25/12/2025
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестр әртістерімен желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар бойынша жұмыс жүргізілді.
Проведена работа по антикоррупционным мероприятиям на декабрь месяц с артистами академического оркестра казахских народных инструментов имени Таттимбета
22/12/2025
Қазақ өнері тағы бір асылын жоғалтты…
Алаштың ардағы, сахна мен экранның алып тұлғасы Асанәлі Әшімов дүниеден өтті.
Ол — бір дәуірдің үні, бір ұлттың жүрегінде қалған бейне. Әр рөлімен көрерменнің жанын тербеп, әр сөзімен қазақтың рухын асқақтатқан ұлы өнер иесі еді. Оның сомдаған кейіпкерлері — халықтың тағдыры, ұлттың мінезі, уақыттың айнасы болды.
Асанәлі Әшімовтің өнері — өлмейтін мұра.
Дауысы да, болмысы да, өнегелі ғұмыры да ел жадында мәңгі сақталады. Ол сахнадан кетсе де, халықтың жүрегінен ешқашан кетпейді.
Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, барша қазақ еліне қайғыра көңіл айтамыз.
Жаны жәннатта, иманы саламат болсын.
Ұлы тұлғаның рухы пейіште шалқысын. 🕊️
Қазақ өнері сізді мәңгі сағынады…
28/11/2025
Бірлестіктің ұжым басшыларымен қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар бойынша жұмыс жүргізілді.
Проведена работа по антикоррупционным мероприятиям на ноябрь месяц с руководителями отделов объединения
30/10/2025
Проведена работа по антикоррупционным
мероприятиям на октябрь месяц с сотрудниками объединения
29/10/2025
Назарларыңызға қараша айының афишасын ұсынамыз!
Қараша — жаңа әсерлер мен әсем әуендерге толы🔥
Сүйікті оркестрлер мен ансамбльдердің концерттерін бірге тамашалаңыз.
28/10/2025
Сіздерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбековті еске алуға арналған «Сағындым ғой…» атты шығармашылық кешке шақырамыз.
Бұл кеште өнер иесінің жарқын бейнесі мен ел жүрегінде сақталған әндері жаңғырады.
Келіп, рухани кештің куәсі болыңыздар!
✨ Кіру тегін.
13/10/2025
4–6 қараша күндері Қарағандыда
Мәди Бәпиұлы атындағы
VI Республикалық әншілер конкурсы өтеді!
Бұл-қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптейтін, рух пен тарих тоғысқан үлкен мәдени оқиға.
Келіңіздер, халық әнінің қуатын бірге сезінейік!
Өнер сүйер қауымға есік ашық ❤️
#МәдиБәпиұлы #дәстүрліән #Қарағандымәдениет #әншілерконкурсы #мәдениеторайы
29/09/2025
Концерт – тек музыка емес, ол үлкен мәдениет пен әсемдік мекені.
Әр көрерменнің кішкентай ғана назары мен құрметі сахнадағы өнерді одан сайын сиқырлы етеді ❤️
Сондықтан, біз сіздерден концерттік этикет ережелерін сақтауды өтінеміз.
Бұл – өнерге, әртістерге және айналаңыздағы адамдарға көрсетілген құрмет.🙌
#концертэтикеті #мәдениет #филармония
24/09/2025
«Назқоңыр» халық шығармаларын орындаушылар ансамблінің әртістерімен қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар бойынша жұмыс жүргізілді.
Проведена работа по антикоррупционным мероприятиям на сентябрь месяц с артистами ансамбля исполнителей
народных произведений «Назқоңыр»