Қолтаңбалы кітап: Автордың жүрегінен – сіздің қолыңызға ✍️📚
Құрметті оқырмандар! Кітапхана қорындағы қолтаңбалы кітаптар қатарымен таныстыруды жалғастырамыз. Автордың өз қолымен жазылған лебізі мен қолтаңбасы әр кітапқа ерекше мән беріп, оны рухани құндылыққа айналдырады. Бұл – қаламгер мен оқырман арасындағы үнсіз байланыс, уақытпен бірге сақталатын асыл белгі.
Бүгін назарларыңызға ұсынамыз:
✔️Жомарт Әбдіхалық «Ақселеуге жаздым хат». Эпистолярлық эссе.
Қазақ өркениетінің көрнекті тұлғалары Ақселеу Сейдімбек пен Жомарт Әбдіхалықтың адал достығы, бір біріне деген құрметі әдемі суреттелген.
✔️Қуаныш Сұлтанов «Қазақтың Қонаевы» - ұлтымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ұзақ жылдар бойы ұлт мүддесі үшін атқарған мемлекеттік қайраткерлік еңбегі баяндалады.
✔️ Болат Ешмағамбетовтың «Өз-өзіммен әңгіме» деректі хикаяты – автордың өмір жолы мен тағылымды ой-толғамдары қамтылған мазмұнды еңбек.
Қарағанды ОӘҒК
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
02/06/2026
📜✨ «ТАРИХ СӨЙЛЕЙДІ: 90 ЖЫЛДЫҚ ХРОНИКАЛАР ШЕРУІ» ✨📜
Қарағанды облысының 90 жылдық мерейтойына орай Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыратын тарихи экскурсияға шақырамыз!
Шара барысында келушілер өңірдің қалыптасу тарихынан бастап бүгінгі дамуына дейінгі маңызды кезеңдермен танысады. Көмір өндірісінің өркендеуі, индустрияландыру, тың игеру жылдары, тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістер мен қазіргі Қарағандының келбеті архивтік құжаттар, фотосуреттер, көрнекі материалдар мен өлкетану деректері арқылы ұсынылады.
Өткеннің шежіресіне үңіліп, Қарағанды облысының 90 жылдық тарихына бірге саяхат жасайық!
📅 12 маусым 2026 жыл
🕙 Сағат 10:00
Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы, кішкентай оқырмандарға арналған, жаңадан келген ерекше кітаптарды оқуға қуана ұсынады!
📘Тілеуғазы Бейсенбек «Ақылды піл»
📙 Бауыржан Ғұбайдуллин «Ойыншықтар көтерілісі»
📕Пернебай Дүйсенбин «Жұмбақ жұлдыз жымыңы»
📗« Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары»
📓Майкл Барфилд, Паула Боссио «Жабайы жануарлар әлемі»
#балаларкітабы #жаңакітаптар
Бүгін кітапханада қазақтың көрнекті қобызшысы, Қазақстанның халық артисі, профессор Фатима Жұмағұлқызы Балғаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған «Қобыз үніндегі ғұмыр» атты портрет кеші өтті.
Тағылымды шараның құрметті қонақтары - ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», Құрманғазы атындағы бірінші республикалық конкурстың лауреаты, Қазақстан композиторлар одағының, авторлық қоғамының мүшесі Ғайни Болтаева Әділбекқызы және қылқобызшы, №1 Балалар өнер мектебінің ұстазы Жазира Сейфулгазина Серікқызы болды.
Кеш барысында Ғайни Әділбекқызы Алматыда өткен Фатима Балғаеваның 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар жайлы естеліктерімен бөлісе отырып, ол кісінің өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен баяндады. Ал Жазира Серіковнаның орындауындағы «Айттым сәлем Қаламқас» шығармасы көрерменге ерекше әсер сыйлап, кештің рухани мазмұнын айшықтай түсті.
Шара соңында жиналған қауым Фатима Балғаеваның қобыз өнеріндегі өлшеусіз еңбегіне тағзым етіп, ұлттық мұрамыздың мәңгілік құндылық екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
01/06/2026
Кітап – білімнің кілті, рухани қазына. Жазғы лагерь аясында ұйымдастырылатын «Жазғы лагердегі кітап әлемі» атты «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің кезекті отырысына шақырамыз!
Бағдарлама барысында қызықты кітаптармен танысу, ертегілер әлеміне саяхат, әдеби ойындар мен викториналар, шығармашылық тапсырмалар және көңілді сәттер күтіп тұр.
📖 Кітаппен бірге – жарқын болашаққа қадам басайық!
📚28 мамыр күні «Жаспен бірге» клубының «Қаржылық білім – болашаққа капитал» атты кезекті отырысы «CASHFLOW» трансформациялық ойын форматында өтті.
«CASHFLOW» трансформациялық ойынының жүргізуші-ойын практигі Мақпал Нұрланқызы ойынды жоғары деңгейде ұйымдастырып, ойыншыларға
қаржы басқару, үнемдеу, инвестиция және болашақты жоспарлау тақырыптарын қарапайым тілде түсіндіріп берді.
📌Қатысушылар қаржылық сауаттылықты қызықты тапсырмалар, сұрақтар мен командалық ойындар арқылы меңгеріп, өз білімдерін сынады.
💡 «Жаспен бірге» — дамуға, білімге және жаңа мүмкіндіктерге бірге қадам жасайтын жастар клубы!
📚 «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне бейнешолу назарларыңызға ұсынылады.
Бейнешолуда ХХ ғасырдағы ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Қарлаг тарихы туралы әдебиеттер, архив материалдары мен тарихи еңбектер таныстырылады. Көрмеде зұлмат жылдардың шындығын бейнелейтін кітаптар, естеліктер мен құнды деректер қамтылған.
🕯 Өткенге тағзым ету – тарихты ұмытпау.
📖 Көрмені тамашалауға шақырамыз!
📚Бос уақытқа кеңес
Құрметті оқырмандар, сіздер үшін керемет жаңалық кітапханамызға Азамат Скаковтың «SEN» және «MEN» кітаптары келді. «SEN» кітабында әдеттер қалыптастыру және тұлғалық даму бойынша нақты практикалық техникалар жинақталған. Кітаптағы әр бөлім соңындағы тапсырмаларды орындай отырып, заман талабына сай қарым-қабілеттеріңізді дамытасыз.
📖 Кітапта өмірдің әр кезеңінде керек болатын құнды ақпараттар легі топтастырылған. Оқырманға ой салып, өзін дамытуға бағыт беретін бұл кітаптар бос уақытыңызды пайдалы әрі мазмұнды өткізуге таптырмас мүмкіндік сыйлайды.
📔 Бұл кітап арнайы сіз үшін жазылды. Кітаптың басты кейіпкері – SEN. Сондықтан, кітапханамызға келіп, өзіңізді дамытуға жаңа қадам жасаңыз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Улица Ерубаева, 44
Karaganda
100008
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 19:00 |
| Tuesday | 09:00 - 19:00 |
| Wednesday | 09:00 - 19:00 |
| Thursday | 09:00 - 19:00 |
| Friday | 09:00 - 19:00 |
| Sunday | 09:00 - 19:00 |
