК по Алматинской области Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Алматинской области

02/06/2026

С 3 июня стартует народное голосование в конкурсе «Үздік сапалы қызмет көрсетуші»!
Данный конкурс направлен на определение лучших поставщиков качественных услуг и повышение уровня обслуживания. Это уникальная возможность для каждого гражданина дать независимую оценку и поддержать лучших специалистов.
Твой голос — лучшему услугодателю!
🗓 Период проведения голосования: с 3 по 4 июня 2026 года.
🌐 Как принять участие в голосовании:
Перейдите на официальный сайт конкурса: www.lidergosuslug.kz.
Либо отсканируйте QR-код на информационной афише ⁠image.png⁠ для быстрого перехода.
Ваш голос имеет решающее значение. Проявите активность!

02/06/2026

3 маусымнан бастап «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына халықтық дауыс беру басталады!
Бұл конкурс мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және үздік қызмет көрсетушілерді анықтауға бағытталған. Сіздің әрбір дауысыңыз көрсетілетін қызметтердің деңгейін бағалауда және үздік мамандарды таңдауда маңызды рөл атқарады.
🗓 Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 3 маусымнан 4 маусымға дейін.
🌐 Дауыс беру тәртібі:
Конкурстың ресми www.lidergosuslug.kz интернет-ресурсына өтіңіз.
Немесе ⁠image_2.png⁠ ақпараттық баннеріндегі QR-кодты сканерлеу арқылы өтіңіз.
Азаматтық белсенділік танытып, үздік қызмет көрсетушіні бірге анықтайық!

02/06/2026

🎓 ЖОО үздік бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады.

Толығырақ — видеода 👆

📞 Қосымша ақпарат алу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне хабарласа аласыз.

Ақмола облысы – 8 7162 518132
Ақтөбе облысы – 8 7132 550960
Абай облысы – 87222354162
Атырау облысы – 8 7122 522815
Алматы облысы – 8 7277 223288
БҚО – 8 7112 509282
Жамбыл облысы – 8 7262 438826
Жетісу облысы – 8 7282 240688; +7 7073010071
Қарағанды облысы – 8 7212 504023
Қостанай облысы – 8 7142 393556, 87142 393415
Қызылорда облысы – 8 7242 705737
Маңғыстау облысы – 8 7292 302625
Павлодар облысы – 8 7182 208506
СҚО – 8 7152 465808
Түркістан облысы – 8 7253 358305
Ұлытау облысы – +7 7074352078
ШҚО – 8 7232 216703

29/05/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, кәсіби әрі нәтижеге бағдарланған кадрлық құрамды қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – өңірлік кадрлық резерв институтын қалыптастыру.

Өңірлік кадрлық резерв – жергілікті деңгейде кәсіби, бастамашыл және бәсекеге қабілетті мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған тиімді кадрлық тетік. Бүгінде бұл бастама нақты нәтижесін көрсетіп, резерв мүшелері мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарға тағайындалуда.

Осы ретте, Алматы облысының өңірлік кадрлық резервіне алынған резервші Жағыпбердиева Ақсүйген Туракалдықызы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды. Аталған тағайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.

Жағыпбердиева Ақсүйген Тұрақалдықызы мемлекеттік қызмет саласында елеулі тәжірибесі бар маман. Ол еңбек жолын 2014 жылы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман міндетін атқарушы ретінде бастап, кейін осы мемлекеттік органда бас маман лауазымында ұзақ жылдар қызмет атқарған. Жалпы мемлекеттік қызмет өтілі 11 жылдан асады.

Сонымен қатар, Ақсүйген Тұрақалдықызыжоғары білімді, туризм және құқық мамандықтары бойынша білім алған. Оның мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жаңа лауазымда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы облысының өңірлік кадр резервіне алынған 26 резервшінің 14-ірезерв шеңберінде жоғары лауазымдарға тағайындалды. Бұл жалпы резервшілер санының 54 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, 2 резервші резервтен тыс жұмысқа орналасты. Осылайша, бүгінгі күні жалпы 16 резервшінемесе 61,5 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.

Жағыпбердиева Ақсүйгеннің тағайындалуы – өңірлік кадр резерві тетігінің тиімділігін көрсететін нақты мысалдардың бірі. Бұл бастама өңірлердегі кәсіби, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті азаматтарды мемлекеттік қызметке тартуға және жергілікті атқарушы органдардың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды жоба болып қала береді.

29/05/2026

⚜️ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

📌 Алматы облысының өңірлік кадр резервінің мүшесі Жағыпбердиева Ақсүйген Туракалдықызы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына конкурссыз тағайындалды.

👩🏻‍💼 Мемлекеттік қызмет саласында 11 жылдан астам тәжірибесі бар резервшіге жаңа қызметінде табыс тілейміз!

✅ Өңірлік кадр резерві – кәсіби әрі бәсекеге қабілетті мамандарды мемлекеттік қызметке тартудың тиімді тетігі.

29/05/2026
29/05/2026

⚜️ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІ – НӘТИЖЕЛІ КАДРЛЫҚ ТЕТІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлік кадрлық резерв өз нәтижесін көрсетуде. ✅

📌 Алматы облысының өңірлік кадрлық резервіне алынған резервші Жағыпбердиева Ақсүйген Тұрақалдықызы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына конкурссыз тағайындалды.

👩🏻‍💼 Ақсүйген Тұрақалдықызының мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 11 жылдан асады. Ол еңбек жолын Талғар ауданында бастап, мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған кәсіби маман.

🎓 Туризм және құқық мамандықтары бойынша жоғары білім алған резервші жаңа қызметінде өңірдің дамуына өз үлесін қосады деп күтілуде.

📊 Бүгінде Алматы облысының өңірлік кадр резервіне алынған 26 резервшінің:
🔹14-і жоғары лауазымдарға тағайындалды;
🔹2 резервші резервтен тыс жұмысқа орналасты; 🔹1 резервші өзге өңірден тағайындалды.

📈 Яғни, жалпы резервшілердің 61,5%-ы жұмыспен қамтылып отыр.

💼 Өңірлік кадр резерві – білікті, бастамашыл және бәсекеге қабілетті азаматтарды мемлекеттік қызметке тарту�

28/05/2026

#мқіа #мемлекеттікқызмет #адгс #государственнаяслужба #госслужба

Photos from ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаменті's post 28/05/2026

🛑 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ — БАСТЫ МІНДЕТ

🔹Алматы облысы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті.

🔹Департамент қызметкерлері Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен жүздесті.

🔹Кездесу барысында қозғалған негізгі мәселелер:
🔺Заң талаптары: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді;
🔺Атқарылған жұмыс: Департамент тарапынан атқарылған нәтижелі істер мен жобалар таныстырылды;
🔺Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту: Мемлекеттік қызметшілер арасында тазалық пен адалдық қағидаларын орнықтыру бағытындағы ағарту жұмыстары жүргізілді.

📌Біздің мақсатымыз — әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында жемқорлыққа қарсы берік иммунитет пен адалдық мәдениетін қалыптастыру.

✳️Адалдық пен ашықтық — ортақ болашағымыздың кепілі!

#елгеқызмет
#адалқызмет
#адалазамат
#заңментәртіп

Photos from ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаменті's post 28/05/2026

Меритократия – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі. Бүгінде кадрларды іріктеу жүйесі жаңғыртылып, конкурстық рәсімдер ашық әрі әділ форматта жүргізілуде. Бұл кәсіби мамандардың мансаптық өсуіне нақты мүмкіндік береді.

2026 жылдың 1-тоқсанында Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарында ішкі конкурстар нәтижесінде 31 мемлекеттік қызметші тағайындалып, оның 22-сі төменгі лауазымнан жоғарылаған. Нәтижесінде меритократия үлесі 71%-ды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артты.

Бұл – мемлекеттік қызметтегі әділдік пен кәсібиліктің артып келе жатқанының нақты көрінісі.

Want your business to be the top-listed Government Service in Kapchagay?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Kapchagay

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30