25/10/2025
🇰🇿 Қазақстан Республикасы күнімен!
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының ұжымы барша тұрғындарды еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елге деген сүйіспеншілігі мен оның жарқын болашағына деген жауапкершілігінің символы. Қазақстан Республикасы үлкен даму жолынан өтіп, бүгінде экономикасын, денсаулық сақтау жүйесін, білім мен әлеуметтік саланы нығайта отырып, нық қадаммен алға жылжуда.
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, татулық пен береке тілейміз! Әр шаңырақта қуаныш пен өзара түсіністік орнасын, ал біздің ұлы Отанымыз болашақ ұрпақ үшін өркендеп, гүлдене берсін!
-------------
🇰🇿 С Днём Республики Казахстан!
Руководство управления здравоохранения Карагандинской области сердечно поздравляет всех жителей с одним из главных государственных праздников — Днём Республики!
Этот день символизирует независимость, единство и сплочённость нашего народа, любовь к Родине и ответственность за её будущее. Республика Казахстан прошла большой путь развития и сегодня уверенно движется вперёд, укрепляя экономику, систему здравоохранения, образование и социальную сферу.
Желаем всем крепкого здоровья, благополучия, мира и согласия! Пусть в каждом доме царят радость и взаимопонимание, а наша великая страна продолжает процветать и крепнуть во имя будущего поколений!
24/10/2025
🏆 Республика күніне орай Қарағанды облысының медицина қызметкерлері марапатталды
Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында өңірдің медицина саласындағы үздік өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін медицина қызметкерлері құрметті марапаттарға ие болды. Марапатталғандар қатарында дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен 14 қызметкер, ал 13 қызметкер «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар Қарағанды облысының медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және өз ісіне адалдығын танытатын айқын дәлел болды.
---------
🏆 Медицинские работники Карагандинской области награждены в честь Дня Республики
В преддверии Дня Республики в Управлении здравоохранения Карагандинской области состоялось торжественное мероприятие, на котором чествовали лучших представителей медицинской отрасли региона.
За многолетний добросовестный труд, высокий профессионализм и значительный вклад в развитие системы здравоохранения медицинские работники были удостоены почетных наград. Среди награждённых — врачи, средний и младший медицинский персонал. 14 сотрудников награждены медалью «Еңбек ардагері» Министерства здравоохранения, 13 работников — нагрудным знаком «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін».
Эти награды стали свидетельством признания высокого профессионализма, ответственности и верности избранному делу работников здравоохранения Карагандинской области.
16/10/2025
Теміртау қаласы тұрғындарын Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке қабылдайды
Күні: 18.10.2025 ж.
Уақыты: 10:00
Мекенжайы: Теміртау қаласы, ТМҮ, Республика даңғылы, 38
Қарағанды облысының әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Енгибаевұлы Кенжибаев Теміртау қаласының тұрғындарын жеке қабылдайды.
-----------------
Личный приём граждан города Темиртау руководителем Управления здравоохранения Карагандинской области
Дата: 18.10.2025г.
Время: 10:00ч.
Адрес: г.Темиртау, ТДК, пр.Республики 38
По поручению акима Карагандинской области руководитель Управления здравоохранения Карагандинской области Самат Енгибаевич Кенжибаев проведёт личный приём граждан города Темиртау.
13/10/2025
.gov.kz
..
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2021 ЖЫЛДАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИСТЕР САНЫ 5 ЕСЕГЕ АРТТЫ
2021 жылдан бері Қазақстанға келетін медициналық туристер ағыны 5 есеге ұлғайды. Оның ішінде Қытайдан келгендердің саны 24 есеге, Үндістаннан келгендер — 40 есеге, Түркиядан келгендер — 3 есеге артқан.
Бүгінде елімізге 50-ден астам мемлекеттен науқастар келуде.
Медициналық туризмді дамыту — Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын біз Қазақстандағы медициналық туризмнің әлеуеті туралы айтып жүрген едік. Бүгінде толық сеніммен айта аламын: ол әлеует нақты нәтижеге айналды», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.
Бұл деректер Қазақстанның шетелдік пациенттерге жоғары сапалы медициналық қызмет пен қолжетімді бағаларды ұсына алатынын көрсетеді.
Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам қатысушы — 30 елдің елшілері, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, жетекші сарапшылар, медициналық агенттер мен 13 елден келген байерлер жиналды.
10/10/2025
В Управлении здравоохранения Карагандинской области назначен заместитель руководителя.
Приказом руководителя Управления эту должность заняла Жумакаева Жанара Каировна. Она будет курировать лечебно-профилактическую работу системы здравоохранения области, гражданскую оборону и ЧС.
Жанара Каировна родилась 20 июня 1983 года. Выпускница Карагандинской государственной медицинской академии, лечебный факультет. Магистр по направлению «Деловое администрирование в здравоохранении», врач-нефролог высшей квалификационной категории.
Трудовую деятельность начала врачом хирургом в Областной клинической больнице, где зарекомендовала себя как квалифицированный специалист и в дальнейшем доросла до должности заместителя директора по стратегическому развитию. В разные годы работала в медицинских организациях региона, занимая должности от врача до руководителя подразделений.
В Министерстве здравоохранения Республики Казахстан занимала должность заместителя директора Департамента оказания медицинской помощи, где курировала вопросы деятельности стационарной службы и первичной медико-санитарной помощи.
10/10/2025
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына басшының орынбасары тағайындалды.
Басқарма басшысының бұйрығымен бұл лауазымға Жұмақаева Жанара Қайырқызы тағайындалды. Жанара Қайырқызы облыстың денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-профилактикалық жұмысына, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға жетекшілік ететін болады.
Жанара Қайырқызы 1983 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетінің түлегі. «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша магистр, жоғары санатты нефролог дәрігер.
Еңбек жолын Облыстық клиникалық ауруханада хирург дәрігер ретінде бастаған. Өзінің біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Әр жылдары өңірдің медициналық ұйымдарында дәрігерден бастап құрылымдық бөлім басшысына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды, онда стационарлық қызмет пен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің жұмысына жетекшілік етті.
01/10/2025
2 - бөлім
Төменгі аяқ буындарын эндопротездеуден кейінгі реабилитация
Эндопротездеу — зақымдалған буынды (жамбас немесе тізе) жасанды имплантпен ауыстыру бойынша хирургиялық операция. Бірақ протездің өзі — бұл тек бастамасы. Қозғалғыштықты қалпына келтіруде, ауырсынуды азайтуда және толыққанды өмірге оралуда реабилитация шешуші рөл атқарады.
--------------
Часть 2
Реабилитация после эндопротезирования сустава нижней конечности
Эндопротезирование — это хирургическая операция по замене повреждённого сустава (тазобедренного или коленного) искусственным имплантом. Но сам по себе протез — это только начало. Главную роль в восстановлении подвижности, снижении боли и возвращении к полноценной жизни играет реабилитация.
26/09/2025
Қайғылы қазаға ұшыраған құрметті дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері Аркадий Юрьевич пен Наталья Евгеньевна Шерстовалардың өмірден өткенін терең қайғыра хабарлаймыз.
Қарағанды қаласындағы №3 Көпсалалы аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сергей Юрьевич Шерстовқа ата-анасының өмірден өтуіне байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыңызға ортақтасамыз, сізбен бірге аза тұтамыз.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы.
---------------
С глубокой скорбью сообщаем о трагической гибели уважаемых врачей, ветеранов здравоохранения Аркадия Юрьевича и Натальи Евгеньевны Шерстовых.
Искренне соболезнуем заместителю директора по лечебной работе Многопрофильной больницы №3 города Караганды Сергею Юрьевичу Шерстову в связи с тяжелой утратой – уходом из жизни родителей. Разделяем вашу боль и скорбим вместе с вами.
Коллектив Управления здравоохранения Карагандинской области.
26/09/2025
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Кенжибаев Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауының негізгі аспектілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру аясында ауылда денсаулық сақтауды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.
✅ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында облыста 92 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған, оның ішінде:
- 11 дәрігерлік амбулатория,
- 34 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП),
- 47 медициналық пункт (МП).
🏥 Бүгінгі таңда:
- 65 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды,
- 29 нысан пайдалануға берілді.
⚖️ Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен медициналық қызметтер мониторингінің тиімділігі де қаралды. Шектеулі қаржы жағдайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шығыстарды тежей отырып, жеткізушілерге бақылауды күшейтіп, іс жүзінде бюджеттік реттеуші рөлін атқаруда.
👩⚕️👨⚕️ Дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын арттыру үшін кешенді шаралар қабылдануда. Бұл жұмыс жалғасын табады.
🔹 Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту – өңірдің басты басымдықтарының бірі.
17/09/2025
В селе Енбекшил Шетского района Карагандинской области начал работу новый медицинский пункт. Он построен за счёт активов, возвращённых государству, в рамках реализации поручения Главы государства по развитию социальной инфраструктуры.
Медпункт будет обслуживать более 200 жителей. Здание оснащено современным оборудованием и включает все необходимые кабинеты: доврачебный, смотровой, процедурный и приёма пациентов. Реанимобиль районной больницы прикреплён к медпункту, что позволит оперативно реагировать на экстренные случаи.
— Я работаю медсестрой в селе Енбекшил уже более 10 лет. Рада, что у нас открылось современное медицинское учреждение. Теперь жителям не нужно стремиться за медпомощью в район или город: они смогут получить качественное лечение по месту жительства, — говорит медсестра Кымбат Сериккызы.
Это не единственный медпроект в Шетском районе, реализованный за счёт возвращённых активов. В селе Жыланды идёт строительство нового медпункта.
Всего за счёт спецгосфонда в Карагандинской области построили 24 медучреждения. Строительство 27 ещё продолжается.
17/09/2025
Шет ауданының Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт іске қосылды. Ол мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.
Медпункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, барлық қажетті кабинеттерді қамтиды: дәрігерге дейінгі қабылдау, қарау, процедуралық және пациенттерді қабылдау бөлмелері бар. Сонымен қатар, медпунктке аудандық аурухананың реанимобилі бекітілген, бұл шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
— Мен Еңбекшіл ауылында 10 жылдан астам уақыт медбике болып жұмыс істеймін. Ауылымызда заманауи медициналық мекеменің ашылғанына қуаныштымын. Енді тұрғындарға медициналық көмек алу үшін ауданға немесе қалаға барудың қажеті жоқ, олар сапалы емді өз ауылында ала алады, — дейді медбике Қымбат Серікқызы.
Бұл Шет ауданында қайтарылған активтер есебінен жүзеге асқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медпункттің құрылысы жүріп жатыр.
Бар-жоғы арнайы мемлекеттік қор есебінен Қарағанды облысында 24 медициналық мекеме салынды. Тағы 27 нысанның құрылысы жалғасуда.