Қарағанды облысының дін істері басқармасы

Қарағанды облысының дін істері басқармасы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қарағанды облысының дін істері басқармасы, Government Official, Karaganda.

04/06/2026

🔹Қарағанды облысында атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын мамандарға, сондай-ақ теологтар мен психологтарға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының Дін істері басқармасы «Жастармен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы – радикалданудың алдын алу құралы» тақырыбында ұйымдастырды. Семинар спикері ретінде дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шоманов Болат Шаймолданұлы сөз сөйледі.
Семинар барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
• Жастардың радикалды идеологияға осалдығының себептері және оларды анықтау әдістері;
• Жастар арасында діни радикализмнің алдын алудың заманауи тәсілдері;
• Ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімді нысандары мен әдістері;
• Цифрлық орта жағдайында жастар аудиториясымен өзара іс-қимыл жасаудың ерекшеліктері.
Қатысушылар профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырудың практикалық тетіктерін талқылап, тәжірибе алмасты және жастармен жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдар алды.

🔹В Карагандинской области состоялся обучающий семинар для специалистов, осуществляющих адресную информационно-разъяснительную работу, а также теологов и психологов. Мероприятие было организовано Управлением по делам религий Карагандинской области на тему: «Информационно-разъяснительная работа с молодежью как инструмент профилактики радикализации».

Спикером семинара выступил религиовед, магистр гуманитарных наук, член Республиканской информационно-разъяснительной группы Комитета по делам религий Министерства культуры и информации Республики Казахстан Шоманов Болат Шаймолданович.

В ходе семинара были рассмотрены следующие актуальные вопросы:

• причины уязвимости молодежи к радикальной идеологии и методы их выявления;
• современные подходы к профилактике религиозного радикализма среди молодежи;
• эффективные формы и методы информационно-разъяснительной работы;
• особенности взаимодействия с молодежной аудиторией в условиях цифровой среды.

Участники обсудили практические механизмы повышения эффективности профилактической работы, обменялись опытом и получили рекомендации по совершенствованию работы с молодежью.

04/06/2026

🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

🇰🇿4 июня – День государственных символов Республики Казахстан!

01/06/2026

🎊 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

🎊 1 июня – Международный день защиты детей!

31/05/2026

⚜️31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

⚜️31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода.

29/05/2026

🔸 Қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының мүшелері «Благодать» қарттар үйінің тұрғындары мен «Мой дом» халыққа әлеуметтік көмек көрсетуді дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығындағы азаматтарға арналған қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында Клуб мүшелері азық-түлік себеттерін табыстап, мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

🔸В рамках празднования священного праздника Құрбан айт члены Клуба религиозных объединений Карагандинской области провели благотворительную акцию среди проживающих дома престарелых «Благодать» и подопечных ОО «Центр развития социальной помощи населению «Мой дом».
В ходе акции члены Клуба вручили продуктовые корзины и поздравили с праздником, пожелав им крепкого здоровья, благополучия и долгих лет жизни.

27/05/2026

🔸Қасиетті Құрбан Айт мерекесі құтты болсын!

🔸Поздравляем со свещенным праздником Курбан Айт!

25/05/2026

🔹Дінаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының іссапары аясында Қарқаралы ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Кездесулер барысында түрлі санаттағы тұрғындармен қоғамдағы келісімді нығайту, діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияларға қарсы тұру және толеранттылық мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері үшін біліктілікті арттыру мен алдын алу жұмыстарының тиімді әдістерін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өткізілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ақпараттық-ағартушылық қызметтің заманауи тәсілдерін талқылады.

🔹В рамках выезда областной информационно-разъяснительной группы по укреплению межконфессионального согласия и профилактике религиозного экстремизма состоялась рабочая поездка в Каркаралинский район. В ходе встреч с различными категориями населения обсуждались вопросы укрепления общественного согласия, повышения религиозной грамотности, противодействия радикальным идеологиям и развития культуры толерантности. Также для членов информационно-разъяснительной группы района проведён обучающий семинар, направленный на повышение квалификации и совершенствование методов профилактической работы. Участники обменялись опытом и обсудили современные подходы к просветительской деятельности.

Photos from Қарағанды облысының дін істері басқармасы's post 20/05/2026

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі күндері Қарағанды облысы аумағында құрбандық шалу үшін арнайы белгіленген орындар

19/05/2026

🔹Қарағанды облысының Дін істері басқармасы Қарағанды облысы колледждерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына арналған «Білім беру ортасындағы діни экстремизмнің алдын алудың практикалық аспектілері» тақырыбында практикалық-бағдарланған семинар ұйымдастырды.
Іс-шара «Қарағанды индустриялық-технологиялық колледжі» КМҚК базасында өтіп, білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасындағы радикалдану белгілерін ерте анықтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.
Семинар модераторы ретінде Қарағанды облысындағы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының жетекшісі Дмитрий Полтаренко сөз сөйледі.
Шақырылған лектор ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Лола Шакимова қатысып, жастар арасындағы радикалдану белгілерін анықтау әдістері тақырыбында баяндама жасады. Сөз барысында кәмелетке толмағандарды деструктивті діни ағымдарға тартудың психологиялық ерекшеліктері, интернет кеңістігі арқылы жүргізілетін арбау тетіктері, сондай-ақ ерте әрекет етудің практикалық құралдары қарастырылды.
Семинар аясында қатысушылар білім алушылардың деструктивті діни ағымдарға тартылу белгілерін анықтау кезіндегі практикалық кейстер мен әрекет ету алгоритмдерін талқылап, білім алушылармен және ата-аналармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

🔹Управлением по делам религий Карагандинской области организован практико-ориентированный семинар на тему «Практические аспекты профилактики религиозного экстремизма в образовательной среде» для заместителей директоров по учебно-воспитательной работе колледжей Карагандинской области.
Мероприятие прошло на базе КГКП «Карагандинский индустриально-технологический колледж» и было направлено на повышение эффективности профилактической работы в организациях образования, а также развитие практических навыков по раннему выявлению признаков радикализации среди молодежи.
Модератором семинара выступил руководитель филиала РОО «Контртеррористический комитет» в Карагандинской области Дмитрий Полтаренко.
В качестве приглашенного лектора выступила эксперт-психолог Республиканской информационно-разъяснительной группы Лола Шакимова, представившая доклад на тему методов выявления признаков радикализации среди молодежи. В ходе выступления были рассмотрены психологические особенности вовлечения несовершеннолетних в деструктивные религиозные течения, механизмы вербовки через интернет-пространство, а также практические инструменты раннего реагирования.
В рамках семинара участники также рассмотрели практические кейсы и алгоритмы действий при выявлении признаков вовлечения обучающихся в деструктивные религиозные течения, обсудили вопросы организации профилактической работы с обучающимися и родителями, а также межведомственного взаимодействия в сфере профилактики религиозного экстремизма.
По итогам мероприятия участникам вручены сертификаты.

18/05/2026

Қарағандыда «Кәмелетке толмағандар арасындағы радикалданудың алдын алу» тақырыбында диалог алаңы өтті.

18 мамыр күні Қарағанды облысының Дін істері басқармасының бастамасымен Қарағанды облысының Білім басқармасы базасында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, Терроризмге қарсы комиссия өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру ортасындағы діни экстремизм мен жастардың радикалдануының алдын алу мәселелерін, деструктивті ықпалдың ерте белгілерін анықтау тетіктерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білім беру ұйымдарының рөлін талқылады.
Баяндамалармен білім беру саласының, Дін істері басқармасының және Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының өкілдері сөз сөйледі. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, атаулы профилактикалық жұмыс жүргізу және педагог қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шақырылған лектор ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Шакимова Лола Сергеевна сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы діни экстремизм мен кәмелетке толмағандардың радикалдануына қарсы іс-қимыл тақырыбында баяндама ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының жүйелі өзара іс-қимылын жалғастыру қажеттігін атап өтті.



В Караганде состоялась диалоговая площадка на тему «Превенция радикализации среди несовершеннолетних».

18 мая по инициативе Управления по делам религий Карагандинской области на базе Управления образования Карагандинской области проведена диалоговая площадка с участием руководителей городских и районных отделов образования, директоров колледжей, представителей Антитеррористической комиссии, общественных организаций и экспертного сообщества.
В рамках мероприятия участники обсудили актуальные вопросы профилактики религиозного экстремизма и радикализации молодежи в образовательной среде, механизмы раннего выявления деструктивного влияния, а также роль организаций образования в обеспечении безопасности несовершеннолетних.
С докладами выступили представители сферы образования, Управления по делам религий и аппарата акима Карагандинской области. Особое внимание было уделено вопросам межведомственного взаимодействия, адресной профилактической работы и повышению компетенций педагогического состава.
В качестве приглашенного лектора выступила эксперт-психолог Республиканской информационно-разъяснительной группы Шакимова Лола Сергеевна, представившая доклад на тему противодействия религиозному экстремизму и радикализации несовершеннолетних в современном обществе.
По итогам встречи участники отметили необходимость дальнейшего усиления профилактической и информационно-разъяснительной работы среди несовершеннолетних, а также продолжения системного взаимодействия государственных органов и организаций образования.

Want your business to be the top-listed Government Service in Karaganda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Karaganda
100012

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30