Территориальный департамент КАЭНиК МЭ РК по Карагандинской области

Территориальный департамент КАЭНиК МЭ РК по Карагандинской области

Share

Территориальный департамент Комитета атомного и энер?

28/05/2026

⚡️ Бұқар жырау ауданының Петровка ауылы Н. Әбдіров көшесінің тұрғындары 2025 жылдың күзінде электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және электрмен жабдықтаудағы үзілістер мәселесі бойынша жүгінді.

🔎 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментімен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

📍 Тексеру барысында электр беру желілері мен тіректердің техникалық жағдайына байланысты бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

🛠 Қазіргі уақытта электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ескі электр беру желілерінің тіректері жаңаларына ауыстырылды, бұл ауыл тұрғындарын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні тұтынушыларды жаңартылған электр желілеріне қосу күтілуде.

22/05/2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық департаментінің қызметкерлері «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-нің ЖЭО-3 нысанындағы жөндеу науқанының барысына инспекция жүргізді. Станция алдағы жылыту маусымына жабдықтарды дайындауды жалғастыруда.

Бүгінгі күні екі турбина мен бір қазандықтың ағымдағы жөндеуі аяқталды. Қазіргі уақытта шамамен 134 адам жұмылдырылған №4 қазандықтың күрделі жөндеуі белсенді фазада жүргізілуде.

Нысанда қыздыру беттері пакеттерін бөлшектеу, кейіннен суық және ыстық бу қыздырғыштарының, алдыңғы және артқы экрандардың жаңа пакеттерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ I және II сатылы су экономайзерін монтаждау қарастырылған, 8 құйынды тозаңкөмірлі жанарғыны ауыстыру және айналмалы жабдықтарды типтік жөндеу орындалуда.

Барлық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда және Департаменттің тұрақты бақылауында.

Photos from Территориальный департамент КАЭНиК МЭ РК по Карагандинской области's post 20/05/2026

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ-де бас маман бос жұмыс орны ашық.

Біліктілік талаптары:
— электр энергетикасы, жылу энергетикасы немесе автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша жоғары білім.

Негізгі міндеттері:
— Энергетикалық жабдықтардың (электр станцияларының, желілердің, жылу желілерінің және көмір өнеркәсібінің) пайдаланылуы мен техникалық жай-күйіне қадағалау және бақылау жүргізу;
— Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау;
— Электр энергетикасы объектілеріндегі авариялық және технологиялық бұзушылықтарды талдау;
— Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
— Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 747 549 5408.

15/05/2026

Өңірлік тәжірибе және тиімділікті арттыру: Алматыда аумақтық департаменттердің қызмет қорытындылары талқыланды

2026 жылғы 14–15 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қызмет қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті. Отырыс Комитет төрағасы Ержан Ертаевтың төрағалығымен аумақтық департаменттер мен бейінді басқармалар басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.

Алқа барысында 2026 жылғы жөндеу науқанына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау, сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету және алдағы күзгі-қысқы кезеңнен өту мәселелері қаралды.

Комитет төрағасы Ержан Ертаев энергетикалық нысандарды уақтылы дайындау және жөндеу бағдарламаларының орындалуына бақылауды күшейту мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің негізгі міндеті екендігін айтты.

Қатысушылар электр және жылу энергиясын өндіретін станциялардың, электр және жылу желілерінің қазіргі жағдайын, өңірлік электр желілік компаниялардың қызметін, сондай-ақ лицензиялау және жөндеу іс-шараларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Апаттылық деңгейін төмендету, технологиялық бұз

08/05/2026

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тыл еңбеккері Прасковья Петровна Ляпинаны құттықтады.

Тыл ардагері 1931 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, егіс алқаптарында және өндіріс орындарында жұмыс атқарған.

Бүгінгі бейбіт өмір мен ұрпақ болашағы – сол бір қиын кезеңде ел үшін еңбек еткен ардагерлердің қажырлы еңбегі мен төзімінің нәтижесі. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.

Прасковья Петровнаға шынайы алғысымызды білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілейміз. Ардагерлерге құрмет көрсету – ортақ парызымыз әрі қасиетті міндетіміз.

30/04/2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің қызметкерлері «ГРЭС Топар» ЖШС-нің №14 қазан агрегатын күрделі жөндеу барысына бақылау жүргізуде.

Қазан агрегаты 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күрделі жөндеуге шығарылды. Жұмыстарды мердігер ұйым «Монтажник-М» ЖШС орындауда.

Қазіргі уақытта жөндеу іс-шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. 2-сатыдағы ауа қыздырғышты монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар №14А және №14Б түтінсорғыштарында жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Сондай-ақ қазан агрегатының артқы экраны құбырларының учаскелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. Жөндеу науқанының барысы Департаменттің тұрақты бақылауында.

22/04/2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің қызметкерлері «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2 №3 қазан агрегатының күрделі жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жүргізді.

Қазан ағымдағы жылдың наурыз айының екінші онкүндігінде жөндеуге шығарылды. Жұмыстарды «ЦЭМ» ЖШС мердігер ұйымы тәулігіне шамамен 117 адамды жұмылдыра отырып орындауда.

Қазіргі уақытта 1-сатыдағы ауа қыздырғыштың кубтарын және 4-сатыдағы конвективті бу қыздырғышты демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жанарғыларды, шаң өткізгіштерді және ауа өткізгіштерді демонтаждау және монтаждау жұмыстары қатар жүргізілуде. Сондай-ақ барабан металының жағдайына бақылау жүргізілуде, диірмен желдеткіштерін демонтаждау және кейіннен монтаждау жұмыстары орындалуда, сондай-ақ шарлы-барабанды диірмен бойынша жұмыс көлемі орындалуда.

Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Жөндеу науқанының барысы департаменттің тұрақты бақылауында.

20/04/2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментімен бекітілген жылдық тексерулер жоспары шеңберінде «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу тасымалдаушы ұйымына қатысты жоспарлы тексеру жүргізу басталды.

Басым тәртіпте сорғы станцияларының техникалық жағдайына тексеру жүргізілуде, оның ішінде негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігіне баға беру, белгіленген жұмыс режимдерінің сақталуы қарастырылуда.

Келесі кезеңдерде тексерумен магистральдық және кварталішілік жылу желілерінің техникалық жағдайы қамтылатын болады, олардың пайдалану сенімділігін, техникалық жағдайын және нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бағалау мақсатында.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған, жылумен жабдықтау объектілерінің сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған нұсқама берілетін болады.

15/04/2026

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында Қарағанды облысында энергетикалық инфрақұрылым нысандарында кешенді жөндеу жұмыстары көзделген.

Электр желілері саласында шамамен 5 мың км электр беру желілерін, сондай-ақ 70 қосалқы станцияны және 760 бірлік жабдықты (КТП, ТП, РП) жөндеу жоспарланған, электр станцияларында 37 қазандық пен 27 турбина жөнделеді.

Сонымен қатар, жылу желілері бөлігінде 44,5 км ағымдағы жөндеу және 13,84 км құбырларды қайта жаңғырту көзделген.

Аталған іс-шараларды іске асыру алдағы жылыту кезеңінде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.

13/04/2026

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшылығы өңірдің электр станцияларының басшылық құрамымен бірлесіп Астана қаласындағы ЖЭО-1-ге барды.

Сапардың мақсаты — жылу электр орталығын көмір отынынан табиғи газға көшірудің практикалық тәжірибесін зерделеу.

Жұмыс сапары барысында қатысушылар станцияның негізгі өндірістік нысандарын аралап, жабдықтарды жаңғырту процесінде қолданылған технологиялық шешімдермен танысты.

Алынған тәжірибе Қарағанды облысының жылу энергетикасы нысандарында ұқсас жобаларды іске асыру кезінде ескерілетін болады.

Want your business to be the top-listed Government Service in Karaganda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


пр. Н. Назарбаева 64/1
Karaganda
100012

Opening Hours

Monday 14:30 - 18:30
Tuesday 14:30 - 18:30
Wednesday 14:30 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 14:30 - 18:30