Қоғамдық келісім КММ Қарағанды облысы

Қоғамдық келісім  КММ Қарағанды облысы

Share

"Қоғамдық келісім" КММ Қарағанды облысы"

Photos from Қоғамдық келісім  КММ Қарағанды облысы's post 13/04/2026

«LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің белсенділері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қарттар тұратын үйлердің ауласын тазалау және көмірмен қамтамасыз ету бойынша ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аулалардың санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды. Сонымен қатар, абаттандыру мен тұрмыстық қажеттіліктер бойынша қолдауды қажет ететін қарт адамдарға көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

Акция барысында қатысушылар ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді: аулаларды қоқыстан тазартып, іргелес аумақтарды ретке келтірді, жасыл аймақтарды абаттандырды. Бұдан бөлек, жалғызбасты және әлеуметтік қолдауды қажет ететін қарт тұрғындарға көмір жеткізіліп, олардың қысқы кезеңге дайындығына қолдау көрсетілді.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, қоғамда жанашырлық, үлкенге құрмет және әлеуметтік жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды нығайтады.

Актив общественного объединения «LITUANICA» в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» провёл масштабную благотворительную акцию по очистке придомовых территорий, где проживают пожилые люди, а также оказал помощь в обеспечении углём.

Основной целью мероприятия стало улучшение санитарного состояния дворов, формирование культуры бережного отношения к окружающей среде и развитие гражданской ответственности. Особое внимание было уделено поддержке пожилых людей, нуждающихся в помощи в вопросах благоустройства и обеспечении топливом.

В ходе акции участники провели комплексную уборку: очистили дворы от мусора, привели в порядок прилегающие территории и благоустроили зелёные зоны. Кроме того, одиноким и нуждающимся пожилым жителям был доставлен уголь, что стало важной поддержкой в подготовке к холодному периоду.

Участники отметили, что подобные инициативы не только способствуют улучшению экологической обстановки, но и укрепляют в обществе такие ценности, как забота о чистоте, уважение к старшему поколению и социальная ответственность.

Photos from Қоғамдық келісім  КММ Қарағанды облысы's post 16/03/2026

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Конституция – көпэтносты қоғамның жалпы құндылығы» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті.
Іс-шара елдегі қоғамдық келісімді, этносаралық бірлікті және демократиялық қағидаттарды нығайтудағы конституциялық реформалардың рөлін талқылау үшін маңызды диалог алаңына айналды.
Сараптамалық талқылау барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың теңдік, азаматтық жауапкершілік қағидаттарын одан әрі дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы этносаралық бейбітшілікті, тұрақтылықпен келісімді сақтауға ықпал ететін бірегей қоғамдық институт ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар Конституция еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ құндылық болып табылатынын және Қазақстанның қазіргі заманғы, әділ және ашық мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін берік негіз болып табылатынын атап өтті.

В Караганде состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция – общая ценность многоэтничного общества» с участием членов Ассамблеи народа Казахстана Карагандинской области, представителей этнокультурных объединений.
Мероприятие стало важной диалоговой площадкой для обсуждения роли конституционных реформ в укреплении общественного согласия, межэтнического единства и демократических принципов в стране.
В ходе экспертной дискуссии представители этнокультурных объединений отметили значимость проводимых реформ для дальнейшего развития принципов равенства, гражданской ответственности и укрепления единства народа Казахстана. Особое внимание было уделено роли Ассамблеи народа Казахстана, как уникального общественного института, способствующего сохранению межэтнического мира, стабильности и согласия в обществе.
Участники подчеркнули, что Конституция выступает общей ценностью для всех граждан страны и служит прочной основой для дальнейшего развития Казахстана, как современного, справедливого и открытого государства.

15/03/2026

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Джанаев Увайс Хаважиевич өз таңдауын жасады✅

15/03/2026

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бирлик» өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хаджимаматов Абдилазиз Маматкаримович өз таңдауын жасады✅

Photos from Қоғамдық келісім  КММ Қарағанды облысы's post 15/03/2026

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Сафаров Руслан Ламиязович өз таңдауын жасады✅

Want your business to be the top-listed Government Service in Karaganda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Шахтер 64
Karaganda
100000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00